Түймекент орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі: Джумадилова Зура Адилхановна
Тақырыбы: «Мен таңдайтын мамандықтың маңызы»
Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, Тауып айтқан сөзге шын жетпейді. Өзің білмесең, білгендерден үйрен, Үйренгеннен ештеңең кетпейді. Төле би
Желтоқсан айында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек» деген болатын. Елбасы «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасына сай, халықаралық деңгейде инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді тапсырған еді. Елбасы осы мәселелерді тілге тиек етіп, қажетті мамандық иелерін даярлау арқылы халықты жұмыспен қамту, жұмыссыздықты азайту мәселелерін де шеше алатынымызды атап өтті. Сондықтан, мектеп бітіріп жатқан түлектер қазір сұранысқа ие болып отырған дәрігер, медбике, мал дәрігері, инженер, механик, химиялық өндірістегі инженер-технолог, техник-механик, электрик, технолог, фармацевт, «Д», «Е» санатты көлік жүргізушілер, бұрғылаушылар, бульдозер машинистері, жол жөндеушілер, сантехник секілді мамандықтарды таңдаса, жұмыссыз қалмайды деп есептеймін.
Мамандық алудың 5 баспалдағын жоспарлау керек: 1. Арман (тілек) 2. Көз жеткізу (қажеттілік) 3. Жоспарлау 4. Әрекет 5. Игеру Мамандық таңдар алдында «Мен жасай аламын ба, қабілеттімін бе?» деген сұраққа жауап беру керек.
Маманды қ Сүйікті іс Кәсіп Еңбек көзі Қызығушылық Шығармашылық
Қолмен айналысатын МеханикалықАвтоматтыФункционалды Қол еңбегіМашиналарды механизмдерді басқару Станоктарды, құрылғыларды басқару. Ашық ауадағы жұмыс. Мамандықтар тобы.
Кеңестер: * Бірден жоғары жалақыға ұмтылма. * Жақсы жұмысқа орналасу үшін жақсы тамыр-таныс, еңбек тәжірибесі қажет, пара беру керек дегенге сенбе! Жақсы маман қай жерде де сұранысқа ие! * Үнемі ізденіс үстінде бол. Өз бетіңмен ізденіп, қоғамда болып жатқан жаңалықтарға ілесіп отыр. Себебі, оқу орнында алған біліміңнің 90 пайызы күнделікті жұмыста қолданылмауы мүмкін. * Жұмыс берушіге алдымен өзіңнің мықты маман екеніңді көрсет, содан кейін ғана жалақы жөнінде талап қоя аласың. * Үнемі салалық кітаптар сатып алып оқы! Болып жатқан өзгерістерден қалып қойма. * Елбасының «бұл мемлекетте тек еріншек адам ғана ақша таба алмайды» деген сөзін ұмытпа!
Даналық сөздер. Өрге жүзген өнегелі ісімен, Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен. Байлық-қанағат пен еңбекте. Аз жұмыс қиынсыңсаң-көп жұмысқа тап боласың. Азға қанағат қылмасаң-көптеп құр қаласың. Еңбекпен табылған тамақ тәтті әрі сіңімді болады. Еңбек етсең қара жер де береді, құр тастамайды. Еңбекті жан-тәнімен сүймейінше, ешбір талантта, Ешбір кемеңгер де шықпайды.
Назарларыңызға рахмет