СӘБИТ М ҰҚ АНОВ. Оны ң есімін жалпы қ аза қ о қ ырманына ке ң інен таныт қ ан «С ұ лушаш» дастаны, «Адас қ андар» романы осы кезде ө мірге келді.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Мүсірепов, Ғабит Махмұтұлы ( ) – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері.Қазақ.
Advertisements

ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ ( ). Ғ.Мүсірепов – қазақ әдебиетінің проза, драматургия, публистика, журналистика, әдеби сын салаларының дамуына еңбегін сіңірген.
Ыбырай Алтынсарин атындағы Дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты Тақырыбы: Тексерген: А.Қ.Нұғыманов Орындаған: М.М.Жаупанова 11 «А» сынып оқушысы.
Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт-өмір шындығының суреткері...
Орындаған : Серғазы Б.. Бірнеше мәрте Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшелігіне, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына сайланған, екі рет.
Подготовила : ученица 7 « В » класса ОСШ 3 им. Абая Семёнова Т. қ. Талғар – 2011 ж.
Сәкен Сейфуллин. Сәкен ( Сәдуақас ) Сейфуллин 15 қазан 1884 жылы Жезқазған өңіріндегі бұрынғы Ақадыр ауданындағы Қарашілік қыстағында дүниеге келген.
Қасым Аманжолов
Сабақтың тақырыбы С.Торайғыров. Шәкірт ойы. Әдебиет сабағы бізді шығармашылыққа, өткен тарихымызды білуге, әдебиет саласында еңбегі сіңген ақын- жазушылар.
Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресі.
Торайғыров Сұлтанмахмұт ( ). Өмірбаяны Қазақтың белгілі ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 28 қазанда Омск уезінің Шағрай болысындағы Жантай.
Махаббат қызық мол жылдар романы – ғашықтық тақырыбындағы сүбелі туынды, сарбелі туынды, сырбаз дүние. Кітап оқиғасы Ұлы Отан соғысы жылдарынан кейінгі.
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Абайдың табиғат лирикасы Қазақ тілі 10 Б сынып Мұғалім: Зеева Ләззат Шамшыраққызы.
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы ( ) ақын, жазушы, қоғам қайраткері, қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, либералды білімді исламға таяна.
Ерсейітова Жанар Нұрмаханқызы 148 қазақ орта мектебінің оқушысы, Бидайкөл ауылы, Шиелі ауданы Жетекшісі: тарих пәнінің мұғалімі- Құлтаева Ақмарал Мадиярқызы.
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХ СӨЖ Тақырыб: А.Байтұрсынов Қабылдаған:Нурбетова Г. Орындаған: Захаров А.
Бейімбет Майлин (Бима ғ амбет) ( ) қ аза қ ты ң к ө рнекті жазушысы, қ аза қ әдебиетін қ алыптастырушыларды ң бірі.
«Ғасырдың ғаламат ақыны» (Ақын, Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың туғанына 70 жыл) ( Поэзия кеші )
Презинтация на тему: Ғ абит М ү сірепов Подготовили: Павлова Екатерина Кухта Виктория.
«Ғабит Мүсіреповті мақтаудың керегі жоқ. Ғабит Мүсіреповпен мақтануымыз керек». З. Қабдолов.
Транксрипт:

С Ә БАИ М ҰҚ АНОВ

Оны ң есімін жалпы қ аза қ о қ ырманына ке ң інен таныт қ ан «С ұ лушаш» дастаны, «Адас қ андар» романы осы кезде ө мірге келді. Осылар ғ а жал ғ аса жазылып, бірінен кейін бірі жары қ к ө рген «Май ғ а с ә лем» (1933), «Советтік армия» (1934) атты ө ле ң дері, «А қ аю» поэмасы (1935), «Ж ұ мба қ жалау» романы (1938) ж ә не осылар т ә різдес толып жат қ ан шы ғ армалары қ аза қ ә дебиетіні ң дамуында ерекше р ө л ат қ арады.

Әке шешеден жастай жетім қалып, балалық шағын ауқатты ағайындарына жалданып, қой бағумен өткізген Сәбит өзінің талаптануымен хат танығанымен, мұғалім алдын көріп, жүйелі білім ала алмайды. Тек он сегізге толғанда, Омбы қаласына барып, мұғалімдер курсында оқуға мүмкіндік туады. Оны бітіргеннен кейін ауылға барып, біраз мұғалім болады. Осында ауылды кеңестендіру жұмысына белсене араласып, таптық күрестің Көкшетау облысындағы оперативтік өкілі және партияның Ақмола губкомының нұсқаушысы қызметін атқарады. Бұдан кейін 1922 жылы Орынбордағы рабфакқа түсіп, оны бітіріп шыққаннан соң, баспасөз орындарында жұмыс істейді. Сол жылдары орысша үйреніп орыс әдебиетінің үлгілерімен танысып, поэзияның үлкен дариясына сусындайды, алуан түрлі жандарды ғажайып бейнелерді ол сонан көреді.

