Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тақырыбы: Macromedia Flash – ортасында векторлық графика мен жұмыс Сыныбы: 11 а Бағыты: Жаратылыстану –математика бағыты Бағдары : Информатика Кәсіпке бағдарлау: Информатика мұғалімі Курс : Қайнарбаева Күләш Әбидоллақызы Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қаракөл орта мектебі
Бүгінгі таңда Жаңа технологиялар адамдардың өмірін, қарым- қатынасын және жұмысын өте аз уақыт ішінде қатты өзгертті. Жаңа технологиялар адамдардың жаңа бір қоғамын қалыптастырды Жай ғана үй тұрмысына арналған техникаларды бірнеше жыл бұрынғы модельдерімен салыстыру өте қиын. Мысалға, телефон аппаратының өзгеруін алайық, ол кем дегенде екі құрылғыдан тұратын еді, ал қазіргі өлшемі кішкентай сымсыз ұялы телефонғға дейін өзгерді. Оның жарты ғасырдан кейінгі өзгерісінің қандай болатынын елестету қиын. Жаңа технологиялар осындай өзгерістерді қоғамның басқа да салаларына енгізуде. Солардың ішінде негізгі рөлді компьютер атқарады. Ауқымды, көп уақытты алатын есептеу жұмыстарын компьютердің арнайы программалары арқылы тез арада жасауға болады. Компьютерлік программалардың ішінде өте жылдам қарқынмен дамып келе жатқандары Объектілерге бағытталған программалау және компьютерлік графика. Олардың көмегімен әртүрлі электрондық қабықша құруға болады. Бұған көптеген аниматорлар, программалаушылар және дизайнерлар өз үлестерін қосуда. Мультипликациялық бейнелер жасауға арналған Macromedia Flash программасы өндірушілер арасында кеңінен қолдау тапты.Future Splash графикалық программасы 1997 жылы Macromedia компаниясында пайда болған. 10 жыл ішінде Flash программасының векторлық графикасы мен анимациясы барлық Web-беттердің, браузерлердің және операциялық жүйелердің модульдер құрамына енді. Flash программасының жыл сайын жаңарып отыратын мүмкіндіктері қолданушыларды қызықтырып, олардың санын жылдан-жылға арттыруда. Қазіргі таңда өңдеушілер Flash-тың көмегімен мультимедиалық жарнамалар, Web-беттер, ойын программаларын және электрондық оқулықтар құруда. Кіріспе
Бағдарламаның түсінік хаты Macromedia Flash программасының құрылымы. Macromedia Flash программасын алғаш рет жүктегенде ол WEB-беттерді жасауға арналған векторлық графикалық программаға ұқсайды. Бірақ оның мүмкіндіктері өте көп. Бұл мультимедиалық интерактивті өнім шығаратын орта. Ол жай ғана Web беттеріне арналған суреттер мен анимациялардан басқа,күрделі және сапасы жағынан жоғары бейне сапасы бар мультфильмдер жасауға мүмкіндік береді. Macromedia Flash-тың құрамында Action Script тілі бар. Бұл тіл Java Script программалау тілі негізінде құрылған, бірақ Action Script тілінің артықшылығы XML, HTML және т.б. Тілдермен жеңіл байланыс құра алады. Macromedia Flash программасы Web-беттер құрамындағы элементтерді (графикалық бейне, дыбыс, диаграмма және т.б.) оңай бейнелейді. Анимация жасауда программа әртүрлі растрлық бейнелерді векторлық форматқа айналдырып, әр кадрға сақтайды. Нәтижесінде анимация жадыдан аз орын алады. Яғни, ол комиьютердің ресурсын аз талап етеді және Internet- ке қосылғанда тез жүктеледі. Осындай артықшылықтары программаны программистер және аниматорлар арасында тез танымал етті.
