GeoGebra Саба қ 20 Шек ұғ ымыны ң бейнеленуі Дайында ғ ан: Байназаров Тал ғ ат Пайдалан ғ ан ресурс: tangents-and-circle-area-approximation/ tangents-and-circle-area-approximation/ geogebra.org
Бұл сабақта іштей сызылған көпбұрыштың ауданы мен шеңбердің аудандарының арасындағы байланысты байқаймыз
ГеоГебраны ашып, Алгебра, Осьтер және Тор көрінетіндей етіп қойыңыз
Слайдер құралын таңдаңыз
Графиктер алаңындағы слайдердің орналасуын анықтағаннан кейін суреттегідей қосымша мәзір шығады. Шамаларды суреттегідей етіп өзертіңіз
Қолдануды басқаннан кейін Графиктер алаңында суреттегідей слайдер пайда болады
Іштей үбұрыштың қабырғалар саңын анықтайтын екінші бір слайдер салыңыз. Өлшемдері суреттегідей болу керек.
Қолдануды басқаннан кейін суреттегідей сладер пайда болады.
Екі объектінің қиылысуы құралын таңдап, координаталар осьтерін шертіңіз. А нүктесі пайда болады
Кіріс алаңына суреттеідей мәтін енгізіңіз. Ентер басыңыз. Суреттегідей шеңбер пайда болады.
Шеңбер мен х осінің қиылысуы болатын В нүктесін салыңыз.
Кіріс алаңына суреттегідей бір шама енгізіңіз. Бұл іштей сызылатын көпбұрыштың центрлік бұрышы болады. Бұрышты анықтайтын Символды кіріс алаңының оң жағындағы қосымша мәзірінен таба аласыз. Ентер басқаннан кейін Алгебра алаңында а бұрышы пайда болады.
Берілген өлшем бойынша бұрыш құралын таңдаңыз
Алдымен В, содан кейін А нүктесін шерткеннен кейін, суреттегідей қосымша мәзір терезесі Шығады. Бұрышты а деп белгілеңіз
Дұрыс көпбұрыш құралын таңдаңыз
Алдымен В, содан кейін В` нүктелерін шертіңіз. Қосымша мәзір терезесінде нүктелер санын n деп теріңіз. ОК басыңыз.
Алгебра алаңындағы альфа бұрышының қасындағы дөңгелекті шертіңіз. Көпбұрыштың санын анықтайтын п слайдерін өзгертіп көріңіз.
Көпбұрыш санын 30 деп өзгертіп, көпбұрышты тінтуірдің оң батырмасымен шертіңіз. Объект баптауларын ашыңыз.
Нүкте мен сегмент баптауларына кіріп, Белгіні көрсету деген мәзірдегі торларды шертіңіз. Жабуды басыңыз.
Мәтін құралын таңдап, Графиктер алаңын басыңыз. Шыққан қосымша мәзірдегі мәтінді суреттегідей енгізіңіз. ОК басыңыз.
Тағы да бір мәтін енгізіңіз. Бұл уақытта мәтін көпбұрыш ауданын анықтайтын болады. Өңдеу алаңында суреттегідей мәтін енгізіңіз. ОК басыңыз.
Сладерлердің өлшемдерін өзгерткеннен кейін не байқауға болады?
Сақтауға басып, интерактивті сызбаңызды сақтап қойыңыз.