АЛҒЫ СӨЗ Казақстан Республикасының Конституциясында жер табиғи ресурс ретiнде, Қазақстан Республикасы халқының өмірінің негiзi болып белгiленген. Жер.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Қ аза қ Ұ лтты қ Агралы қ Унивеситеті Орында ғ ан:А қ ылбек А қ жар қ ын.Рузиева Дильназ Тексерген:Ас қ арова Құ ндыз.
Advertisements

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ ОРЫНДАҒАН:АДИЛЬБЕКОВА А.С.
Экологиялық заңдардың жалпы сипаттамасы
Орындаған :. Қоршаған о рта Экологиялық м әселелер т үрлері Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңдар Тұжырымдама Пайдаланылған ә дебиеттер.
-Оқушылардың құқықтық білімдері тексере отырып, заң ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолын сын сәтте таба білу арқылы жеңіске жету, алдына мақсат.
Конституция деген сөздін латыннан аудармасы құрылғы, жарғы, заң деген мағыналарды білдіреді. Ежелгі Римде император билігінің кейбір актілері осылай аталған.
Қарағанды ж. Мамандық : 5B – « Заңтану » Жұмыс түрі : Дәріс Азаматтық құқықтық қатынастар Автор :
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Т.Рысқұлов атындағы Жаңа Экономикалық Университеті « Табиғатты пайдалану экономикасы » кафедрасы Орындаған:
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі Орындаған: Сакиева М.М Тобы: Т-441 Тексерген:Башаева Н.Д.
Қазақстан Республикасы ғылым және білім министрлігі Конституциялық құқық Алматы-2011 ж.
Адамзат дамуының қандай да болсын тарихи кезеңдеріне көз жүгіртіп қарайтын болсақ, меншік мәселесі бірінші орында тұратындығын аңғарамыз. Меншік адамзат.
1. Заңдарға бағыну; 2. Басқа азаматтардың құқықтарын, бас бостандықтарын, арын құрметтеу; 3. Мемлекеттік рәміздерін құрметтеу; 4. Қаржы, салықтарды төлеу;
Орындаған: Молдабек Ардақ Қабылдаған: Абдыкулова Қ.А Жер салығы 1.
Орындағандар: Сатвалдиев Бағдат және Абен Нұрислам Қабылдаған: Сағымбай Өкетай Жаппарқызы Орындағандар: Сатвалдиев Бағдат және Абен Нұрислам Қабылдаған:
Қылмыстық құқық қылмыстылықты және қоғамдық қатынастар жүйесіне қауіпті іс-әрекет үшін қолданылатын жазаны айқындайтын заң нормаларының жиынтығынан тұратын.
148 қазақ орта мектебі. Бұл жұмыстың мақсаты Қызылорда облысының еңбек нарығын реттеу және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру бойынша ғылыми тәжірибелік.
Азаматтық құқықтық қатынастар
Қарағанды ж. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қарағанды мемлекеттік Е. А. Бөкетов атындағы университеті Мамандық : 5B –
Жер қойнауын пайдалану құқығының субъектілері Жер қойнауын пайдалану құқығының субъектілері ретінде мемлекет, жеке және заңды тұлғалар қатысады. Жер қойнауын.
Транксрипт:

АЛҒЫ СӨЗ Казақстан Республикасының Конституциясында жер табиғи ресурс ретiнде, Қазақстан Республикасы халқының өмірінің негiзi болып белгiленген. Жер Қазақстан Республикасының конституциялық, әкiмшiлiк, азаматтық, отбасы, қаржылық, салықтық жене аграрлық құқықтық, сонымен бiрге мемлекеттiк шекара, мемлекеттiк құрылым, азаматтық мәмiле жасау, жер учаскесiне деген отбасылардың меншiгiн бөлу, салық салу және ауыл шаруашылық өндiрiс тағы басқалардың құқықтық реттеу пәнi болып табылады. Жер құқығы Қазақстан Республикасының дербес құқық саласы ретiнде жердi табиғи ресурс ретiнде пайдалану мен қopғay, жердi ұтымды пайдалануды ұйымдастыру мaқcaтынан өндiрiс құралы және шарты сонымен бiрге, кұнарлы топырақты жақсарту және ұтымды пайдалану, жер қатынастары субъектiлерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн жүзеге асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейтiн құқықтық нормалар жиынтығы. Казақстан Республикасының жаңа Жер кодексi қабылданды. Әртүрлi құқық салалар нормаларының өзара әрекет ету, жанасуы және интеграция процестерi жүзеге асырылуда. Жер құқық саласына азаматтық, еңбек құқығы және өзге де құқық салаларының нормалары енуде. Haқты пәндi оқыту әдiсi студенттердiң болашақ мамандығы үшiн қажет бiлiмдi беруге бағытталғандықтан, жаңа мақсаты бар. Бiлiм алу дәріс және семинар сабақта материалды ic жүзiнде оқу, тақырыптар бойынша қосымша әдебиеттердi, оқулықтарды, oқу құралдарын оқу сонымен бiрге, дәріс және семинар сабақтарды ерекше интерактивтi әдiстердi қолдану арқылы жүзеге асырылады.

