Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт-өмір шындығының суреткері...

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Подготовила : ученица 7 « В » класса ОСШ 3 им. Абая Семёнова Т. қ. Талғар – 2011 ж.
Advertisements

Сабақтың тақырыбы С.Торайғыров. Шәкірт ойы. Әдебиет сабағы бізді шығармашылыққа, өткен тарихымызды білуге, әдебиет саласында еңбегі сіңген ақын- жазушылар.
ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ ( ). Ғ.Мүсірепов – қазақ әдебиетінің проза, драматургия, публистика, журналистика, әдеби сын салаларының дамуына еңбегін сіңірген.
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Абайдың табиғат лирикасы Қазақ тілі 10 Б сынып Мұғалім: Зеева Ләззат Шамшыраққызы.
Торайғыров Сұлтанмахмұт ( ). Өмірбаяны Қазақтың белгілі ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 28 қазанда Омск уезінің Шағрай болысындағы Жантай.
«Ойын технологиясы арқылы қазақ тілін үйрену» атты бейімделген бағдарламаның тақырыптық жоспары «Күншуақ» мектеп алды даярлық тобына арналған
Қасым Аманжолов
Махаббат қызық мол жылдар романы – ғашықтық тақырыбындағы сүбелі туынды, сарбелі туынды, сырбаз дүние. Кітап оқиғасы Ұлы Отан соғысы жылдарынан кейінгі.
Адамгершілікке тәрбиелеу – педагогикадағы ең күрделі мәселелердің бірі екендігін айқындау.
Тақырыбы: Өсімдіктердің көптүрлілігі Пәні: Дүниетану 3- сынып оқу жылы.
Менің болашақ - мамандығым. - Атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандай: Ісім оңсын десеңіз, Сол істің маманы болыңыз. Даңқым шықсын десеңіз, Көпшіліктің адамы.
Жүсіпбек Аймауытов. Ж.Аймауытов қазіргі Павлодар облысының Баян­ауыл ауданындағы Қызылтау атырабында туған. Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары.
Ақпараттық әлемде жеке тұлғаға рухани-адамгершілік тәрбие беру білім берудің негізгі мақсаты. Оқушылар мен жасөспірімдерді заман талабына сай, ақпараттық.
Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресі.
Сабақтың тақырыбы: Баяндауыш. Сыныбы: 8 а Пән мұғалімі: Асилова А.Т.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға алқа тұқымдас өсімдіктер туралы мағлұмат беру,олардың ортақ белгілерімен адам өміріндегі маңызын айту. Дамытушылық: оқушылардың.
Презентация к уроку на тему: ПРЕЗЕНТАЦИЯ К "1 ДЕКАБРЯ - ДЕНЬ ПЕРВОГО ПРЕЗЕДЕНТА КАЗАХСТАНА".
Атырау облысы,Мақат ауданы, Бәйге төбе мектеп-балабақша кешенінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нурганова Х.Е.
Баймухамбетова Риза Камешовнаның ПОРТФОЛИОСЫ «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш.
Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып, алғын көп шалдыарған. Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған. ©Абай.
Транксрипт:

Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт-өмір шындығының суреткері...

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ақын өмірі мен шығармашылығынан алған білімдерін жинақтау. Көркем шығарманы жүйлеп, талдай білуге үйрету. Халық тарихы, салт-дәстүрі туралы ұғымдарды тамырландыра отырып, өз пікірін айта білуге үйрету, ізденіске, адалдыққа, кішіпейілдікке баулу Сөйлеу, сөздік қорын молайту.

Ақындық үнін қосқан, талантты қазақ ақыны...

Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 29 қазанда қазіргі Ақмола облысының Қызылту ауданында туады. Бір жасында анасы өліп, әжесінің тәрбиесінде болған оның балалық, жастық шағы Баянауыл өңірінде өтеді. Кедейлігінен "ІПоқпыт" атанған әкесі Әбубәкір ақ көңіл, жомарт әрі айтқанынан қайтпайтын қайсар да қайратты адам болады. Сұлтанмахмұт алты жасында әкесінен оқып, хат таниды. Бұдан кейін де Шоқпыт бірде өзі оқытып, енді бірде ауыл молдаларына беріп, баласының оқуын үзбейді. Болашақ ақын жылдары Әлі, жылдары Тортай, жылдары Мұқан деген молдалардан дәріс алады.

жылдары Сұлтанмахмұт Баянауылдағы медреседе оқиды жылы Троицк қаласынан көрші ауылға келіп, молдалық құрған Нұрғалидан дәріс алады. Нұрғалидың көмегімен бұл кезде ол қазақ, татар тілінде шыққан кітаптарды, газет-журналдарды көп оқиды. Өлең, әңгіме жазуға ден қояды. Білімі толысып, өнерге құштарланған Сұлтанмахмұт қаламынан бұл кезеңде "Дін", "Сарыбас", "Соқыр сопы", "Кезек қашан келеді", "Оқу" атты бірқатар өлеңдер мен "Зарландым" деген әңгіме туады. Оларда талапкер ақын ескі оқу мен жаңа оқудың айырмасы, өнер мен білімнің пайдасы, байлық пен кедейлік, т.б. туралы толғанады жылдың күзінде Сұлтанмахмұт оқу іздеп Троицк қаласына барып, осындағы медресеге түседі. Қуанышында шек болмайды. Көңілін шабыт кернеп, "Оқудағы мақсат не?", "Анау-мынау", "Қандай?", "Зарлау" тәрізді бірқатар өлеңдерін жазады.

