Оқушылардың түпкілікті құзіреттіліктері – білім берудің жаңа нәтижелері Құзірет - оқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты іс-әрекетіне қажетті білім дайындығына әлеуметтік тапсырыс. Құзіреттілік – сәйкес құзіретке ие болу негізінде іс- әрекетті жүзеге асыру қабілетінде байқалатын тұлғалық қасиет немесе тұлғаның өзара байланысқан қасиеттер жиынтығы.
Құзыреттілік - оқушылар дайындығы сапасының сан қырлы және құрылымдық сипатын анықтайтын толық мөлшерде стандартталынбайтын баға. Құзіреттілікті оқушының пән бойынша игерген білім, білігінің жинағы деп қабылдауға келмейді. Ол - оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілеті болып табылатын жаңа сапа.
Құзіреттілікке бағдарланған оқытудағы жаңа бағалау әдісі Оқушының білім алу кезеңінде игерген білім көлемі, интеллектуалдық білігі, іс- әрекетте, қарым-қатынаста қалыптасқан дағдылары нәтижесінде қол жеткізген жетістіктері бағаланады.
Блум теориясы толық меңгеруді қамтиды, бұл теория негізінде білім сапасын арттыру үшін мақсаттың айқын болуы шарт. 1. Танып білу бірінші нәтиже; 2. Түсіну екінші нәтиже; 3. Қолдану үшінші нәтиже; 4. Талдау төртінші нәтиже; 5. Қорытынды бесінші нәтиже; 6. Баға беру алтыншы нәтиже.
Құзіреттілікті анықтаудың бір жолы – портфолио технологиясы Портфолио технологиясы дәстүрлі бақылау-бағалау құралын толықтырады. Оның дәстүрлі жүйеден айырмашылығы – оқушының оқу, шығармашылық, әлеуметтік, коммуникативті қызмет нәтижелерін ескеруге мүмкіндік береді, баланың жеке құзіреттілігін айқындайды.
Портфолиоға педагогика ғылымында түрліше анықтама беріледі. Шет тілдерінің сөздігінде portfolio ұғымы былайша түсіндіріледі: жазба жұмыстарын, құжаттарды сақтауға және тасымалдауға арналған құрал: а) портфель, ә) іс, папка; б) архив қалта. бір тақырыпқа біріктірілген жұмыстар сериясы, құжаттар, қағаздар және т.б.: а) құнды қағаздар портфелі; ә) суреттер папкасы.
Американдық педагогтар: «Портфолио оқушылардың бір немесе бірнеше пән бойынша жетістіктері мен білім деңгейін көрсететін жұмыстарын мақсатты түрде жинақтау» деп түсініктеме береді.
Ресей тәжірибесінде портфолиоға таңдап салған жұмыстың мақсатын айқындап, түсініктеме хат жазу керек; портфолионың мазмұны көрсетілуі тиіс; оқушының өз талдауы мен болашаққа деген көзқарасы туралы мәлімет.
Портфолионың бала үшін ықпалы қандай? біріншіден, балалардың өз жұмыстарын бағалауына, екіншіден, ересектердің баланың жеке дамуын қадағалауына, үшіншіден, баланың жеке жұмысының сапасына тікелей ықпал етеді.
Портфолио түрлері: Жетістік папкасы (мақтау грамоталары, алғыс хаттар, дипломдар); Оқушының тұлғалық даму динамикасын, шығармашылық, жобалық, зерттеушілік деңгейін көрсететін портфолио; Оқушы жетістігі мен оқу-танымдық іс-әрекетін бағалау, мұғалім, ата-ана, кластастары, қосымша білім беру мекемелері қызметкерлері берген пікір, резюме, эссе, рецензия т.б. арналған портфолио;
Портфолионың қызметін былайша түсіндіруге болады: Портфолио – оқушының белгілі бір уақыт аралығында оқудағы жеке жетістіктерінің жинағы мен бағасын тіркеу тәсілі. Портфолио – оқушының түрлі салалар бойынша қабілеті мен жетістіктерін көрсететін оқу нәтижелерінің жинағы. Портфолио – оқушының білім, білік, дағдыларына мониторинг жасауға арналған жүйелі, арнайы жинақталған дәлелдемелер жинағы. Портфолио – оқушының жеке жетістіктері мен тәжірибесін рәсімдеп көрсететін сан алуан ақпараттарды жинақтаған жұмыс папкасы. Портфолио – оқушының жеке өсуін қадағалау болып табылатын өзіндік көрме жұмыстары.
Портфолио бірқатар мынадай міндеттерді шешуге: оқушылардың оқуға деген жоғары қызығушылығын үнемі қолдауға; олардың жеке және белсенді жұмыс жасауын ынталандыруға, оқу және өздігінен ізденіп оқу мүмкіндіктерін кеңейтуге; оқушылардың рефлексия жасау мен өзін-өзі бағалау дағдыларын дамытуға; мақсат қою, өзінің оқу әрекетін жоспарлау мен ұйымдастыруға үйрену білігін қалыптастыруға негіз бола алады.
