Сабақтың тақырыбы: «Ауа температурасы». Сабақтың мақсаттары: А) Білімділік: Ауа температурасының жер бетінен жылыну ерекшеліктері мен ауа температурасын.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Сабақтың тақырыбы: «Ауа температурасы». Сабақтың мақсаттары: А) Білімділік: Ауа температурасының жер бетінен жылыну ерекшеліктері мен ауа температурасын.
Advertisements

Атмосфера және оның қасиеттері. Атмосфера-Жердің ауа қабығы.Атмосфераның жоғарғы шекарасы ретінде соңғы деректер бойынша 1000 км биіктік алынды.
Биосфера Биосфера – ерекше биос - өмір және тіршілік, « Sphaira » (сфера) шар, қоршаған орта деген сөздерінен алынған, яғни жер шарындағы адамзаттың жан-жануарлардың,
Биосфера Биосфера – ерекше биос - өмір және тіршілік, « Sphaira » (сфера) шар, қоршаған орта деген сөздерінен алынған, яғни жер шарындағы адамзаттың жан-жануарлардың,
Литосфера Атмосфера Гидросфера Биосфера.
1.Атмосфера 2.Гидросфера 3.Биосфера 4.Мантия 5.Ядро 6.Бұрғылау әдісі 7.Литосфера 8.Материктік жер қыртысы 9.Мұхиттық жер қыртысы 10.Сейсмикалық әдіс.
Тақырып: Жылу құбылыстары. 1-тарау 9-сағат. Панорамалық сабақ Қалекеева Ұлман Физика пәні мұғалімі.
7 сынып геометрия Үшбұрыштар теңдігінің белгілері.
Ой қорыту. (үй тапсырмасын тексеру) 1. Масса дегеніміз не? 2. Масса қандай әріппен белгіленеді? 3. Массаның өлшем бірлігі? 4. Массаның тағы қандай өлшем.
Сабақтың тақырыбы: Күй аңызы әңгімесіндегі жазушының сөз қолдану шеберлігі.
Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметі.
Сабақ тақырыбы: ЖАНАСУ. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Нұрғожина Г.Ә. Қазақ тілі 7 сынып.
Пәні:Жаратылыстану Сыныбы 5 ә ОқулықАлматы Атамұра баспасы 2010 ж беттер АвторыБ.Ш.Әбдіманапов, А.В.Прищепина, Л.М.Фокина, А.У. Әбілғазиев ТақырыбыГидросфера.
Сабаққа педагогикалық талдау жасау. «Сабақ – мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің айнасы» А. Сухомлинский.
ШҚО, Семей қаласы, « 17 жалпы орта білім беретін мектептің » математика пәні мұғалімі Оразбаева Гульнар Текбаевна Еңбек өтілімі : 20 жыл.
Ауа райы және климат Саба қ ты ң ма қ саты: Білімділік: Ауа райы туралы т ү сінік бере отырып, оны ң ө зеру себептерін ашып, болжау т ү рлеріне то қ талу.
Қоршаған орта химиясы пәні бойынша дәрістер Дәрістерді дайындаған: техника ғылымдарының докторы, профессор Баешова Ажар Коспановна.
-Оқушыларды редактормен жұмыс істеуге үйрету. -Графикалық ақпаратты жасау туралы түсінік беру. -Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Сабақтың мақсаты Сабақтың мақсаты Б і л і м д і л і к: Б і л і м д і л і к: Д а м ы т у ш ы л ы қ : Т ә р б и е л і к : Зат есім туралы түсінігін кеңейту;
Әліппеден кейіңгі кезең,,, Актоты Алмуратова
Транксрипт:

Сабақтың тақырыбы: «Ауа температурасы»

Сабақтың мақсаттары: А) Білімділік: Ауа температурасының жер бетінен жылыну ерекшеліктері мен ауа температурасын өлшеу туралы түсінік беру, температураның тәуліктік, айлық, жылдық өзгерісінің себептері және орташа температурамен амплитудасын анықтау тәсілдерін, график жасау жолдарын таныстыру, амплитуда, график, изотерма ұғымдарын меңгерту. Ә) Тәрбиелік: Экологиялық тәрбие беру, ұқыптылыққа, ұжымдық еңбекке тәрбиелеу, өздігінен іздене білуге үйрету. Б) Дамытушылық: ауа райы күнделігіндегі мағлұматтарды есептеуге, график жасай алуға уйрету, зерттеу, жүйелеу, қорытынды шығара алу дағдыларын дамыту, жылдам ойлау, есте сақтау қабілетін қалыптастыру, шығармашылық жұмысқа баулу.

