Қазіргі қазақ тіліндегі үстеулер – қимылдың, іс - әрекеттің әр түрлі белгісін, жүзеге асу амал – тәсілін, мекенін, себебін, мезгілін, жай – күйін білдіретін.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Есімдік- заттың атын, сынын, санын я олардың аттарын білдірмей, олардың орнына жұмсалатын, есімдер тобына жататын сөз табының бірі. А.Ысқақов.
Advertisements

Үстеу Қимылдың мезгілін, мекенін, мақсатын, сынын,себебін білдіріп, сындық белгілерді күшейтіп көрсетеді. Қашан?, Қайда?, Қалай?, Қайтіп? Деген сұрақтарға.
Үстеу – іс-әрекеттің белгісін (орнын, мезгілін, амалын,мақсат- себебін) білдіретін сөз табы. Сондықтан да үстеулер қолданылу барысында етістіктермен тіркесіп.
Білімділік: үстеу туралы алған білімдерін пысықтау, толықтыру; Дамытушылық: түрлі әдістерді пайдалана отырып, балалардың тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау.
Зат есімнің сөйлемдегі қызметі 45-жаттығу. Берілген сөздерді септеп, зат есімдерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрап, сөйлем мүшелеріне талдау.
Сын есім Сын есім – дегеніміз заттың түрін, түсін, сапасын, салмағын, көлемін білдіретін сөз табы. Сұрақтары: қандай? Қай?
Морфология (гр. morf түр, тұлға, logos сөз, ілім) дербес сөздердің грамматикалық мағыналарын тексеретін, грамматикалық сөз тұлғалардың қызметі мен қалыптасу,
Ойлау мен сөйлеу түрлері Қасиеттері. Балада ойлау мен сөйлеудің даму ерекшеліктері Ойлау мен сөйлеу түрлері Қасиеттері. Балада ойлау мен сөйлеудің даму.
Қылмыс пен жаза Орындаған: Жыргалбекқызы Анара 3 курс ЮП
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті Филология факультеті Қазақ тілі мен әдебиеті.
-Оқушылардың құқықтық білімдері тексере отырып, заң ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолын сын сәтте таба білу арқылы жеңіске жету, алдына мақсат.
Пән: қазақ тілі 8 сынып ж Сабақ тақырыбы: Қадыр Мырза Әли -ақын. Болымды етістіктер мен болымсыз етістіктер.
Сын есім – заттың түсін, сапасын, белгісін, күйін, салмағын, көлемін, т.б. қасиеттерін білдіретін сөздер. Сын есім қандай? қай? деген сұрақтарға жауап.
Сөйлем Жай сөйлем Құрмалас сөйлем Жай с ө йлемнің түрлері Жақты Толымды Толымсыз Жалаң Жайылма Атаулы Жай сөйлемнің түрлері Жақсыз.
Қарағанды ж. Мамандық : 5B – « Заңтану » Жұмыс түрі : Дәріс Азаматтық құқықтық қатынастар Автор :
Конституция деген сөздін латыннан аудармасы құрылғы, жарғы, заң деген мағыналарды білдіреді. Ежелгі Римде император билігінің кейбір актілері осылай аталған.
НАШАҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМДЫҚ ДЕРТ. Есірткіге әуестенген адамның өмірі қысқа болады дейді. Оның себебі неде? Нашақорлықпен ауратындардың өмірі ұзаққа бармайды.
Адамзат дамуының қандай да болсын тарихи кезеңдеріне көз жүгіртіп қарайтын болсақ, меншік мәселесі бірінші орында тұратындығын аңғарамыз. Меншік адамзат.
Тұлғаның әлеуметтенуі SLAID-KZ.RU. Тұлға – әлеуметтанудың өзекті проблемалары- ның бірі, өйткені қоғамдағы болып жататын әлеуметтік құбылыстар мен процестердің.
Серікбай СМАҒҰЛҰЛЫ, облыстық наркологиялық орталығы МКҚК дәрігер психологы Бала мен жасөспiрiмдегi есірткіге тәуелділік белгілері. Психологиялық аспект.
Транксрипт:

