Шоқан Уәлиханов – зерттеуші, саяхатшы
Шын есімі: Мухаммед-Қана́пия Қызметі: ғалым, тарихшы, этнограф және фольклорист, саяхатшы, ағартушы, зерттеуші Туылған жылы:1835 жыл Туылған жері: қазіргі Қостанай облысындағы Құсмұрын көлінің жағасы. Әкесі: Шыңғыс Уәлиханов Анасы: Зейнеп Шорманова Жұбайы: Айсары Уәлиханова Арғы атасы - қазақтың ұлы ханы Абылай, Шоқан оның шөбересі. Өз атасы Уәли де хан болған.
Ш. Уәлиханов өзінен кейін мол әдеби мұра қалдырды. Өзінің қысқа өмірінде ол Орта Азия мен Қазақстан халықтарының тарихына, географиясы мен этнографиясына арналған бірсыпыра еңбектер, сондай-ақ едәуір көлемде қоғамдық-саяси тақырыптарға арналған еңбектер жазып үлгерді.
1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі Омбыға әкеліп, Сібір кадет корпусына оқуға орналастырады.
1854 жылдың қазан айында Батыс-Сiбiр генерал-губернаторы Г.Х.Гасфорттың адъютанттығына тағайындау алып, Омбыда ол Сiбiр ведомствосындағы қазақтар тарихын жинау жұмысын жалғастырады жылы жазда, Уәлиханов генерал-губернатордың Семей облысы, Iле аймағына сапарында бiрге болады. Жетiсу өңiрiне жеке саяхат жасайды. Бұл сапарында ол өңiр тарихын,географиясын, халық ауыз әдебиетiн зерттеп, бiрнеше ғылыми мақалалар жазған.1855 жылы жазда, Уәлиханов генерал-губернатордың Семей облысы, Iле аймағына сапарында бiрге болады. Жетiсу өңiрiне жеке саяхат жасайды. Бұл сапарында ол өңiр тарихын,географиясын, халық ауыз әдебиетiн зерттеп, бiрнеше ғылыми мақалалар жазған.
1858 жылғы Қашқарияға, Шығыс Түркiстанға сапары.
Атын дүйiм жұртқа мәлiм етiп, қаһарман саяхатшы ретiнде даңқын шығарған Шоқанның 1858 жылғы Қашқарияға, Шығыс Түркiстанға сапары болды. Ержүрек саяхатшы бұл сапарда талай-талай қиындықтар мен кедергілерден өтеді, жалған атпен Әлімбай болып керуен басының туысы ретінде аттанады, керуен 1858 ж. 27 қыркүйекте Қытай шекарасынан өткен. Ш. Уәлиханов Қашғарияның: экономикалық - саяси құрылысын, тарихын, этнографиясын рухани өмірін зерттеген. Бейтаныс елді жан-жақты сипаттайтын, әскери, саяси, экономикалық, сауда-саттық жағынан үкіметке де, ғылымға да пайдалы сирек деректерді жинап, қиыншылықтар мен қауіп-қатерді көп көріп Шоқан керуені 1859 ж. сәуірінде елге оралған.
Алтышаһар немесе Қашқария туралы еңбегі Шығыс Түркістан халықтарының тарихына, географиясына, әлеуметтік құрылысына арналып жазылған әлемдегі тұңғыш зерттеу еңбегі болатын.
1864 ж. көктемінде Ш.Уәлиханов Оңтүстік Қазақстанды Ресейге қосу жөніндегі полковник М.Г.Черняевтің әскери экспедициясына шақырылады, Әулие-ата қамалын алуға қатысады. Бірақ жергілікті халықтарға Черняевтің, оның әскери қызметкерлерінің көрсеткен озбырлығы мен қаталдығына наразы болған бір топ офицермен бірге Шоқан 1864 жылы армиядан бөлініп, Верныйға (Алматы) келеді.
Шоқан Уәлиханов ХІХ ғасырдың орта шенінде бейнелеу профессионалды салаларында еңбек еткен қазақ халқының шын мәніндегі тұңғыш суретшілерінің бірі екендігін ең алғаш зерттеп, дәлелдеген академик Ә.Х.Марғұлан.
Інілерінің портреті Қарындаш. Когалдай мен Туғолдай 1856 жылы Құлжада Қытай үкіметі өкілдерін қабылдау атты портреттік топтамасынан.Қарында ш.
Қалмақ зайсаны.Қарындаш Қозы Көрпеш – Баян сұлу кешені тас мүсіндері.Қаламұш
Қабан Қарындаш Мешіт Қарындаш.1856
Қарақұйрықтар Қарындаш.1856
Ұйғырдың бейнесі. Қарындаш Қазақтың бейнесі. Қарындаш.1856
Шығыс Түркістан ұйғырларының киімдері.Қаламұш Шығыс Түркістан ұйғырларының кескін- келбеті.Қарындаш. 1859
Сартай Сарыбағыш ұрпағынан Би Сартай. Қарындаш,Акварель. 1856
Ұйғыр келіншек. Қарындаш Алатау қырғыздарының қыз-келіншектері. Қарындаш.1859
Г.Н.Потанин. Қаламұш.1864 Шарж.Қаламұш. 1864