Сабақтың түрі: Білім мен іскерлікті дамыту сабағы. Сабақтың әдісі: көрнекілік, өз бетімен жұмыс, іздену, топтарымен жұмыс,сұрақ – жауап, талдау. Сабақтың көрнекілігі: Термометр, ауа райы күнделігі, сызбалар, тапсырма парағы, дүние жүзінің климат картасы. Пәнаралық байланыстары : математика, жаратылыстану,

I.Ұйымдастыру (Оқушылар қатысуын тексеру, құрал жабдықтар, карталарды жинақтау, оқушыларды жұптап отырғызу, сабақтың тақырыбымен таныстыру.) Үй тапсырмасын сұрау §28 Атмосфералық қысым. Үш деңгейлік тапсырма беру

I деңгей 1.Жер қабаттарын анықтаңыз. 1. Литосфера А) Ауа қабаты 2. Гидросфера Ә) Тас қабаты 3. Атмосфера Б) Тіршілік қабығы 4. Биосфера В)Су қабығы 2. Атмосфера қабаттарының биіктіктерін тап? 1. Тропосфера А) 80 мм жоғары 2. Стротосфера Ә) 80 мм. 3. Мезосфера Б) 55 мм 4. Термосфера В) 20 мм 3.Атмосферада қандай газ қанша % құрайды. 1. Оттегі А) 78,1 % 2. Азот Ә) 0,95 % 3. Көмір қышқыл газы Б) 20,9 % 4. Аргон және инертті газ В) 0,05 %

II деңгей Дұрыс жауабын орнына қой. 1.Бүкіл ауа қабаты жер бетінің әр шаршы сантиметріне ______ салмақ түсірді. 2.Ауаның жер бетіне таяу қабатында әрбір 10м биіктікке көтерілгенде қысым шамамен ____ мб шамамен _________ бағана биіктігіне тең.

III деңгей Есепті шығар: 1.Егер 1см2 - 1 кг 33г күшпен қысым түссе, онда 100см2 – қа ауаның қандай күшпен түсетіндігін есепте. 2.Ұшақ 5000м биікте ұшып келе жатыр. Егер жер бетіндегі атмосфералық қысым 750мм болса, ұшақ сыртындағы атмосфералық қысымды анықта. 3.А нүктесінде 775мм болса, В нүктесінде 720мм. көрсетіп тұр. Нүктелердің абсолютті және салыстырмалы биіктігін тап.

III. Жаңа сабақты меңгерту. 1. Ауа температурасының биіктік бойынша өзгеруі. Жер бетінен әрбір 100 м. биікке көтерілгенде, ауаның температурасы орта есеппен 0,6 градус С – қа төмендейді.(немесе әр километрге 6 градус С.)

2. Ауа температурасының тәуліктік өзгерісі. Та= Те.ж.т. – Те.т.т. Та – тәуліктік амплитуда; Те.ж.т. – тәуліктегі ең жоғарғы температура; Те.т.т. – тәуліктегі ең төмен температура; Мысалы: Та=28 градус+18 градус=10 градус С

3. Ауа температурасының жылдық өзгерісі. То.ж.а=Те.ж.а.о.- Те.с.а.о. То.ж.а – орташа жылдық амплитуда; Те.ж.а.о. – ең жылы айдың орташа температурасы; Те.с.а.о. – ең суық айдың орташа температурасы; Ең жылы ай – шілде. Ең суық ай – қаңтар. Мысалы: То.ж.а = 20градус-(-12градус) =32градус С

4.Ауа температурасының жер бетінде таралуы. Изотерма – грекше «изо»- бірдей, «терма» - жылу. Қаңтар изотермасы- көк немесе қара түс; Шілде изотермасы- қызыл түс;

5. Ауаның температурасын қалай өлшейді? Термограф – грекше «термо»-жылу, «граф» - жағу. Әрбір 100 метр биіктікке көтерілген сайын ауа температурасы 0,6градус С-қа төмендейді.

6. Жер ғаламшары жылынуда. Проблемалық сұрақ. А) Ауаның ұдайы жылынуы қандай өзгерістер туындатуы мүмкін? Ә) Климат неге жылынуда?

IV. Бекіту бөлімі. 1. Мен не білдім? (Тірек сөздер жазу) 2. Сен не білдің? (Сұрақтар дайындау) 3. Шығармашылық жұмыс. (Жаттығу бөлімі) А) Дәптерге жаңа сөздер жазу (амплитуда, термометр, изотерма,метеорология). Ә) Кесте бойынша желтоқсан айындағы орташа температура мен амплитудасын тауып, графигін сызу.

V.Қорытынды, бағалау. VI. Үйге тапсырма. § 29 «Ауа температурасы». «Жер климаты неге жылынуда?» (эссе жазу)