ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ (1902-1985). Ғ.Мүсірепов – қазақ әдебиетінің проза, драматургия, публистика, журналистика, әдеби сын салаларының дамуына еңбегін сіңірген.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Мүсірепов, Ғабит Махмұтұлы ( ) – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері.Қазақ.
Advertisements

Ғабит Мүсірепов – үлкен дарын иесі Аналар - өмір шуағы.
Үй тапсырмасы: 2. Ж.Жабаев қай жылы, қай жерде дүниеге келген? 3. Жамбыл неше жасынан өлең айтып, жыр додасына түскен? 4. Ж.Жабаев 15 жасынан кімнің ақ
Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсірепов - үлкен дарын иесі.
Презинтация на тему: Ғ абит М ү сірепов Подготовили: Павлова Екатерина Кухта Виктория.
Пәні: Қазақ әдебиеті Сыныбы: Пән мұғалімдері:. Үй тапсырмасы: 2. Ж.Жабаев қай жылы, қай жерде дүниеге келген? 3. Жамбыл неше жасынан өлең айтып, жыр додасына.
СӘБИТ М ҰҚ АНОВ. Оны ң есімін жалпы қ аза қ о қ ырманына ке ң інен таныт қ ан «С ұ лушаш» дастаны, «Адас қ андар» романы осы кезде ө мірге келді.
«Ғабит Мүсіреповті мақтаудың керегі жоқ. Ғабит Мүсіреповпен мақтануымыз керек». З. Қабдолов.
Шәкәрім Құдайбердіұлы Қазақ халқының ұлы ойшылы, аса көрнекті ақыны Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылы 24 шілдеде қазіргі Шығыс.
Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт-өмір шындығының суреткері...
Подготовила : ученица 7 « В » класса ОСШ 3 им. Абая Семёнова Т. қ. Талғар – 2011 ж.
Сәкен Сейфуллин. Сәкен ( Сәдуақас ) Сейфуллин 15 қазан 1884 жылы Жезқазған өңіріндегі бұрынғы Ақадыр ауданындағы Қарашілік қыстағында дүниеге келген.
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы ( ) ақын, жазушы, қоғам қайраткері, қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, либералды білімді исламға таяна.
Абай Құ нанбаев. Абай Құ нанбаев Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы ( ) ақын, жазушы, қоғам қайраткері, қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы,
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов Туған кездегі есімі:Мұхаммед Қанафия Қызметі:шығыстанушышығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф,тарихшы фольклоршыэтнограф.
Жамбыл Жабаев ( ). Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып, халқының қолына беру- біздің әрқайсысымыздың борышымыз.
Бейімбет Майлин (Бима ғ амбет) ( ) қ аза қ ты ң к ө рнекті жазушысы, қ аза қ әдебиетін қ алыптастырушыларды ң бірі.
Махаббат қызық мол жылдар романы – ғашықтық тақырыбындағы сүбелі туынды, сарбелі туынды, сырбаз дүние. Кітап оқиғасы Ұлы Отан соғысы жылдарынан кейінгі.
Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы туған. Аймауытов қазақтың көрнекті жазушысы, драматург,публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушыларың бірі.
Торайғыров Сұлтанмахмұт ( ). Өмірбаяны Қазақтың белгілі ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 28 қазанда Омск уезінің Шағрай болысындағы Жантай.
Транксрипт:

ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ ( )

Ғ.Мүсірепов – қазақ әдебиетінің проза, драматургия, публистика, журналистика, әдеби сын салаларының дамуына еңбегін сіңірген үлкен суреткер жазушы. Ғ.Мүсірепов – қазақ әдебиетінің проза, драматургия, публистика, журналистика, әдеби сын салаларының дамуына еңбегін сіңірген үлкен суреткер жазушы.

Ғ.Мүсірепов 1902 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында дүниеге келген. Ғ.Мүсірепов 1902 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында дүниеге келген.

