Қарағанды қаласының М. Жұмабаев атындағы 39 мектеп-гимназиясы Қазақ әдебиеті Автор: Жакишева Жанаргүл қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Абайды Абай еткен Мұхтар ғана, Мұхтарды Мұхтар еткен Абай дана, Қазақтың қос арысы, қос данасы. Қалайша бас имессің оған, сірә.
Сабақтың тақырыбы: М.Әуезовтің Абай жолыроман – эпопеясындағы кейіпкерлер келбеті Білімділік мақсаты: Эпопеяның негізгі оқиғаларын басшылыққа ала отырып, кейіпкер бейнелерін сомдау. Жазушының идеялық –эстетикалық мұраты мен табысына тоқталу. Дамытушылық мақсаты: Жеке тұлға ретінде оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін дамыту.Шебер де шешен,өткір сөйлей білуге машықтандыру. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, мейірімділікке,білімге ұмтылуға,талаптылыққа тәрбиелеу
М.Әуезовтің Абай жолы роман – эпопеясындағы кейіпкерлер келбеті I. Даңқы өлмес,даусы сөнбес II. Атаның ұлы емес, адамның ұлымын (Абай бейнесі) III. Адамның емес, ата ұлдары (Құнанбай бейнесі ) IV. Атаның ұраны емес, аталының қорлығы қосқандар ( Эпопеядағы халық өкілдерінің образы ) ( Ү...Қарашығым қоңыр қозым... (Абайдың сүйікті аналары-Зере, Ұлжан )
Сабақтың барысы : Жаңа сабақ Әр елде,әр кезде халық-анадан халық ұлы болар ұрпақ туады, ол сол халық-анасының есімін, өзінің үздік таланты, өнері не батырлығымен мәңгілікке танытып кетеді. Қазақ халқының сондай ұлдарының бірі - М. Әуезов. Бүгінгі таңда өзінің саф алтындай жарқыраған, інжу –маржандай жалтылдаған, сұлулық жағынан Микелонджеланың мүсіндеріне пара-пар, биіктігі жағынан Египет пирамидаларындай аспанмен таласқан, халық өмірін жырлауда гректің Илиадасымен тең түсетін Абайменәлем халқын шарлауда.
Қазақ сахарасында дүниеге келіп, сол сахарасын, оның талантты әдебиетін дүниеге паш етіп отырған жазушы табысының сыры неде?
(Шетел жазушыларының ортақ лебізі) Л. Арагон (француз жазушысы ) Мен оның (М.Әуезовтің ) шығармаларын туған еліме таныстырушы болуды өзіме үлкен абырой санаймын. Эпикалық роман -Абай, менің ойымша, XX ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі. Бұл роман оқушыға қызықты қиялы мен өрен ой өлкесіне кездіріп, талай терең толғаныстар тудырады. Альфред Курелла (неміс жазушысы) Сіз әлі Абайды оқыған жоқпысыз ? Онда сіз мүлдем ештеңе оқымағаныңыз. Бұл - таңғажайып, бұл – керемет! Қандай тұйық поэзия! Проза формасымен басылған осынау қалың-қалың екі томның өн бойында бір жол қара сөз болсашы. I. Даңқы өлмес,даусы сөнбес
Камерундық Бенжамен Матип Шынында, бұл қазақтар – неткен ғажайып халық! Осы кереметтік Абай романында қандай тамаша суреттелген! Сіздің бақытты халыққа мен шынайы көңіліммен қызығамын...
Эпопея дегеніміз не? Қайтқанда Шытырманда Бел –белесте Өрде Қияда Биікте Абай Құнанбай Биікте Қияда Өрде Бел –белесте Шытырманда Қайтқанда
Негізгі бөлімдерОқиғаларАбайдың іс-әрекеті 8. Тайғақтаа)Құнанбайдың қажыға аттануы ә) Абайдың Дәркембайды жұбатуы б) Әйгерімді кездестіруі в) Балаларын орыс оқуына беруі. Әйгерімге үйленуі. 9. Жайлаудаа) Біржанның Абай ауылында қонақта болуы. Ән,өнер жайында аналарымен келісе алмауы ә) Майбасардың кедей -кепшікке істеп отырған зорлығына тыйым салуы 10. Еңістеа) Абайдың Пушкинді оқуы ә) Ояздан Базаралыны арашалауы.Михайловпен кездесуі.Достық. 11. Оқаптаа) Әмірді ажал тырнағынан арашалауы. ә) Қансонарда өлеңінің тууы 12. ТараудаБалқыбек сиязы. 13. Биіктеа) Пушкинді аудару ә) Орыс әдебиеті мен мәдениетін қазақ сахарасына тарату. 14. Эпилога) Абай - ақын ә) Абай өлеңдерінің халық арасына тарауы
Абай жолы
1.Абай неге халық жағына шықты ? Қандай сөзімен дәлелдер едіңдер ? 2.Абайдың өнер-білім жолына бет бұруының себептері неде ? 3.Құнанбай мен Абай арасындағы келіспеушілік, қайшылық тек әке мен бала арасындағы өкпе, наразылық па ? 4.Абай бейнесін жасаудағы жазушы жеткен биіктікті немен түсіндірер едің ?
