Информатика деп 1) Ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиеттерін зерттеумен, 2) сонымен қатар ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, өңдеу, тарату үрдістерімен және.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
2008г. ©
Advertisements

Білімділік: Оқушыларға ақпаратты жазу және санау, ақпаратты тасымалдаушылар туралы түсінік беру, таныстыру және флешка, диск ұғымдарымен таныстыру ; Тәрбиелілік:
Ойлау мен сөйлеу түрлері Қасиеттері. Балада ойлау мен сөйлеудің даму ерекшеліктері Ойлау мен сөйлеу түрлері Қасиеттері. Балада ойлау мен сөйлеудің даму.
Адамзат дамуының қандай да болсын тарихи кезеңдеріне көз жүгіртіп қарайтын болсақ, меншік мәселесі бірінші орында тұратындығын аңғарамыз. Меншік адамзат.
Фирма және кәсіпкерлік теориясы Кәсіпкерліктің әлеуметтік- экономикалық мәні және оның сипаттық белгілері.
Экономика және оның қоғам өміріндегі орны. «Экономика» деген сөз алғашқы ұғымында отбасы шаруашылығын білдірген. Қазіргі уақытта экономика кең көлемде:
ПРЕЗЕНТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ : ҚАБІЛЕТ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ Орындаған : Карамендиева А ТобЫ : Қабылдаған : Усипбекова М.
Орындаған: Аманбаева Н. Р. Тексерген: Айдаралиева З.Д.
ФИЗИКА П Ә НІ. Бұл сәулелер 1895 жылы неміс физигі Вильгельм Рентген ашқан. Рентген өзіне дейінгі көптеген ғалымдардың мән бермеген және аңғара алмағандарын.
Тақырыбы: Дәрілік заттардың әсерінің биоримге анық әсер көрсетуі. Хронофармакология туралы түсінік. Қазақстан-Ресей медицина университеті Тексерген: Орында.
1. Алгоритм ұғымы, қасиеттері. 2. Алгоритмнің берілу тәсілдері. 5 ДӘРІС Алгоритм ұғымы, қасиеттері және бейнелеу әдістері.
Заманауи оқыту әдістемелерінің жеті негізгі модулі.
148 қазақ орта мектебі. Бұл жұмыстың мақсаты Қызылорда облысының еңбек нарығын реттеу және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру бойынша ғылыми тәжірибелік.
Ақпарат жинаушылар. Жаңарған жетістіктер (Сабақ №2-3)
Тұлғаның әлеуметтенуі SLAID-KZ.RU. Тұлға – әлеуметтанудың өзекті проблемалары- ның бірі, өйткені қоғамдағы болып жататын әлеуметтік құбылыстар мен процестердің.
Радиобайланыс принципі 3.18 сурет 3.18 сурет Радиобайланыстың қарапайым сұлбасы 3.18-суретте көрсетілген. Осы сұлбаға сүйене отырып, радиобайланыстың негізгі.
Орындағандар: Диқамбай Н. Долдашев Б. Тобы: ПО Қабылдаған: Қасмжанова Ф. Алматы 2016.
Төтенше жағдайда адамдарды топтармен жүргізу Абыржу түсінігі Адамдардың біліктілігін жүргізу Қалыптасу түсінігін жүргізу Төтенше жағдайларда психологиялық.
-Оқушылардың құқықтық білімдері тексере отырып, заң ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолын сын сәтте таба білу арқылы жеңіске жету, алдына мақсат.
Microsoft Excel кестелік процессорында жұмыс істеу. Электрондық кестелерді әзірлеу.
Транксрипт:

Информатика деп 1) Ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиеттерін зерттеумен, 2) сонымен қатар ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, өңдеу, тарату үрдістерімен және 3) адамзат қызметінің әртүрлі салаларында ақпараттық техника мен технологияны қолдану мәселелерімен шұғылданатын пәнді атайды. Информатика пәні Информатика сөзі француз тілінде informatique осы тілдің information (информация) және automatique (автоматика) сөздерінен құрылған информациялық автоматика деген ұғымды береді. Бұл сөздің ағылшын тілінде кең тараған түрі Computer science компьютерлік ғылым деген ұғымды береді. Информатика – қолдану диапазоны өте кең болып табылатын комплексті ғылыми пән. Информатиканың басымды бағыттары а) есептеу жүйелерін және бағдарламалық (программалық) жабдықтамаларды жасау; б) ақпараттар теориясы – ақпаратты тарату, қабылдау, түрлендіру және сақтаумен байланысты үрдістерді зерттеуші ғылым; в) математикалық үлгілеу (моделирование), есептеу және қолданбалы математика әдістері және оларды ғылымның әртүрлі салаларында іргелі және қолданбалы зерттеулерде қолдану; г) жасанды интеллект әдісі, адамның ой парасаттық қызметінде логикалық және аналитикалық ойлау әдістерін үлгілеу; д) жүйелік сараптау, әртүрлі күрделі үрдісді шешуді дайындауда және негіздеуде қолданылатын әдістемелерді үлгілеу; е) биоинформатика – биологиялық жүйелердегі ақпараттық үрдістерді зерттеу; ж) әлеуметтік информатика – қоғамды информатизациялау үрдістерін зерттеу; з) машиналық графика, анимация, мультимедия құралдар әдістері; и) телекоммуникациялық жүйелер мен жергілікті және глобальды компьютерлік желілер; к) өндірісте, ғылымды, білім беруде, медицинада, саудада, ауыл шаруашылығында және шаруашылық пен қоғамдық қызметтердің басқадай түрлерін қамтитын әртүрлі қолданбалар. Enter тиегін шерт

