Тақырыбы: Әміре Қашаубаев. Төл сөз.
Мақсаты: 1.Білімділік: Әлемге белгілі болған әнші Әміре Қашаубаев шығармашылығымен танысу,Төл сөз,оның жасалу жолдары туралы түсінік беруде «Сын тұрғыдан ойлау» стратегияларын қолдану. 2.Дамытушылық: Оқушы бойында музыкаға деген қызығушылықты ояту,өнерге баулу,өзіндік пікірін еркін жеткізуге ықпал жасау. 3.Тәрбиелік: Музыка арқылы оқушыға рухани тәрбие беру, топпен жұмыс үстінде оқушы арасындағы бәсекелестік пен алға ұмытылу қасиеттерін жетілдіру, бір-бірін тыңдай білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Төл сөз бен автор сөзін оқушының ажырата білуі; төл сөздің сөйлем ішінде орналасу тәртібін жете түсінуі; білімін тәжірибеде пайдалана білуі.
Сабақтың көрнекілігі: «Сын тұрғысынан ойлау» элементтері. Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту. Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ- жауап, топпен жұмыс.
Үй тапсырмасын пысықтау сұрақтары: Пысықтау сұрақтары: 1)Қазақ халқы қандай халық? 2)Қазақ халқының музыкалық мәдениеті қандай? 3)Қазақ халқы кімдерді ерекше құрметтеген? 4)Музыка нешеге бөлінеді;қалай аталады? 5)Классикалық музыка қалай аталады? Ол қандай музыка? 6)Жеңіл музыканы кімдер ұнатады? 7)Жеңіл музыка түрлерін ата. 8)Жасөспірімдердің сүйіп тыңдайтын музыкасын ата. 9)Орта жастағы адамдар қай музыка түрін сүйіп тыңдайды? 10)Рок музыканың негізін салушылар кімдер? 11)Қазақстанның эстрада жұлдыздарын ата. 12)Қазақ әншілерінің қандай әнін білесің? Орындап бер.
Жаңа сабақ: Әміре Қашаубаев. Төл сөз. Ән-халық үні, оның шындығы, ойы, сезімі. Ж. Жабаев
Сөздікпен жұмыс сөз аспаптары - музыкальные инструменты сақтаулы тұр – хранится өнер көрсеткен - выступавший көрме – выставка құбылыс – явление дарынды – талантливый емін-еркін жететін – свободно достигал
Әміре Қашаубаев Семейде Абыралы деген жерде туған Әміре бүкіл қазақ даласына, бүкіл дүние жүзіне белгілі әнші болған. Оның ғажап дауысы, орындаушылық шеберлігі әлемді таңғалдырған. Әміре 1925 жылы Парижде, 1927 жылы Майндегі Франкфуртте ән шырқады. Қазір Әміренің домбырасы саз аспаптары мұражайында сақтаулы тұр. Міне, осы домбырамен Әміре Парижде өткен Халықаралық этнографиялық көрмеде «Ағаш аяқ», «Жалғыз арша» сияқты әндерді орындаған. Өнер зерттеушісі А.Затаевич: «Әміре Қашаубаев – қазақ әншілерінен шетелде өнер көрсеткен тұңғыш адам», - деген болатын. Француз жазушысы Анре Барбюсттің: «Мен Әміредей әншіні сирек кездестірдім», - деген сөздері дәл айтылған. Әміренің дауысы екі октаваға емін-еркін жететін болған. Бұл табиғатта өте сирек кездесетін ерекше құбылыс еді. Әміре тек әнші ғана емес, аса дарынды актер де болатын. («Қазақ тілі хрестомаиясынан»)
Сұрақтарға жауап алу 1. Ә.Қашаубаев туралы не білдің? 2. Әміре Парижде қандай халық әндерін орындаған? 3. Халқымыздың қандай халық әншілерін білесіңдер?
Қазыбек би қалмақ ханына: «Ешкімге тиіспей жатқан елміз», - деген екен.
Біреудің айтқан сөзі Іштей айтылған ой Мақал-мәтелдер Қанатты сөздер Даналық сөздер Шығармадан алынған үзінділер Диалогты сөзден басқа төл сөз тырнақшамен жазылады. Төл сөз болатын сөздер
Мысалдар: 1. Анам маңдайымнан сипап: «Ұлым, арыңды жасыңнан сақта», - деді. 2. Мұғалім былай деді: «Әміре Қашаубаев – қазақ халқының талантты перзенті». 3. «Келешек - өткен тарихты қорғау», - дейді Олжас Сүлейменов.
Тест сұрақтары: 1. Тыныс белгілері дұрыс қойылған төл сөзді тап: а) – Көктемде неге желікті? – деп сұрадым мен; в) – Көктемде неге желікті, - деп сұрадым мен; с) – Көктемде неге желікті! – деп сұрадым ме;. 2. Төл сөз дегеніміз не? а) Төл сөзбен байланысты айтылған сөйлеушінің өз сөзі; в) Сөйлеуші өз сөзінің ішінде біреудің айтқан сөзін ешбір өзгертпей, сол айтылған күйінде беруі; с) Сөйлеуші біреудің айтқан сөзін сәл өзгертіп беруі; 3. Төл сөзі бар сөйлемді тап: а) - Әттең, - деді; в) Ертең келеді; с) Таң. Тау самалы.
Тест сұрақтары: 4. Берілген сөйлемнің сызбасын тап: Абай: «Байқап сөйле!» - деді. а) Автор сөзі: «Төл сөз», - автор сөзі. в)Төл сөз: «Автор сөзі!» - төл сөз. с) Автор сөзі: «Төл сөз!» - автор сөзі. 5. Автор сөзі дегеніміз не? а) Біреудің айтқан сөзін ешбір өзгертпей, сол күйінде беруі; в) Төл сөзбен байланысты айтылған сөйлеушінің өз сөзі; с) Екі адамның сөзі;
БілемінБілгім келедіБілдім
Үйге тапсырма: Мәтінді мазмұндау; – т. «Қазақ мәдениетіне, өнеріне зор еңбек сіңірген тұлғалар» тақырыбына мәнжазба дайындау. Бағалау: