НАУРЫЗ КЕЛДІ, ҚАРСЫ АЛАЙЫҚ!
ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ НАУРЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Барлықтарыңызды келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтаймыз! Ұлыс бақты болсын! Төрт түлік ақты болсын! Самарқандтың көк тасы жібіген сәтте, барлығымыз да өкпе- ренішімізді ұмытып, ескі жылды артта қалдырайық! Бақ-берекеміз артып, ырысымыз молая берсін!
КИІЗ ҮЙ
Наурыз – күн мен түннің теңелген, дала нұрға бөленген, малдың ауызы көкке, адамның ауызы аққа тиген ұлық мереке. Бауырмалдық, тазалық, қамқорлық, теңдік, елдік тоғысқан торқалы той. Қазақтың ғана емес ғаламға ортақ жаңғыру мерекесі. «Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауына келгенде жердің бетін жайлаған топан су кері қайтады. Сол сәт жер бетіне табаны тиген барлық тіршілік иесі көк аспаннан түскен қасиетті қазаннан бірге дәм татады. Содан, бұл күн – Ұлыстың ұлы күні деп аталыпты» – дейді халық аңызында. Несі бар? Алла тағала «адам» дейтін сүйікті құлына бір-бірімен қауышып жататын «Наурыздай» мерейлі мейрамды сыйлағанына шүкірлік.
ҚАЗАҚТЫҢ АРУ ҚЫЗЫ
Көкпар нағыз жігіттер ойыны
ҚЫЗ ҚУУ
НАУРЫЗ КӨШІ
БЕСІК ТОЙ
БЕСІККЕ САЛУ
АЛТЫБАҚАН ТЕБУ
ҚАЗАҚТЫҢ БИШІ ҚЫЗДАРЫ
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАРЫ: БАУЫРСАҚ, ЖЕНТ, НУАРЫЗ КӨЖЕ
НАУРЫЗ КӨЖЕ
ҚЫДЫР АТА БАТА БЕРУДЕ: ҰЛЫС ОҢ БОЛСЫН, АҚ МОЛ БОЛСЫН. ЕЛІМІЗ АМАН, ЖҰРТЫМЫЗ ТЫНЫШ БОЛСЫН.
Ө ткізген: 5 ж сыныбы Сынып жетекшісі: Арапова С.