Сабақ тақырыбы: ЖАНАСУ. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Нұрғожина Г.Ә. Қазақ тілі 7 сынып
: Сөздердің байланысу түрі жанасу туралы түсінік беру,байланысу түрін ажырату. : Сөздердің байланысу түрі жанасу туралы түсінік беру,байланысу түрін ажырату. ; ой-өрісін, ойлау қабілетін, шығармашылығын дамыту оқушыларды сауаттылыққа, көркем жаза білуге, талдау жұмыстарын жүргізуге тәрбиелеу; оқушыларды сауаттылыққа, көркем жаза білуге, талдау жұмыстарын жүргізуге тәрбиелеу;
Өткен тақырыптарға шолу сұрақтар мен деңгейлік тапсырмалар болады.
Қайталау сұрақтары: 1.Қазақ тілінің қай саласын өтіп жатырмыз? 2.Синтаксиис нені зерттейді? 3.Сөз тіркесі дегеніміз не? 4.Сөз тіркесінің айрықша белгілерін ата! 5.Сөз тіркесінің түрлерін ата! 6.Сөз тіркесі бола алмайтындар! 7.Олардың бір-бірінен айырмашылығын ата! 8.Сөз тіркесінің лексикалық-грамматикалық мағынасын ата! 9.Сөздердің байланысу тәсілдерін ата! 10. Сөздердің байланысу түрлерін ата!
Деңгейлік тапсырмалар: I – деңгейге: Синтаксистік қатынастарды тауып талдау. II – деңгейге: Қиысу, қабысу, меңгеруді тапқызып талдау. III – деңгейге: Матасуды табу. Шоң жолшыбай Баянауылға соқты. Потанин биді көк көзі күлімдеп қарсы алды. Амандықтан соң Шоң төңірегіне көз салды. Былтырғыдан гөрі құрылысқа елеулі ештеңе қосыла қоймағандай. Екі үйдің іргесі көтеріліпті. Олардың қатарынан бес-алты адам тағы жер қазып жатыр. Биіктігі алтыбақандай төрт аяқты тұғырлар үстінде бөренені тақтайға тіліп жатыр. Анадай жердегі қалқан астында сүргіленген тақтайларды жеке қалап қойыпты.
III. Білгім келеді бөлімінде: 1. Тест сұрақтары. 2. Венн диаграммасы
Тест сұрақтары: 1.Етістіктің тіркесін тап. A) Жақсының ашуы. C) Жаманның ашуы B) Басы жеткенше D) Жаманның басы 2. Тұрақты сөз тіркесін тап: A) Дархан дала C) Мұзға отырғызып кету B) Ғұмырнама D) Кедей-кепшік 3. Толықтауыштық қатынасты тап. A) Пайда ойлама – ар ойла. C) Тағы да келді. B) Өзің үшін үйрен D) Түс ауа қозғалды. 4. Қандай байланыс түрі : Мен естідім. A) Матасу C) Қиысу B) Жанасу D) Меңгеру 5. Меңгеруді тап: A) Сынға түсті C) Аман келді B) Біздің өлке D) Кең дала
6. Байланыс түрлеріне қатысты талдаудың қайсысы дұрыс емес? A) Тоғыз адам – қабысу C) Оқуға лайық – меңгеру B) Кең бөлме – жанасу D) Алатаудың Жамбылы - матасу 7. Берілген ретінде қарай сөз тіркестерінің байланысу түрін анықта: Ағаштың бұтағы, хат алу, қалың орман. A) Матасу, қабысу, жанасу C) Қабысу, меңгеру, жанасу B) Меңгеру, қиысу, қабысу D) Матасу, меңгеру, қабысу 8. Есімді тіркесті тап. А) Үлкен үй. C) Тағы да келді. В) Он шақты. D) Онға жуық. 9. Байланысудың қандай түріне жатады? A) Асығып сөйледі C) Бұлардың жағдайлары B) Балуанмен күресті D) Ғалымнан басқа 10.Байланысудың қандай тәсіліне жатады?. A) Жаман әдет C) Қатты қағаз B) Жақтырмай қарау D) Жылқыны бағу.
Байланысу тәсілдері Байланысу түрлері Ұқсастығы Венн диаграммасы
Жаңа сабақ Орын тәртібі жағынан іргелес тұрып та, алшақ тұрып та байланысқан сөз тіркестерін жанасу дейміз.Мысалы:Ол биыл мектепті бітірді.
IV. Білдім бөлімінде: I. Сөз тіркестерін жаз. II. Жаттығулар: 1. Түрлері 2. Сөздердің байланысу тәсілдері 3. Сөздердің байланысу түрлері
I. Сөз тіркестерін жаз. I қатарII қатарIII қатар ОйланТапІзден 1. Зат есім+зат есім1. Есімдік+зат есім1. Үстеу+етістік 2. Сын есім+зат есім2. Септеулік шылау + етістік 2. Сын есім + етістік 3. Сан есім+зат есім3. Зат есім+етістік3. Сан есім + етістік
II. Жаттығулар. 1. Түрлері. МысалдарСөз тіркесі Тұрақты тіркестер Күрделі сөздер 1.Қара торы. 2.Кетіп қалды. 3.Үйде қалды. 4.Сары ала қой. 5.Жұмған аузын ашпау. 6.Он сегіз. 7.Жетпіс жыл. 8.Асығып-үсігіп келді. 9.Сіркесі су көтермейді. 10.Мөлдір су.
3. Сөздердің байланысу түрлері. МысалдарҚиысуМатасуМеңгеруҚабысуЖанасу 1.Алғашқы ойлар. 2.Қашықтық еңбегі. 3.Уақыттан озған. 4.Сендер сөйлеңдер. 5.Былтыр тапсырды. 6.Әлсін құлақ түреді. 7.Білгенге маржан. 8.Екі дос. 9.Біздің ауыл. 10.Сен таныссың.
Үйге тапсырма: Сүйікті пәнім мәтін жазу. Жанаса байланысқан сөз тіркестерінің астын сызу.