1 ТАҚЫРЫП. ЖЕР ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ, ПӘНІ, ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ҚАҒИДАЛАРЫ Сұрақтары: Жер құқығы құқық саласы ретінде, ғылым саласы ретінде және оқу пәні ретінде түсінігі. Жер құқығының пәні. Жер құқық қатынастары: түсінігі, обьектісі, субьектісі және түрлері. Жер құқығының әдістері және жүйесі. Жер құқығының қағидалары. Жер құқығының басқа құқық салаларымен байланысы және ара-қатынасы.

Жер құқығы құқық саласы ретінде, ғылым саласы ретінде және оқу пәні ретінде түсінігі Жер – тұтастай алғандағы адамзат үшін қажетті және басты материалдық ресурс болып табылады. Аталған бұл термин көп қырлы болып табылады және бірнеше мағынада қолданылады: Жер кең мағынада алғанда Жер шары ретінде түсіндіріледі. Жер адамның өмір сүретін ортасы және табиғи байлықтардан, жер бедерінен, ландшафттардан құралатын Жер шарының қабаты ретінде. Жер жер құқығының реттеу пәні ретінде. Бұл тұста біз жер деген түсініктің астарынан табиғи ресурстарды, ауыл және орман шаруашылық өндірістерінің басты өндіріс құралы, құрылыстар, құрылымдар және басқа да объектілер салу үшін қажет болып табылатын кеңістіктің базис деген мағыналарды көре аламыз.

Жер құқығының бар екенін дәлелдейтін мынадай белгілері бар: Жер құқығы қатынастарының қалыптасуы және дамуы; Жер құқық қатынастары саласындағы заңдардың қалыптасуы мен дамуы; Қалыптасқан жер құқық қатынастарын мемлекет тарапынан реттеу механизімінің болуы; Жер құқығының өзіне тән қағидаларының болуы.

ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ: Құқық саласы ретінде жер құқығы дегеніміз – жерді пайдалану мен қорғаумен, жерді жеке меншікке және жер пайдалану құқығына берумен байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған құқық нормаларының жиынтығы. Ғылым саласы ретінде жер құқығы дегеніміз – көптеген ғылыми теориялардың, тұжырымдардың, ой-пікірлерінің және әртүрлі ғылыми көзқарастардың жиынтығы болып табылады. Бұлардың мақсаты ғылыми тұрғыда жер құқығының пайда болуын түсіндіріп беру, оның әрі қарай даму жолына болжам жасау. Сонымен бірге, жер қатынастарын құқықтық реттеудегі ақтаңдақтарды, кемшіліктерді жою, оларды болдырмау және осы саладағы заңдардың өзара қарама-қайшылықтарын жою болып табылады. Оқу пәні ретінде жер құқығы - дәрістік және тәжірибелік сабақтардың жиынтығы, яғни, жер құқығы ғылымының негізгі ережелерінің белгіленген жүйе бойынша мазмұндалуы болып табылады.

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 12- бап 14-тармағына сәйкес, жер дегеніміз: Қазақстан Республикасының егемендігі белгіленетін шектегі аумақтық кеңістік, табиғи ресурс, жалпыға ортақ өндіріс құралы және кез-келген еңбек процессінің аумақтық негізі.

Жердің күнделікті өмірде атқаратын қызметі мен ролін анықтап алуға болады: Жердің саяси-құқықтық қызметі. Яғни, мемлекетіміздің егемендігі белгіленген шекара шегіндегі, Қазақстан халқының тұрғылықты тұрақты мекені; Жердің экологиялық қызметі. Яғни, жер қоршаған ортаның құрамдас және ажырамас бөлігі, табиғи ресурс; Жердің экономикалық қызметі. Яғни, жер жылжымайтын мүлік ретінде танылып, азаматтық айналымның объектісі ретінде елдің байлығы байлығы. Жердің әлеуметтік қызметі. Жер адамдардың өмір сүру негізі және еңбек процесінің аумақтық негізі болып табылады.

Жердiң негiзгi табиғи ресурс ретiнде белгiлерi: Жердiң нарықтық құны оның адам өмiрi үшiн беретiн экологиялық және әлеуметтiк құндылығын бағалай алмайды. Сондықтан жер учаскесiнiң iс жүзiндегi ақшалай құнын анықтау мүмкiн емес; Жерге барлық халықтың табы мұқтаж және халық санының өсуiмен аталған ресурсты тұтынуы жерге деген сұранысты күшейтiп отыр; Жер тек адамзат баласымен ғана емес, сонымен бiрге, адам өмiрiн қамтамасыз ететiн тiршiлiктiң өзге де жандарымен тұтынылады; Жердiң саны мен сапасы өндiрiстiк қызмет нәтижесiнде, өзге кейбiр объектiлер тәрiздi ұлғаймайды, керiсiнше кемiп отырады.