Алғашқыда ауыл молдасынан арабша хат таныған Ғабит жастайынан әуелі екі жылдық ауылдық орыс мектебін, кейін төрт жылдық жоғары басқыш орыс мектебін бітіріп, Қазақ төңкерісінен кейін үстемдік алған Кеңес өкіметінің жұмысына әжептеуір орысша сауаты бар адам ретінде араласып, түрлі қызмет атқарады.

Орыс мектебінде жүргенде орыстың атақты ақын жазушыларының шығармаларын оқып білуі, ауыл мектебінде өзін оқытқан әдебиетші мұғалім Бекет Өтетілеуовтың әсер ықпалы болашақ жазушының әдебиетке ерекше ықылас аударуына септігін тигізеді. Орынбордағы рабфакта оқып жүргенде ол әдеби білімін, эстетикалық сезімін одан сайын жетілдіре түседі. Осы кезде өзінің тырнақалды туындысы «тулаған толқында» повесін жазады.

Содан былай қарай баспа орындарында, партия, кеңес мекемелерінде жауапты қызмет атқара жүріп, шығармашылық жұмысын толассыз дамыта береді. Соның нәтижесіндей болып, «Қос шалқар», «Көк үйдегі көршілер», «Шұғыла», «Талпақ танау» әңгімелері мен « Бір адым кейін, екі адым ілгері» повесі жыл аралатып барып, бірінен кейін бірі жарық көреді. Оның бұл шығармалары қазақ әдебиетіне жазу стилі қалыптасқан, көркемдік шеберлігі ерекше жаңа суреткердің келгенін жария еткен еді.

Шығармашылық жолының бір белесін аналар туралы әңгімелер топтамасымен түйіндеген жазушы енді кең тынысты туынды жазуға кіріседі. Екінші дүниежүзілік соғыстың аяғын ала ол өзінің тұлғалы туындысы «Қазақ солдаты» романын жазады. Роман тың тақырыбымен, образдарының көркем бейнеленуімен, сюжет құру шеберлігімен, тартымды тамаша тілімен таңдаулы қазақ романдарының қатарына қосылады. Бұдан кейін ол араға біраз уақыт салып барып, өзінің ең ірі салалы да салиқалы шығармасы «Оянған өлке» романын жариялайды.

1968 жылы «Кездеспей кеткен бір бейне» кітабы үшін Абай атындағы республикалық сыйлық алады. Араға бес алты жыл салып барып, прозадағы соңғы елеулі туындыларының бірі «Ұлпан» повесін жариялайды. Сонау отызыншы жылдарда ақ үлкен драматург екенін танытып, «Қыз Жібек» операсының либреттосын, «Қозы Көрпеш Баян сұлу» пьесасын берген Ғ.Мүсірепов кейінгі жылдарда да бүкіл қазақ драматургиясының тамаша туындысы болып табылған «Амангелді», «Ақан сері Ақтоқты» пьесаларын жазады. Оның шығармаларының негізінде кинофильмдер түсіріледі.

Ғабит Мүсірепов өзінің қоғамдық, публицистік, журналистік, сыншылдық қызметімен де туған халқының мәдениетінің дамуына зор еңбек сіңірді. Алайда қазақ халқы оны үлкен суреткер жазушы деп таниды, көркем сөздің хас шебері деп біледі, құрмет тұтады.

Ол бірнеше мәрте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, бір рет КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болып сайланды. Екі мәрте Ленин орденімен және Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталды.

Әңгімелері «Қос шалқар» «Көк үйдегі көршілер» «Талпақ танау» «Ананың анасы» «Ашынған ана» «Ер ана» «Ақлима» «Айгүл қойшының бір күні» «Әмина» «Қыран жыры» «Өмір» «Жапон әңгімелері» «Ананың арашасы»

Романдары «Қазақ солдаты» «Оянған өлке» «Кездеспей кеткен бір бейне»

Пьесалары «Қыз Жібек» «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» «Амангелді»