Сабақтың тақырыбы Жасөспірім және қылмыс
Сабақтың мақсаты Білімділік: Оқушыларының өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыра білуіне дайын болуы, іс- әрекетінің заңға сәйкестілігін қадағалау қабілетін қалыптастыру Дамытушылық: Жеке тұлғаның дамыту, талдау, салыстыра білу қабілетін дамыту. Тәрбиелік: Азаматтық, елжандылық Қазақстан Республикасына сүйіспеншілік, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу.
1.Күнделікті көрініс 2. Мен заңды қаншалықты білемін 3.Ешқандай заңы жоқ арал. 4.Қызыл, сары, көк ауыл 5.Қылмыскер бала қайдан шығады? Тапсырмалар
1-тапсырма Күнделікті көрініс Ауыл іші, түн, көп бала өлең айтып шулап отыр. Жандарынан өтіп бара жатқан балаға отырғандардың біреуі атып тұрып:- Әй, бері кел деп айқай салды. Қайырылмаған оған пышақ көрсетті. 1.Қалай ойлайсыңдар, демалып отырған жастар заңды бұзды ма ? 2. Кім қалай бұзды ? 3. Сіздің тарапыңыздан қандай жауапсыздық кетті?
2.Тапсырма Мен заңды қаншалықты жақсы білемін? 1. Дүкенде спирттік ішімдікпен бірге есірткі сатылады. 2. Түнгі көшеде жастар айқайлап өлең айтып келе жатыр. 3. Сатушы сатып алушыға байқамай артық ақша беріп жіберді, сатып алушы өзіне тиесілі ақшадан артық екенін біле тұра қайтып бермеді.
4.Бір оқушы сыныптасына: Ертең 20 теңге әкеліп бересің, әкелмесең басқаша сөйлесеміз деп күш көрсетті. 5.Химиялық завод өзінің зиянды өнімін өзенге тастады, сол өңірдің ауасы бұзылды. 6. Мектеп оқушылары жүзім ұрлады. 7. Сыныптағы бір екінші баланың сумкасын сызып тастады.
3-тапсырма Заңсыз арал - Біз ешқандай заңы жоқ аралда өмір сүрсек, не болар еді?
Заңсыз елде әркім өз білгенін істейді, тәртіп сақталмайды. Сондықтан адамдар қалыпты жағдайда өмір сүре алмайды. Ал тәртіп пен заң біздің қалыпты тірлігіміз үшін қажет. Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды деген Б. Момышұлының сөзін естен шығармайық.
4-Тапсырма Қызыл, сары, көк ауыл ойыны Жер енді ғана жаратылған, адамдар бір бірімен дос, бауыр болыпты, бір-бірінен еш нәрсені аямапты. Бір күні аспаннан әр түрлі ленталар түсіпті де адамдар үлгергенінше бірі қызылын, бірі көгін, енді бірі сарысын алыпты. Күндердің күнінде қатты жел тұрыпты да қызыл лента алғандар қызыл, көк лента алғандары көк ауыл болып бөлініпті. Әр ауыл бөлек-бөлек қорған тұрғызыпты. Біраз уақыттан соң әр ауыл достықты ұмытады. Көк ауылда су бар, азық жоқ, қызыл ауылда азық бар, су жоқ, Сары ауылда азық та, суда бар, от жоқ. Енді қалай өмір сүруге болады, не істейсіңдер?
5-Тапсырма Қылмыскер бала қайдан шығады?
Ж. Аймауытов: Тәрбиеге әсер беретін нәрсе өскен орта, ата-ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса, бара-бара адамды замандас, жолдастың азғырып, адам неше түрлі жаман мінезді жұқтыратыны белгілі дегендей, баланың қылмыстық жолға түспеуіне бірінші жауапты отбасы. Сондықтан Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде жасөспірімдер арасындағы тәртіпті күшейтіп, олар үшін мәдени шараларды кең деңгейде өткізу олардың болашағына жағдай жасауды қолға алып отыр. Жаңа әлемде жаңа Қазақстан атты жолдауында Н.Ә. Назарбаев жастар болашағына үлкен сенім артатынын атап көрсетті.