Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қызылорда облысы Шиелі ауданы 214 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Б. Қалдыбектің.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Қазіргі заманғы сабақты талдау Талдау- затты/ құбылысты, үрдісті/ бөліктерге, бөлшектерге немесе белгілерге ойша бөліп, оларды салыстыру және маңызды,
Advertisements

Дарынды балаларды психологиялық қолдау және дамыту.
Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы 11 Қоскөл орта мектебінің биология пәні мұғалімі Зерттеу тақырыбым: Топтық жұмыстар арқылы оқушылардың белсенділіктерін.
Баймухамбетова Риза Камешовнаның ПОРТФОЛИОСЫ «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш.
Оқушылардың ғылыми қоғамындағы география секциясының жұмыс бағдарламасы Имашева Шынаргүл Қанатқалиқызы география пәнінің I-санатты мұғалімі Қазақстан Республикасы.
Методикалық тақырып «Табиғат менің өз үйім» Бағдарламасына сай дидактикалық құралдар арқылы балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Өйткені:Қоршаған.
Қ.Тыныбеков атындағы жалпы орта мектеп ЖЕКЕ ТҰЛҒАҒА БАҒЫТТАП ОҚЫТУ Дайындаған: Диханбаева Г 2016 ж-2017 жылы.
Мақсаты: Көшбасшылықты іс-тәжірибеге енгізуге ықпал жасау; Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Н.К.Крупская атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.
Кері байланыс – белгілі бір оқиға немесе әрекетке жауап беру, үн қату, пікір білдіру 2.
Абай атындағы ҚазҰПУ, Жаратылыстану-география институты Макымова Бағдагүл Тақырыбы: Биологиялық негізгі ұғымдарын қалыптастыру Ғылыми жетекшісі: п.ғ.к.,
Мақсаты : 1.Эксперименттік тапсырма орындату арқылы оқушылардың зерттеушілік қабілетінің аша ықпал ету. 2.Білімді өз бетінше алуға, оны жетілдіре түсуге.
Орындағандар: Диқамбай Н. Долдашев Б. Тобы: ПО Қабылдаған: Қасмжанова Ф. Алматы 2016.
5 орта мектеп Ашық сабақ Тақырыбы: Зат есім Өткізген: Смаилова Ултуар Жакановна Текелі – 2014 жыл.
148 қазақ орта мектебі. Бұл жұмыстың мақсаты Қызылорда облысының еңбек нарығын реттеу және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру бойынша ғылыми тәжірибелік.
Бағдарламада ұсынылған жеті модуль Оқытудағы жаңа тәсілдер; Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету; Сыни бағалауды қолдану арқылы оқуды және оқу нәтижесін бағалау;
Адамзат табиғатының ең терең, ұлы қасиеті : өзін лайықты бағалансам деген ұғымға құлшынысы У. Джеймс.
«Өзіңді - өзің тексер!» Тест тапсырмаларын орында.
Оспанова Гүлнар Айжарыққызы Боран Нысанбаев атындағы орта мектептің Жоғары санатты Химия-биология пәнінің мұғалімі.
С.Саттаров атындағы 57 мектеп - лицейі Ашық сабақ Тақырыбы: Сөз таптары. Зат есім Өткізген: Медиева П.Н. Қарағанды – 2012 жыл.
Транксрипт:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қызылорда облысы Шиелі ауданы 214 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Б. Қалдыбектің жалпы орта білім беретін мектептің 10-сыныбына арналған қазақ тілі пәні бойынша авторлық бағдарламасы

Қазақ тіліндегі күрделі сөздер мен күрделі тұлғалар Түсініктеме Қазақ тіліндегі күрделі сөздер мен күрделі тұлғалар таңдау курсы оқушылар таңдауы бойынша сыныптарда оқытылады. Курс 10-сыныптарда оқытылатын болғандықтан, оқушылар белсенділігін жетілдіруге мүмкіндік туады. Орта мектеп бағдарламасында күрделі сөздерге бір сағат қана берілген. Күрделі сөз – күрделі ұғым. Оны бір сағатта таныту мүмкін емес. Күрделі сөздер мен күрделі тұлғалар жайлы білім нақтылана отырып, оның орта мектеп бағдарламасында қамтылмайтын кей жақтарына мұнда терең түсінік беріледі.Сөз тіркесіне, күрделі ұғымдарға байланысты барлық білім жинақталып, нақтыланады. Қазақ тіліндегі барлық күрделі тұлғалар жайлы мәлімет беретін бұл бағдарламаның оқушыларға берері мол.

