Қазақстан Республикалық Ұланына 20-жыл
Ұлантермині Италияда (XII ғ.) пайда болған және мемлекеттік туды күзету үшін іріктелген жасақты білдірген. Кейін Ұлан Францияда (ХVғ.),Англия- да,Швецияда,Пруссияда (ХVІІғ.), Түркияда,Жапонияда және басқа елдер- де пайда болған.Ресейде бірінші Ұлан- дық полктер (Лейб-ұлан) Преображен- ский және Семеновский полктерін І- Петр ХVІІ-ғасырдың 80-жылдары құрған. Қазақстанның аумағында жүргізілген қазба жұмыстары және басқа да зерттеулер ғалымдарға іріктел- -ген әскери құрылымдардың пайда болған кезеңін жобамен анықтауға мүмкіндік берді.
Қытай жазбалары, мысалы, түрік қағандарында біздің эрамызға дейінгі V-VII ғасырларда жеке әскердің болғанын куәландырады. Қытайлықтар оларды «фули»деп атаған, ол түрік сөзінің «бори» деген сөзінен шыққан. Борилықтардың халаттарының түсі ерекше болған және онда қасқырдың басы суреттелген. Қазақ хандығының негізін салушы Жәнібек, Керей (ХV ғ.) және олардың мұрагерлері - Есім, Қасым, Тәуке хандардың қазіргі заманғы түсінік бойынша ұландықтар деп аталатын әскері болған. Оларға ханға адал, ақсүйектердің бозбалалары мен жеткіншектерін қабылдаған.Ұланның міндетіне хан отбасын қорғау,хан ордасын күзету,жол жүргенде ханға ілесіп жүру,көршілерден елші келгенде рәсімдік дәстүрлерді орындау кірген.Атты ұландықтардың пайда болуын тарихшылар хандар ру басшыларының қызметін,яғни әкім- шілік және әскери өкілдіктерді атқарған деп түсіндіреді.
Ханның ұланында мыңдықтан он мыңға дейін атты әскер болды. Олар шаруалардың салықтарының есебінен ұсталған. Республикалық Ұланның тарихы "Қазақстан Республикасының Республикалық Ұланын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 16 наурыздағы 673 Жарлығымен Алматы облысы Қаскелең ауданы,Красный Восток кентінде орналасқан Ішкі әскерлердің шұғыл мақсаттағы жеке бригада- -сы негізінде Қазақстан Республикасының Республикалық Ұланы құрылды.
1992 жылдың 14 қазанында ҚР-сы Республикалық Ұлан- -ның алғаш қолбасшысы болып Сейілбек Алтынбекұлы Алтынбеков тағайындалды жылдар аралығында генерал-майор Төлеген Әнуарбекұлы Үмбетбаев ҚР-сы Республикалық Ұлан- -ның қолбасшысы міндетін атқарды жылдар аралығында генерал-лейтенант Сәт Бесімбайұлы Токпақбаев ҚР-сы Республикалық Ұланының қолбасшысы міндетін атқарды жылдар аралығында генерал-майор Болат Бақытжанұлы Жанасаев ҚР-ң Республикалық Ұланы- -ның қолбасшысы міндетін атқарды ж.ж, жылдың қаңтарына дейін генерал-майор Болат Ғазизұлы Ысқақов Республикалық Ұланның қолбасшысы міндетін атқарды.
2006 жылдың 23 қаңтарынан бастап генерал-лейтенант Абай Бөлекбайұлы Тасболатов ҚР-сы Республикалық Ұланы- -ның қолбасшысы. Қазақстан Республикасы Президентінің жылғы 247 Жарлығымен Амангелді Смагұлұлы Шабдарбаев ҚР-сы Республикалық Ұланының қолбасшысы болып тағайындалды.
2004 ж. 28 тамыздағы Жарлығымен ҚР Республикалық Ұланы туралы жаңа ереже бекітілді. Республикалық Ұланы-Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, әскери құрама болып табылатын, ҚР-ң ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштерге жататын және қызметін "Қазақстан Республикасының Республикалық Ұланы туралы" ҚР-ң Заңына сәйкес жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік орган. Республикалық Ұланының негізгі міндеттері: -күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу; -рәсімдік жоралғыларды атқаруға қатысу; -тізбесін ҚР-сы Президенті айқындайтын аса маңызды мемлекеттік объектілерді, сондай-ақ ғимараттарды, құрылыстарды және қызмет- тік үй жайларды күзету; -ҚР-ң Мемлекеттік туының және ҚР-сы Мемлекеттік елтаңбасының эталондарын күзету; -соғыс және төтенше жағдай режимі жағдайында ҚР-ң заңнамасында көзделген іс-шараларды жүзеге асыру; -ҚР-сы Президенті белгілеген өзге де міндеттер болып табылады.
Төлеуов Рауан Серікұлы жылы Тайпақ ауданы,Калмыков ауылында дүниеге келген жылдар аралығында 10 кәсіптік лицейде «Ауыл шаруашылығы өндірісінің шебері (фермер)» мамандығына оқыған жылдары Республикалық Ұланда әскери борышын өткерген жылдан Республикалық Ұланда келісім шартпен бөлімше командирі қызметін атқаруда.Әскери атағы сержант.