Идеалды және реалды ерітінділер. Сұйықтардың сұйықтарда ерігіштігі. Жоғарғы және төменгі еру температуралары. Орындаған: Бекпенбетов А Тобы: 202-ФК Қабылдаған: Cерімбетова Қ
Жоспар 1. Ерітінділердің жалпы сипаттамасы 2. Идеалды ерітінділер. Рауль заңы 3. Реалды ерітінді және олардың идеалды ерітінділерден айырмашылығы 4. Газдар мен сұйықтардың еру процесіне сыртқы факторлардың әсері 5. Жоғарғы және төменгі еру температуралары
Ерітінділердің жалпы сипаттамасы Ерітінді деп екі немесе бірнеше компоненттен тұратын гомогенді системаларды айтады. Әдетте ерітінділердің тығыздығы, қайнау және қату температурасы, тұтқырлығы сияқты қасиеттері өзгеріп отырады. Ерітінді дегеніміз – жай ғана құбылыс емес, ол өте күрделі физикалық және химиялық күрделі құбылыс екенін көреміз.
Ерітінділер жайлы ілім Физикалық теориясы XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасты. Негізін салушылар: С. Арениус пен Я. Вант- Гофф Химиялық теориясы Д.И Менделеев тұсында қалыптасты. Негізін салушылар: Д.И Менделеев. Үлес қосқандар: И.А Каблуков және Н.С Курнаков
I Идеалды ерітінділер. Рауль заңы Кез келген затты еріткенде еріткіш буының қысымы төмендейтінін көптеген тәжірибе жүзінде көрсетті. Осы негізде ерітінді құрамы мен бу қысымының төмендеуі арасындағы байланысты Ф. Рауль ашты. Рауль заңының тұжырымдамасына орай, ерітінді бетіндегі еріткіш қысымының салыстырмалы төмендеуі, сұйықта еріген заттың мөлдік үлесіне тең: Р 0 А – Р А n B = N C B = Р 0 А n A + n B
Кез келген температура мен концентрацияларда Рауль заңына бағынатын ерітінділерді идеал ерітінділер деп атайды. Ерітінді теориясы үшін идеал ерітінділердің маңызы ерекше. Себебі, оны идеал газдар мен салыстырғанда идеал ерітінділерде молекулааралық әрекет болады.
Реалды ерітінді және олардың идеалды ерітінділерден айырмашылығы Реалды ерітінділер - деп біртекті және әртекті молекулалар (А-А, В-В және А-В) арасындағы байланыс күші бірдей емес компоненттерден құралған (А-В) ерітінділерді айтамыз. Реалды ерітінділер - идеалды ерітінділер заңына, яғни Рауль заңына бағынбайды.
Рауль заңының ауытқуы Оң ауытқу: егер ерітіндінің буының қысымы дәл осындай құрамды идеалды ерітіндінің буының қысымынан жоғары болса. Ерітінді буға тез айналады. Теріс ауытқу: егер ерітіндінің буының қысымы дәл осындай құрамды идеалды ерітіндінің буының қысымынан аз болса. Булану үдерісі қиын жүреді.
а Рауль заңынан оң ауытқудың жүйесі б Рауль заңынан теріс ауытқудың жүйесі
Қысым артқанда ерігіштік өседі. Ерітінді үстіндегі парциялды қысымына тура тәуелді Қысым кей заттарды еріткенде ерітіндінің көлемі кемуі немесе артуы мүмкін Көлем Температура артқанда ерігіштік кемиді. (Өте сирек кездерде кері құбылыс байқалады.) Темпе- ратура Темпе- ратура Табиғаты Ерігіштік еріген А затына және еріткіштің В табиғатына тәуелді. Газдар мен сұйықтардың еру процесіне сыртқы факторлардың әсері (Ле-Шателье ережесіне сай)
1 Бірінші түрде келтірілген екі қоспаны дистиляцияла -ғанда жеке, таза компоненттер оңай бөлініп алынады. 2 Екінші түрге жататын системаларды жеке, таза күйінде бөліп алу мүмкін емес. 3 Үшінші түрге жататын системаларды, ондағы компоненттерді жеке, таза күйінде бөліп алу мүмкін емес Азеотроптық ерітінділер
Этил спиртінің судағы ерітіндісінен спирт пен суды жеке таза күйінде бөліп алу мүмкін емес. Өйткені 95,57% спирт ерітіндісі армосфералық қысымда 78,13 0 С-та қайнайды және этил спиртінің будағы молекулалары өзімен бірге су буын ала ұшады. Демек, олар бірге қайнап, бірге ұшады.
Қату температурасының төмендеуі Ерітінді таза еріткішке қарағанда төменірек температурада қатады. Қату температурасының төмендеуі ерітіндідегі еріген заттың концентрациясына тәуелді. Δt қату = K. C m K-криоскопиялық тұрақтылық. Сан мәні (су үшін) 1,86-ға тең.
Ерітінділердің қайнау температурасының жоғарылауы Ерітінді таза еріткішке қарағанда жоғары температурада қайнайды. Қайнау температурасының жоғарылауы қаныққан бу қысымының кемуіне тура тәуелді. Δt қайнау = Е. C m Е-эбуллиоскопиялық тұрақтылық. Сан мәні (су үшін) 0,51-ға тең.