Гүлсім Назарбекқызы ЖАКЕБАЕВА, облыстық наркологиялық орталығы МКҚК 5 наркологиялық бөлімше меңгерушісі, дәрігер нарколог ПБЗ-ға тәуелді балалармен және.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
ТАҚЫРЫБЫ: ТӘРБИЕ ӘДІСТЕРІ, ТҮРЛЕРІ,ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАЛАРЫ. ОҚУШЫЛАР ҰЖЫМЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ. СЫНЫПТАН ЖӘНЕ МЕКТЕПТЕН ТЫС ЖҰМЫСТАР.
Advertisements

Та қ ырыбы: Ә кімшілік құқ ы қ ты қ қ атынастар. Құқық нормасы – бұл жалпыға міндетті жүріс-тұрыс ережесі, ал құқықтық қатынас – құқық нормасының негізінде.
– Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда, алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің? – Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен.
Дарынды балалармен жұмыс істейтін мұғалімнің жеке басының қасиеттері мен кәсіби деңгейіне қойылатын талаптар.
Экономика және оның қоғам өміріндегі орны. «Экономика» деген сөз алғашқы ұғымында отбасы шаруашылығын білдірген. Қазіргі уақытта экономика кең көлемде:
Т:Т: Мақсаты: Биология пәнін оқытудағы инновациялық технологиялары Инновациялық технологиялардың тиімді әдістерін қолдану арқылы білім сапасын арттыру.
Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту.
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК 1.Құқықбұзушылықтардың түсінігі, белгілері және түрлері. 1.Құқықбұзушылықтардың түсінігі, белгілері және түрлері.
Жоғары сезімдер адамға ғана тән. Осы топқа адамгершілік, эстетикалық, интеллектік деп аталатын сезімдер кіреді.
Қылмыс пен жаза Орындаған: Жыргалбекқызы Анара 3 курс ЮП
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасы Қазақ тілін шет тілі ретінде оқытудың.
Акселерация - биологиялық фактор, әлеуметтік жағдайлардың жақсаруы сонымен бірге радио толқындық және географиялық-климаттық жағдайлардың өзгеруі аталған.
Бектурганова На ғ има Лесбек Арайлым Ахметова Жанар Д-31 тобы Павлодар қ ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ АНАТОМИЯ,ФИЗИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ДЕФЕКТОЛОГИЯ.
Жалпы педагогика пәніне кіріспе. Жоспар 1.Педагогиканың ғылым ретінде дамуына әсер ететін факторлар мен даму ерекшеліктері 2. Педагогикалық ғылымдар жүйесін.
Дәріс 1 ТАҚЫРЫП: Наркология пәні, міндеттері. ҚР-да наркологиялық көмекті ұйымдастыру. Осы замандағы нашақорлықтың актуальды проблемаларды дәлелдеу медицина.
Адамгершілікке тәрбиелеу – педагогикадағы ең күрделі мәселелердің бірі екендігін айқындау.
Діни экстремизм және оның алдын алу жолдары Қоғамдық гуманитарлық пәндер кафедрасы 4 курс, Әлеуметтану мамандығы Оқытушы: Иманбаева С. Студент: Тултаева.
Девиантты мінез-құлық. Жоспары: 1.Девиантты мінез-құлық 2.Девиантты мінез құлық типтері 3.Девиантты мінез құлықтың пайда болуы.
Қарағанды ж. Мамандық : 5B – « Заңтану » Жұмыс түрі : Дәріс Азаматтық құқықтық қатынастар Автор :
Әлеуметтік педагогтың ата – анамен жүргізілетін жұмыстары А. Н. Дишенова - Ақсай қаласының 4 жалпы орта білім беретін мектебінің әлеуметтік педагогі.
Транксрипт:

Гүлсім Назарбекқызы ЖАКЕБАЕВА, облыстық наркологиялық орталығы МКҚК 5 наркологиялық бөлімше меңгерушісі, дәрігер нарколог ПБЗ-ға тәуелді балалармен және жасөспірімдермен жұмыс істеу тәсілдері

Кәмелетке жасы толмағандардың ПБЗ-ға (психикалық белсенді заттарға) әуестенуіне бірнеше факторлар жетелейді. Биологиялық факторлар. Медицинада генетикалық фактордың ықпалы жеке көрсетіледі. Бірінші дәрежеде туыстығы бар туысқандардағы ПБЗ-ға тәуелділік болса бұл кезде қауіп 4-6 есе арта түседі. Сондай-ақ антенаталды кезеңдегі зияндылықтар, мысалы анасының жүкті кезіндегі аурулары, әсіресе вирустық этиологиядағы, токсикоздар, пиелонефрит, нәресте асфиксиясы мен жасөспірім жастағы алынған бас сүйек-ми жарақаттары ПБЗ-ға бейімділікті ұлғайтады.

