Табиғаттың ең қызықты және құпия құбылыстарының бірі- балалардың дарындылығы.
Дарынды баладеп – іс- әрекеттің белгілі бір түрінде ерекше, қайталанбас жетістіктерге жететін баланы айтамыз.
Дарындылық-адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет.
Балалардың дарындылығымен айналысқан Н.С.Лейтес дарынды балалардың 3түрін көрсетеді: - интелекті жоғары балалар; - іс-әрекеттің белгілі бір түрінде жоғары жетістіктерге жететін балалар. - жоғары креативті(шығармашылық қабілеті жоғары)балалар.
Дарындылықты анықтаудың бірнеше әдіс-тәсілдері бар: - арнайы психологиялық сұрақнама,әдістемелер; - баланың іс-әрекетін мұғалімдер,ата- аналар,психологтар тарапынан бағалау; - түрлі танымдық,пәндік байқаулар, жарыстар т.б ұйымдастыру;
Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты – баланың кез келген жұмыста өзінің қабілетін іске асыратындай және нәтижеге қол жеткізетіндей жолға бағыттау.