Қазақ тілі Электронды оқулық ( Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған көмекші құрал) Құрастырған :Алибаева.Г.К (1-сыныптың ІІ-жарты жылдығына арналған)

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Пәні - қазақ тілі. Класы – 2 «А» Тақырыбы: Сұраулы сөйлем. Мұғалімі: Бабаниязова А.С.
Advertisements

Tensel Umitker. І Тыныштық ІІ Тәртіп ІY Тазалық ІІІ Татулық Y Талап 5 «Т»
Сөздерді байланыстырудың әдістері 11 сынып. Шешендік сөздің бастан –аяқ тұтастық сипатқа ин болуы үшін айтылатын ойлар бір-бірімен сабақтаса байланысып.
Ново-Троицк орта мектебі Фонетика мен морфологияны қайталауға, бекітуге арналған тапсырмалар топтамасы.
Сабақтың тақырыбы: Қалалық мұражай. Ашық сұрақтар: 1. Балалар біз ай қалада тұрамыз? 2. Қалада не бар? 3. Қалада мұражай бар ма?
Фонетика Фонетика – дыбыс ( олардың жасалу, айтылу, естілу жағы, түрлері ), әріп, буын, екпін, тасымал, үндестік заңы мәселелерін зерттейді.
Есімдік- заттың атын, сынын, санын я олардың аттарын білдірмей, олардың орнына жұмсалатын, есімдер тобына жататын сөз табының бірі. А.Ысқақов.
Жесупова Алмагүл Батрқанқызы Білімі: жоғары Санаты: 2 Өтілімі: 10 жыл 1 «А» сынып Сауат ашу.
Пән: қазақ тілі 8 сынып ж Сабақ тақырыбы: Қадыр Мырза Әли -ақын. Болымды етістіктер мен болымсыз етістіктер.
Наурыздың екісі, сәрсенбі. Сынып жұмысы.. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың көктем мезгілі туралы білімдерін тереңдету. Сөз құрамын практикалық жолдармен.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасы Қазақ тілін шет тілі ретінде оқытудың.
Сабақтың тақырыбы: Дыбыс үндестігі. Дыбыс үндестігі.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ТАҚЫРЫБЫ: «САУАТ АШУ САБАҚТАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ.
Тақырыптық - кеңестік бөлімнің жұмысы Тақырыбы: Грамматика саласынан фонетика мен сөздердің лексикалық мағыналары.
ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ. XXI ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ 1 кезең БӘЙГЕ 1 кезең БӘЙГЕ 2 кезең ПОЛИГЛОТ 2 кезең ПОЛИГЛОТ 3 кезең ҒАЖАЙЫП ТӨРТТІК 3 кезең ҒАЖАЙЫП ТӨРТТІК.
Қымбатты балалар! Жайық өзенінің алыстағы Логика жағалауында экологиялық апат болған екен. Бұрын бұл жер өсімдік пен гүлдерге толы, құстары сайраған,
«Өкпеті» орта мектебі КММ Секенова А.М. Нұрғалиева А.Ж.
Баймухамбетова Риза Камешовнаның ПОРТФОЛИОСЫ «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш.
Ашық сабақ 2 Ә сынып Сын есім Мұғалімі:Анес Қ.. Ұйымдастыру кезеңі Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз, Сәлем бердік сіздерге Құрметпенен біз.
Сөйлем мүшелерінің байланысы 3-сынып Мұғалімі:Буентаева Г.А. Сабақ тақырыбы:
Транксрипт:

Қазақ тілі Электронды оқулық ( Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған көмекші құрал) Құрастырған :Алибаева.Г.К (1-сыныптың ІІ-жарты жылдығына арналған) 2011 ж

Мақсаты: Қазақ тілі оқулығының көздейтін мақсаты: балаларды дұрыс оқуға, Сөздер мен сөйлемдерді қатесіз жазуға, дұрыс сөйлей білуге үйрету.Бұл пәнде жүргізілетін жұмыс түрлері балалардың ойын байытып, танымдық шығармашылық тапсырмалар орындау арқылы қызығушылықтары артып, жалпы білімін кеңейту мақсатымен ұштастырыла жүргізіле- ді.Балалар әріптермен танысып қоймай, сөзден сөйлем құрап, сөйлемді сөзге, сөзді буынға, дыбысқа ажырата біледі.Сюжетті суреттер арқылы өмірді танып біледі. Бұл оқулықты мұғалімдерге көмекші құрал ретінде ұсынуға болады.

