Депрессияның диагностикасы және дифференциалды диагностикасы Аязбек Жалиұлы СЕРІКБАЕВ, ОНО МКҚК психиатр дәрігері
Жалпы алғанда торығуға (депрессияға) үштік (триада) симптом тән: гипотимия (терең мұң), брадифрения (идиомоторлық тежелу) және гипобулия (ауыртпалы сезімсіздік). Торығуды анықтаудың үдерісіндегі бірінші кезең бұл – аффективтік бұзылыстардың манифестация бағытындағы қауіп тобына жатуын анықтау. Бұл тұрғыда созылмалы соматикалық кеселдері, тұрақты ұйқы ауытқулары, тағамдық мінез-құлық бұзылыстары бар тұлғалар мұқият тексерілуі тиіс. Соматикалық сипаттағы көптеген шағымдары бар, клиникалық және аспаптық зерттеулермен негізделмеген және соматотроптық терапияға тұрақты (резистентті) науқастарға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Алайда соматикалық дімкәстануға шағым айтудың дәрігер көңілін басқа жаққа бұратынын, аффективтік бұзылыстарды аңғаруға бөгет болатынын есте ұстаған жөн.
Мұндай мүмкіндікті ескере отырып дәрігер науқасты тыңдауда мақсатты сауал қоюы тиіс. Депрессияны верификациялау үшін алдымен бір жауапты – иә немесе жоқ талап етпейтін тікелей емес сұрақты қолдану қажет. Мысалы, Сізде мұң, қайғы бар ма? деген сұрақтың орнына Соңғы күндері сіздің көңіл-күйіңіз қалай? деп сұраған жөн. Пациентке өз жағдайын өз сөздерімен сипаттауға ерік беріп, дәрігер диагностикалық ой түю үшін барынша шынайы материалды алады.
Депрессияны диагностикалауда дәрігер ең алдымен пәс көңіл- күйдің, қызығушылықты немесе өмірге сүйсінуді жоғалтудың ұзақ кезеңіне көңіл аударады. Патологиялық аффекттің симптомдық кешендері сипатындағы (позитивтік, негативтік аффективтілік) науқас шағымдарының мәні жоғары. Олар: мұң, ауыртпалы сезімсіздік, апатия, дисфория, ангедония, кінәлілік идеялары, ауыр күнә жасағанына сенімділік, үмітсіздік сезімі, суицидалдық ойлар, ауыр кеселдің болуына, өзінің бұл кеселден жазылмайтынына қауіптену (немесе көзі жету).
Соматикалық науқастардың еңбек ету қабілетіне және бейімделуіне (адаптациясына) реактивтік депрессиялардың да теріс ықпал ететінін көруге болады. Соматикалық кесел мен реактивтік депрессия бір немесе сол оқиғадан (мысалы, миокард инфаркті және отбасылық қайғыдағы торығу) туындаса, онда мүгедектену ауырырақ өтеді. Мұндай психосоматикалық кеселдерде ІІ-ші топқа мүгедектікті беру жиілігі 20-дан 37%-ке, ал І-ші топты беруде – 0,9-дан 3,7%-ке артады.
Патологиялық аффекттің белгілері. Позитивтік аффектілік мұң интеллектуалдық іркіліс қозғалыс іркілісі Негативтік аффектілік ауыртпалы сезімсіздік депрессивтік девитализация апатия дисфория агедония
Депрессияның диагностикалық критерийлері позитивтік және негативтік аффектілікке, психосоматикалық коррекциялардың бұзылыстарына, анамнездегі аффективтік ауытқуларға, преморбид пен отбасылық ауырлау ерекшеліктеріне негізделеді. Депрессивтік мазмұндық кешен өзін бағалау төмендігі, күнәлілік, елеусіздік идеялары ипохондриялық мазмұндағы идеялар өзіне қол жұмсау (суицидалдық) ойлар.
Бұған қоса аффективтік бұзылыстардың объективтік белгілері де анықталады: таңертең барынша айқын білінетін патологиялық тәуліктік циркадты ырғақ (жай-күйдің кешке қарай жақсаруы); психомоторлық жүгенсіздіктің немесе ажитацияның белгілері; ұйқы бұзылыстарымен (ерте ояну) және үдей түскен тәбет төмендеуімен (бір ай көлемінде бастапқы салмағының 5%-тен кем емес) бірге жүретін депрессивтік девитализация симптомдық кешендері. Депрессия диагнозын анықтауға және тұрақты етуге көмектесетін қосымша белгілер ретінде мыналардың қолданылуы мүмкін: аффективтік патология жақын туыстары арасындағы суицидтер.
Диагностика және дифференциалды диагностика аффективтік шеңберіндегі тұлғалық бұзылыстар; тұлғалық алаңдаулық бұзылыстары; анамнезінде аффективтік ауытқулардың, сондай-ақ суицидалдық мінез-құлық эпизодтарының болуы. Дәрігер науқастың мінез-құлқындағы жалпы көріністерін көзден таса етпеуі тиіс. Олар – пациенттің сыртқы түрі, бет-әлпет пішіні, мимикалық қозғалыстары, сөйлеу екпіні мен танымдық (когнитивтік) үдерістері. Депрессияға шалдыққан адаммен араласу олардың олпы-солпы киінетінін, жеке бас гигиена талаптарына немқұрайлы болатынын, қимылдарының ебедейсіздігін және баяулығын, ым- ишараттарының көрнекі еместігін анықтауға ерік береді.
Пациент күні бойы, қабырғаға бетін бұрып, теріс қарап жатады, бақытсыз күй көрсетіп кез келген кезде жылауға дайын күйде немесе өте байсалды, өз ойларына терең бойлаған салмақты күй көрсетуі мүмкін. Оның сөзі баяу, әлсіз болады. Жалпы медициналық буында жасырын, атипті емес депрессиялар (дистимиялар, дисфориялар, невротикалық, психогендік, нозогендік депрессиялар) жиі ұшырасады. Оларды анықтау қиындығы депрессияда да, соматикалық кеселдерде де ортақ белгілер: астения, жүдеу, ұйқының бұзылуы, бас айналу, тахи- және брадикардия, қан қысымының көтерілуі, тремор, диспепсиялық бұзылыстар кездеседі.