Қазіргі қазақ тіліндегі үстеулер – қимылдың, іс - әрекеттің әр түрлі белгісін, жүзеге асу амал – тәсілін, мекенін, себебін, мезгілін, жай – күйін білдіретін және грамматикалық тұлғалармен түрленбейтін сөздер. (Қазақ грамматикасы) Үстеу сөздер заттың әр қилы қимылы мен ісінің әр түрлі сындық, бейнелік, мекендік, мезгілдік, шарттық, мөлшерлік күй – жайларын және сынның белгісін білдіреді. Үстеу сөздер деп морфологиялық жағынан түрленбейтін, лексика – семантикалық жағынан өз алдына топ болып қалыптасып, сөйлемде пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздерді айтамыз. (А. Ысқақов)

Үстеу сөздерді морфологиялық құрылысы мен құрамы жағынан екі топқа бөлуге болады: 1.Негізгі үстеулер 2. Туынды үстеулер Негізгі үстеулер деп қазіргі кезде морфемаларға бөлшектеуге келмейтін, тек белгілі бір формада қалыптасқан сөздерді айтамыз. Негізгі үстеулерге мынадай сөздер жатады: әрең, азар (әзер), әдейі, жорта, қасақана, ұдайы, үнемі, дереу, шапшаң, бағана, қазір, енді, ілгері, жоғарғы, төмен, әрі, бері, кері, әрмен, бермен, ерте, кеш, нақ, дәл, нағыз, сәл, әнтек, тек, мейлінше, ерекше, орасан, т.б.

Негізгі үстеулердің мынадай үш түрлі ерекшеліктері бар : 1. Негізгі үстеулердің көпшілігінен шырай категориясы жасалады. Демек, оларға -рақ, -рек, -лау, -леу жұрнақтары жалғанады, алдынан шырай туғызатын өте, аса, тіпті, мейлінше, қабағат сияқты күшейткіш үстеулер қолданылады. Мысалы: бұрын бұрынырақ бұрындау тым бұрын кейін кейінірек кейіндеу өте кейін ілгері ілгерірек ілгерілеу аса ілгері 2. Негізгі үстеулердің кейбіреулері қосарланып та, плеонизм жолымен қабаттаса да қолданылады. Мысалы: құр босқа, жай босқа, текке босқа, бос бекерге, құр бекер, бекерден – бекер, бостан – босқа, тектен – тек, құрдан – құр, т.б. 3. Негізгі үстеулерден қосымшалар арқылы да, қосарлану арқылы да, басқа сөздермен тіркесіп те, туынды үстеулер жасала береді. Мысалы: әрең, әрең - әрең, азар – азар, әдейілеп, әрі – бері, бұрынды – соңды, ілгері – кейін, енді – енді, кейіннен, т.б.

Ескерту. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі үстеу болып табылатын ары, бері, кері көне түркі тілінде морфемаларға бөлшектеніп, -ры, -рі, -ру бағыттас барыс септігінің функцияларында жұмсалатын тұлғалардың түбірге сіңісіп, кірігіп кетуі арқылы қалыптасқан. Ғалымдардың көпшілігі бұл тұлғаны көне барыс септіктің жалғауы деп таныса, кейбір зерттеушілер жалғау емес, бағыттық мағына тудыратын қосымша деп қарайды. Көне түркі ескерткіштері тіліндегі –ры, -рі, -рү, -ру түбір сөздердің құрамында өлі формант ретінде сақталған. Сонымен бірге негізгі түбір үстеу тобына жататын жоғары, ілгері сөздерінің түбірі жо, іл есім сөздер болған. Жо – жоқ, йоқ – биік мағынасын, іл – ілкіде, баста мағынасында қолданылған. Тарихи тұрғыдан жо, іл сөздеріне –ға, -ру, -геру, -қару, -керу формаларының жалғануы арқылы үстеулер жасалған. Туынды үстеулер деп басқа сөз таптарынан түрлі қосымшалар арқылы, сөздердің бірігу және қосарлану, тіркесу тәсілдері арқылы, сондай – ақ, кейбір сөз тіркестерінің тұрақтануы арқылы жасалған үстеулерді айтамыз. Құрылысы мен құрамы жағынан туынды үстеулер екі топқа бөлінеді: 1. Жалаң туынды үстеулер 2. Күрделі туынды үстеулер