Мақсаты Қазақ тіліндегі күрделі сөздер мен күрделі тұлғалар туралы терең білім беру. Сөз тіркестерін тереңдетіп оқыту. Міндеті Күрделі сөздер мен сөз тіркестерінен өткен білімді жинақтау, нақтылау, тереңдету Оқушылар қызығушылығын арттыру ҰБТ-ға дайындық Оқушыларды ізденімпаздыққа баулу Шығармашылық қабілеттерін дамыту

Оқушыларда төмендегідей біліктер қалыптасады: 1. Қазақ тіліндегі күрделі сөздердің - жасалуын - грамматикалық ерекшелігін - түрлерін тану 2. Сөз тіркестерінің - грамматикалық ерекшелігін - түрлерін тану 3. Талдау жұмыстарын өз бетінше жасау

Бағдарлама Бағдарламаны құрастырушы: Бақытжамал Қалдыбек- 214 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Тақырыбы. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер мен күрделі тұлғалар. Жалпы сағат саны – 34. Сөз және оның құрамдық түрлеріне 7 сағат бөлінген. Мұнда Сөздің барлық құрамдық түрлеріне тоқталып олардың лексика- грамматикалық ерекшеліктеріне тоқталу керек. Тұрақты сөз тіркестеріне -5 сағат. Тұрақты тіркес ерекшеліктері түсіндіріліп, оның идиомдық, фразалық түрлерін танытылыды. Лексикалық тіркес- 4 сағат. Мұнда сөз тіркестерінің лексикалық мәні ашылып мақал мен мәтелдің орта мектеп бағдарламасында қамтылмаған тұстарына шолу жасалынады.Сөз тіркесіне 3 сағат бөлінген мұнда құранды, құрама тіркестер мәні ашылады.Күрделі сөздердің лексика-грамматикалық сипаты – 7сағат. Күрделі сөздердің мағыналық ерекшеліне тоқталынып, грамматикалық жақтарына байланысты барлық білім жинақталып, нақтыланады.Сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдеріне 2 сағат берілген. Мұнда орта мектеп бағдарламасында алған білім бойынша қайталау жұмыстары жүреді. Жаттығу жұмыстарына 2 сағат бар. Күрделі сөздер мен күрделі тұлғалардан алған білім бойынша мысалдарға морфологиялық және синтаксистік талдау жасауға болады.

Қазақ тіліндегі күрделі сөздер мен күрделі тұлғалар (34 сағат) Р/сТақырыптарыСаға т саны Мерзімі 1Кіріспе1 2Сөз және оның күрделі түрлері туралы2 3Қос сөз1 4Біріккен сөз1 5Біріккен сөз жазылуы1 6Кіріккен сөз және оның емлесі1 7Қысқарған сөз және оның емлесі1 8Тұрақты тіркес тұлғалары2 9Идиома1 10Фраза1 11Фразеологиялық тұлғалардың құрылымы жайында2 12Фразеологиялық тұлғалардағы сөздердің лексикалық сипаты2 13Жаттығу жұмыстары1 14Лексикаланған тіркес2

15Мақал1 16Мәтел1 17Сөз тіркесі1 18Құранды тіркес1 19Құрама сөздер1 20Күрделі сөздердің лексика-грамматикалық сипаты2 21Жаттығу жұмыстары1 22Заттық ұғымды білдіретін күрделі сөздердің грамматикалық сипаты 2 23Іс-әрекет, қимылмен байланысты ұғымдарды білдіретін күрделі сөздер 1 24Іс-әрекет, қимылмен байланысты ұғымдарды білдіретін күрделі сөздердің грамматикалық сипаты 1 25Сөз тіркесінің байланысу түрлері1 26Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері1 27Жаттығу жұмыстары1