жылдың күзінде Томскіге барып, курсқа ілігеді. Әдебиет, тарих, философия кітаптарын көп оқиды. Қиындықтарға кездеседі, жоқшылық көреді. Ресей патшасы тақтан құлаған 1917 жылдың көктемінде Сұлтанмахмұт Семей қаласына келеді. Қазақтың оқыған азаматтарымен танысады, араласады, қызметке кіреді. Алаш қозғалысына белсене ат салысады жылдың жазында кеңес өкіметі құлаған аласапыран тұсында емделу мақсатымен Сұлтанмахмұт Баянауылға келіп, шығармашылық жұмысын жалғастырады. "Социализм" атты мақала, "Неге жасаймын?", "Осы да әділдік пе?", "Адасқан өмір", "Кедей" поэмаларын жазады. Бұл шығармаларында ақын айналасына көзқарасын білдіреді, өмірге үмітпен қарайды. Өзінің демократтық ой-пікірлерін, түсінігін алға тартады.

Сұлтанмахмұт Торайғыров өзінің қысқа ғұмырында халқына мол әдеби мұра қалдырып кетті. Ол әдебиеттің әр түрлі жанрларында өнімді еңбек еткен талантты қаламгер еді. Оның қаламынан жүзден астам өлең, бес-алты поэма, екі роман, он шақты мақала туды. Сұлтанмахмұттың лирикалық өлеңдерінің сипаты әр алуан. Оларда өмір тауқыметінен шаршаған ақынның қайғы-мұңы да, өкініш-наласы да, халықтың басындағы ауыр халге жүрегі сыздаған аяныш пен жанашырлық сезім де, болашаққа сенген, сол үшін күрескен азаматтық перзенттік патриотизмі де бар. Бірақ ақын өлеңдеріндегі мұң-зар жігерсіз, жасық қайғы емес. Ақын алдағы өміріне зор үмітпен қарайды.

Сұлтанмахмұттың "Қамар сұлу" (1914), "Кім жазықты?" (1915) романдары қазақ әдебиетінің даму тарихынан елеулі орын алады. Көркем прозаның туу, қалыптасу кезеңінің бастауында дүниеге келген бұл романдарда өз заманының ащы шындығы бейнеленеді. Сол дәуірдегі әйелдердің бас бостандығы, қоғамдағы әлеуметтік әділетсіздік мәселелері мен жаңа психология арасындағы тартысты, қоғамдағы адамдардың түсінік-танымындары кереғар құбылыстарды бейнелеу арқылы Сұлтанмахмұт туған халқының болашағы туралы толғанады. Сонымен қатар, Сұлтанмахмұт "Зарландым", "Ауырмай есімнен жаңылғаным" атты шағын көлемді прозалық шығармалар, "Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан", "Қазақ ішінде оқу жайы қалай?", "Өлеңмен жазылмақ драманың материалдары", "Өлең мен айтушылары", "Социализм" тәрізді бірқатар мақалалар жазды.

«Қараңғы қазақ көгіне, Өрмелеп шығып күн болам. Қараңғылықтың кегіне, Күн болмағанда кім болам.» деп жырлаған ақынның шын мәнінде де, бүгінде қазақ аспанындағы рухани сәуле шашып тұратын ең жарық күндердің бірі болып мәңгілікке қалғанына ешкімнің де таласы жоқ екені анық.

Назарларыңызға рахмет! Студент ПДк-11 тобы: Жақанова А.Б

1 қима қағаз C. Торайғыровтың өнер-білімге арналған бір өленің жатқа айту 2 қима қағаз Тасболат пен Омардың арасындағы қандай ұқсастық пен айырмашылық бар?

3 қима қағаз Қамар мен Аппақай арасында қандай ұқсастық пен айырмашылық бар? 4 қима қағаз Ахмет пен Әжібай арасындағы қандай ұқсастық пен айырмашылық бар?

Әжібайға тағылған айыптар: 1) Шала оқыған 2) Көп әйел алған 3) Аппақайдың сүйген жігітін қудалаған 4) Болыстық жұмысты жүргізе алмаған 5) Қызының сүйгені Әнуарды қудалаған 6) Күлтайды қалың малға сатқан 7) Шаруаға қырсыз, әке малын шашқан 8) Ұры ұстаған 9) Бала тәрбиесіне көңіл бөлмеген

«Адам заманды билейді, заман адамды илейді» АБАЙ АБАЙ

Заң және біз Азаматтардың негізгі міндеттері Конституцияны сақтау Басқа адамның құқығын, бостандығын, ар-намысын құрметтеу Елтаңба, Ту және Әнұранды құрметтеу Отанды қорғау

Жаманнан жирен 14-ке толған жас өспірім істеген қылмысы үшін жауапқа тартылады Кісі өлтірсе Кісі денесіне қасақана жарақат салса; Ұрлық жасаса; Бұзақылық жасаса Қару-жарақ, жарылғыш заттар ұстаса.

Жақсыдан үйрен Оқып, білім ал Денсаулығынды сақта Ой-өрісіңді дамыт Еңбекшіл бол Бабалар мұрасын сақта Улкенге ізетшіл, кішіге камқоршыл бол Табиғатты аяла

Арақ ішкен жанның шықпас атағы, сиқы кетіп су түбіне батады Темекіге алыс мұң, алыс қайғы, өзі бірақ өмірден алыстайды

Венн диаграммасы

Бес жолды өлең Зат есім: Сын есім: Етістік: Сөйлем: Сөз тіркесі:

Сөз сыры Кәде,жыртыс, киіт, ілу, хашарат, ішірткі, тәкпір, мазарат, мүрид, күту, суннет, сәжде, мазлұм, хадим, бейқисап

Хат. XXI ғасыр ұрпақтарының көзқарасы

КІМ ЖЫЛДАМ???

Үй жұмысы «Сұлтанмахмұт Торайғыровтың – өмір шындығының суреткері Ой толғау