Информатика пәнінің мұғалімі Давлетбаева Б.М. Сыныптан тыс жұмысы
Топқа ат қою Топтың атын қорғау Топ мүшелерін таныстыру
Ақпараттық технологиялар әлемі тақырыбында өз ойларын қағазға түсіру; Өз пікірлерін жеткізу, қорғау.
Әр топ екі-екі сұрақтан жазып, қарсылас топтарға жібереді. Қарсылас топтар оған жауап жазып, қайтадан өздеріне қайтарады. Сұрақ жіберген топ дұрыс жауап берген топты анықтайды.
Әр топтан екі оқушы шығып, компьютерге Менің елім тақырыбында сурет салады. Суретті қорғайды. Қалған топ мүшелері интерактивті тақтада Ойымды жалғастыр ойынын ойнайды.
Әр топтан кезекпе-кезек бір оқушыдан шығып, техника дүкеніне барады. Дүкеннен өзіне қажетті техниканы сұрайды. Қажетті затты сатып алу үшін дүкеншінің сұрақтарына жауап береді. Әр топтың сатып алған техникасының санына және берген жауаптарына байланысты ұпай қосылады.
Әр топқа командалар мен түймешелердің суреті бар қима қағаздар таратылады. Мұғалім орындалатын команданың нәтижесін айтады. Топтар нәтижеге жетуге бағытталған командалар тізбегін және түймешені жылдам әрі дұрыс көрсету керек.