Жалпы педагогика пәніне кіріспе. Жоспар 1.Педагогиканың ғылым ретінде дамуына әсер ететін факторлар мен даму ерекшеліктері 2. Педагогикалық ғылымдар жүйесін.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
3 дәріс тақырыбы: Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде. 1 Педагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуы 2 Педагогика пəні, оның негізгі категориялары.
Advertisements

АРИСТОТЕЛЬ Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі Орындаған: Досмухамбетов Р Муратбаев Т.
Орындаған : Мырзатайулы Р. Тексерген : Мамырбекова Г. А. Педагогика ғылымы және оның адам туралы ғылым жүйесіндегі ролі.
Жоспар. 1.Педагогика адам тәрбиесі туралы ғылым. 2.Педагогика ғылымының пәні және басқа пәндермен байланысы. 3.Педагогиканың негізін қалағандар. 4.Педагогиканың.
С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің колледжі Өткізген оқытушы: Бирманова Аймгуль Алмуханбетказиевна Ақтөбе
Оқушылардың дарындылығын дамыту мәселесі Орындаған:Турмуханова Асем Аманбаевна.
Фирма және кәсіпкерлік теориясы Кәсіпкерліктің әлеуметтік- экономикалық мәні және оның сипаттық белгілері.
Акселерация - биологиялық фактор, әлеуметтік жағдайлардың жақсаруы сонымен бірге радио толқындық және географиялық-климаттық жағдайлардың өзгеруі аталған.
Орындағандар: Диқамбай Н. Долдашев Б. Тобы: ПО Қабылдаған: Қасмжанова Ф. Алматы 2016.
Экономика және оның қоғам өміріндегі орны. «Экономика» деген сөз алғашқы ұғымында отбасы шаруашылығын білдірген. Қазіргі уақытта экономика кең көлемде:
Тақырыбы: Туроперейтингтің Қазақстанда пайда болу алғышарттары және оның кәсіпкерлер үшін тартымды факторлары СОӨЖ Қабылдаған: Ақтымбаева А.С. Орындаған:
«Ойын технологиясы арқылы қазақ тілін үйрену» атты бейімделген бағдарламаның тақырыптық жоспары «Күншуақ» мектеп алды даярлық тобына арналған
Ойын - балалардың құзыреттлігін дамыту негізі. Зерттеудің көкейкестілігі: Қазіргі білім берудің мақсаты білім, білік, дағдымен қаруландыру ғана емес,
Оқушылардың түпкілікті құзіреттіліктері – білім берудің жаңа нәтижелері Құзірет - оқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты.
Оқушылардың түпкілікті құзіреттіліктері – білім берудің жаңа нәтижелері Құзірет - оқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты.
ТАҚЫРЫБЫ: ТӘРБИЕ ӘДІСТЕРІ, ТҮРЛЕРІ,ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАЛАРЫ. ОҚУШЫЛАР ҰЖЫМЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ. СЫНЫПТАН ЖӘНЕ МЕКТЕПТЕН ТЫС ЖҰМЫСТАР.
Қылмыстық құқық қылмыстылықты және қоғамдық қатынастар жүйесіне қауіпті іс-әрекет үшін қолданылатын жазаны айқындайтын заң нормаларының жиынтығынан тұратын.
ШЕТ ТІЛДЕРІ ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК КАРЬЕРА УНИВЕРСИТЕТІ Жоғары мектеп педагогикасының нысаны мен пәні, міндеттері Орындаған: 1 курс магистранты Искендирова Э.Т.
Жоғары мектепте білім беру мазмұны Жоғары білім беру мазмұны.
Орында ғ ан:М ұ ратов С. Тобы: МКЯ – 701 Тексерген: Джанбубекова М. З.
Транксрипт:

Жалпы педагогика пәніне кіріспе

Жоспар 1.Педагогиканың ғылым ретінде дамуына әсер ететін факторлар мен даму ерекшеліктері 2. Педагогикалық ғылымдар жүйесін анықтау және оның басқа ғылымдармен байланысы 3. Педагогика категориялары 4. Педагогиканың зерттейтін негізгі проблемасы

Кіріспе Педагогика бұл – адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас саласы болып табылады. Себебі: педагогикалық білім ұғымы ұрпақты білімге дайындау немесе тәрбиелеу мен байланысты адам әрекетінің ерекше аймағына кіреді. Педагогика барлық ғылымдар сияқты философия ғылымы аясында қарастырылды. Ежелгі грек философтарды Гераклит, Демокрит, Фальс, Сократ, Аристотель, Платон, т.б. ғалымдарының педагогикаға қосқан үлесі зор. «Педагогика» деген ұғым көне грек елдерінде б.э.б. 2,5 жылда пайда болған. Педагогика деген сөз, яғни термин, көне грек тілінен шыққан, ол балаларды ертіп жүру, баланы жетектеп мектепке апаруы деген сөз. Анығырақ айтатын болсақ, "Педагогика" термині гректің екі сөзінен: "paida" – балалар және "gogos" - баланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан. Әрбір ғылымның өзіне тен зерттейтін саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, философиядағы ұғымдарға "болмыс", "материя", "қозғалыс"; саяси экономикада- "қоғамның өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары", ал педагогикада - "тәрбие", "білім беру", "оқыту" жатады.