Портфолионың тиімділігі Портфолионы қолданысқа енгізу баланың дамуына байланысты қажеттілік ауқымын толық ашатын білім беру саясаты мен оқыту әдістерінің өзара әрекеттестігін өзгертуге мүмкіндік береді.
Нақты анықтамасы: портфолио – оқу жоспарының бір немесе бірнеше саласы бойынша оқушылардың күш-жігерін, дамуы мен жетістігін мақсатты түрде жинақтап көрсететін жұмыстар жинағы болып табылады.
Портфолиоға жинақталған құжаттар Бұл портфолионың артықшылығы Бұл портфолионың кемшілігі диплом мақтау қағазы куәлік басқа да оқушы жетістігін дәлелдейтін құжаттар Қорытынды аттестация бағасына қосымша оқушының білімділік рейтингін нақты анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай портфолио нәтиже туралы мағлұмат бергенімен, оқушының жеке дамуын шығармашылық белсенділігін, қызығушылығын толық көрсете алмайды. 1 Портфолио ерекшеліктері
ТақырыбымазмұныНәтижесі (балл) І- бөлім олимпиадаларқалалық жеңімпаз жүлдегер аудандық жеңімпаз жүлдегер мектепшілік ІІ-бөлім Басқа сертификаттарБайқаулар мен конкурстар, пән бойынша курстар мен тест қорытындылары. Мектепшілік, аудандық ғылыми қоғам байқауларының нәтижесі 1-ден 5-ке дейін Оқушының шығармашылық кітапшасы
Портфолиоға жинақталған құжаттар Бұл портфолионың артықшылығы Бұл портфолионың кемшілігі Ведомость немесе арнаулы курс өткендігі туралы сынақ кітапшасы шығармашылық кітапшасы, электрондық құжаттар, жобалар, шығармашылық жұмыстар Мұндай портфолио оқушының білім деңгейі мен шығармашылық белсенділігі туралы толық мәлімет береді, оның қызығушылығы мен бейіналды дайындығын есепке алады. Портфолионың сапалық көрсеткіші қорытынды аттестацияны толықтырады, бірақ оқушының білімділік көрсеткіші болып табылмайды. Кей жағдайда мүндай портфолио педагогикалық тұрғыда маңызды болып есептелінеді, кейбір оқушы үшін жетістікке жетудің, білімге ұмтылудың бір тәсілі болып саналады. 2
3 Портфолиоға жинақталған құжаттар Бұл портфолионың артықшылығы Бұл портфолионың кемшілігі қорытынды сөз, рецензия пікір резюме эссе түсінік хат мұндай портфолио оқушының өзін-өзі бағалауына, жауапкершілік деңгейінің көтерілуіне,болашақ мамандық таңдауына бағдар береді жиналған ақпаратты жүйелеу, есепке алу күрделілігі
Негізгі мектепті бітіруші портфолиосы Бейін ( бейіндік компонент) атауыПәнідеңгейіқорытындыкүніБағасы (балл) атауыПәнідеңгейіқорытындыкүніБағасы (балл) Олимпиада Байқаулар атауыПәні облысы деңгейіқорытындыкүніБағасы (балл) Қосымша білім беру жүйесіндегі жетістіктер мен ЖОО дайындық атауы оқу бағытымекеменәтиже күніБағасы (балл) Тәжірибе, жоба және шығармашылық жұмыстар атауы Іс-әрекет мазмұнымекеменәтиже күніБағасы (балл) Портфолионың қорытынды ұпай саны _________ ___________________________________ қорытынды портфолиода (оқушы аты-жөні) жинақталған құжаттар түпнұсқасы негізінде жасалды. Күні ________директордың қолы ________
Қорытынды тұжырым: оқушылардың білім, білік, дағдыларының ауқымын көрсете отырып, бағалау процесін жеделдету; оқу мақсаттарын қолдау; белгілі бір уақыт аралығында оқушының өзгерісі мен өсуін тіркеу; оқушылардың, мұғалімдер мен ата-аналардың қатынасын нығайту; оқу процестерінің сабақтастығын қамтамасыз ету; өздігінен оқуды қолдау; оқу мүмкіндіктерін кеңейту; оқыту процесін зерттеу мүмкіндіктерін кеңейту; анықталған нәтижелерге орай дамуды айқындау; алынған нәтижелерге нұсқау жасау мен бағалауға арналған ортақ тәсілді құрастыру; оқушылар өз оқуларын еркін бағалай алатын тәсілмен қамтамасыз ету; оқушылардың дамуын біркелкі қолдау мүмкіндіктері.