Жер құқығының пәні. Жер құқық қатынастары: түсінігі, обьектісі, субьектісі және түрлері Құқықтық қатынастардың қоғам талаптарына сай өзгеруі, жер құқығы пәні мен міндеттерінің өзгеруіне әкеп соғады. Нарықтық экономика және тұрақты даму жағдайында жер меншік иелері мен жер пайдаланушылардың дербестігі, жер құқық қатынастарының демократиялағы, жер меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтарының кең ауқымға жетуі сияқты құбылыстар орын алып отыр. Нәтижесінде жер құқығының пәні мен міндеттері өзгеріске ұшыраған. Жер құқығының пәні дегеніміз – жер құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастардың жиынтығы, яғни жер құқық қатынастары. Жер Кодексінің 12-бабының 10- тармақшасына сәйкес, жер құқық қатынастары дегеніміз – жерге меншік құқығын және өзге де құқықтарды жүзеге асыра отырып, жер ресурстарын басқаруға, жекелеген субьектілерге жер учаскелерін бекітіп беруге байланысты жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі қатынастар болып табылады.

Жер құқық қатынастарының өзіне тән белгілері: бұл қатынастар жерді пайдалану мен қорғауды қамтамасыз етеді; бұл қатынастар жерді меншік обьектісі, пайдалану обьектісі, аумақтық кеңістігі және табиғат байлығы ретінде қарастырады; бұл қатынастар жер құқық нормаларымен қатар, өзге құқық салаларының нормаларымен реттеледі; бұл қатынастар тек жер учаскесін пайдалану емес, сонымен қатар, жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүлікті де пайдаланумен байланысты қатынастар; бұл қатынастар міндетті қатысушысы мемлекет немесе мемлекет мүддесін білдіретін билік органдары болып табылатын жер ресурстарын басқарумен байланысты қатынастар.

Жер құқық қатынастарының обьектісі ретінде жер қоры, жер учаскесі және жер үлесі танылады. А.Х.Хаджиевтің пікірі бойынша: жер құқығы қатынастарының жалпы объектісі – еліміздің экономика салаларында қолданылып жатқан және қолдануға мүмкін болатын еліміздің жер ресурсы, барлық жер қоры құрайды. Ә.Е. Бектұрғанов жер құқық қатынастары жердің өзі туралы емес, оның құқықтық мәртебесі туралы қатынастар оның объектісі болып саналады дейді.

Жер қоры Қазақстан аумағының барлық жерлерінің жиынтығы. Қазіргі жер қоры жеті санатқа бөлінеді: ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер; елді мекендердің (қалалардың, кенттер мен ауылдық елді мекендердің) жері; өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауылшаруашылығы мақсатына арналмаған жерлер; ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер; орман қорының жері; су қорының жері; босалқы жері.

Жер учаскесі Жер учаскесі дегеніміз – белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілген тұйық шекара ішіндегі бөлінген жер бөлігі (Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 12-бап 13-тармағы). Жер учаскесінің мынадай белгілері бар: Біріншіден, тұрақты белгілі бір аумақта орналасқан жердің бір бөлігі; Екіншіден, тұйықталған шекарасының болуы; Үшіншіден, заңда белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетіндігі; Төртіншіден, жер учаскесіне құқықтарды растайтын арнайы құжаттарының болуы. Мысалы, жер учаскесіне жеке меншіктің мемлекеттік актісі т.б.

Жер учаскесінің екі түрі бар: Ол бөлінетін және бөлінбейтін жер учаскесі. Бөлінетін жер учаскесі дегеніміз – өзінің нысаналы мақсатын өзгертпей және өртке қарсы, санитарлық, экологиялық, құрылыстық және өзге де міндетті нормалар мен ережелерді бұзбай бөліктерге бөлуге болатын, бөлінгеннен кейін әрқайсысы дербес жер учаскесін құрайтын жер учаскесінің түрі. Егер бұлай болмаған жағдайда жер учаскесі бөлінбейтін деп танылып, жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжатта көрсетіледі.

Жер үлесі Бұл – бір жер учаскесіне екі немесе одан да көп тұлғалардың құқықтары болған жағдайда, сандық тұрғыдан анықталған үлес.

Жер үлесі түрлері: ортақ меншіктегі және ортақ пайдаланудағы жер үлесі; қонымды жер үлесі; шартты жер үлесі.

Ортақ меншіктегі және ортақ пайдаланудағы жер үлесі Екі немесе бірнеше тұлғаның меншігіндегі жер учаскесі оларға ортақ меншік құқығымен тиесілі болады. Ортақ меншіктегі немесе ортақ пайдаланудағы жер үлесі ортақ үлестік меншік құқығында (пайдалану), мысалы: ауылшаруашылық серіктестіктерінің жерге меншік (пайдалану) құқығы немесе ортақ бірлескен меншік құқығында (пайдалану), мысалы: ерлі-зайыптылардың жерге меншік (пайдалану) құқығы болуы мүмкін.

Қонымды жер үлесі Бұл кондоминиум объектілері болып табылады. Кондоминиум дегеніміз – жылжымайтын мүлікке меншіктің (өзге де құқықтың) ерекше нысаны, бұл ретте жылжымайтын мүліктің жекелеген бөліктері жеке және заңды тұлғалардың бөлек дербес меншігінде болады, ал жылжымайтын мүліктің бөлек меншікке жатпайтын бөліктері, оның ішінде жер учаскесі де, оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болады және бөлек меншігіндегі жылжымайтын мүлік бөліктеріне құқықтардан ажыратылмайды. Мысалы: көп пәтерлі үйдің ауласы, шатыры, баспалдақ алаңы, лифт т.б.