Қандай да болмасын ғылым салаларының дамуы қоғамның өмірлік мұқтаждығынан, талабынан туады. Педагогиканың пайда болуы қоғамның жас ұрпақты тәрбиелеудің тиімді жолын табу мақсатынан және де өндірісті дамыту талабынан туған. Тәрбие ұрпақ пен ұрпақты байланыстыратын дәнекер болып саналады. Педагогика ғылымы ұзақ тарихи даму жолынан өтті. Алғашқы педагогикалық ой-пікірлер ертедегі шығыс елдерінің (Мысыр, Вавилония, Унді, Қытай) философиялық жүйесінде дамып, кейін біртіндеп өз алдына жеке ғылым болып дами бастады. Ежелгі дуние философиясы ертедегі шығыс елдерінің қорытып жиыстырған білім мұрасын дамытқан еді. Сократ, Платон, Аристотель, Демокрит саясат, тәрбие, мемлекет, жеке адам тәрбиесінің мақсаттары мен мазмұны және ерекшелігі сияқты педагогикалық мәселелерді қарастырады. Педагогиканың ғылым ретінде дамуына әсер ететін факторлар мен даму ерекшеліктері «...ізденістің ең қызықтысы ұлы адамдардың ойына ілесу» А.С.Пушкин

Ертедегі ғұлама грек ойшылдары Сократ, Платон, Демокрит, Аристотель және т.б. Грецияда педагогикалық ойлардың пайда болуында және қалыптасуында ерекше орын алады. Демокрит (б.э.д ж.) - философ-материалист, атомистік теорияның негізін салушы: Жеке тұлға дамуның материалистік тұжырымдамасын ұсынды. Ол дүние материалдық, бір-бірінен түрі және жағдайы жағынан ерекшеленетін атомдардан тұрады. Организмнің өмірі мен өлімі атомдардың бірігуіне және ыдырауына әкеледі; Жанның өлмейтінін жоққа шығарды. Ол адамның қалыптасуы оның табиғатына және тәрбиесіне байланысты деп түсіндірді; Ортаға, үлкендердің үлгі-өнегесіне мән берді, Материалистік таным теориясы бойынша білімнің басы түйсіктер екендігін, ал шындық ақыл арқылы іске асатындығын (теориялық ойлау), дәлелдеу, ақыл-ой тәрбиесінің мәселесін шешуде ерекше орында. Сократ (б.з.д ж.) – философ-идеалист: Тәрбиенің мақсаты – заттардың табиғатын зерттеу емес, ол өзін-өзі танып білуі, адамгершілікті жетілдіруі болу керек. Демокрит (б.э.д ж.) Сократ (б.з.д ж.)

Платон (б.э.д ж.) – философ-идеалист, Сократтың оқушысы, Аристотельдің ұстазы. Сабақты Афинаға жақын, өзінің Академа деген меншік жерінде (имение) өткізеді, міне осыдан академия деп аталатын жоғары оқу орнының аталуы шыққан. Педагогикалық көзқарастарын білдірген еңбектері: «Мемлекет», «Заңдар» Негізгі қағидалары: «Мемлекет» атты еңбегінде «Математикаға тәрбиеленген, оған жаттыққан балалардың өзі, тіпті олар бұдан ешбір пайда алмаса да, бұрынғыға қарағанда қабылдаушылық қасиеті арта түседі» деп тәрбиешінің түсіндіретін ұғымдарын берік ететін жаттығуға ерекше мән берген; Шәкірт білімді, икемділікті игеруде, оқу дағдыларын дамытуда зор ұқыптылыққа ие болуы қажет. Ол оқуда табысқа табандылық танытуы, үнемі жаттығуы және шыңдала түсуі керек. Қабылдаушылық қана емес, сондай-ақ оқу қызметі дағдыларын да жаттықтыра түсуі қажет. Бала өз ақыл-ойын үнемі жетілдіріп отыруға міндетті; Тәрбиені мемлекет ұйымдастыруы қажет, өзінің мақсаты, мазмұны, әдістемесі бойынша үстем таптың мүддесіне толықтай сәйкес болуы қажет. Платон (б.э.д ж.)