Информатика пәні Информатика ақпаратпен жұмыс істеуге арналған үздіксіз және тығыз байланысты үш бөліктен тұрады: т ехникалық құралдар; б ағдарламалық құралдар; а лгоритмдік құралдар. Техникалық құралдар немесе компьютердің құрылғылары ағылшын тілінде Hardware, қатты бұйымдар деп аударылытын, деген сөзбен белгіленеді. Техникалық құралдарға : жүйелік блок – аналық тақша, процессор, жедел жады, тұрақты жады, қоректік блок, дыбыс картасы, видео карта, диск жүргізгіш, контроллерлер мен адаптерлер және тағы басқалар; пернетақта, монитор, тышқан, принтер, сканер және тағы басқа сыртқы қондырғылар. Бағдарламалық құралдарға : операциялық жүйелер, операциялық қабықшалар, қолданбалы бағдарламалық өнімдер, бағдарламалық тілдер, әртүрлі көмекші бағдарламалар және тағы басқалар жатады. Бағдарламалық құралдарды, компьютерлерде қолданылатын барлық бағдарламалардың жиынтығы мен оларды құру және қолдану қызметтерін, белгілеу үшін жұмсақ бұйымдар деп аударылатын ағылшын тілінде Software сөзі қолданылады. Hardware және Software сөздері компьютердің өзі және бағдарламалық қамтамасыздандырудың теңдес екендігін, осылармен бірге бағдарламалық қамтамасыздандырудың түрлену, бейімделу және даму қабілеттілігі бар екендігін көрсетеді. Информатиканың алгоритм жасаумен және оларды құру әдістері мен тәсілдерін зерттеумен шұғылданатын бөлігі алгоритмдік құралдар делінеді де ағылшын тілінде Brainware Интеллекттік бұйымдар деп аударылатын сөзбен белгіленеді. Алгоритм компьютерлер үшін бағдарламалар құрудың негізі болып табылады. Enter тиегін шерт

Ақпарат Информатиканың қарастыратын объектісі ақпарат болып табылады. Қазіргі күнге дейін ақпараттың ғылыми анықтамасы берілген жоқ деп есептеуге болады. Адамзат қызметінің әртүрлі салаларына байланысты ақпарат әртүрлі мағына алады. Ақпарат деп түсінеді: к өпшілік күнделікті өмірде біреуді қызықтырушы кезкелген деректерді немесе мәліметтерді, т ехникада белгілер немесе сигналдар түрінде берілетін мәліметтерді, к ибернетикада белсенді әрекеттер жүргізу, басқару, яғни жүйені сақтау, жетілдіру және дамыту мақсатында, қолданылатын білімнің бөлігін. Ақпарат үшін берілген кейбір анықтамалар: Ақпарат ол энтропияны жоққа шығару (Бриллюэн); Ақпарат ол құрылымның күрделілігінің өлшемі (Моль); Ақпарат ол әртүрліліктің көрінісі (Урсул); Ақпарат ол шағылысу үрдісінің мазмұны (Тузов); Ақпарат ол таңдау ықтималдылығы (Яглом); Ақпарат ол біздің біліміміздегі анықталмағандықты аластату (Шеннон); Ақпарат ол біздің және біздің сезімдеріміздің оған лайықтануы нәтижесінде сыртқы ортадан алынған мазмұндамаларды белгілеу (Н. Винер); Ақпарат ол қоршаған орта туралы нақты, толық анық мәліметтер (Балапанов); Ақпарат ол мәлімет, қоршаған ортадағы объектер мен құбылыстар, олардың сипаттамалары, қасиеттері және жағдайлары туралы, сонымен бірге олар жөнінде біздің біліміміздегі анықталмағандық дәрежесін кемітуші (Макарова) Сонымен ақпарат деп бізді қоршаған орта және онда болып тұратын құбылыстар жөніндегі мәліметті айтады. Ақпараттық қасиеттері бойынша қарастырылатын заттар, үрдістер, материалды және материалды емес құбылыстар ақпараттық объектілер делінеді. Ақпаратпен жүргізуге болатын белгілі үрдістерді ақпараттық үрдістер деп атайды. Ақпаратты өңдеу ол белгілі алгоритмді орындау нәтижесінде бір ақпаратық объектіден екінші ақпараттық объектіні алу. Ақпараттық қорлар ол адамзаттың ойлары және оларды іске асыру жөнінде ұсыныстар жиынтығы. Ақпараттық технология адамзаттың ақпаратты өңдеуде қолданатын әдістері мен құралдарының жиынтығы. Мұндағы құралдар жиынтығына компьютерлер, есептеу техникасы мен байланыс техникасы, тұрмыстық электроника, теледидар және радио жатады. Ақпарат сөз, мәтін, сурет, сызба, фотография, жарық немесе дыбыс сигналдары, радиотолқын, электрлік және нерв импульстері, магниттік жазба, ым, иістік және дәмдік сезімдер, хромосома және басқа түрлерде болады Enter тиегін шерт

