59 мектеп-гимназия Информатика пәні мұғалімі: Кажитаева Миргуль Жумабаевна
Сабақтың мақсаты: «Біле бер, қанша білсең – тағы тіле, Жетерсің мұратыңа біле, біле.» Жүсіп Баласаұғын Тәрбиелік- Тәрбиелік- Іскерлікке, ұқыптылық пен жылдамдыққа тәрбиелеу. Білімділік-Оқушыларға Паскаль программалау тілінің қарапайым объектілер, мәліметтер типі, өрнектер және айнымалы, олардың жазылуы туралы толық мағлұмат беру. Дамытушылық- Дамытушылық- Оқушылырдың мәліметтер типтері, айнымалы және өрнек ұғымына толық мағлұмат бере отырып, білім білік дағдыларын қалыптастыру, алған білімдерін дамыту.
1. Ұйымдастыру кезеңі. 2. Үй тапсырмасын тексеру. Тест түрінде. 3. Жаңа сабақты түсіндіру. 4. Жаңа сабақты бекіту. Оқушылар екі топқа бөлінеді. Тапсырманы тақтаға, компьютерде орындайды. 5.Рефлексия 6. Қорытындылау 7. Үйге тапсырма.
Мәліметтер типі, айнымалы ұғымы, өрнек.
Бүгін үйге берілген тапсырманы тест түрінде тексерейік.
1.Паскаль тілінде Х санның бүтін бөлігін алу үшін қандай функция қолданылады? A) INT (X) Ә) ABS (X) Б) ABC (X) В) TRUNC (X) 2. Паскальдағы дәрежелеу белгісін көрсет А) * Ә) ^ Б) & В) дұрыс жауабы жоқ DIV 5 – функциясының мәні неге тең? А) 2,8 Ә) 2 Б) 5 В) Түбір астындағы Х-ті Паскаль тілінде қалай жазуға болады? А) SQR (X) Ә) SQRT (X) Б) ABS (X) В) MOD (X)
5. Паскаль тіліндегі енгізу операторы А) PRINT Ә) WRITE Б) OUTPUT B) READ 6. Паскаль тіліндегі тұрақтыларды сипаттау операторын көрсет А) VAR Ә) WRITE Б) CONST B) READ 7. Паскаль тілінде бағдарлама қандай түйінді сөзден басталады? A) INT (X) Ә) begin Б) Program В) end 8. Sqr операторының қызметі А) Санның квадраты Ә) Санның квадрат түбірі Б) Х-тің 5 дәрежесі В) Санның абсолют шамасы 9. Паскаль тіліндегі шығару операторы А) PRINT Ә) WRITE Б) OUTPUT B) READ
1А 2В 3Ә 4Ә 5В 6Б 7В 8А 9Ә +9 – «5»; +8-7-«4»; +6-4 – «3»; +0-3 – «2»
Мәліметтердің немесе шамалардың типі деп, олардың қабылдай алатын мәндерінің және олармен орындауға болатын амалдардың жиынын анықтауды айтады. Паскаль тілінде типтер скалярлық (қарапайым) және құрылымдық (структуралық) болып үлкен екі топқа бөлінеді. Скалярлық типке шамалардың стандартты типі және жасанды типі жатады. Стандартты типтер: бүтін – INTEGER; нақты – REAL; логикалық – BOOLEAN; тіркестік – STRING; мәтіндік (TEXT) тәрізді типтер. символдық – CHAR.
12 Айнымалылар Айнымалы – аты, типі және мәні болатын шама. Айнымалының мәнін программаның жұмысы кезінде өзгертіп отыруға болады. Айнымалыларды сипаттау (жад бөлу): var a, b: integer; Q: real; s1, s2: string; var a, b: integer; Q: real; s1, s2: string; Айнымалының жазылу пішіні: Var :
Өрнек деп арифметикалық амал таңбаларымен біріктірілген айнымалылардың, функциялардың, тұрақтылардың жиынтығын айтады. Өрнектегі арифметикалық амалдардың орындалуы олардың орналасу реті мен жақшалар арқылы өзгертіледі. Қарапайым жағдайда өрнек тек айнымалылардан, тұрақтылардын немесе функциялардан тұруы мүмкін. Мысалы, (5+7*х)/7.2; Оқулықта 9-10 кестеде көрсетілген бет
Оқушылар 2 топқа бөлінеді: 1-топ: «Айнымалы» 2-топ: «Өрнек»
Герон формуласын қолданып, берілген қабырғалары бойынша үшбұрыштың ауданын есептейтін алгортим құрыңдар және компьютерде паскаль программасына салыңдар.
Үйге тапсырма 9 Практикалық жұмыс дәптерге жазып келу. §4 тақырып бет оқу.6-7 кестені сызу, жаттау.