Сөздерді байланыстырудың әдістері 11 сынып
Шешендік сөздің бастан –аяқ тұтастық сипатқа ин болуы үшін айтылатын ойлар бір-бірімен сабақтаса байланысып тұруы үшін, қолданылатын әр түрлі сөз орамы мен сөз тіркестерінің рөлі ерекше Шешеннің субъективтік көзқарасын білдіретін сөз орамдары: менің, менің пікірімше, менің байқауымша, менің ойымша, меніңше; Мерзімдік, мендік қатынасты білдіретін сөз орамдары: біріншіден, екіншіден, келесі мәселе, одан әрі айтар болсақ, бұл туралы кейінірек баяндаймыз, атап өткім келеді, екенін көреміз, ескеріп отыруымыз қажет.
Шешендік сөздегі ой желісінің байланысын күшейтетін тәсілдерге шешендік және стилистикалық тұлғалар да жатыр. Олар сөздің мәнерлілігін арттырады, көркемдік қуатын күшейтеді. Шешендік сөзді әсерлендіріп, ондағы ойды шегелей түсудің ұтымды бір тәсілі – риторикалық сұрақтар.
Кітаппен жұмыс: 208 -тапсмырма. І) Мәтінді оқыңыздар. Мәтінге сүйене отырып кейіпкердің мінез-құлқы, адами қасиеті жөнінде өз тұжырымдарыңды жазыңдар. ІІ) өнерге бейім сөзіне фонетикалық талдау жасаңдар. ІІІ) Берілген сөйлемге синтаксистік талдау орындаңдар. Тұтастай алғанда, екі қолдың шынашағы да иесінің нәзік жанын әйгілейді және денсаулығының тым мықты емесін көрсетеді.
Фонетикалық талдау сызбасы Ақылды дауысты, дауыссыз жуан, жіңішке,аралас буынды сөз буын : ашық/а.б./ тұйық/т.б./ бітеу/б.б./ тасымал екпін буын үндестігі дыбыс үндестігі: ілгерінді ықпал кейінді ықпал тоғыспалы ықпал
Шығармашылық тапсырма: «Адамның жақсы,жаман болмағы-өзінен» деген тақырыпта ойтолғау жазыңдар
Үйге тапсырма: Көркем әдебиеттен үш сөйлемге морфологиялық талдау жұмыстарын орындап келу.