Қазақ алфавиті -Қазақ алфавитінде 40 әріп және екі таңба бар.Бұлардың 33-і орыс алфавитіндегі әріптер де, 9-ы қазақтың ерекше дыбыстарының әріптері:і, қ,ң,ғ,ү,ұ,ө,ә,һ. Сөз дыбыстардан құралады. Дыбыстар әріппен таңбаланып жазылады. Дыбыстарды айтамыз, естиміз. Әріптерді көреміз, жазамыз. Тапсырма. Әліпбиді А-дан К-ге дейін жазып шық. Тапсырма. Әліпбиді Қ-дан У-ға дейін жазып шық. Тапсырма. Әліпбиді Ф-дан Я-ға дейін жазып шық. Бас әріппен басталып жазылатын сөздер: *Кісінің аты-жөні бас әріптен басталып жазылады:Серік,Айгүл,Асқар. *Жер-су аттары бас әріптен басталып жазылады:Қазақстан,Астана, Жетісу. *Үй жануарларына қойылған аттар бас әріп- тен басталып жазылады:Таймас, Құлагер.

Тапсырма. К ө п н ү ктені ң орнына керекті с ө здерді қ ойып, с ө йлемдерді к ө шірі ң дер. -Сені ң аты ң кім? -Мені ң атым Сені ң аты-ж ө ні ң кім? -Мені ң аты-ж ө нім -... Тапсырма. С ө здерді д ұ рыс о қ ы ң дар. Алматы, Қ ызылорда, Орал, Сырдария, Ас қ ар, М ә дина, Астана. Дауысты ж ә не дауыссыз дыбыстар мен оларды ң ә ріптері Дауысты дыбыс ә ріптері: а, ә,е,о, ө, ұ, ү,ы,і,и, (у),ю,е,э,я. Дауыссыз дыбыс ә ріптері: б,в,г, ғ,д,ж,з,й,к, қ,л,м,н, ң,п,р,с,т,ф,х, һ, қ,ч,ш,щ, (у). Тапсырма Ағаштардың суреттерін қара.Нүктелердің орнына қалдырылып кеткен әріптерді қойып, ағаштардың аттарын жаз. Ем...н Қ ай... ң Т...л Тапсырма. К ө п н ү ктені ң орнына керекті с ө здерді қ ойып, с ө йлемдерді к ө шірі ң дер. -Сені ң аты ң кім? -Мені ң атым Сені ң аты-ж ө ні ң кім? -Мені ң аты-ж ө нім -... Тапсырма. С ө здерді д ұ рыс о қ ы ң дар. Алматы, Қ ызылорда, Орал, Сырдария, Ас қ ар, М ә дина, Астана. Дауысты ж ә не дауыссыз дыбыстар мен оларды ң ә ріптері Дауысты дыбыс ә ріптері: а, ә,е,о, ө, ұ, ү,ы,і,и, (у),ю,е,э,я. Дауыссыз дыбыс ә ріптері: б,в,г, ғ,д,ж,з,й,к, қ,л,м,н, ң,п,р,с,т,ф,х, һ, қ,ч,ш,щ, (у). Тапсырма Ағаштардың суреттерін қара.Нүктелердің орнына қалдырылып кеткен әріптерді қойып, ағаштардың аттарын жаз. Ем...н Қ ай... ң Т...л

Тапсырма Ағаш пен оның бөліктерін қара.Қалдырылып кеткен әріптерді қойып,астындағы жазуларды көшіріп ал.Сөздердегі барлық дауысты әріптердің астын сыз. Ағ...ш, жа...ырақ, жапырақ...ар, б...тақ, жа...ғақ, баға..., т...мыр, түбі.... Тапсырма (ауызша) Сұрақтарға жауап беріңдер: 1.Сен тағы қандай ағаштарды білесің? 2.Сенің үйіңнің жанында қандай ағаштар өсіп тұр? Дауысты дыбыстар созылып айтылады. Дауыссыз дыбыстар қысқа айтылады.

Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар мен олардың әріптері Жуан дауыстылар: а,о,ы,ұ Жіңішке дауыстылар: ә,е,ө,і,ү Тапсырма Сөздерді оқыңдар. Құс, қарға, бүркіт, шағала, қарлығаш, бұлбұл, сұңқар, торғай. Сөздерден жуан дауысты дыбыстарды теріп жазыңдар. Тапсырма Жұмбақты көшіріп жазыңдар. Жұмбақ Өзі кілем түріндей, Құдды қырдың гүліндей. Гүлге қонса кетеді, Айырмасы білінбей. (К ) Әр сөзде неше жіңішке дауысты дыбыс бар, атаңдар. Жуан және жіңішке айтылатын сөздер Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса, сөз жуан айтылады: қозы, құлын. Сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса, сөз жіңішке айтылады: дәптер,терезе.

Тапсырма Мақалды оқыңдар. 1.Оқу-білім бұлағы, Білім –өмір шырағы. 2.Көп біл, аз сөйле. 3.Біліп тұрсаң да сұрап ал. Жуан айтылған сөздерді атаңдар. Тапсырма Мақалды жаттап алыңдар 1.Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды. 2.Қойшы көп болса, қой арам өледі. 3.Үндемеген үйдей бәледен құтылады. Жіңішке айтылған сөздерді атаңдар. Дауыссыздардың кестесі Қатаң: п,ф,т,с,ш,к,қ,х,ц,ч Ұяң: б,в,д,з,ж,г,ғ,һ Үнді: р,л,й,у, (бау),м,н,ң Тапсырма Қатаң, ұяң, үнді дауыссыз дыбыстармен басталатын сөздер ойлап табыңдар. Тапсырма Берілген сөздерден қатаң дауыссыз дыбыстарды теріп жазыңдар. Аспан, аю, лақ, парта, шағала, құлыншақ, хат, цирк.

Тапсырма Әрбір үй жануарларының төлдерін іріктеңдер. Дауыссыз әріптердің астын сыз.

Тапсырма Суреттер астындағы мәтінде тұрған нүктелер орнына қажет әріптерді жаз.Үй құстары аттарындағы қатаң дауыссыз дыбыстардың астын сыз, ал, ұяң дауыссыз дыбыстарды жабайы құстардың аттарынан сыз.

Буын Буын дауысты дыбыс арқылы жасалады: ә-кел Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады: от, а-на, ме-ре-ке, бей-біт-ші-лік. Сөзді буынға бөлгенде екі дауысты дыбыстың ортасындағы дауыссыз соңғы буынға ауысады: а-дам. Й, ң,у екі дауыстының ортасында келсе, екінші буынның басында айтылады: жа-ңа, та-уық. Тапсырма (ауызша) Сөздерді буынға бөліп оқыңдар. Шеше, көке, нағашы, қалам, бөрік, қасқыр, жазушы, балалар. Әр сөздегі дауысты дыбыстарды атаңдар. Тапсырма Берілген сөздерді буынға бөліп, әр буынның неше дыбыстан құралғанын айтыңдар. Жұмыртқа, шегіртке, ұртта, айтпа, кесіртке.

Тасымал Жазу жолына сыймаған сөз буынға бөлініп тасымалданады. Сөздердің тасымалданбаған бөлігінен соң жарты сызықша(дефис) қойылады: Қызылор-да, Қызыл-орда, Қы-зылорда. Тапсырма Мына сөздерде неше буын барын айтыңыз, сөздерді буынға бөліп жазыңдар. Әсел, Алуа, Аян,Дана, биші, мысық, қарбыз. Тасымалдауға болмайтын сөздер: а) Бір буынды сөздер: от, сүт, қант. б) Бір дыбысты буыны бар екі буынды сөздер: о-рақ, ө-зен, а-ю,ұ-я, қи-я. Тапсырма Тасымалданбайтын сөздерді табыңдыр. Жері байдың – елі бай.

Дауыссыз дыбыстардың жуан және жіңішке айтылуы Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса, ондағы дауыссыз дыбыстар да жуан болып айтылады: дала, тазалық, домбыра. Сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса, ондағы дауыссыз дыбыстар да жіңішке болып айтылады: өзен, темір, сәбіз, түйме. Тапсырма Дауыссыз дыбыстары, жуан және жіңішке айтылған сөздерді атаңдар. Балам, балам, жақсы бол, Міне, сенің мектебің. Сабағыңа зейін сал, Ақылды бол, тентегім. Қ.Аманжолов. Тапсырма Жеміс пен жидектердің атаулары бойынша атап, жуан айтылған дауысты дыбысы бар сөздердің астын сыз.