1926 жылы рабфакты бітіріп шыққан соң «Батырақ», «Октюябрь өткелдері», «Сұлушаш» поэмаларын жазады жылдары республикалық «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде, баспа орындарда қызмет істейді. Осы кезге дейін атқарған сан салалы қызметінде болсын, шығармашылық өрлеу жолында болсын, ілгерлеудің басты кепілі терең білім екенін, онсыз көздеген мақсатында жету мүмкін еместігін айқын сезінген ол 1928 жылы Ленинград университетінің филология факультетінде оқиды, Москвадағы Қызыл профессура институтының әдебиет бөліміне түсіп, оны 1935 жылы бітіріп шығады.Осы кезеңде ол белгілі «Майға сәлем!» өлеңін, «Ақ аю» поэмаларын жазады.

1935 жылы ол жаңадан шыға бастаған «Қазақ әдебиеті» газеьінің редакторы болып істеді жылы Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы қызметін атқарды. Бұл кездегі Сәбит Мұқанов қаламынан шыққан ірі туындылар «Ботагөз» романы (1938, бұрыңғы аты «Жұмбақ жалау»), «Менің мектептерім» (1941), «Колхозды ауыл осындай» (1937) сияқты шығармалар жылдары ол екінші рет Жазушылар одағының төрағасы болды жылдары ол «Сырдария» романын, «Шоқан Уәлиханов» пьесасын жазды. Кейін бұрынырақ жарияланған екі томдық «Өмір мектебі» кітабының жалғасы ретінде «Есею жылдары» деген өмірбаяндық романын жазып шығарды жылға дейін Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды. Оның 1974 жылы жарық көрген «Халық мұрасы» деген тарихи этнографиялық шолуы халқымыздың мәдениеті, өнері, тілі, материалдық игіліктері жайында жазылған ерекше құнды зерттеу еңбек болды.

Ол революция қарсаңында жалпы адам өмірі туралы, көңіл күйі туралы өлеңдер жазған. Соның ішіндегі ең маңыздысы – 1919 жылы жазылған «Бостандық» өлеңі. Бұл өлең қазан төңкерісі шын мағынада еркіндік әкелді деген кешегі күнге дейін айтылып келген ұғымға саяды.

1920 жылы жазған «Кедей баласы» өлеңінде Сәбит сол революциялық тақырыпты онан әрі кеңейте түседі, таптық қырын өткірлей береді. Қанаушы таптың қазақ ауылындағы сұрқиялары бай, би, молдалар, олардың қолданар әдісі алдау, арбау, дінмен көзді байлау деп ұғады ақын.

Ақын 20-шы жылдары қазақ ауылы, қазақ кедейінің халі, шаруалар тұрмысы жөнінде көптеген өлеңдер жазады. Оның бастылары «Шоқпыттың шаруасы», «Сүт заводы», «Қазақстан», «Жолы жоқтар біздің жолға қосылсын», «Егістік», «Балқаш», «Конвеер» және басқалары. Кейін ұжымдастыру, индустрияландыру дәуірінде Сәбит көптеген жаңа өлеңдер жазды. Бұлардың қай- қайсысында болса да ақн құрылыс майданындағы қайнаған еңбекті, жұмысшы, малшы, егінші өмірін тақырып етіп алады. «Малшының мақтанышы», «Колхозды ауыл осындай», атты өлеңдерінде ақын ауыл еңбеккерлерінің бейнесін жасайды.

Ақын поэзияға жаңа өрнек, түр беруге, оны осы күнгі өмір, тұрмысқа бейімдеуге ұмтылады. Осындай соны, әуенді туындысы – 1933 жылы жазылған «Майға сәлем!» атты өлеңі. Мұнда ақын дүниежүзі еңбекшілерінің ынтымақ күні – 1 майды тек жасыл көктем, шуақ күн деп қана жырламайды, бұл күн бүкіл езілген хадлықтың қолына ту ұстап, күреске шығатын, бостандыққа ұмтылатын, азат еңбекке бастайтын күн дегенді уағыздайды. Май мейрамының өзін ақын «Жолдас» едп атап, оны жаңа адам, жұмыскер бейнесінде елестетеді.