Жалаң туынды үстеулер. Түрлі қосымшалар арқылы жасалған үстеулерді жалаң туынды үстеулер дейміз. Жеке – жеке қарағанда, олар төмендегідей:. Жұрнақтар арқылы жасалатын жалаң үстеулер 1. –ша, -ше үстеу тудыратын әрі ең негізгі, әрі аса өнімді жұрнақ болып қызмет атқарады. Мысалы: ескіше, бұрынғыша, менше, орысша, әлдекімше, көзіңше, кейбіреулерше, өздерінше, т.б. 2. –лай, -лей, -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары. Мысалы: осылай, жастай, жібектей, күздей, қыстай, екіншілей, т.б. 3. –дайын, -дейін, -тайын, -тейін. Мысалы: Түлкідейін түн қатып, Бөрідейін жол тартып (Махамбет). 4. –шалық (-ша+лық), -шама (-ша+ма). Мысалы: осыншама, мұнша, соншалық, осынша, т.б. 5. Көсемшенің құранды –лап, -леп, -дап, -деп, -тап, -теп формалары қосылған сөздің бәрі бірдей үстеу бола бермейді. Олардың ішінде адвербиалданған формалары ғана үстеуге жатады. Мысалы: отыздап, жаяулап,темірлеп, қырықтап, т.б. 6. –шылап, -шілеп жұрнағы. Мысалы: жылқышылап, Бейсеншілеп, т.б. 7. –қары, -кері. Мысалы: ішкері, тысқары, ұшқары, сыртқары, т.б. 8. –ын, -ін, -сын, -сін. Мысалы: қысын, жазын, кешкісін, ертеңгісін, астыртын, т.б.

. Көнеленген формалар арқылы туған жалаң туынды үстеулер 1. Барыс септіктің көнеленуінен туған үстеулер: зорға, босқа, текке, жатқа, бекерге, әреңге, алға, артқа, бірге, кешке, әзірге, күнге, т.б. 2. Жатыс септіктің көнеленуінен туған үстеулер: алда, артта, аста, үсте, кейде, әлгіде, баяғыда, күнде, түнде, абайсызда, лезде, т.б. 3. Шығыс септігінің көнеленуінен туған үстеулер: шалқасынан, етпетінен, төтеден, қырынан, әуелден, кенеттен, шетінен, т.б. 4. Көмектес септіктің көнеленуінен туған үстеулер: шынымен, жайымен, ретімен, жөнімен, кезекпен, қалпымен, түйдегімен, т.б.

Күрделі туынды үстеулер Күрделі туынды үстеулер деп екі сөзден я бірігіп, я қосарланып жасалған немесе кемі екі я онан да көп сөздерден тіркесіп тұрақтанған үстеулерді айтамыз. Олар үш түрлі жолмен жасалады: 1. Басқа сөз таптарына тән сөздер бірігудің нәтижесінде үстеулерге айналады. Мысалы: бүгін, биыл, таңертең, жаздыгүні, бірталай, ешқашан, әлдеқайда, неғұрлым, әжептәуір, сөйтіп, әлдекімше 2. Сөздердің қосарлануы арқылы туған үстеулер: әрең - әрең, енді – енді, зорға – зорға, қолма – қол, бет – бетімен, күнде – күнде,т.б. 3. Жазуда бөлек таңбаланып, мағына жағынан бір сөз ретінде қолданылатын грамматикаланған және идиомаланған тұрақты тіркестер – оларды екі салаға бөлуге болады. Грамматикаланған және лексикаланған тіркестер: күні кеше, ала жаздай, келе сала, алдын ала, күндерде бір күн, кітапқа бола,т.б. Идиомаланған тұрақты тіркестер: қас пен көздің арасында, аяқ астынан, қаннен қаперсіз, елден ала бөтен, томаға тұйық, т.б.