Аристотель (б.з.д ж.) – гуманитарлық, жаратылыстану ғылымдарының негізін салушы белгілі философ, ғалым. Ликейдегі (білім беру мекемесі – лицей осыдан пайда болған) мектептің негізін қалаушы. А.Македонскийдің тәрбиешісі, Платонның шәкірті. Аристотель еңбектері 4 топқа бөлінеді: Логика, Метафизика және жаратылыстану, Этика және саясат, Поэтика және риторика. Тәрбиенің мақсаты – табиғатпен тығыз байланысты жанның барлық жақтарын үйлесімді дамыту; Оқуды «өзіне емес, отанға тиісті», қоғам үшін пайдалы адам дайындаумен байланысты қоғамның өмір сүру формасы ретінде қарастырған; Әрбір тәрбиеші өз қызметін әлеуметтендіруге, яғни қоғамға пайдалы адам тә рбиелеуге бағыттайды деген идеяны ұстанған; Баланың табиғатына сәйкес адамгершілік, ақыл-ой тәрбиесін ұйымдастыру және балалардың жас ерекшеліктерін ескеру; Шығармашылықтың бастапқы нүктесі ретінде адамның белсенділігін, өз бетінше әрекеті мен икемділігін атап өткен; Балаларды дамуына қарай жас кезеңдеріне бөлуді алғаш ұсынған: туғаннан 7 жасқа дейінгі кезең; 7 жастан 14 жасқа дейін; 14 жастан 21 жасқа дейін. Отбасы тәрбиесіне, дене тәрбиесіне ерекше мән берген; Саз өнерін адамгершілік және эстетикалық тәрбиенің құралы ретінде бағалаған. Аристотель (б.з.д ж.)

Чехтың ұлы ағартушысы, сыныптық-сабақтық жүйенің, дидактикалық принциптердің, пансофияның (табиғат пен қоғам туралы энциклопедия), «дидактиканың алтын ережелерінің» авторы Ян Амос Коменский ( ). Ян Амос Коменскийдің «Ұлы дидактика» (1657ж.) – әлемдік педагогикалық еңбектердің ішіндегі тұңғыш ғылыми-педагогикалық еңбек. - Педагогиканы философиядан алып, оның ғылым ретінде қалыптасуына үлкен үлес қосқан. - Оқытудың ең негізгі және ұтымды түрі сыныптық- сабақтық жүйе деп белгілеген. - оқыту теориясын ғана емес, тәрбие теориясын да қамтыған «Ұлы дидактика» еңбегінің авторы; - Оқу материалын оқушыларға түсінікті етіп баяндау үшін өте қажетті дидактикалық принциптерді (көрнекілік, жүйелілік, бірізділік) ұсынды; - Оқытудың төмендегідей кезеңдерін береді: автопсия (өзбетті бақылау); автопраксия (практикалық әрекет); автохрессия (меңгерілген білім мен іскерлікті қолдану); автолексия (өз еңбегінің нәтижесін әңгімелеу іскерлігі); сондай-ақ, білім беру кезеңінің адамның жасына сәйкестігі. Ян Амос Коменский ( )

Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы Философия Кибернетика Әдеп (этика и эстетика) Физиология Информатика Биология Саясаттану Экономика Медицина Психология Әлеуметтану

Оқыту ТәрбиелеуБілім беру Педагогика категориялары Арнайы ұйымдасқан, мақсатты және басқарылатын мұғалімдер мен оқушылардың өзара әсерлесу үрдісі. Тұлғаны мақсатты және ұйымдасқан түрде қалыптастыру үрдісі. Оқыту үрдісінде адамзаттың жинақталған білім, білік, дағдыларын меңгерту, ойлау тәсілдерін дамыту жүйесі.

Педагогика тәрбие теориясы мен әдістемесіннақтылай отырып, жеке адам дамуының астарлы, тереңде жатқан тетіктерін және оның дайындығына қоғам тарапынынан қойылған талаптар мен әлеуметтік сапаларға орай арнайы ұйымдастырылған қалыптасу процесін зерттейді. Бұл педагогика зерттейтін негзгі теориялық проблемаларды бөліп қарастыруға мүмкіндік береді. Ондай проблемалардың қатарына кіретіндер: Педагогиканың зерттейтін негізгі проблемасы жеке адамның арнайы ұймдастырылған тәрбие жағдайында дамуы және қалыптасуының мән – мағынасы мен заңдылықтарын зерттеу тәрбиенің мазмұнын белгілеу тәрбиенің мақсатын анықтау тәрбие тәсілдерін зертеу

Пайдаланылған әдебиеттер 1.Байжанов З.Т. Жалпы педагогика: агротехникалық университетінің кәсіптік білім беру мамандығы студенттеріне арналған оқу құралы – А.:2007ж. 2.Педагогика. Дәріс курсы. Алматы: «Нұрлы Әлемі» 2003ж

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!