Құнанбайлар жолы III. Адамның емес, ата ұлдары (Құнанбай бейнесі )
1.Құнанбай бейнесін қатыгез, кері кеткен кер заманның жанкешті жоқтаушысы ретінде суреттеуінің себебі неде ? 2.Құнанбайдың дәуренінің өтіп,заманның кетіп бара жатқанын романнан үзінді келтіре отырып дәлелде. 3.Қодар мен Қамқа өлімінің басты себептері неде?
IV. Атаның ұраны емес, аталының қорлығы қосқандар ( Эпопеядағы халық өкілдерінің образы ) 1.Дәркембай қандай типтік бейнедегі кейіпкер екеніне тоқтал ? 2.Базаралы арқылы таптық санасы ояна бастаған күрескер қазақ кедейінің жиынтық бейнесі екенін дәлелде.
Базаралы
Дәркембай
Ү...Қарашығым қоңыр қозым... (Абайдың сүйікті аналары-Зере, Ұлжан) Романға үңілсек, біздің көз алдымыздан біріне-бірі ұқсамайтын әрқайсысы өз қалпымен, кескін-кейпімен, ерекше ішкі сырымен соны, тың туынды болып көрінетін,көптеген әйелдер бейнесі бар. Жазушы әйел образдары арқылы қазақ халқының ұлттық асыл қасиеттерін тамаша шеберлікпен жеткізеді. 1.Ел анасы атанған Зере баласы Құнанбай алдында неге әлсіз ? 2.Ұлжан бақытты әйел ме ? 3. Тест Маған ұнаған кейіпкер (Оқушылар пікірі) 4.Сұрақ: 6 айдан кейін өздерің де мектепті бітіріп, өмір жолына бет аласыңдар. Сол жолда Абайдың қандай қасиетін өзіңе үлгі етіп алар едің?
1.Абай Ділдәға үйленуге бас құда болып барған адам кім? 2.Құнанбай Меккеге аттанарда құн сұрай келген адам кім? 3.Абай Жұт деген тарауда қай қырынан көрінеді? 4.Романда Абайдың беделін биікке жеткізген ас беру рәсімі кімдікі? 5.-Шырағым, азаматым-ау! Одан да қолыңнан келсе, өзің айтып үйімізді өзімізге қайырып қайтарып бер. Қай тараудан, кімнің сөзі? 6.Көк шекпенді біздің мырза пішкен жоқ, құдай пішкен. Кім киерін көрерміз! деген сөздің иесі кім? 7.Күштілер нені айтады? Күшсізге еткен зорлығын айтады. Күшсіз нені айтады? Күштіден көрген қорлығын айтады! Кімнің сөзі? 8.- Жоқ ақсақал, мен қаңғысам да сіздің есігіңізге барғам жоқ. Құдығыңды аршимын деп келгенім жоқ. Кімнің кімге айтқан сөзі? 9.Абайды Қодар өлімінің үстіне ертіп барған кім? 10.Мен оның шығармаларын туған еліме таныстырушы болуды өзіме үлкен абырой санаймын. – деп айтқан кім? 11.Салиқа қыздың дауы қай тарауда айтылған? 12.Мынада қарлар не дейді? Жақсыдан жаман көбейді. Ескінің асыл көзі еді, Ұрлап та көмді Бөжейді, - деген наразылық сөзді айтушы әйел кім? 13.Қазақтар туралы бұрын – соңды ештеңе естімегенмін. Енді оларды білемін. Кімнің сөзі? 14.Шөже ақынды қай қалаға барғанда көреді? 15.- Мінезі де, ақыл – парасаты да сирек жан тәрізді. Абайдың кім жайында айтқан сөзі?
Ұлан даланың ұлы жыршысы Туған әдебиеттері үшін Сервантес, Шекспир, Бальзак, Диккенс, Теккерей, Толстой, Достеевский, Тагор мен Кавабата не бітірсе, Әуезов те қазақ әдебиетінде дәл соны бітірді. Өз ұлтын адамзатқа тегіс танымал, рухани туысқан етсе, ұлттық әдеби дамуымызды әлемдік биікке алып шығып, қазақ сөзі мен қазақ пікірін жалпыадамзаттық мәшурада паш етті. Туған елімізді, жерімізді, тілімізді өліп-өшіп сүйіп өтуде Абай жолынан, Әуезов жолынан айнымайық. Үйге тапсырма. Кейіпкерлер галереясына сипаттама жазу.