Сөз құрамы Сөз түбір күйінде немесе қосымшалы қалыпта болады.Түбір бірінші орында, қосымша түбірден соң тұрады.Сөзге бірнеше қосымша (жұрнақ, жалғау) қосыла береді. Көптік жалғау Сөздің соңғы дыбысы: 1.Дауысты дыбыстан соң. –лар,-лер, кала-лар 2.Ұяң және М,Н,Ң дыбыстарынан соң. –дар,-дер қыз-дар 3.Қатаң дыбыстан соң. –тар, -тер есік-тер Тапсырма Мына сөздердің көпше түрін жасаңдар: Бала, балық,әже,аң,қалам,сурет,алма, жұлдыз,шортан,итбалық. Тапсырма Суреттегі заттардың атын керекті әріпті қойып жазыңдар және көпше түріне айналдырыңдар.

Сұрақтарға жауап беріңдер: 1.Сен жеміс пен жидектің қайсысы жақсы көресің? 2.Сен қандай жеміс пен жидектің дәмін татқан жоқсың? 3.Адамның денсаулығына көкөніс пен жемістердің қайсысы пайдалы? Сөйлем және сөз Сөйлем сөздерден құралады.Сөйлем арқылы адам өзінің ойын,көргенін, естігенін басқа біреулерге (тыңдаушыға) түсіндіріп береді.Сөйлем бір сөзден де, көп сөзден де құралады.Сөйлемдегі сөздер бір-бірінен бөлек жазылады: Бидай жайқалып тұр. Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.Сөйлемнің соңына нүкте (.),сұрақ белгісі (?), леп белгісі (!) қойылады. Тапсырма 1.Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрастырып жазыңдар.Сөйлем соңынды тыныс белгісін қойыңдыр. Шешесіне, Әсел, көмектесті;жуды, ыдыс-аяқтарды;сыпырды, еденді;кішкентай,ол,көмекші. 2.Сөйлемнің бірінші сөзі қандай әріппен жазылады? 3.Неше сөйлем жаздыңдар?

Заттың атын білдіретін сөздер Кім?Кімдер? Не?Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздер адамның,жануарлардың және заттардың атын білдіреді:Айсұлу,қоян,кітап. *Кім? Кімдер? деген сұрақтар адамға байланысты қойылады: аға, ата, ұшқыш,аналар. *Не? Нелер? деген сұрақтар заттар мен жануарларға байланысты қойылады. Тапсырма Сөздерді оқып шығыңдар.Әрқайсысына ауызша сұрақ қойыңдар. Ит, мысық, сұңқар, теңіз, мұғалім, құмырсқа, жұмыртқа, дәптер, ата, кісі, ана. Тапсырма Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді суретке қарап табыңдар.

Заттың қимылын білдіретін сөздер -Не істеді? Не қылды? Қайтті? сұрақтарына жауап беретін заттың қимылын, іс-әрекетін білдіреді: оқыды, жазды, жүгірді, ойнады. Тапсырма Заттың қимылын білдіретін сөздердің астын сызыңдар. Шешесі жұмысқа кетті.Әсел мен Дария үйді жинады.Дария еден Сыпырды,жуды.Әсел ыдыс-аяқты жуды.Сонан соң олар тамақ пісірді.Шешесі жұмыстан келді.Ол қыздарының ісіне қуанды. Тапсырма Суретке қарап заттың қимылынбілдіретін сөздерді тауып жазыңдар.

Заттың сынын білдіретін сөздер Қандай?Қай? сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың сынын, сапасын білдіреді: қызыл, үлкен, таза, жеңіл,биік. Тапсырма Сурет бойынша көкөністің атауларын атаңдар: Берілген көкөністердің түр-түсін атаңдар. Тапсырма Заттың атын білдіретін сөздердің алдына заттың сынын білдіретін сөздерді қойып, көшіріңдер доп, қыз, гүл сағат, алма, сақал.

Заттың санын білдіретін сөздер Қанша?Неше? Нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың санын білдіреді: бес, он, отыз, екінші, жүз. Тапсырма Суретке қарап, жәндіктердің санын анықтаңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер: Жәндіктердің қайсысын жаратасыңдар, не жаратпайсыңдар және неліктен жаратпайсыңдар?