Спирт сөзі латынның шараптың рухы деген сөзінен шыққан. Жүзімнің, қанттың, крахмалдың ферменттік ашуы нәтижесінде түзілетін бұл затты тұрмыста спирт деп атайды Спирттердің құрамында гидроксил тобы ОН болады.
Анықтамасы. Құрамындағы сутек атомдары бір немесе бірнеше гидроксил топтарымен алмасқан көмірсутектердің туындылары спирттер деп аталады.
Біратомды Метил спирті Этил спирті
Этил спирті немесе этанол.С 2 Н 5 ОН Өзіне тән иісі бар, түссіз сұйықтық, суда жақсы ериді. Саусақтан қан алғанда, денеге дәрі еккенде зарарсыздандыру үшін қолданылады. Этил спирті организмге өте зиянды әсер етеді.
Метил спирті немесе метанол.СН 3 ОН Өзіне тән иісі бар, түссіз сұйық зат. Өте улы. Көз жүйкесіне әсер етеді. Еріткіш ретінде, автокөлік отынына қоспа ретінде және химия өнеркәсібінде құмырсқа қышқылын, пластмасса т.б. Заттар алу үшін қолданылады.
Есептер шығару.