Қазіргі Қазақстан жеріндегі алғашқы рулардың әдет- ғұрыптарының негізінде дамыған алуан түрлі ойналатын қазақтың ұлттық ойындары,көшпелі халықтың дала табиғатына сай дами берді.
Бала ойынсыз өспек емес,жан- жақты дамымақ емес.Уақыт мектеп мұғалімдеріне жастарды жаңа заман талаптарына сай әрі озық ұлттық дәстүр рухында тәрбиелеп,өмірге әзірлеу секілді жауапты міндеттерді жүктеп отыр.
Оқу-тәрбие негіздерінің бірі-ұлттық ойындар.Ұлттық ойындар халық педагогикасының бір саласы.Қазақ халық ойындары-ешбір арнайы құрал-жабдықты,өткізетін орынды талғамайды.
Халық ойындары тек денені ғана емес,ойды жаттықтырушы да болып табылады.Халық өзін қоршаған дүниенің қыры мен сырын баланың санасына ойын арқылы жастайынан сіңіре беруді көздеген.
Қазақтың ұлттық ойындарын түр сипаттары мен мазмұндарына қарай төртке бөлуге болады: 1.Балаларға арналған ойындар 2.Жасөспірімдерге арналған ойындар 3.Бозбалалар мен бойжеткендерге арналған ойындар 4.Үлкен-кішіге бірдей ортақ ойындар
Қызығу- танымдық іс-әрекетінің қозғаушы күші. Оқушының қызығу жәрдемімен оқып-үйрену барысында қабілеті ашылып,дарыны ұштылады,өз күшіне, мүмкіндігіне менімі артады.Кісілігі қалыптасып дара тұлғалық сипаттарға ие бола бастайды.
Танымдық қызығу оқыту мен тәрбиелеу нәтижесінде қалыптасады.Педагогикалық әдебиеттерде оны қалыптастырудың үш туралы жиі айтылады.
Біріншісі-оқытудың мазмұны,мұндағы оқушыларды қызықтыратын мазмұнның берілу түрі,жаңалығы,ғылым мен техниканың соңғы табыстары,таңдандыратын тарихи деректер,ғылыми білімнің іс жүзінде қолданылуы,бұрыннан білетін мағлұматтың жаңа қырының ашылуы.
Екіншісі-оқушылардың таным әрекетін ұйымдастыру формаларын,құралдарын және әдістерін жетілдіру. Бұған жататындар:сабақтың дәстүрлі емес түрлерін өткізу,оларда қолданылатын техникалық және көрнекілік құралдардың тиімділігін арттыру;танымдық ойындар ұйымдастыру,проблемалық және интегративті ұстанымдарды жүзеге асыру;пәнаралық және пәнішілік байланыстарды тудыру;ғылымның өмірмен, өндіріспен,техника және экологиямен байланысын ашып көрсету;оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарын және өздігінен білім алуды тиімді ұйымдастыру;шығармашылық және зерттеу жұмыстарын белсенді қалыптастыру,білім тексеру мен бағалаудың алуан түрлерін ұтымды пайдалану арқылы оқытудағы кері байланысты жетілдіру.
Үшіншісі-мұғалім мен оқушы,оқушы мен оқушы арасындағы қарым- қатынаста сыйластық, ізеттілік орнатып,жүрек жылуының болуын қамтамасыз ету.Оқушы өзі ұнатпайтын мұғалімнің пәніне ешқашан қызықпайды.Оқушылар өзара сыйласа алмайтын,тәртіп жиі бұзылатын сабақтардан тезірек құтылуға тырысады.
Қызығуды туғызу үшін ойын элементтерін пайдаланудың орны бөлек.Тиімді қолданылатын ойын элементтері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап,берік меңгеруіне көмектеседі.
ОЙЫНДАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ: қабылдау қабілетін дамытуға арналған ойындар,есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар,зейінді тұрақтандыруға арналған ойындар,ойлауды дамытуға арналған ойындар.
Қабылдау қабілетін дамытуға арналған ойындар:»Ине мен жіп»,»Бұл қашан болады?»,«Не үлкен?» «Ине мен жіп»-«Ине мен жіп»-жүргізуші:мен ине боламын,ал сендер жіпсіңдер.Сендер менің артымнан бір- бірлерінің белдеріңнен ұстап тұрыңдар.Қазір бәріміз алдымызда тұрған кедергілер арасынан үзілмей жүгіреміз. Кім жіпті үзсе сол ойыннан шығады.
Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар:»Төрт құбылыс»,»Орнынды тап»,»Сөзді есіңде сақта». «Төрт құбылыс»-Балалар шеңбермен тұрады.Жүргізуші «су»-десе қолдарын алдына созады,»ауа» -дегенде жоғары көтереді,»от»-дегенде екі қолын айналдырады,»жер»-дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса сол ойыннан шығады.
«Сөзді есіңде сақта»-«Сөзді есіңде сақта»-Мұғалім балаларға 7 қосарлы сөздерді оқиды.Балаларға мұқият тындау ұсынылады.Бірінші сөзді мұғалім өзі айтады,балалар келесі сөзді есіңде сақтап қайталайды.Осылайша қалған сөздерді түгел айтып шығуы керек. 1.Көктем-жаңбыр 2.Жаз-күн шықты 3.Күз-тұман түсті 4.Қыс-қар жауды 5.Аспан-бұлт 6.Су-балық 7.Жер-шөп
Зейінді тұрақтандыруға арналған ойындар:»Өз орнынды тап»,»Дайын бол!»,»Мен жеңімпазбын» «Дайын бол!»-Балалар шеңбермен жүреді.Жүргізуші бір сөз айтады,ал балалар сол сөзді іс-қимылмен көрсетеді.Мысалы:қоян-секіреді,ат- шабады,құс-ұшады.
Ойлауды дамытуға арналған ойындар: »Матадағы менің орным»,»Ойлан да аяқта»,»Қарама-қарсы сөзді ата». «Ойлан да аяқта» -ат шабады,ал қарлығаш...(ұшады) -ит үреді,ал қарға...(қарқылдайды) -қасқыр ұлиды,ал қой...(маңырайды) -түйе боздайды,ал жылқы...(кісінейді)