Ақынның көптеген өлеңдері соғыс тақрыбына, кейін бейбіт еңбек, тың тақрыптарына арналды. Соғыс кезінде «Менде аттандым майданға», «Фашизмнің ажалы», «Гвардеец бауырларға», «Ленин қаласында» сияқты жоғары патриоттық сезімдерге толы өлеңдер жазды.

Ақынның лирикалық өлеңдерінің негізгі кейіпкері – қарапайым еңбекші халық өкілі.

жылдары а қ ынны ң поэмалары жары қ к ө ре бастады. «Пионер» мен «Жетім қ ыз ү йінде» жазушы қ аза қ ауылында ғ ы кедейлерді ң қ ал ахуалы ң к ө рсетеді жылы жазыл ғ ан «Кешегі жалшы мен б ү гінгі жалшы» (кейін «Батыра қ » атан ғ ан) атты поэмасында а қ ын ауылда ғ ы бай мен кедейді ң ара қ атынасын на қ тылы образдар ар қ ылы суреттеді.

1928 жылы драмалы оқиғаға «Сұлушаш» оқиғасын жазды. Сұлушаш Тілеуберді деген бай қызы болса да, жастайынан бірге өскен, еңбекпен шыныққан, жас жылқышы Алтайды жақсы көреді, Алтай үшін жанын қиюға бар: Басқаны Сұлушаштың сүйері жоқ, Алтайдан басқа көңілі иері жоқ. Кездескен қай мырзаға көз салса да, Ішінде тап Алтайдай жүйелі жоқ. Кейін атастырған күйеуіне зорлап апарылған Сұлушашты Алтай құтқарып алады.

Ақынның поэзиялық ерекшеліктері. Қазақтың байырғы поэзиясына қарағанда, осы заманғы поэзиясы түр мен мазмұн көркемдігі жағынан жаңаша өсіп – өркендеді. Әрине, ол жаңалық бірден басталып кеткен жоқ. Бұрынғы дәстүрді бойына сіңірген, бұрыңғы бар түрді қолдана отырып, ақындар жаңа заман тынысын көрсетті шы жылдарғы қазақ поэзиясын алып қарасақ Сәбит Мұқанов көп жаңалықтар еңгізген. Күрескер ақын Сәкен Сейфуллин поэзиясы қазақ өлеңін қаншалықты жоғары көтерсе, Сәбит Мұқанов та- көп ізденіп, поэзиясын жаңаша сөйлетуге ұмтылған ақын. Жаңалық тек ұйқас, буын, ырғақ саласында ғана болмай, көбіне ақынның теңеу, метафора, эпитет сияқты шеберлік кетсе – өрнектерінен де көрінеді.

Драматургия, сын, әдебиеттану салаларында ерекше еңбек етті. 200-ден астам әдеби сын мақалалар жазды. Қазақтың ауыз әдебиетін зерттеді, фольклор және көне жазба мұраларды жинап бастырды, әдебиет тарихы және ағартушы демократтар шығармашылығы туралы зерттеу еңбектер жазды, халық поэзисының ірі өкілдері туралы толымды пікірлер айтты.

Ол халықтың арасынан шыққан халықтың сүйікті жазушысы болды. Оның қазақ мәдениетін өркендету саласында сіңірген зор еңбегі кезінде жоғары бағаланды. Бірнеше мәрте Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшелігіне, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына сайланды, екі рет Ленин, екі рет Еңбек Қызыл Ту, «Құрметті белгісі» ордендерімен марапатталды. Бүкілодақтық бейбітшілік қорғау комитетінің мүшесі болды.

Мұхтар Әуезовтің: Қазақ әдебиетінің аға жазушысы Сәбиттің аты – қазақ оқушысының мол қауымына өте даңқты, анық қымбат аттың бірі деп, Ғабит Мүсіреповтің: Жазушы Сәбит Мұқановтың қаламынан туған еңбектер өз алдына бір энциклопедия, деп Мұхаметжан Қаратаевтың: С.Мұқанов толық мағынасында халық жазушысы еді деп, Расул Ғамзатовтың: Біздің әдебиетіміздің Эльбрустарының бірі деп, Сәйфи Құдаштың: Шын мағынасында үлгі-өнеге тұтатын кең құлашты жазушы деп Ұлы адамдар Сәбитке өз мақтаныштарын білдірген.