Қазақстан – ата жұртым, Қасиетім – ана тілім. Ана тілінің маңызы. Шәкәрімге 150-жыл.
Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес. Жүсіпбек Аймауытов.
Тілден артық қазына жоқ, Тілден артық қасиет жоқ. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Тіл жоқ жерде, ұлт жоқ. Шыңғыс Айтматов.
Қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі ең таза, әрі бай тілге жатады. Қазақтар- шешен әрі әдемі сөйлеудің үлкен шебері... Қазақтардың халық әдебиеті аса бай әрі жан-жақты. П.М.Мелиоранский.
Қазақтар шешен келеді, жай сөздің өзін мақалдап сөйлейді, жай сөзінің өзі өлең болып құйылып жатады. В.В. Радлов.
Қолына қалам ұстаған әрбір азамат ана тілінің бай қорын игерумен басқа, әсіресе, көрші ұлт тілдерінің де асыл қазынасынан сусындауы, оны кәдеге жарата білуі абзал. Бауыржан Момышұлы.
Тіл сыйлы етер, құтты қылар, өсірер, Бас та жарар, қадір-құтты ол өшірер. Жүсіп Баласағұни
Қанатты сөздердің мәні мен мағынасын түсінейік!
Шәкәрімге 150-жыл.
Ұлылар туған елдің әсем табиғаты мен ескерткіштері.
Сөзіне қарап кісіні ал. Кісіге қарап сөз алма. Шын сөз қайсы біле алмай, Әр нәрседен құр қалма. Абай Құнанбаев.