Психологиялық факторлар. Көптеген зерттеушілер ПБЗ-ды шектен тыс қолданудың дамуында психологиялық және тұлғалық факторлардың рөлі зор деп есептейді. Сондықтан әлемде ПБЗ-ға тәуелді жай- күйлерді емдеуде дәрі-дәрмек қолданудан біртіндеп алыстау байқалады. Оның орнына психотерапиялық және психотехникалық түрлі тәсілдер кеңірек қолданылады. Сондай- ақ баламалы психотерапия түрлері емшілер, экстрасенстер және т.б. емі де қолданыс табады.

Әлеуметтік факторлар. ПБЗ-ға тәуелділік даму қауіпінің әлеуметтік факторларына: әкесінің, анасының немесе басқа туыстарының араққұмарлығы, есірткіге тәуелділігі, отбасындағы эмоционалдық резонанстың, бірауыздылықтың, бірлігінің жоқтығы, отбасы мүшлерінің арасындағы дау-жанжалдар, ата- аналардың балалар мен жасөсіпірмдердің алкогольді тұтынуына, темекі шегуі мен девиантты мінез-құлқына көз жұма қарауы, немқұрайлығы жатады. Мұндай балалар мен жасөспірімдерді қауіп тобына жатқызып, олармен әлеуметтік-профилактикалық бағытта мақсатты жұмыс істеу қажет.

Мониторингтік зерттеу темекі шегу мен спирттік ішімдіктерге әуестену есірткі заттарын тұтынудың баспалдағы болатынын көрсетті. Шет елдік зерттеулерден көрінетіндей ПБЗ- ға бой үйрену мынадай болып келеді: Сыра мен шарап. Арақ пен сигареттер. Сора мен оның өнімдері. Басқа тиым салынған есірткілер. Демек, ПБЗ-ға тәуелді балалармен және жасөспірімдермен жұмыс істеуде жоғарыда аталған факторларды ескеруге тура келеді. Мұндағы басты тәсіл психотерапевтік, оның ішінде тұлғаға бағытталған психотерапия амалдары болып табылады.

Ол үшін арнайы дайындықтан өтіп, пациентке және оның отбасы мүшелеріне психологиялық кеңес беру, түрлі тренингтер жүргізу, бағытталған оңалту шараларын атқарған жөн. ПБЗ-ға тәуелді балалар мен жасөспірімдерді зиянды әдеттерден арылту оңай шаруа емес. Мұнда ең бастысы олардағы түрткінің (мотивацияның) және ата- аналарының ынтасының болуы шарт. Емдеу бағытында дәрі-дәрмектер, психотерапиялық араласулар, психолог маманның кеңесі және т.б. қолданылады. Мұндай бағыттағы жұмыстарды екінші реттік профилактикалық шаралар деп атауға болады. Міндеті мінез-құлықты өзгертуге түрткі қалыптастыру және дезадаптивтік мінез-құлықты адаптивтік мінез-құлыққа өзгерту, әлеуметтік-демеуші торапты қалыптастыру және дамыту.

Екінші реттік профилактиканың технологиялары. Әлеуметтік технологиялар: ПБЗ-ты тұтынуды толық тоқтатуға бағытталған түрткіні (мотивацияны) қалыптастыру; Мінез-құлықты өзгерту мотивациясын қалыптастыру.

Медициналық-психологиялық және психотерапевтік технологиялар: эмоционалдық жай-күйді саналы үзу кедергілерін жеңу; ПБЗ-қа тәуелділіктің тұлға проблемасы екенін ұғындыру; ПБЗ-қа тәуелділікті жеңудің эмоционалдық, когнитивті және мінез-құлықтық стратегияларын дамыту. Ал үшінші реттік профилактиканың мақсаты – ремиссия жай-күйін қолдау, яғни қайтадан ПБЗ-ға оралуға жол бермеу мен кешендік оңалту (реабилитациялау) болып табылады.