Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасы Қазақ тілін шет тілі ретінде оқытудың әдістемелік ерекшеліктері аға оқытушы Наралиева Р.Т.
Қазақ тілі грамматикасын прагматикалық тұрғыдан оңтайлап оқыту әдістемесі Қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту үдерісінде басты назарымызда оқытудың прагматикасы болуы керек. Қазақ тілін оқыту әдіс-тәсілі кез келген жастағы адамға: жас балаға да, ересек кісіге де және кез келген мамандық иесіне қол жетерліктей оңтайлатылған болуы қажет. Грамматиканы таза лингвистикалық жағынае емес, функциональдық-семантикалық жағынан өзгетілді дәрісханаға бейімдеп ұсыну қажет.
Қазақ тілін деңгейлеп оқыту Әлемдік тілді оқытудың озық үлгілерінің бірі халықаралық ағылшын тілін оқытатын EF мектебінің Efekta System жүйесінің деңгейлеп оқыту сатысына сүйене отырып, қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту жүйесін ұйымдастыру кезегі – ең басты мәселе. Қазақ тілін 8 деңгейге бөліп оқыту: нөлдік деңгей – қазақ тілін мүлдем білмейтін немесе өте төмен дәрежеде білетін тіл үйренушілерге арналған. Лексикалық минимум дей сөз. Грамматикалық минимум – фонетика – әріп пен дыбыс, лексика – күнкөрістік тілдік жағдаятқа өте қажетті сөз.
Қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту әдістемесін Отандық білім беру жүйесінде әлемдік тіл үйрету бағдарламасына: EF Efekta System жүйесіне және корей, түрік тілдерінің прагматикалық тұрғыдан грамматиканы оңтайлап оқыту бағытына сәйкестендіріп, нөльдік деңгейден бастап оқыту үдерісін енгізу және прагматикалық тұрғыдан грамматиканы өзге тілді дәрісханаға оңтайлап оқыту әдістемесін ұсыну қажет.
Тілдік деңгейлер Нөлдік - О тілдік бірлік Күнкөріске қажетті сөздер, сөз тіркестері, жалаң, толымсыз жай сөйлемдер, өте шағын диалогтер Қарапайым – А тілдік бірлік Әртүрлі тілдік жағдаятқа құрылған шағын, шағындау диалогтер Базалық – А тілдік бірлік Әртүрлі тілдік жағдаятқа құрылған көлемі орташа диалогтер, толымсыз, бірақ күрделілеу жай сөйлемдер, жалаң құрмалас сөйлемдер
Деңгейлік сатылар А1 деңгейі Өте жеңіл саты Жеңіл саты Жеңілдеу саты
, Кім? Адам ТабиғатҚимылКеңістікУақыт Не? Қашан? Не істейді? Қайда?
Адам және табиғат, кеңістік, уақыт, қимыл Тілді меңгерту үдерісінде біз тіл үйренушіге ең қажетті тілдік бірліктерді адамның табиғатқа, кеңістікке, уақытқа қатысты қимыл-әрекетіне байланысты аламыз: тұрмыстық тілдік қатысым аясындағы өте қарапайым лексиканы меңгертуден бастаймыз. Тілдік қатысымдық лексиканы игертуде ілік септігінің жалғауларын оқытудың маңызы зор. Бірақ әлі қазақша дұрыс білмейтін адамға немесе жас балдырғанға, қарияға ілік септігі деген терминдік атауды ұсынған гөрі оның семантикалық-функционалдық мәнін игерткен әлдеқайда жеңіл және ұтымды. Мысалы.
Ілік септігі Иелік мәні ( меншіктік мағынасы) Менің бөлмем Сенің кітабың Сіздің қаламыңыз Оның сөмкесі Туыстық қатыстық мәні Менің анам Сенің атаң Сіздің әкпеңіз Оның балалары Біздің туысқанымыз Ілік септігі тілдік қолданыста иелік мәнді немесе бір заттың екінші затқа қатысын білдіреді.
Ілік септігінің сұрақтары Қосымшалары Кімнің? Мысалы: Адамның, менің, баланың, әженің; Ненің?, Мысалы: қаланың, кітаптың, бөлменің, қаламның, шамның; Кімдердің? Мысалы: аналардың, әкелердің, балалардың, достардың; Нелердің? Мысалы: ағаштардың, төсектердің, үстелдердің, ыдыстардың. -ның, -нің Дауысты дыбыстар: баланың, інісінің; Үнді дауыссыздар: м, н, ң: өзімнің, нанның, анаңның; -дың, дің Үнді дауыссыздар: р, л, й, у: қиярдың, қолдың, айдың, таудың; Ұяң дауыссыздар: з, ж: қыздың, уәждің; -тың, тің Ұяң дауыссыздар: б, в, г, д: клубтың, активтің, диалогтің, отрядтың; Қатаң дауыссыздар: кітаптың, қасықтың, бастың, шаштың, цехтың, плащтың. Ескерту. Ілік септікті сөз әрқашанда тәуелдік жалғаулы сөзбен тіркесіп жұмсалады.
Лексикалық тақырып: Біздің отбасымыз ! Тиісті қосымшаны қойып, мәтінді көшіріп жазыңыз. Біз(-дың,-дің) отбасымыз шағын. Отбасымызда төрт адам бар. Олар: әке-шешем, әкпем және өзім. Әкем(-нің,-дің) аты - Асқар. Анам(-ның, -тың) аты - Әмина. Олар(-тың,-дың) жасы 45-те. Әкпем(-тің,-нің) аты – Қарлығаш. Қарлығаш(-дың,-тың) жасы 25-те.
Кімнің?, кімдердің?, ненің?, нелердің? Сәйкесін тауып көрсетіңіз! Менің Сенің Сіздің Оның Біздің Сендердің Сіздердің Олардың ағамыз әкем анасы атаңыз әжелері әпкең Інілері қарындастарың
!Үлгі бойынша берілген сөздерге тиісті қосымшаны жалғап жазыңыз. Үлгі: Сонымен қатар тіл үйренушінің алған білімін зерделеулау үшін мониторингтік көрсеткішке бағалауыштық түрдің заманауи модернизацияланған түрі - тест тапсырмаларын тиімді қолдануға болады. Мысалы: 1. Иелік мәнді білдіретін сөздерді көрсетіңіз. А) Менің әжем С) Біздің үйіміз В) Сіздің бөлеңіз D) Олардың әкелері Мен ана Сен ата Менің анам Сен... ата...
Құрметті әріптестер! Назар аударғандарыңызға көп рахмет! Ұсыныстарыңыз мен пікір- сындарыңыздарды мына адресатқа жіберулеріңізді өтінемін.