Шартты жер үлесі дегеніміз таратылған немесе қайта ұйымдастырылған ұжымшар мүшелерінің, мемлекеттік емес болып қайта құрылған мемлекеттік ауыл шаруашылығы ұйымдары қызметкерлерінің сандық тұрғыдан анықталған үлесі

Жер құқығы қатынастары субьектілерінің құқық көлемі мынадай жағдайларға тәуелді болады: - субъектінің түріне; - субъектінің заңи маңызы бар әрекетіне; - аталған жер құқығы қатынастарының ерекшелігіне; - құқық қатынастары субьектісінің өз функциясын жүзеге асыру жағдайына байланысты болады.

Жер құқық қатынастарының субьектілері жер құқығы қатынастарына қатысушылар болып табылатын және соған орай құқықтары бар әрі осы құқық қатынасында міндеттер атқаратын жеке және заңды тұлғалар, мемлекет. Мысалы: мемлекеттік органдар, жердің меншік иелері, жер пайдаланушылар, қазақстандық тұлғалар, шетелдік тұлғалар, халықаралық ұйымдар және т.б.

Жер құқық қатынастарының мазмұны дегеніміз – жер құқық қатынастарына қатысушылардың заңдармен белгіленген немесе реттелген құқықтары мен міндеттері. Бұл тұжырым бір-бірімен байланысты үш элементтен тұрады: Жер құқық қатынастарына қатысушылар (субъектілер-жерге меншік иелері, жер пайдаланушылар, жер құқық қатынастарын реттеуші мемлекеттік органдар); Жер құқық қатынастарына қатысушылардың (субъектілердің) құқықтары мен міндеттерін, өкілетті органдардың өкілдіктерін реттейтін заңдардың (өкілді және атқарушы органдардың құзыреттері туралы) нормалары; Заңдарда және заңи құжаттарда белгіленген жер құқық қатынастарына қатысушылардың құқықтары мен міндеттері.

Жер құқығы қатынастары субъектілерінің міндеттері заңмен анықталған басқа тұлғаның субъективті құқығына сәйкес міндетті тұлғаның мінез-құлқының заңмен анықталған түрі мен көлемі. Жер құқығы қатынастары субъектілерінің міндетті мінез-құлқы мынадай сипатта көрінеді: - қандай да бір әрекетті жасау міндеті (белсенді міндет); - қандайда бір әрекетті жасамау міндеті (бәсең міндет).

Материалдық жер құқық қатынастары құқық субъектілерінің тікелей жерге қатысты құқықтары мен міндеттерін анықтаушы нормаларды құрайды. Басқаша айтқанда бұл құқықтар құқық нормасымен қарастырылған құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру арқылы қалыптасады. Мысалы жер учаскесін кепілге салу (ЖК 76-бабы), жер учаскесін оның нысанынан туындайтын мақсатты пайдалана отырып, жерде дербес шаруашылық жүргізу (ЖК 64-бап, 1 тармақ, 1 т.), басқа меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтарын бұзбау (ЖК 65-бап, 1 т., 8 т).

Жер процессуалдық құқықтық қатынастар материалдық құқықтық қатынастардың пайда болуын, тоқтатылуын және жүзеге асыру тәртібін анықтайтын нормаларда көрінеді. Яғни құқықтық реттеуге жер құқық қатынастары түспейді, оларды жүзеге асыру тәртібі түседі. Оған жерге қатысты мәмілені тіркеу тәртібі жатады. Жерді сатып алу-сату шарты жер ресурстарын басқаратын өкілетті органның тиянақты тексеруінен кейін міндетті түрде тіркелуге жатады.

Реттеуші жер құқық қатынастары заңи жауапкершілікті қолдануға байланысты емес жер құқық қатынастарын жүзеге асыру процесінде қалыптасады. Мысалы, Жер Кодексінің 85-бабына сәйкес, егер меншік иелері немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушылар жер пайдалану құқығын сатып алған болса, жер учаскелерін мемлекеттік қажеттіктер үшін олардан алып қою Жер Кодексіне, ал онымен реттелмеген бөлігінде Қазақстан Республикасының өзге де заң актілеріне сәйкес сатып алу тәртібімен жүзеге асырылады.

Қорғаушы жер құқық қатынастары жасалған құқық бұзушылыққа жауапкершілік шарасын қолдануға байланысты пайда болады. Мәселен жердің құнарлы қабатын химиялық заттар шығарып тастау арқылы нашарлатқан заңды тұлғалар, заң актілеріне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Кейбір жағдайда осындай құқық бұзушылықтан басқа құқық салаларымен қарастырылған қорғау қатынастары туындайды. Қорғау құқық қатынастары жер заңының бұзылуының барлық жағдайында пайда болады. Мысалы, жердің нысаналы мақсатын заңсыз өзгерту жер учаскесін алып қоюға негіз болады (жер құқығы жауапкершілігі); келтірілген залалды өтеу (азаматтық құқықтық жауапкершілік; айып төлеуді қолдану (әкімшілік құқықтық жауапкершілік).

Жер құқық қатынастары мазмұнына байланысты: жерді табиғи объект ретінде қорғаумен байланысты қатынастар; жерді өндіріс құралы ретінде пайдаланумен байланысты қатынастар; жер ресурстарын мемлекеттік басқарумен байланысты қатынастар; жер заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік қолданумен байланысты қатынастар.

