Табиғат – біздің екінші үйіміз
Таза болса табиғат, аман болар адамзат Ауа - өмірің, су – қазынаң, Жер- үйің, атамекенің.
Сабақтың жоспары: Ой шақыру. Бейнефильм Қазақстанның табиғаты Мәтінмен жұмыс. Өзіңді тексер. Ассоциация құру. Тілшімен сұхбат. Ойлан, тап. Сөзжұмбақ. Үйге тапсырма. Қорытынды.
Ой шақыру. Адамның дені сау болу үшін не керек? Бүгінде жер бетінде қандай мәселе өзекті мәселеге айналды? Дүниежүзілік проблема қандай? Біз қандай үлес қосуымыз керек?
Табиғатты қорғау дегеніміз – адамның өзін-өзі қорғау Енді,табиғат, экологиялық проблемалар жөнінде кім не айтқысы келеді?
Бейнефильм Қазақстанның табиғаты
Табиғатты қорғандар! Табиғат – халық қазынасы. Сондықтан біз оның байлығын пайдалана отырып, қорғай білуіміз қажет.Соған байланысты 1966 жылы біздің елімізде Халықаралық табиғат қорғау қоғамы құрылды. Оның басты мақсаты- саны сиреп, құрып бара жатқан аң, құстарды, өсімдіктрді қамқорлыққа алып, арнайы кітапқа тіркеу. Мұндай кітапты Қызыл кітап деп атайды.
Өзіңді тексер Бастауыш пен баяндауыш арасына сызықша қойыңыз. Табиғат пен адам біртұтас. Су тіршілік көзі. Табиғат тірі дүние. Айлақтың аты Байқоңыр. Жер біздің ортақ үйіміз.
Сөйлемдегі баяндауыштың орнын толықтырып, астын сыз. Адам баласы табиғатты. Біз бұлақтардың көзін. Су мол болса, астық та. Табиғаты сақталған халықтар ұзақ өмір. Экология төмен аймақтарымыз көбейіп. Керекті сөздер: сүреді, барады, қорғау тиіс, аштық, мол болады.
Сөйлемнің дұрыс+, бұрысын- анықта. 1.Табиғат пен адам – біртұтас. 2. Бұлақтардың көзін ашу ешкімге керек емес. 3. Су бар жерде – тіршілік жоқ. 4.Орман – ауаны тазартпайды. 5. Бізді қоршаған орта тап- таза.
Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып,көшіріп жазыңдар. Ту...ан жер таби...аты – хал... ымыздың ұлт..ық мақтанын...шы. Сонд...қтан оны а...лап қор... ауға үлес қ...су – бізд..ң азама...тық бор...шымыз.
Ассоциация құру
Тілшімен сұбат
Ойлан, тап. А Л М А Т Ы
АҚСУ ЖАБАҒАЛЫ АЛАКӨЛ МАРҚАКӨЛ ҚОРҒАЛЖЫН ҚАРАТАУ НАУРЫЗЫМ
Қорытынды Табиғатты қорғау үшін бәріміз Күресейік, бір-бір ағаш егейік. Текке отырмай жасымыз бен кәріміз Таза ауа үшін терімізді төгейік!