Ақпараттың объектіні қажетті дәлдікпен бейнелеуге қабілетті болуы керектігін білдіретін қасиеті нақтылық (достоверность) Ақпарат нақты болмаса ол қате түсініледі немесе қате шешім қабылдауға әкеледі. Нақты ақпараттың белгілі бір уақыт өткен соң нақты болмай қалу мүмкіндігі бар Ақпараттың қасиеттері Ақпараттың қолдану кезіне дейін құндылық дәрежесін сақтау қабілеттілігін білдіретін қасиеті өзектілік (актуальность) Ақпаратта қолданушының дұрыс шешім қабылдауына жеткілікті ең аз мәліметтің болуы керектігін білдіретін қасиеті толықтылық (полнота) Ақпаратта мәліметтің аз немесе тым көп болуы шешім қабылдауға кедергі жасауы немесе қателесуге әкелуі мүмкін қол жетерлік тұрақтылық дер кезілік дәлдік түсініктілік құндылық Ақпараттың оны қолданушының қабылдау деңгейіне сәйкес келуі керектігін, яғни білім дейгейінің ескерілуі керектігін, білдіретін қасиеті Келіп жеткен ақпараттың объектінің нақты жағдайына жақын дәрежеде болуы керектігін білдіретін қасиеті Бастапқы деректердің өзгерісін қажетті ділдікті бұзбай сезіну қабілеттілігі Есепті шешуде маңыздылығын және болашақта қолдану мүмкіндігінің дәрежесін білдіретін қасиеті Ақпараттың қажетті уақыттан кеш түспеуі керектігін білдіретін қасиеті Ақпарат қажетті уақыттан ерте түссе оның түсінікті болмауы мүмкін, ал кеш түсуі дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік бермейді Ақпараттың қолданушының қарым-қатынас жасай алатын тілінде берілуі керектігін білдіретін қасиеті Ақпаратты қолданушы пайдалана алмайды, егер ақпарат о л түсінетін тілде берілмесе, мысалы қазақша ғана түсінушіге жапон тілінде берілсе; о ның білім дәрежесінен жоғары болса, мысалы орта білімдіге жоғары білім түрінде берілсе; о ған қажетті болмаса, тағысын тағы сондай. Осы себептерден ақпарат белгілібір қасиеттерге ие болуы керек. Ақпарат құнды және хабар әкеледі деп есептеледі, егер одан кездейсоқ сипаттағы, яғни кенеттен болуы мүмкін, уақиғаның орындалуы жөнінде білінетін болса. Ақпараттық шындылығы, жаңалықтылығы және пайдалылығы информатикада қарастырылмайды және оларды бағалау көрсеткіштері анықталмайды. Enter тиегін шерт

Ақпарат алуға болады : Enter тиегін шерт

ұйқыдан тұра салысымен терезеден қарағанда әңгімелескенде Телевизор қарағанда Газет, журнал, кітап оқығанда Enter тиегін шерт

және тағы басқа жағдайларда. Enter тиегін шерт

Ақпаратты нөл мен бір сандарының жиынтығы түрінде көрсету екілік кодтау деп аталады. Ақпаратты келісілген белгілердің реттелген жиынтығы түрінде көрсету ақпаратты кодтау деп аталады. Компьютерлерде ақпаратты кодтаудың осы түрі қолданылады. Екілік кодтауда әр белгіні (әріп, сан, тыныс және математикалық белгілер, бос орын, т.б.) нөл мен бірдің кезектескен 8 орынды жиынтығымен көрсетуге келісілген: Осындай жиынтық көмегімен 256 белгіні көрсетуге болады. Мысалы Әріп Код А латынша а латынша А орысша а орысша Мәліметтерді ЭЕМ-на енгізу Enter тиегін шерт

