1.Балалар, інжугүл дүниеге қалай келді? 2.Ал бала інжугүлге неліктен қызықты? 3.Інжугүл балаға қандай өтініш айтты? 4.Бала інжугүлді неліктен жұлмады? 5.Егер сендердің өмірлеріңде осындай жағдай болса, не істер едіңдер?
1-жағдаят Сіз саябақта достарыңызбен серуендеп келе жатқанда, бір топ балалар ағаштың жапырағын жұлып, бұтағын сындырып жатқанын көрдіңіз. Сіз не істейсіз?
2-жағдаят Сіздің сыныбыңызда оқитын бала сабақтан кейін өзінің үйінің жанында тал отырғызады, сізге барасыз ба деп ұсыныс жасайды. Сіз қалай жауап берер едіңіз? (оқушылар өз ойларын ортаға салады)
Жақсы істер жасаймыз, Табиғатты қорғаймыз, Үлкендерді тыңдаймыз, Кішілерді сыйлаймыз, Біз тәртіпті баламыз, Болашаққа сенеміз!
Үй тапсырмасы. «Қиянат жасамау - нағыз адамның ісі» тақырыбында өз ойларынан немесе бастарынан өткізген оқиғалары туралы шағын әңгіме жазу. Келесі сабаққа «Суретші туралы ертегі» әңгімесін оқып келу.(110бет)
Ақ көгершін Әні: Н. Баймұхамедов Сөзі: А. Жұбанов Ақ көгершін, көгершін, Қолқанат құс сен едің. Бар, кезіп қайт, ел үшін. Кең дүниенің көлемін. Әділеттің құсы деп, Көз алмастан жолыңнан, Ұшырамын қолымнан. Ел тілегін алып ұш, Адамзаттың бағына. Қара бұлтты жарып ұш, Мұхиттың арғы жағына. Көзін сенен алмайды Ақ ниеті бар адам. Ақ қанатың талмайды Әділеттен жаралған. Тыныш бейбіт өмірдің Белгісі боп қанат қақ. Әлемге ортақ көңілдің Қайт шыңына қонақтап. Ел тілегін алып ұш, Адамзаттың бағына. Қара бұлтты жарып ұш, Мұхиттың арғы жағына