Мағауия Құнанбаев
Мағауия - ұлы ақын, әрі ойшыл Абай Құнанбаевтың бірінші әйелі Ділдәдан туған кенже баласы. Ол 1870 жылы 11 шілдеде туған.
Мағауия 9 жасынан бастап ауылдағы медреседе оқыды. Бұдан кейін Семейдегі қалалық орыс мектебінде 3 жыл оқыды. Қатты ауырып, ауылға қайтып келді.
Мағауия Абайдың ең жақсы көретін балаларының бірі. Абай үшінші баласы Әбдірахман өлгеннен кейін бүкіл үмітін Мағауияға артты.
Мағауия шындықты жақсы көрді. Бала кезінен поэзияны ұнатты. Абай оны ылғи өзімен алып жүрді.
1900 жылы Мағауия «Медғат- Қасым» поэмасын жазды. Ол оны Абайға оқып берді. Абай өте риза болды. Одан басқа «Еңлік- Кебек» поэмасын жазды.
Ол 34 жасында өкпе ауруынан қайтыс болды. Мағауияның халыққа қалған шығармалары: Еңлік-Кебек, Медғат- Қасым және Абылай.