Үстеулер сөйлемде басқа сөздермен, көбіне, етістікпен қарым – қатынасқа түсіп, сөйлемнің бір мүшесі қызметін атқарады. Ол негізінен пысықтауыш қызметінде жұмсалады. 1. Үстеу семантикалық сипатына сәйкес қимылдың, іс - әрекеттің әр түрлі сын – сипаты, белгісін білдіреді. Осымен байланысты мезгіл пысықтауыш, мекен пысықтауыш, сын – қимыл, мақсат, себеп пысықтауыш бола алады. Мысалы: Жайнағаның қараңғы түнде құлындай шыңғырған дауысы естілді (Мұқанов). Тұра қаштым жалма – жан(Абай). Ерекше бір азап дүниесінен келгендей(Әуезов) 2. Кейбір үстеу сөйлем аяғында жіктеліп, баяндауыш болады. Мысалы: Іркітің де сонда, өлген малдың тері – терсегі де сонда, төлің де сонда (Мүсірепов). 3. Кейбірі атау септігінде тұрып, субстантивтеніп, бастауыш болады. Мысалы: Еріншектің ертеңі бітпес (Мақал). 4. Зат есіммен, сын есіммен тіркесе келіп, кейде анықтауыш қызметін атқарады: бірталай уақыт өтті, бірен – саран адам көрінеді, осынша өнерді қалай игердің? т.б. 5. Сөйлемде септеліп, заттанып толықтауыш та болады. Бірталайымен қол алысып амандасты(Мүсірепов).

1.Мезгіл үстеуі Қазіргі қазақ тіліндегі мезгіл үстеулері қимыл, іс - әрекеттің жүзеге асу уақыты, мезгіл, мерзімін білдіріп, қашан? қашаннан? деген сұрақтарға жауап береді. Мезгіл үстеулері мыналар: бүгін, биыл, қазір, ала жаздай, енді, ертең, таңертең, кешке, күндіз, қыстыгүні, әуел – баста, қыстай, жаздай, кеш, әлі, т.б. Мезгіл үстеулері құрамына қарай негізгі, туынды түбір және күрделі түбір болып бөлінеді. Негізгі түбір үстеулер морфемаларға бөлшектеуге келмейтін сөздерден тұрады. Олар: қазір,бұрын, ерте, жаңа, кеш, енді, кеше, т.б. Туынды түбір үстеулер басқа сөз таптарынан сөз тудыратын жұрнақтар жалғану арқылы жасалады. Мезгіл үстеулердің жасалу жолдары: 1. –ша, -ше жұрнағы арқылы: бүгінше, биылша, әзірше,т.б. 2. Көлемдік (барыс, жатыс, шығыс, көмектес) септіктердің көнеленуі арқылы: әуел баста, жазда, қыста, түнде, лезде, баяғыдан, ертемен, таңертеңмен, т.б. 3. Күрделі түбір мезгіл үстеулері бірнеше сөздердің бірігіп, қосарланып, тіркесіп тұрақтануы арқылы жасалады: бүгін, биыл, қыстыгүні, енді – енді, ала жаздай, таң сәріде, жаз бойы, т.б.

2. Мекен үстеулері Қазіргі қазақ тіліндегі мекен үстеулері қимыл, іс - әрекет, амалдардың мекенін, орнын, бағытын білдіріп, қайда? қайдан? деген сұрақтарға жауап береді. Олар: төмен, жоғары, әрі, бері, ілгері, артта, тысқары, осында, мұнда, жолшыбай, әрмен, т.б. Құрамы жағынан негізгі, туынды, күрделі түбір үстеулер деп бөлінеді. 1. Негізгі мекен үстеулері жеке дара сөзден тұрып, морфемдік жағынан бөлшектеуге келмейді: жоғары, төмен, әрі,бері. 2. Туынды мекен үстеулер сөз тудыратын жұрнақтар арқылы және көлемдік септіктердің консервациялануы арқылы жасалады. Мекен үстеуінің жасалу жолдары: 1) –қары, -кері, -ғары, -гері жұрнақтары арқылы: ілгері, тысқары, сыртқары, ішкері. 2) Көлемдік септігінің көнелену жолымен: алға, артқа, жоғарыда, осында, мұнда, ілгеріде, т.б. 3. Күрделі түбір мекен үстеулер: алды – арты, жол – жөнекей, әрі – бері, т.б.