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар: Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қолданылатын орындарын санамалап түсіндірме алуы тиіс; Стиль түрлерін ажырата білуі; Сөздерді стильдік нормаларға сай қолдана алуы; Мәтіндерді стильдік сипатына қарай ажырата білуі; Ғылыми мәтіндерге талдау жасай алуы; Публицистикалық стильге тән ерекшеліктерді сақтай отырып, әр тақырыптағы материалдарды талдай алуы; Ауызша және жазбаша тілде әдеби тіл нормаларын дұрыс сақтай алуы тиіс;

Жүргізілетін жұмыс түрі: Әңгімелесу; Лекция; Реферат жазу; Баяндама жазу; Практикалық жұмыс; Ойшақыру; Пікірталас; Сынақ алу; Қайталау;

Оқушының білім, білігінің бағалау үлгісі: Бағалаудың методы мен жолдары: - Теориялық білімі туралы насихаттай алуы; - Қосымша әдебиеттер мен жұмыс істеуі; - Тестпен жұмыс істеуі; Оқушының курс бойынша білім – білігінің бағалауы туралы: - Оқытылатын курыстың мақсаты мен оны қабылдауы; - Нәтижесі «5» деген балмен бағаланады;

Бағалау кезінде білім сапасына қарай бағаланады : Тереңдетілген (теориямен сәйкес); Менгерту (бағдарлама бойынша хабарлама беруіне бағыт – бағдар беру);

Ауызша жауаптың бағасы: «5» деген баға Өтілген тақырып бойынша толық және дұрыс жауап болса; Ойлау қабілеті жоғары және сауатты болса; Өз бетімен жауап берсе; «4» деген баға Өтілген тақырып бойынша толық және дұрыс жауап болса; Ойлау қабілеті жоғары және сауатты болса, 2 – 3 қате мұғалімнің тарапынан түзетілген болса; «3» деген баға Толық жауап, бірақ 1 – 2 қате жіберілсе; Жауап толық емес және сөйлем дұрыс құрылмаса. «2» деген баға Оқушы сабаққа дайын болмаса, жауап беру кезінде мұғалімнің сұрақтары арқылы өз қатесін түзесе;

Жазбаша жұмыстың бағалау өлшемдері: «5» деген баға Ешбір қате болмаса немесе емле, тыныс белгілеріне екі – екіден қателері болса; «4» деген баға Емле және тыныс белгілеріне екі – кекіден қателері болса; «3» деген баға Емле және тыныс белгілерінен 4 – 5 – тен қателері болса немесе 3 емле, 5 тыныс белгі қатесі болса; «2» деген баға Емле және тыныс белгілерінің әрқайсысынан 6 – дан 10 – ға дейін қате жіберсе; «5» - 21 – 25 жауап берілсе «4»- 18 – 20 жауап берілсе «3» - жауап берілсе «2» - 0 – 3жауап берілсе

Мұғалім үшін қосымша әдебиеттер: 1. «Қазақ тіліндегі күрделі сөздер мен күрделі тұлғалар» Ж. Шакенов Алматы «Ана тілі» «Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері» Алматы мектеп 1986ж 3.»Үйірлі мүшелер, оларды оқыту методикасы» Қ. Шаукенов Алматы 1991 «Қазақ университеті» 4.»Қазіргі қазақ тілінің пунктуациясы» Ф. Мұсабекова Ана тілі 1991

Оқушылар үшін қосымша әдебиеттер: 1. Қазіргі қазақ тілі М. Балақаев Алматы 1980ж 2. Қазақ тілінің практикалық курсы. Н Оралбаева, Мадина 3. Тіл мен мәдениет Алматы «Жазушы» 2005ж 1-30-беттер