7 сынып Сергіту кезеңі Пияз тұқымдас өсімдіктерге тән қандай ортақ белгілерді атауға болады?

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ Тақырыбы: Астық түйірді іріктеу ерекшелігі.
Advertisements

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға алқа тұқымдас өсімдіктер туралы мағлұмат беру,олардың ортақ белгілерімен адам өміріндегі маңызын айту. Дамытушылық: оқушылардың.
Адам меңгермейтін білім бар ма? Жойқын істі тындырар күшің бар да. Оқы, үйрен, жас ұрпақ, бәрін меңгер Алға қойған мақсатың, ісің бар да!
1. Лездемелік сұрақтар: 1. Лездемелік сұрақтар: 1. Құлқайыргүлділер тұқымдасы қай класқа жатады? 2. Құлқайыргүлділер тұқымдасының қанша түрі бар? 3.Қазақстанның.
Орында ғ ан : Пернебек. А Тексерген : Қ ауымбаева. Э.
Сабақтың тақырыбы: Діни әңгімелер. Құран Кәрім жайында Сабақтың мақсаты: білімділік: діни әңгімелердің тууы, Құран Кәрім туралы жан - жақты мағлұмат беру;
Мәдени және жабайы, біржылдық және көп жылдық, дәрілік және әсемдік өсімдіктер.
Жабық тұқымды өсімдіктер. Шаршыгүлділер.
С а б а қ т ы ң т а қ ы р ы б ы : С а б а қ т ы ң т а қ ы р ы б ы : §48. Мәдени өсімдіктердің және үй §48. Мәдени өсімдіктердің және үй хайуанаттарының.
Ауыл шаруашылығы. Бидай Күріш Қарбыз ҚауынАсқабақ.
Пияз тұқымдастар. Пияз тұқымдастар – даражарнақтылар класы лалагүлділер қатарына жататын даражарнақты өсімдіктер (83-сурет). Бұлар пиязшықты, кейде түйнек-пиязшықты.
Бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктеден тұратын фигура ? екі қабырғасы тең үшбұрыш ? барлық қабырғалары тең үшбұрыш ? бұрышты қақ бөлетін сәуле ? үшбұрыштың.
Үй тапсырмасын сұрау - Кім жылдам - Сөзжұмбақ Кім жылдам Тұңғыш ғарышкер кім? Ғарыш айлағы қайда орналасқан? Шәкен Айманов қай жылы дүниеге келген? 1991.
Андрондықтардың шаруашылығы мен кәсібі Мал шаруашылығы 1.Отырықшылық 2.Бақташылық Сиыр, қой, ешкі, жылқы, түйе Көзе ыдыстар, тоқыма өнері Балық аулауЕгіншілік.
79 орта мектебі 5 А сынып Тарих пәнінің мұғалімі Сұлтанбекова Феруза Абдезқызы.
Орындаған: Қойшыбай Г.Қ. ПО 301. Дәнді бұршақты дақылдарға - асбұршақ, май бұршақ, үрмебұршақ (фасоль), малазықтық бұршақ, бөрібұршақ, жасымық, ноқат.
Мемлекеттік тіл- қазақ тілі!. Тілден артық қазына жоқ, Тілден артық қасиет жоқ. Н.А.НАЗАРБАЕВ.
Сабақ тақырыбы: Нүкте және түзу. Екі түзудің өзара орналасуы. 7 сынып.
Дәнді-дақылдар және олардан алынатын өнімдер Орындаған: ФН-305 топ Әнуарбекова Аяулы Тексерген: Нургазезова А.Н.
Өзін – өзі тану 4 Ә сынып Өзін – өзі тану 4 Ә сынып.
Транксрипт:

7 сынып

Сергіту кезеңі

Пияз тұқымдас өсімдіктерге тән қандай ортақ белгілерді атауға болады?

Пияз тұқымдастардың тұқымдары қалай таралады?

Пияз тұқымдастардың маңызы қандай, басты пиязды пияз тұқымдастарға жатқызудың қандай себебі бар?

Фитонцид деген не, ол қай өсімдіктердің құрамында кездеседі?

Інжугүлдің ерекшелігі туралы нені айтуға болады?

Дәрі үшін інжугүлдің қай мүшелерін пайдаланады?

Пияз бен інжугүл тұқымдастардың қандай түрлері Қызыл кітапқа тіркелген?

Пияз туралы ежелгі адамдардың ойлары?

Бүкіл ғаламшарға таралған маңызды дақылдар – даражарнақтылар класына жататын астық тұқымдас өсімдіктер. Олардың ға жуық түрі бар. Қазақстанда астық тұқымдастардың 418 түрі өседі.

Гүлшоғыры – сыпыртқыгүл, күрделі масақ, собық, шашақ. Даражынысты гүлдер тек жүгеріде болады. Гүл негізінде 2 (кейде 3) түссіз жұқа қабыршақ және 2 гүл үлпегі орналасады. Аталығы – 3. Аналығы – 1. 3 жемісжапырақшасынан тұрады. Аналық аузы қауырсын тәрізді екі телімді болып келеді. Жемісі – дәнек. Гж 2 А 3 Ж (3) (Гж – гүлжарғақ). Тамыр жүйесі – шашақ тамырлы.

Екпе күріш биіктігі 50–150 сантиметрге дейін жететін біржылдық даражарнақты өсімдік. Гүлшоғыры – ұзындығы 10–40 см көп масақты сыпыртқыгүл. Гүл қабыршағы қатқыл қабықшалы, ұзын қырлы болып келеді. Гүл формуласы: Гс 2 А 3+3 Ж (3).