3. Мөлшер үстеуі Қазіргі қазақ тіліндегі мөлшер үстеулері қимыл, іс - әрекет, амалдың немесе сынның көлемдік дәрежесін, мөлшерін, шама – шарқын білдіріп, қанша?қаншалық?қаншама?қалай? деген сұрақтарға жауап береді. Олар: сонша, осыншама, мұнша, сондайлық, анағұрлым, бірен – саран, бірталай, бірқыдыру, т.б. Мөлшер үстеулердің жасалу жолдары: 1. Туынды түбір мөлшер үстеуі мына қосымшалар арқылы жасалған: -ша, -ше: сонша, мұнша, онша. -шама: соншама, мұншама, осыншама,т.б. -шалық: мұншалық, соншалық, осыншалық. -дайлық: мұндайлық, сондайлық, т.б. 2. Күрделі түбір мөлшер үстеулері: бірігу арқылы: анағұрлым, бірсыпыра, неғұрлым, бірталай, т.б, қосарлану арқылы: бірен – саран, азды – көпті, некен – саяқ, т.б.

4. Сын – қимыл үстеулері Қазіргі қазақ тіліндегі сын – қимыл үстеулері қимыл, іс - әрекеттің жасалу амал – тәсілін, сынын, бейнесін білдіріп, қалай?қайтіп?қалайша?кімше? деген сұрақтарға жауап береді. Олар: ақырын, оқыс, тез, үнемі, ретімен, жасырын, бірден, т.б. Сын – қимыл үстеулері құрамы жағынан негізгі, туынды, күрделі түбірлер болып бөлінеді. Негізгі түбір үстеулер мағыналық бөлшектерге бөлінбейтін жеке дара сөздерден тұрады: тез, әзер, оқыс, дереу, еркін, т.б. Туынды үстеулердің жасалу жолдары: 1. –ша, -ше. Олар: адамша, балаша, құсша, қазақша,т.б. 2. –шаң, -шең: көйлекшең, байпақшаң, т.б. 3. –лай, -лей, -дай, -дей. Олар: осылай, тікелей, бірдей,т.б. 4. Көлемдік септіктердің көнеленуі арқылы: бірге, босқа, оқыста, лезде, өздігінен, кенеттен, шынымен, ретімен, т.б. Күрделі түбір үстеулер: біржола, ауызекі, бостан – босқа,т.б.

5. Күшейтпелі үстеулер Қазіргі қазақ тіліндегі күшейткіш үстеулер заттың сындық қасиетін, қимыл, іс - әрекеттің белгі, сапасын, мөлшер, көлемін күшейтіп не солғындатып көрсету үшін қолданылады. Олар: ең, тым, өте, аса, орасан, нағыз, әбден, дәл, керемет, т.б.

6. Мақсат үстеулері Қимыл, іс -әрекеттің болу мақсатын білдіріп, не мақсатпен? деген сұраққа жауап береді. Олар: әдейі, жорта, қасақана, әдейілеп. Мақсат үстеулері құрамы жағынан тек негізгі түбір болып келеді.

7. Себеп – салдар үстеулері Қимыл, іс - әрекет, амалдың болу, болмау себебін немесе салдарын білдіріп, не себепті?неге?деген сұрақтарға жауап береді. Олар: босқа, амалсыздан, бекерге, лажсыздан, шарасыздан, т.б. Құрамы жағынан себеп – салдар үстеулер туынды түбір болып келеді. Олар көлемдік септік жалғауларының көнеленуі арқылы жасалады: бекерге, босқа, текке, т.б.

8. Топтау үстеулері Қимыл, іс- әрекеттің жасалуының топтық сипатын білдіреді, нешеден?қаншадан?деген сұрақтарға жауап береді. Олар: біреуден, екеулеп, топ – тобымен, көптеп, қос – қостап,т.б. Морфологиялық құрамы жағынан туынды және күрделі түбір күйінде қолданылады. Жасалу жолдары: 1. –лап, -леп, -дап, -деп, -тап, -теп жұрнақтары арқылы: көптеп, мыңдап, жекелеп, т.б. 2. Қосарлану арқылы: қос – қостап, топ – тобымен, бір – бірлеп.