С. Мұхамеджанов 1924 жылы, Қарағанды облысындағы Шет ауданының Үлкен бұлақ деген жерінде дүниеге келді. Оның балалық шағы дарынды адамдардың ортасында өтті, туған өлкесінен шыққан атақты Тәттімбеттің, Ақанның, Естайдың әндері мен күйлерінің әсем үндері балаға үлкен әсер қалдырды. Оның музыкаға деген әуестігі өзінің анасынан дарыған.1947 жылы ол киноактерлер мектебін бітіріп, музыка училищесінің тарихи – теориялық бөліміне оқуға түсті. Денсаулығына байланысты училищедегі оқуын тоқтатып, мектептерде, музыкалық үйірмелерде жұмыс істейді.Тек Алматы консерваториясына түскеннен кейін композициямен шұғылданып, профессор Е. Брусиловскийдің класында оқиды.
Хронологиялық кесте 1964 жылы«Айсұлу» атты қойылған күлдіргі операсы Қазақстанның опера өнерінің дамуындағы маңызды оқиға болды жылы«Ғасырлар үні» ораториясы жазылып, сол жылы орындалды.
Оратория сегіз бөлімнен тұрады. Мұнда қазақ халқының өмір тарихын, негізгі тарихи оқиғаларды және ұлттық бейнелерді суреттейді: I бөлім – Жырау балладасы II бөлім – Шабуыл III бөлім – Ұлы апат жылдары IV бөлім – Октябрь әні V бөлім – Бесік жыры VI бөлім – Жас қазақ VII бөлім – Еңбек мейрамы VIII бөлім – Отан ұраны
1987 жылы«Дархан дала» симфониялық күйі 1985 жылыДомбыраға арналған концерт 1988 жылыҚобызға арналған концерт