Курстың мақсаты: Осы қолданбалы курстың негізгі мақсаты: Macromedia Flash MX- Macromedia компаниясы өңдеген WEB-сайттар мен презентацияларды құруға бағытталған интерактивті анимацияны құратын интегралданған орта. Векторлық графикаға бағытталған flash-бағдарламасының негізгі өңдеу құралы мультимедияның барлық негізгі элементтерін: қозғалыс, дыбыс және объектілердің интерактивтілігін пайдалануды қамтамасыз етеді. Flash MX бағдарламасының мынадай жұмыстарда: 1)сурет-сызба салу өнерінде; 2)Анимацияның әр түрлерін құруда; 3)Интерактивті анимация үшін басқару элементтерін (батырмалар, мәзір және т.б.) жасауда; 4)Жұмыс кезінде Action Script сценарийлер тілін кең пайдалануда; 5)Flash-фильмдерді, роликтерді құрастыруда; 6)WEB-парақтар мен презентациялар құруда пайдаланылады. Flash-тің басқа графикалық сайттар құратын бағдарламалар пакеттерінен айырмашылығы: Векторлық графиканы және анимацияны қолдану; Осы бағдарламалық жабдықтамалардың ішінде программалау мүмкіндіктерін қолдану. Пәнаралық кіріктіру: Математика, информатика. Сабақтың жиілігі: 34 сағат Оқушыларды бақылау және бағалау әдісі: -Практикалық жұмыс
Қолданбалы курс Тақырыбы: Macromedia Flash – ортасында векторлық графика мен жұмыс Курстың тақырыптық- күнтізбелік жоспары Р/сСабақтың тақырыбы сағ. күні Macromedia Flash - бағдарламасымен танысу 1.Кіріспе. Компьютер кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі Компьютерлік графика Векторлық және растрлық Macromedia Flash - ты іске қосу Терезесімен танысу. Мәзір ерекшеліктері. Жұмыс өрісі. Құралдар тақтасы Мүмкіндіктерді демонстрациялау. Macromedia Flash интерфейсінің элементтері Сурет салу құралдарының қолданылуы. Қарапайым суреттер салу Кадрлармен жұмыс Практикалық бөлім 9-10Лабораториялық жұмыс. 1 Мәтінмен жұмыс. Анимация жасау 22.11/ Лабораториялық жұмыс. 2 батырмалар жасау / Лабораториялық жұмыс. 3 анимация жасау27.12/ Лабораториялық жұмыс. 4 траекториямен қозғалту221.12/ Лабораториялық жұмыс. 5 қардың бейнесін салу, қозғалту211.01/ Лабораториялық жұмыс. 6 фигуралармен жұмыс, қозғалту225.01/ Лабораториялық жұмыс. 7 кеме салу, қозғалту28.02/ Лабораториялық жұмыс. 8 машина салу, қозғалту222.02/ Лабораториялық жұмыс. 9 сағат салу қозғалту29.03/ Лабораториялық жұмыс. 10 гүл, гүл салғышта, қозғалту25.04/ Лабораториялық жұмыс. 11Өз бетімен жұмыс219.04/ Лабораториялық жұмыс. 12 Шығармашылық жұмыс23.05/ Сынақ жұмысы Жыл бойы өткенді қайталау124.05
Бағдарлама мазмұны Аптасына 1 сағат, барлығы – 34 сағат Бағдарлама – 2 тараудан тұрады Кіріспе (1 сағат) Macromedia Flash – ортасында векторлық графика мен жұмыс І- тарау. Macromedia Flash - бағдарламасымен танысу (8 сағат) ІІ- тарау. Практикалық бөлім (26 сағат)
Күтілетін нәтиже Оқушылар жетістігі: Оқушылар ақпараттық мәдеиетін қалыптастырады; Оқушылар компьютерлік графика жөнінде толық мағлұмат жинақтайды Мұғалім мен оқушы арасында бірлік одағы қалыптасады Алгоритмдік ойлау қабілетін дамытады; Информатика ғылымына деген танымдық қызығушылығын арттырады; Оқушылар кәсіптік бағдар алады;
Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Компьютерлік графика оқулығы. Алматы б. авторы: А. Е. Сағымбаева 30 сабақ Жаңа информациялық технологиялар (8 сабақ, 111 бет ) 2. Информатика негіздері журналы сынып информатика оқулығы. Автор: Е. В. Шевчук, Н. С. Кольева 4. Информатика негіздері журналы Информатика негіздері журналы Компьютерлік графика оқулығы. Алматы б. авторы: А. Е. Сағымбаева сабақ Жаңа информациялық технологиялар (8 сабақ, 111 бет )