Дәнегінде 9–12% нәруыз, 65–70% көмірсу және 4–6% май болады. Күріш дәні ботқа, палау жасауға пайдаланылады. Күріш нәруызы ағзаға өте сіңімді. Күріш қайнатпасы – асқазан ауруына қолданылатын тамаша дәрі. Күріштен алынатын өнімдер де (ұн, крахмал) мол. Сабын мен шырақ дайындауға күріштің ұрықтық дәнегінен май алынады. Күріштің сабансабағы жоғары іріктемелі қағаз жасауға жұмсалады. Сабаны, дән жармасы, кебегі – малға азық.

Ы. Жақаев (1891–1981) Қызылорда облысы Шиелі ауданының Қызылту колхозының звено жетекшісі Ы. Жақаев дүниежүзілік рекорд жасады. Екі мәрте Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ыбырай Жақаев әр гектардан 174 центнерден күріш алды.

Құмай - астық тұқымдас біржылдық даражарнақты өсімдік. Сабағының биіктігі – 100–300 см. Гүлшоғыры – сыпыртқыгүл. Сыпыртқыгүлінің пішіні әр түрлі: тік өскен, имек басты болады. Кейбір сыпыртқыгүлдері тармақты, қымқырылған, жинақы болып келеді. Құмай (сорго) – азықтық, малазықтық және техникалық өсімдік. Оның отаны – Африка. Бұдан 5 мың жылдан астам бұрын құмайды баптап, өсірген. Құмай – жылу сүйгіш, ыстыққа төзімді, құрғақшылыққа төзімді өсімдік.

1 – сыпыртқы құмай; 2 – дән құмай; 3 – қант құмай; 4 – Судандық шөп

1 – егістік қылтанақсыз күріш; 2 – егістік қылтанақты күріш; 3 – кәдімгі тары; 4 – африкалық тары; 5 – қытайлық тары; 6 – чумиза; 7 – могар; 8 – тарақ бидайық; 9 – шалғындық атқонақ;

10 – масақ жапырақты бамбук; 11 – қант қамыс

Бидай, тары, сұлы, арпа – біржылдық даражарнақты азықтық өсімдіктер. Сұлы негізінен малазықтық өсімдік ретінде пайдаланылады. Сабансабақтардан бидай түптенеді. Бидайдың гүлшоғыры – күрделі масақ. Бидай өзін-өзі тозаңдандырады. Жемісі – дәнек. Тарының гүл шоғыры – масақ тәрізді сыпыртқыгүл, ал сұлының гүлшоғыры – сыпыртқыгүл.

1 – қатты бидай; 2 – қылтанақсыз жұмсақ бидай; 3 – қылтанақты жұмсақ бидай; 4 – егістік қарабидай; 5 – егістік сұлы; 6 – көпқатарлы арпа; 7 – екі қатарлы арпа

Белгілерді ата «Астық тұқымдастар өкілілдеріне тән белгілерді тауып көрсет» шөптекті өсімдік тіршілік формасы – ағаштар мен бұталар жапырақтары доға жүйкелі жапырақтары – қатар жүйкелі, жапырақтары күрделі жемісі - дәнек жемісі - тұқымша гүлшоғыры – себетгүл гүлшоғыры – сыпыртқыгүл, масақ гүлінің формуласы -- Гс 2 А3 Ж(1) гүлінің формуласы - Гс 3+3 А3+3 Ж1 саабағы - бунақты сабансабақ гүлдері - тілшелі, түтікшелі гүлдері екі кейде үш түссіз жұқа қабыршақтан тұрады тамыр жүйесі – кіндік тамырлы тамыр жүйесі - шашақ тамырлы

Сәйкестікті тап «Өсімдік -гүлшоғыр» сыпыртқыгүлсобықКүрделі масақ 1.Жүгері 2. Тары 3. Бидай 4. Күріш 6. Қарабидай

Анықта Бүл қандай өсімдік? Бұл дақылдын отаны - Орталық және Оңтүстік Америка - ___________________________ Суда өсетін азықтық дақыл - ________________________________ Таңғажайып жылдамдықпен - тәулігіне 120 см – гн дейін өсетін астық тұқымдас - _________________ Отаны - Африка, жарық сүйгіш, құрғақшылыққа төзімді дақыл - ____________________

Тест 1. Астық тұқымдастардың тамыр жүйесі А) кіндік Б) шашақ В) қосалқы 2. Бидай жемісі А) түйнек Б) дәнек В) жеміс 3. Сұлының гүлшоғыры А) сыпыртқы гүл Б) масақтәрізді В) шашақ 4. Екпе күріштің биіктігі А) см Б) 50 – 150 см В) 90 см 5. Күріштің өсімді мерзімі А) 365 күн Б) 100 күн В) 90 – 165 күн 6. Астық тұқымдас өсімдіктердің сабағын қалай атайды А) сабан Б) тамыр В) сабансабақ 7. Күріштің гүлшоғыры А) сыпыртқы гүл Б) собық В) шашақ 8. Бидай тамыр жүйесі А) шашақ Б) кіндік В) қосалқы 9. Астық тұқымдас өсімдік құмайдың отаны А) Үндістан Б) Африка В) Қытай 10. Тары өсімдігінің гүлшоғыры А) масақ тәрізді сыпыртқы гүл Б) сыпыртқы гүл В) собық

Сөзжұмбақ 1.Тарының гүлшоғыры 2. Сабансабақ деп нені айтамыз 3. Азықтық өсімдік түрі 4. Екпе күріштің гүлшоғыры 5. Бидайдың тамыр жүйесі

Үйге тапсырма: § 32. Астық тұқымдастар - бағалы азықтық өсімдіктер «Ы. Жақаев - күріштің атасы» - баяндама дайындап келу.