Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті Тақырыбы:Қабылдаған:Орындағандар:Тобы:

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Тәрбие және оның маңызы. Тəрбие əдістері мен тəсілдері жөнінде түсінік. Тəрбие əдістері –бұл тəрбие көздеген мақсатқа жетудің жолдары, тəсілдері. Мектеп.
Advertisements

Қазіргі заманғы сабақты талдау Талдау- затты/ құбылысты, үрдісті/ бөліктерге, бөлшектерге немесе белгілерге ойша бөліп, оларды салыстыру және маңызды,
-Оқушылардың құқықтық білімдері тексере отырып, заң ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолын сын сәтте таба білу арқылы жеңіске жету, алдына мақсат.
Ойын технологиясы,,, Актоты Алмуратова
Есімдік- заттың атын, сынын, санын я олардың аттарын білдірмей, олардың орнына жұмсалатын, есімдер тобына жататын сөз табының бірі. А.Ысқақов.
Қылмыстық құқық қылмыстылықты және қоғамдық қатынастар жүйесіне қауіпті іс-әрекет үшін қолданылатын жазаны айқындайтын заң нормаларының жиынтығынан тұратын.
САЯСИ ӘЛЕУМЕТТАНУ SLAID-KZ.RU. Әлеуметтанудың бұл саласы қоғамның өмір сүруі мен дамуындағы өзінің мазмұны жағынан аса бай және өте маңызды саналатын.
Аты – жөні: Тоғызбаева Айзада Әлмағанбетқызы Туған күні, айы, жылы: жыл Ұлты: Қазақ Білімі: Жоғары Мамандығы Химия-Биология пәні мұғалімі Бітірген.
Орындағандар: Диқамбай Н. Долдашев Б. Тобы: ПО Қабылдаған: Қасмжанова Ф. Алматы 2016.
БАСШЫЛЫ Қ Орында ғ андар: Тексерген: Тексерген: Р Е С М И Д Ә С Т Ү Р Л І К Е Ң Е С У Ш І Ж Е К Е Д Ә С Т Ү Р Г.
ФИЗИКА П Ә НІ. Бұл сәулелер 1895 жылы неміс физигі Вильгельм Рентген ашқан. Рентген өзіне дейінгі көптеген ғалымдардың мән бермеген және аңғара алмағандарын.
L/O/G/O Рефлексия Сабақтағы кері байланыс Коучинг.
1.Матада жіптердің айқасуы бөлшектердің біріккен орны арқылы аяқталған процес болады 1.Тігіс Өлшемдері бірдей 2 не одан да көп бөлшектерді тұрақты инешаншымдармен.
Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас мәдениеті.
Адамзат дамуының қандай да болсын тарихи кезеңдеріне көз жүгіртіп қарайтын болсақ, меншік мәселесі бірінші орында тұратындығын аңғарамыз. Меншік адамзат.
Мұғалімнің кәсіби өздігінен білім алуының негіздері.
Мектебі: 202 орта мектебі (10 сыныпқа арналған практикалық сабақ) Мұғалім: Азаматова Ботакөз Бейінді оқыту жөніндегі орынбасары.
Оқушылардың бойында азаматтық құндылықтарын қалыптастыруда және салауатты өмір салтын насихаттауда сынып жетекшінің ролі. 11 а сыныбы. Сынып жетекшісі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қызылорда облысы Шиелі ауданы 214 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Б. Қалдыбектің.
Ұлттық құндылықтар – тұтас бір жүйе. Оған халықтың тілі, ділі, мәдениеті, әдебиеті, өнері, сондай-ақ халықтың әлеуметтік және мәдени қауымдастық ретінде.
Транксрипт:

Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті Тақырыбы:Қабылдаған:Орындағандар:Тобы:

Тəрбие əдістері мен тəсілдері жөнінде түсінік. Тəрбие əдістері –бұл тəрбие көздеген мақсатқа жетудің жолдары, тəсілдері. Мектеп тəжірибесіне орай əдістердің жəне бір анықтамасы – қажетті сапаларды қалыптастыру мақсатымен тəрбиеленушілердің санасына, еркіне, сезіміне жəне қылық- əрекетіне ықпал жасау тəсілдері. Əдістер түрі сан-алуан да шексіз көп. Ал оның нақты көрінуі өз шəкірттерінің білімдік күш-қуаты мен жалпы мүмкіндіктерін жете танып, оларды өтілетін материал сипатына байланыстырып жəне басқа да көп оқу жағдаяттарын зерделі саралай білген педагог əрекетіне тəуелді. Қай тұлға, қанша тұлға араласса, əдіс формасы да сондай əрі сонша – бұл заңдылық. Əдіс баламалары өте көп. Олар арасынан мақсаттар мен нақты жағдайларға сай келетіндерін таңдап алу үшін оларды қандай да бір ретке келтіріп, топтастыру, яғни классификациялау қажет. Əдістер классификациясы дегеніміз қандай да белгісі бойынша бір топқа келтірілген əдістер жүйесі. Осы классификацияға арқа сүйеп, педагог барша жүйені анық білуімен бірге оның қажеті мен өзіне тəн сипаттарын тереңірек түсінеді. Тəрбие əдісі- көп өлшемді құбылыс, оның жүйелесуіне негіз болар белгілер сан-алуан. Солар арасында аса танымал болғандарын атап өтейік. Сипаты бойынша əдістер – сендіру, жаттықтыру, мадақтау жəне жазалау. Мұндағы «сипат» мəні – əдістің бағыт-бағдарын, қолдану аймағын, ерекшеліктерін жəне т.б. білдіреді.

Сана қалыптастыру əдістері Тəрбие процесінің жалпы құрылымынан байқағанымыздай, дұрыс ұйымдастырылған тəрбиенің бірінші сатысы- оқушылардың өздерінде қалыптасуы қажет əрекет-қылық нормалары мен ережелерін білу (түсіну). Ең алдымен қандай да сапаны туындатып, орнықтыру үшін, сол сапаның мəн-мағынасын жете түсініп алу міндетті. Адамның көзқарастарын, ұғымдарын, наным-сенімдерін кемелдендіруге бағытталған əдістер тұлға санасын қалыптастыру əдістері атамасын алған. Бұл топ əдістері екінші кезеңде іске қосылатын – сезім, көңіл-күй толғаныстарын қалыптастыруда аса қажет. Егер оқушы педагогикалық ықпалға бейтараптылық пен немқұрайлылық танытатын болса, тəрбие процесі шабандайды, мақсатқа жете алмайды.

Іс-əрекет ұйымдастыру əдістері Тəрбие көзделген əрекет-қылық (поведение) типін қалыптастыруы міндетті. Тұлға тəрбиелілігі түсінік, ұғымнан көрінбейді, ол адамның нақты іс-əрекетімен бағаланады. Бұл тұрғыдан іс-əрекет ұйымдастыру мен қылық қалыптастыру тəрбие процесінің өзегі ретінде қарастырылады. Аталған топтағы əдістердің бəрі тəрбиеленушілердің практикалық іс-əрекетіне негізделген. Мұндай іс-əрекетті басқару үшін педагог оны құрамды бөліктерге – нақты істер жəне қылықтарға жіктейді.

Ынталандыру əдістері Тəрбиеленушіні белгілі іс-əрекетті орындатуға талаптандыру ниетімен қолданылатын əдістер тобында ынталандырудың орны өз алдына. Бұл əдістің ежелден-ақ мадақтау мен жазалау түрі белгілі. XX ғасыр педагогикасы жəне бір өте əсерлі ынталандыру əдісі – жарыстыру əдісін алға тартып отыр. Кейінгі он жылдықта дəстүрлі ықпал əдістеріне қосымша субъектив-прагматикалық əдістің тиімділігі жариялануда. Ғылыми зерттеулер мен практика нақтылағандай, бүгінгі жастардың ерекшелігі - өмірге болған прагматикалық (пайдакүнемдік) қатынасы. Осыдан қазіргі заман оқушысы өзіне, өз жолдастарына тəрбие маған не береді, неге, қай уақытта ол қажет, одан түсер пайда қандай жəне қаншалықты деген сұрақтарды үстемелеп қоятын болды. Осы секілді пайдакүнемдік – прагматикалық бағытты ескере отырып, кейбір шет ел педагогикалық жүйелері тəрбие процесін тəрбиеші мен тəрбиеленуші арасындағы коммерциялық қатынас сипатында бағалайды. Ал мұндай қатынас өзегі – пайда. Əдіс əлі қалыптасып, ресми қабылданған емес, бірақ тұрмыста тəрбиеші мен тəрбиеленушілер арасында түзілетін келісім-шарттар жүйесімен біртіндеп тұрақтануда.

Рефераты для школьников и студентов Aleksey-kz.moy.su