Қалқанша бездің жұмысын, оның адам организмінде атқаратын ролін, қалқанша бездің өзгеруінен болатын эндемиялық зоб(жергілікті жемсау) ауруының таралуы мен пайда болу себептерін зерттеу.
- Қалқанша бездің жұмысын білу; - Оның адам организміндегі ролін анықтау; - Эндемиялық зоб ауруын жұмбағын ашу; - Эндемиялық зобтан сақтану жолдарын айқындау.
0 – дәрежелі ұлғаюы – қалқан безін қолмен сипап қарағанда болар-болмас қана білінеді, әйтпесе тіпті білінбейді. 1 – дәрежелі қалқан безі – әсіресе алдыңғы жіңішке жағынан, қолға анық білініп тұрады. 2 – дәрежелі – қалқан безі қолға жақсы білінеді, жай қарағанда да байқалып тұрады, әсіресе, жұтынған кезде немесе тамақ жегенде. 3 – дәрежелі – қалқан безі жұтынбаса да, айқын көрініп тұрады, бұл кезде адам «жуан мойын» бола бастайды. 4 – дәрежелі – мойынның сырт келбеті өзгереді, бұғақтық ұра қашықтан көрінеді. 5 – дәрежелі – қалқан без өте үлкен болып өседі және көбінесе буылтық-буылтық болып көрініп тұрады
1) ағзада зат алмасу 30-40%-ға дейін бәсеңдейді, әсіресе нәруыз алмасуы бұзылады; 2) терінің астына су жиналады, тері құрғап, дене ісінеді; 3) дене температурасы төмендейді; 4) жүрек соғысы баяулайды; 5) қозғалысы бәсеңдеп, ойлау қабілеті нашарлайды; шашы түсіп, сирейді.
р\ср\с Елді мекендер Миялы Сағыз Мұқыр Қоныстану Жасқайрат Жангелдин Тайсойған Қарабау Қаракөл Тасшағыл Аудан бойынша
1. Жалпы денсаулық сақтау жұмыстарын жүргізу; 2. Адам ағзасына қажетті йод мөлшерін азайтпау керек (ас тұзын, нанды, тағамды йодтандыру арқылы аурудың алдын алу). 3. Эндемиялық жемсау науқасын дәрі-дәрмекпен және хирургиялық жолдармен емдеу.
Жергілікті жемсауды алдын алуда йодтың маңызы өте зор.Бұл әдіс ауру таралған барлық жерлерде үздіксіз жүргізіліп отыру керек. Йодпен алдын алудың нәтижесінде организмге керекті йод бірте- бірте қосылып,адам ағзасында оның орны толады. Басқа елдердің тәжірибелеріне қарағанда, иодпен алдын алу шараларының пайдасы айтарлықтай зор болды. Йодпен алдын алу шараларын екі әдіспен қолданады. Бірінші әдіс бойынша-жұртшылықтың бәрі жаппай, толық бағалы йодталған ас тұзымен қамтамасыз етіледі.Егер толық бағалы ас тұзын таза және құрғақ жерге йод ұшып кетпейтіндей жақсы ыдысқа сақтаса, бірнеше айларға дейін құны кетпей сақталады. Екінші әдіс бойынша-йод профилактикасын жаппай қолданбайды, тек адамдардың кейбір бөлігіне ғана беріледі: апта сайын бір рет 1-2 миллиграмм йодты тұз беріледі.
1.Сондай-ақ бұл ауру түрін халықтық медицина жолымен емдеуге де болады. Жемсау ауруының алғашқы сатысында еменқабығы (кора дуба) шипа. Ол үшін 2 ас қасық емен қабығына 1 стакан қайнаған су құйып, 0,5-1 сағаттай тұндырып қояды. Содан соң тұнбаға бет орамалды сулап, тамақтың астына байлап тастайды. Бұл компресті түнімен қою керек. Осы емдік процедураны 2-3 апта бойына жасаса, ауру тәуірленіп қалады. 2.Сондай-ақ жас еменнің қабығымен мойын, қалқанша без маңын күнделікті сүртіп отырғанпайдалы.Емен қабығын жіпке тізіп,бездің көлемі кішірейгенше мойынға тағып жүру керек. 3.Егер қалқанша безі ұлғайған болса, үккіштен өткізілген лимон мен қант немесе қант қабығымен қоса үгітілген апельсинді қосып, күніне 3 рет 1 шай қасықтан қабылдап отырса, ем болады. 4.Көктем мезгілінде цитрусты жемістерді көбірек жеген пайдалы. Әсіресе лимонға көбірек мән беріңіз. Оның құрамындағы цитрин мен С дәруменінің қосындысы қантамырлары түтікшелерінің беріктігін нығайтады. Цитрин сондай-ақ ағзадағы заталмасу процесін жақсарта түседі. 5.Асқабақ пен жуаны бірдей мөлшерде алып, үккіштен өткізіп, тамақтың астына дәкеге орап басып, түнімен қояды.Келесі күні сол жерге фольга басып таңып қояды.Осылай кезектестіріп 10 күндей жасаса,жемсауға жақсы көмектеседі.
Қоғамымыздың негізгі қазынасы-адам, ал адамның басты байлығы-денсаулығы. Дені сау азаматтар мен жас өспірім балалары бар мемлекеттің болашағы зор екені мәлім. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» жолдауында «Біздің аурумен күресудегі және денсаулықты нығайтудағы стратегиямыз-азаматтарды салауатты өмір салтына даярлау» деп атап көрсетілген. Ең бастысы салауатты өмір салтын көп болып қолға алуға тиіспіз.Міне сондықтан жергілікті жемсаудың алдын алу және бұл аурудың асқынбаған түрлерін йод препараттарымен емдеу адамзат баласының ауыр індеттен арылу дәуіріне жол ашты. Зерттеудің практикалық маңызы және қорытындысы.Осы жұмысымның нәтижелері оқушыларға реферат жұмыстары мен ғылыми жоба жазу барысында көмекші құрал бола алады деп есептеймін.Қорытынды