Жер құқық қатынастары қатысушыларының құқықтары мен міндеттерінің мазмұнына байланысты: жерге меншік құқығын жүзеге асырумен байланысты қатынастар; жерге меншік құқығынан туындайтын өзге құқықтарды жүзеге асырумен байланысты қатынастар.

Жер құқық қатынастарының мерзіміне байланысты: тұрақты қатынастар; тұрақты жер пайдалану құқығынан және жерге меншік құқығынан туындайтын қатынастар т.б; уақытша қатынастар; жер учаскесін қысқа (5жыл) немесе ұзақ (49жыл) мерзімді уақытша пайдаланудан туындайтын қатынастар т.б.

Жер құқық қатынастарының туындау негіздеріне байланысты: бастапқы жер құқық қатынастары; туынды жер құқық қатынастары.

Жер құқық қатынастары нормаларының мазмұнына байланысты: материалдық қатынастар; процессуалдық қатынастар.

Жер құқығының әдістері жер қатынастарын реттейтін, яғни, жер құқық қатынастары субъектілеріне әсер ету амалдары мен тәсілдерінің жиынтығы.

Жер құқығының әдістері екі түрге бөлінеді: Жер құқығының императивті әдістері – билік пен бағыныштылыққа негізделген, міндетті қатысушысы мемлекет немесе мемлекет мүддесін білдіретін билік органдары болады. Императивті әдістер жер ресурстарын мемлекеттік басқару саласында, мемлекеттік басқару функциясын жүзеге асырудың тәртібін анықтауда, жер учаскесінің шекті мөлшерін анықтауда, жер учаскесін тек нысаналы мақсатта пайдалану шектеулерін белгілегенде, т.б. жағдайларда қолданылады. Жер құқығының диспозитивті әдістері – жер құқық қатынастары қатысушыларының теңдігіне, шарт еркіндігіне негізделген. Бұл әдістер жерге жеке меншік құқығын жүзеге асыру саласында және жерде дербес шаруашылық жүргізуде қолданылады. Яғни, жер құқық қатынастары қатысушыларына жер учаскесіне қатысты өз бетінше шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Жер құқығының жүйесі өзара тығыз байланысты жер құқық институттарының жиынтығы. Өзге құқық салалары сияқты жер құқығының жүйесі келесі бөлімдерден тұрады: жалпы бөлім, ерекше бөлім және арнайы бөлім.

Жалпы бөлімде Жалпы бөлімде жалпы ережелер, яғни жер құқығының түсінігі, пәні, әдістері, қағидалары, қайнар көздері қарастырылған. Сонымен бірге, жерге меншік құқығы, жер пайдалану құқығы, жер қатынастарын мемлекеттік реттеу және жер заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік мәселелері көрініс тапқан.

Ерекше бөлім Жер құқығының ерекше бөлімінде жер қорының жекелеген санаттарының құқықтық режимі мен оларды қорғау жағдайлары қарастырылған. Атап айтсақ, ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің құқықтық режимі, елді мекендердің (қалалардың, кенттер мен ауылдық елді мекендердің) жерінің құқықтық режимі, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауылшаруашылығы мақсатына арналмаған жерлердің құқықтық режимі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи- мәдени мақсаттағы жерлердің құқықтық режимі, орман қорының жері, су қорының жері, босалқы жерлердің құқықтық режимі.

Арнайы бөлім Арнайы бөлім шетелдердің жер заңдарын зерттейді. Шетел мемлекеттерінің, Қазақстан жерін пайдалану мәселелерін, халықаралық шарттармен реттелетін жерді жалдау қатынастарын және жерді халықаралық қорғау және жер қатынастары саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелерін зерттейді.

Жер құқығының қағидалары Жер құқығының қағидалары дегеніміз – жер құқық қатынастарын реттеуде басшылыққа алынатын негізгі заңды түрде бекітілген бастамалар жиынтығы.

Жер кодексінің 4-бабында жер қатынастарын құқықтық реттеудің қағидалары аталған: Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы, қол сұғылмаушылығы және бөлінбейтіндігі; Жерді табиғи ресурс, Қазақстан Республикасы халқының өмірі мен қызметінің негізі ретінде сақтау; Жерді қорғау және ұтымды пайдалану; Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; Жерді нысаналы пайдалану; Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің басымдығы; Жердің жай-күйі және оған қол жетімділік туралы ақпаратпен қамтамасыз ету; Жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі іс шараларды мемлекеттік қолдау; Жерге залал келуін болдырмау немесе оның зардаптарын жою; Жерді ақылы пайдалану.

Жер құқығының басқа құқық салаларымен байланысы және ара-қатынасы Жер құқығы және азаматтық құқық Жер құқығы және аграрлық құқық Жер және тау-кен құқығы Жер және орман құқығы Жер және су құқығы

2 ТАҚЫРЫП. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЕР ҚҰҚЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ ТАРИХЫ Сұрақтары: Қазақстандағы жер қатынастарының даму кезеңдері. Жалпы сипаттамасы. Қазақстанның Ресей құрамына енгенге дейiнгi жер қатынастары. Ресейдiң құрамында болған кездегi жер қатынастары. Кеңестiк кезеңдегi жер қатынастары. «Жер туралы» декрет. «Жерді социализациялау туралы». Егемендi Қазақстандағы жер қатынастары. Қазақстан Республикасының жер қатынастарының нарық талаптарына сай дамуы.

