Қызылорда облысы Қазалы ауданы Ақтан ауылы, 190 орта мектеп Төлеу Алтынкүл Мұратбайқызы Химия пәнінің мұғалімі
Химиялық реакцияның типтері
Мақсаты: Атом, молекула жайлы алған білімдерінің негізін басшылыққа ала отырып, зат массасының сақталу заңын реакцияны теңестіру арқылы дәлелдеу, химиялық реакцияға кіріскен және түзілген заттардың құрамына қарай ерекшеліктерін анықтау, химиялық реакцияларды жіктеуді тану. Әдіс – тәсіл: іздену, топтық дәледеу, жеке пікір тудыру Құрал - жабдықтар: Т емір (ұнтақ ж/е шеге, мыс хлориді ерітіндісі, темір хлориді, мыс пластинка және химиялық ыдыстар, үлестірмелер Сабақ түрі: Ұ жымдық және проблемалық оқыту
Қызығушылығын ояту Оқушылар топқа бөліну үшін қиындылардан формула құрастыру арқылы жұптарын табу. Сергіту жаттығуын жасап, білімімізді жүйелеп алайықшы балалар. Мына химиялық диктантағы көп нүктенің орнына «атом» деген сөз қоятын болсаңыз қолыңызды алға, «молекула» сөзін қойғыңыз келсе қолыңызды жоғары көтеріңіз. Қателескен оқушыға жетон беріледі.
Химиялық диктант Ауадағы газдардың құрамына оттегінің молекуласы кіреді Су молекуласы оттегінің және сутегінің атомынан тұрады. Жемістің қайнатпа болуы оның құрамындағы қант молекуласына байланысты Оттек суда ерігенде оттегінің атомы судың молекуласының арасына орналасады. Қант молекуласының құрамына оттегі және сутегі атомдарынан басқа да көміртек атомы кіреді. Иод ерітіндісінің иісі ерітіндіден шығып жатқан иод молекуласына байланысты. Шіріген жұмыртқаның иісі күкіртсутек молекуласына байланысты.
Қосымша сұрақтар: 1. Химиялық теңдеуді жазу не үшін қажет? 2. Қандай заңға негізделіп теңдеу құрастырамыз? 3. Мына тәжірибе арқылы қандай заңды дәлелдейміз (зат массасының сақталу заңының мысалы көрсетіледі) Осындай сұрақтар арқылы көптеген химиляық реакциялармен танысқанымыз жөнінде, әр химиялық реакцияның бір – біріне ұқсамайтын өз ерекшелігі бар екені, оларды оқып үйрену үшін ортақ белгілеріне қарап жүйелейтінімізідігін саралаймыз.
М а ғ ы н а н ы т а н у Проблемалық сұрақ: Қандай белгілеріне қарап химиялық реакцияларды жүйелеуге болады ? Оқушының жауабы : жылудың бөлінуі, сіңірілуі, газ тәріздес, қатты, сұйық заттардың түзілуіне байланысты. Топтардың ізденіс жұмысына үлестірмелер таратылады. Жұмыс шарты: 1. Топтарға жеке тапсырмалар жазылған үлестірмелер таратылады. 2. Топтар үлестірмелерді орындаған соң, қорғайды.
Ой толғаныс: Оқушылар ізденіс жұмысы арқылы химиялық реакцияларды типтерге жіктеуде негізгі белгілері етіп әрекеттесуші заттар мен түзілген заттардың құрамының өзгеруіне сүйенеміз деген қорытындыға келді. «Қызықты жазулар» 1.CuO 2. әрекеттеседі HCI 3.шығады CuCI 4.және HO 5.теңестіреміз 6.реакция типін анықтаймыз 1.Темір 2. әрекеттеседі CaO 3. шығады FeO 4 және Ca 5. теңестіреміз 1.Кремний 2.. әрекеттеседі оттекпен 3. шығады SiO 4.Теңестіреміз 5.реакция типін анықтау
Пайдаланылған әдебиеттер Б.Бірімжанов Жалпы химия А.С.Егоров Готовимся к экзамену по химии Н.Нұрахметов Химия оқулық