Дос болайық бәріміз! Әрқашан дос біргеміз, Ажырамас іргеміз Ілгері жүріңдер, Достық жырын біліңдер, Ту ғып ұстап бірлікті Еңбекті сүйіңдер Қ-сы Дос болайық, бәріміз Жарасып тұр әніміз Тыныштықты сақтаймыз Атсын күліп таңымыз Қайраттанып қарышта Озып шыққан жарыста Батыл бас, жас ұлан! Самға, биік, алысқа, Жұлдыздарға, ғарышқа Бойда күш тасыған Қ-сы
Бірлік,сыйластық, түсіністік, ұйымшылдық, ұжымшылдық деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер? Өз сыныбың несімен ұнайды ? Ойланайық, пікірлесейік
Әңгімедегі оқиғадан сынып оқушыларының қандай жақсы қасиеттерін көруге болады? Олардың бойынан қандай жағымсыз қасиеттерді байқадыңдар? Одан қалай арылуға болады?Сендер не істеген болар едіңдер? Өз сыныптарыңда осыған ұқсас оқиғалар болды ма? Естеріңе түсіріп айтып беріңдер. Оқып,үйренейік
Суреттегі балалардың көңіл күйі туралы айтып беріңдер Жағдаяттарды талдау
Сыныптастарыңның қуанышын қалай бөлісер едіңдер?
Ә.Табылдиев Дәйексөз
Оқушылар бірлесіп қоғамдық пайдалы іспен шұғылданса, бір –біріне көмектессе, ұжымда бірлік, сыйластық болады. Оларды біріктіретін ортақ мақсаттан, ол-білім алу, өнеге үйрену және өмірді түсіну Жаңа ақпарат
Жұп жазбастан жүреміз Біздің сынып – мақтаулы Өйткені біз сүйеміз Дәйім тәртіп сақтауды Біздің сынып –мақтаулы Оқуда да алдамыз Біздің сынып -өнерлі Жақсы үйреніп алғанбыз Талай би мен өлеңді Біздің сынып -өнерлі Еңбекке де қолы епті Ынтымақты дос ыңғай Біздің сынып -әдепті Біздің сынып осындай Біздің сынып осындай!