Қазақстандағы жер қатынастарының даму кезеңдері Қазақстанның Ресей құрамына енгенге дейінгі жер қатынастары, Қазақстанның Ресей құрамында болған кезеңіндегі жер қатынастары, Кеңес кезіндегі жер қатынастары Егеменді Қазақстандағы жер қатынастары

Қазақстан Республикасының егемендік алғаннан кейінгі жер қатынастары саласындағы негізгі бағыттары мен мақсаттары: Жаңа жер құрылымына өту – жер пайдаланудың жаңа жүйесін құру мен қалыптастыру; Жер жылжымайтын мүлкіне құжаттарды рәсімдеу – заңды және жеке тұлғалардың жер учаскелеріне жер- кадастрлық істерін қалыптастыру; Мемлекеттік жер кадастрын құру және жүргізу; Жер нарықтық қатынастарын жетілдіру – жерге ақы төлеудің механизмін қалыптастыру; Жерге ақы төлеудің заңнамалық базасын және ғылыми- әдістемелік қамтамсыз етуді дайындау; Жер мониторнигісін жүргізу, жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау жасау; Жер пайдалану мен қорғаудың экономикалық тетіктерін енгізу және оларды тиімді қолдануды жетілдіру.

3 ТАҚЫРЫП. ЖЕР ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ Сұрақтары: 1. Жер құқығының қайнар көздерiнiң түсінігі және белгілері. 2. Жер құқығының қайнар көздері мен жер заңнамасының ара-қатынасы. 3. Жер заңнамасының мақсаты мен міндеттері. 4. Жер құқығы қайнар көздерінің жіктелуі. (заң күші бойынша; әрекет етуі бойынша; құқықтық қатынастарды реттеу шеңбері бойынша; актіні қабылдаған орган бойынша).

Жер құқығының қайнар көздері Жер құқығның қайнар көздері дегеніміз - жер құқығы қатынастарын реттеуге бағытталған нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық келісім шарттардың жиынтығы болып табылады. Бұлардың негізгі мақсаты – мемлекеттің жер саясатын білдіре отырып оны жүзеге асыру. Бұл жерде сот прецеденттерінің әдет- ғұрып ережелері есепке алынбайды. Белгілері: Жер қатынастары саласындағы мемлекеттің саясатын жүргізуді қамтамасыз етуге бағытталған; Жер қатынастарын реттеуге бағытталған; Бірнеше рет қолданылады; Жер құқық қатынастары субъектілерімен орындалуға міндетті болып табылады.

Жер заңнамасының мақсаттары: - өндірістің экологиялық қауіпсіз технологияларын ынталандыру және басқада іс-шараларды жүргізу арқылы жердің тозуы мен бүлінуін, шаруашылық қызметін басқада қолайсыз зардаптарын болдырмау; - тозған немесе бүлінген жерді жақсарту мен қалпына келтіруді қамтамасыз ету; - жерді оңтайлы пайдаланудың экологиялық нормативтерін тәжірбиеге енгізу болып табылады.

Жер заңдарының міндеттері: - жер учаскесіне меншік құқығы мен жер пайдалану құқығы туындауының, өзгертілуі мен тоқтатылуының негіздерін, шарттары мен шектерін; - жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру тәртібін белгілеу; - жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ құнарлылығын ұдайы қалпына келтіріп отыруды, табиғи ортаны сақтау мен жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу; - шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тең құқық пен дамыту үшін жағдайлар жасау; - жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттің жерге құқықтарын қорғау; - жылжымайтын мүлік рыногын жасау мен дамыту; - жер қатынастары саласында заңдылықты нығайту болып табылады.

Жер құқығы қайнар көздерінің жіктелуі: заң күші бойынша; қолданылатын аумақтық кеңістік бойынша; реттелетін қатынастардың түріне байланысты; Заң күшіне байланысты заңдар және заңға негізделген актілер болып бөлінеді.

4 ТАҚЫРЫП. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЕРГЕ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ Сұрақтары: 1.Жерге меншік құқығының түсінігі және түрлері 2.Жерге мемлекеттік меншік құқығы, оның объектісімен субъектілері және жүзеге асыру ерекшеліктері 3. Жерге жеке меншік құқығы, оның объектілері мен субъектілері және жүзеге асыру ерекшеліктері 4. Жер учаскесі жерге заттық құқықтықтың объектісі ретінде түсінігі, белгілері және түрлері

Жерге меншік құқығы Жер учаскесін иелену құқығы дегеніміз – заңда қарастырылған шекте меншік иесінің іс жүзінде жер учаскесін иемдену құқығы. Мысалы: жер учаскесін қоршап алуы, жер учаскесіне меншік құқығын куәландыратын құжаттарды дайындауы т.б. Жер учаскесін пайдалану құқығы дегеніміз – жер меншік иесінің өзінің шаруашылық және өзге қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жер учаскесінің пайдалы қасиеттерін алуды жүзеге асырудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі. Мысалы: жер учаскесіне дәнді-дақылдар егіп, өнімге меншік құқығын жүзеге асыруы, жер учаскесінде тұрғын үй құрылысын жүргізуі, мемлекеттік салық органдарының жер учаскесіне салық жинап алуы т.б. Жер учаскесіне билік ету құқығы дегеніміз – меншік иесінің заңда рұқсат берілген шекте өзіне тиесілі жер учаскесінің заңды тағдырын шешу құқығы. Меншiк иесi өзiнiң жер учаскесiне қатысты оның нысаналы мақсатын өзгертпей, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде тыйым салынбаған кез келген мәмiлелердi жасасуға құқылы.

