Қаратпа сөз (обращение) Қаратпа сөз – біреудің назарын аударту үшін айтылатын сөз Мысалы: Гүлнәр, біздің өңірде қандай өсімдіктер өседі?
Қаратпа сөздің тыныс белгілері: Қаратпа сөз сөйлем басында келсе, қаратпа сөзден кейін үтір қойылады. Балам, бар байлық - жерде
Сөйлем ортасында келсе, үтір екі жағынан қойылады. Мен, Сәбит, ағаштардың барлық түрін білемін.
Егерде қаратпа сөз сөйлем соңында келсе, үтір алдынан қойылады Табиғатты қорғауға үлес қос, Бақыт