Ақпаратты өлшеу үшін үлкен бірліктер қолданылады: 1 килобайт (1 Кбайт) = 1024 байт = 2 10 байт = 2 13 бит Ақпаратты өлшеу. Ақпараттың өлшем бірліктері. 1 мегобайт (1 Мбайт) = 1024 Кбайт = 2 20 байт = 2 23 бит 1 гигабайт (1 Гбайт) = 1024 Мбайт = 2 30 байт = 2 33 бит Аяқталуының тек қана екі бірдей мүмкіндігі бар уақиға жөніндегі мәліметтің сандық шамасы ақпараттың өлшем бірлігіне, 1 битке, тең болады. Ақпараттың өлшем бірлігі ретінде 1 битті алуды Клод Шеннон ұсынды. Бит, ағылшын тілінде bit – binary digit – екілік сан деген сөздің қысқартылған түрі. Символдарды кодтауда қолданылатын нөл мен бірдің әрқайсысындағы ақпарат шамасы 1 битке тең деп есептеледі. 8 бит = 1 байт = 2 3 бит = 8 бит = 1 байт = 8 бит = 1 байт = 8 бит = 1 байт = 8 бит = 1 байт = 8 бит = 1 байт 1 терабайт (1 Тбайт) = 1024 Гбайт = 2 40 байт = 2 43 бит 1 петабайт (1 Пбайт) = 1024 Тбайт = 2 50 байт = 2 53 бит Әрбір әріпке, санға, тыныс және математикалық белгіге, бос орынға және басқадай жеке символға 1 байт ақпарат шамасы сәйкес келеді Ақпарат Мен СММУі студентімін Мен СММУі студентімін Мен СММУі студентімін Ақпарат көлемі 21 байт = 168 бит 23 байт = 184 бит 25 байт = 200 бит Ақпаратты өңдеу және тарату жылдамдығы бит/с-пен өлшенеді. Enter тиегін шерт

Ақпарат магниттік дискте файл түрінде сақталады. Файл – дисктегі ақпарат жазылып есімделген аумақ. Файл көрсетіледі: е сімімен, к еңейтуімен, а қпараттық (хабарлық) көлемімен, қ ұрылған күнімен және уақытымен. ЕсімКеңейтуіХабарлық көлем Күні Ай-күн-жыл не Күн-ай-жыл Уақыт Сағат:мину т me informat.com.txt :34 15:52 Кеңейту файлдағы ақпарат түрін білдіреді. Кеңейту :.com - қолдануға дайын бағдарлама;.ехе - қолдануға дайын бағдарлама;.pas - Паскаль тілінде дайындалған бағдарлама;.с - Си тілінде дайындалған бағдарлама;.for - Фортран тілінде дайындалған бағдарлама;.bas - Бейсик тілінде дайындалған бағдарлама;.txt - Лексикон тәріздес мәтіндік редакторда дайындалған құжат;.doc - Microsoft Word мәтіндік редакторында дайындалған құжат;.xls - Microsoft Excel кестелік процессорында дайындалған құжат;.ppt - Microsoft PowerPointта дайындалған презентация;.jpg,.bmp – графикалық редакторларда дайындалған құжат;.mdb - Microsoft Accessте дайындалған деректер қоры. Ақпаратты электрондық есептеу машиналарында сақтау. Enter тиегін шерт

АВС CDE ВСA СBA ВAС DEС EСD СED me.com autoexic.bat Akus.txt Ақпаратты электрондық есептеу машиналарында сақтау. 2- деңгейлік тізімше Түп тізімше – қүжат сақталатын диск 1- деңгейлік тізімше Файлдар (құжаттар) белгілі бір тәртіппен тізімшелерде сақталады. Тізімше - файлдар есімдері жазылып сақталатын диск аумағы. Дисктің өзі түп тізімше деп аталады. Түп тізімшеде тек қана бірінші деңгейлік тізімшелер құрылады. Бірінші деңгейлік тізімшеде тек қана екінші деңгейлік тізімшелер құруға болады. Екінші деңгейлік тізімшеде үшінші деңгейлік тізімше құрылады, тағысын тағы сол сыяқты. Сонымен әр тізімшеде файлдар және келесі деңгейлі тізімшелер сақталады. Файлдарды осылай сақтау әдісі иерархиялық-бұтақты әдіс делінеді. Enter тиегін шерт