Жер кодексінің 33-бабына сәйкес, жер пайдаланушылардың: 1) ортақ пайдаланудағы; 2) қорғаныс қажеттерiне берiлген; 3) орман қорының; 4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы; 5) қызметтiк жер телiмiнiң; 6) уақытша өтеусiз және уақытша қысқа мерзiмдi өтеулi жер пайдалану құқығымен берiлген жер учаскелерiнiң; 7) кепiлге берудi қоспағанда, шаруа (фермер) қожалығын және тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша жер пайдалану құқығымен берiлген жер учаскелерiнiң; 8) су қорының жерiнде жер пайдалану құқығын иелiктен шығаруды қоса алғанда, жер пайдалану құқығына қатысты мәмiлелер жасасуына жол берiлмейдi.

Жерге меншік құқығының түрлері: Жерге мемлекеттік меншік Жерге жеке меншік

Жерге мемлекеттік меншік құқығы мемлекеттің Қазақстан Республикасының аумағындағы өзіне тиесілі жер учаскелерін заңда көрсетілген талаптар мен шарттар негізінде иелену, пайдалану және билік ету құқығы болып танылады

Мынадай жер учаскелерi жеке меншiкте бола алмайды: қорғаныс және мемлекеттiк қауiпсiздiк, мемлекеттiк меншiктегi қорғаныс өнеркәсiбi қажеттерiне; Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қорғау және күзету үшiн тұрғызылған инженерлiк-техникалық құрылыстар, коммуникациялар орналасқан; кеден қажеттерiне арналған жер учаскелерi; ерекше қорғалатын табиғи аумақтар; орман қорының жерi(ЖК 128-баб.4-тарм. қоспағанда); су қорының жерi(ЖК 133-баб.2-тармағын қоспағанда); магистральдық темiр жол желiлерi мен ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдары; жеке меншiк құқығындағы үйлер мен ғимараттардың және оларға қызмет көрсетуге қажеттi жер учаскелерiн қоспағанда, елдi мекендердегi ортақ пайдаланудағы аумақтар орналасқан жер учаскелерi

Азаматтар және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың бөлек меншiгiне: тұрғын халықтың қажетiне арнап пайдаланылатын және соған арналған жайылымдық және шабындық алқаптар; ортақ пайдаланудағы жолдар, оның iшiнде шаруашылықаралық және мекенаралық маңызы бар, сондай-ақ ортақ пайдаланудағы жер учаскелерiне өтуге арналған жолдар; жер учаскелерiнiң екi немесе одан көп меншiк иелерi немесе жер пайдаланушылар бiрлесiп пайдаланатын суландыру құрылыстары (суландыру каналдары, суағарлар, құдықтар, суат пункттерi) орналасқан жер учаскелерi берiлмейдi.

Жерге мемлекеттік меншік құқығының субъектісі Республикалық меншіктегі жерлерге билікті Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады. Ал жергілікті меншіктегі жерлерге билікті жер учаскесі орналасқан жердегі жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асырады.

Жерге жеке меншік құқығы – жеке тұлғаның немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаның өзіне тиесілі жер учаскесін заңда көрсетілген шарттар мен шектерде иелену, пайдалану және билік ету құқығы болып танылады

Қазақстан Республикасының азаматтарының жеке меншiгiнде : Шаруа \фермер\ қожалығын жүргiзу үшiн; Өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу үшiн; Орман өсiру үшiн; Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн; Саяжай құрылысы үшiн; Үйлердi \құрылыстар мен ғимараттарды\олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жердi қоса алғанда, өндiрiстiк және өндiрiстiк емес, оның iшiнде тұрғын үйлердi және олардың кешендерiн салу үшiн немесе олар салынған жер учаскелерi болуы мүмкiн.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларының жеке меншігіне үш жағдайда беріледі: Тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн Орман өсiру үшiн Үйлердi \құрылыстар мен ғимараттарды\ олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жердi қоса алғанда, өндiрiстiк және өндiрiстiк емес, оның iшiнде тұрғын үйлердi және олардың кешендерiн салу үшiн немесе олар салынған жер учаскелерi үшін

Шетелдік тұлғаларға жер учаскелері бір ғана жағдайда жеке меншікке берілуі мүмкін: Үйлердi \құрылыстар мен ғимараттарды\олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жердi қоса алғанда, өндiрiстiк және өндiрiстiк емес, оның iшiнде тұрғын үйлердi және олардың кешендерiн салу үшiн берілген немесе олар салынған жер учаскелерi

Жерге жеке меншік құқығының объектілері: Қазақстан Республикасының Жер кодексінде көзделген тәртіпке сәйкес елді мекендер, ауыл шаруашылық мақсатындағы, орман және су қорларының жерлері табылады.

