3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешен КММ 3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешен КММ Педагог- психолог: Айнұр Амангелдіқызы
Мамандық тандау бойынша ата-аналарға арналған жадынама
1.Балаңыздың болашақ мамандығын өзі таңдауына мүмкіндік беріңіз. 2.Оның таңдаған мамандығына деген қарсылық пен қолдауды бірге отырып талқылаңыз. 3.Мамандық таңдар кезінде тек материалдық пайданы ғана ойламай, балаңыздың рухани қанағаттануын да естен шығармаңыз. 4.Болашақ мамандық таңдар кезде балаңыздың сол кәсіпке деген жарамдылығын да байқаңыз. 5.Егер мамандық таңдау барысында қарама қайшылық туындап жатса, кеңесші-мамандармен ақылдасыңыз. 6.Мамандық таңдауда балаңызды қыспалай бермеңіз, әйтпесе бұл жанжалға әкеп соқтыруы мүмкін.
7.Балаңыздың арманы орындалу үшін оған барынша қолдау көрсетуге тырысыңыз. 8.Егер балаңыз мамаңдық таңдауда қателескен болса, ол үшін кінәламаңыз, оны жөндеуге болады. 9.Егер балаңыз қандай да бір мамандыққа ертеден әуестене бастаса оған үйірмелер, әдебиеттер әр түрлі сабақтардың көмегімен осы қызығушылығын сақтауға мүмкіншілік беріңіз. 10.Балалар өз ата-аналарының мамандығына қатысты мамандық таңдауы да мүмкін екенін есіңізге алыңыз.
Жайлы жағдай тудыру қажет. Баланың ыңғайлы отырғанын, бөлменің тыныштығы мен жарықтандырылуың, баланың назарын ештеңе алаңдатпайтынын қадағалауы қажет.
1. Балаға тестте жинаған балдары үшін қатты ұрысбаңыз. Оның әлі де көп балл жинайтынына, мүмкіндігі жоғары екеніне сенім білдіріңіз қатты ұрысбаңыз. Оның әлі де көп балл жинайтынына, мүмкіндігі жоғары екеніне сенім білдіріңіз 2.Емтихан кезінде балаға мазасыздық тудырып, қорқытпаңыз. Керісінше жылы сөзбен қолдау беріңіз. Себебі бала көбінде ата-анасының эмоциялық күйіне бейім 3. Баланың емтиханға даярлану жағдайына аса мән беріңіз. Баланың даярлануы барысында демалыс сағатын міндетті түрде ұйымдастырып, ескертіп отырыңыз.
4. Баланың дұрыс дәрумендерге бай тағамдармен тамақтануына мән беріңіз. Себебі балаға кез-келген күш тағаммен беріледі. 5. Арнайы тестке әзірлену әдістемелерін меңгеріп балаға көмектесіңіз. Үйдің кейбір жерлеріне шпаргалкалар іліп қойыңыз. 6. Мүмкіндік болса тесттердің әр түрлерімен баланы қамтыңыз. 7. Балаңыз міндетті түрде белгіленген уақыт бойынша тестке даярлансын. Уақыттың әртүрлі болуы балаға кері әсерін тигізеді. 8. Балаңызға тест тапсыруда жеңілінен бастап, күрделіге өтуін үйретіңіз.
9. Аса қиын сұрақ болса, келесіге өтіп кейін қайта қарауын қадағалаңыз 10. Тестке 1 күн қалғанда демалдырыңыз. 11. Кешке ұйықтар алдында балаңызға жақсы тілектер айтып, қолдау көрсетіңіз. 12.Емтиханға кешікпей керісінше минут ерте шықсын. 13. Емтиханға үйден шығарда қуанышты, ерекше есте қалған күндері бойынша әңгіме айтыңыз 14. Шаршағанда тыныс арқылы жаттығу жасауды үйретіңіз. Далаға шықса көп уақытын жоғалтып алатынын аса ескертіңіз.
15. Тестке даярлануда балаңыз шпаргалка жазсын, бірақ көп пайдалануға дағдыланбасын. Себебі барлық ойы соған бөлінеді. 16. Тестті тексеруге 10 минуттан қалдырсын. 17. Кешке оқығанын таңертең қайталасын. 18. Киетін киімінде артық элементтер болмасын. Тыныштандырушы, бір түсті киім болғаны абзал. 19. Бала мұқият міндетті түрде 8 сағат ұйықтау керек 20. Күн режимін 3-ке бөлу абзал: 8 сағат емтиханға даярлану 8 сағат ұйықтау 1 сағат таза ауада қыдыру, өз қалауын орындау, жуыну,1сағат билеу. 21. Теледидар, Интернетте аз көруін қадағалаңыз
Ата-ана баласына сену керек, үнемі көмектесу керек және мұғаліммен тығыз байланыста болу керек.