Жер учаскелеріне жеке меншік құқығының субъектісі: азаматтар және мемлекеттік емес заңды тұлғалар. Бұл ретте, егер жер заңдарында өзгеше белгіленбесе, азаматтар деп Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай- ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар ұғынылады.

Жер учаскесі заңда белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін тұйық шекара ішіндегі бөлінген жер бөлігі

Жер учаскесінің белгілері мынадай: 1. Тұрақты орналасқандығы; 2. Белгілі шекарада орналасқандығы; 3. Учаскеге құқығы бар екендігін растайтын құжаттың болуы.

Жер учаскесiне құқық белгiлейтiн құжаттар дегеніміз – азаматтар мен заңды тұлғалардың жер учаскесiне тиiстi құқықтары (жеке меншiк құқығы, жер пайдалану құқығы, сервитуттар және жер учаскесiне өзге де заттық құқықтар) туындайтын құжаттар. Құқық белгiлейтiн құжаттарға атқарушы органдардың жер учаскесiне құқық беру туралы құқықтық актiлерi, сатып алу-сату шарттары (айырбастау, сыйға тарту немесе жер учаскесiн иелiктен шығару туралы өзге мәмiлелер) және сот органдарының жер учаскесiне жеке меншiк құқығын, жер пайдалану құқығын және жерге өзге заттық құқықтарды тану туралы шешiмдерi жатады.

Жер учаскесiне құқықты куәландыратын құжаттар дегеніміз – жер учаскесiнiң сәйкестендiру сипаттамаларын көрсететiн және жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның құқық белгiлейтiн құжаттардың негiзiнде жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларға беретiн құжаттары. Құқықты куәландыратын құжаттарға жер учаскесiне жеке меншiк құқығы актiсi, тұрақты жер пайдалану құқығы актiсi және уақытша (өтеулi, өтеусiз) жер пайдалану құқығы актiсi жатады.

5 ТАҚЫРЫП. ЖЕР ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕРГЕ БАСҚА ДА ҚҰҚЫҚТАР Сұрақтары: Жер пайдалану құқығының түсінігі және оның түрлері. Жер пайдалану құқығының субъектілері және олардың түрлері. Жер меншік иелерімен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері. Сервитуттар түсінігі, түрлері пайда болу және тоқтату шарттары.

Жер пайдалану құқығы тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін өтеулі немесе өтеусіз негізде мерзімсіз немесе белгілі бір мезгіл ішінде иелену және пайдалану құқығы

Жер пайдалану құқығының ерекшеліктері: 1. Пайдаланудағы жер әрқашанда мемлекеттің меншігінде болып қалады; 2. Жер учаскесін пайдалануға мерзімсіз немесе бір мерзім ішінде беріліп отырады, ал меншік құқығында барлық пайдалану мерзімсіз болып табылады; 3. Жер учаскесін пайдалануға ақылы түрде берілуі мүмкін, бұл пайдалану өтеулі деп аталады. Заңда көрсетілген тұлғаларға жер тегін түрде беріледі, бұл пайдаланудың түрі өтеусіз деп аталады.

Жер пайдалану құқығының мынандай түрлері: Тұрақты жер пайдалану құқығы; Уақытша жер пайдалану құқығы; Өтеулі жер пайдалану құқығы; Өтеусіз жер пайдалану құқығы; Иеліктен шығарылатын жер пайдалану құқығы; Иеліктен шығарылмайтын жер пайдалану құқығы.

Тұрақты жер пайдалану жерді алдын ала мерзімін белгілемей отырып пайдалану болып табылады. Тұрақты пайдалануға тек мемлекеттік тұлғаларға ғана беріледі. Бұл Жер кодексінің 34-бабында көрсетілген.

Жер учаскелерi тұрақты жер пайдалану құқығымен мынадай мемлекеттiк жер пайдаланушыларға: 1) кондоминиум объектiлерiндегi үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды), үй-жайларды шаруашылық жүргiзу құқығымен немесе оралымды басқару құқығымен иеленетiн заңды тұлғаларға; 2) ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндiрiсiн жүзеге асыратын заңды тұлғаларға; 3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерiнде жер пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға беріледі. Сонымен қатар, тұрақты жер пайдалану құқығы шетелдік жер пайдаланушыларға тиесiлi болмайды.

Уақытша жер пайдалану құқығы алдын ала мерзімін белгілей отырып пайдалану, ол екітүрге бөлінеді: 1. Қысқа мерзімді, ол бес жылға дейін пайдалану; 2. Ұзақ мерзімді, ол бес жылдан қырық тоғыз жылға дейін.

Өтеулі жер пайдалану құқығы дегеніміз – жер пайдалану құқығы мемлекеттен сатып алынатындығын білдіреді. Жер учаскесiне уақытша өтеулi (қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығы азаматтарға, мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға, сондай-ақ халықаралық ұйымдарға табысталуы мүмкiн.

Өтеусіз жер пайдалану құқығы мемлекеттен сатып алынбайтынын білдіреді. Оларға мыналар жатады: шалғайдағы мал шаруашылығы, маусымдық жайылымдар үшін; тұрғын халықтың мал жаю мен шөп шабуы үшін ; мемлекеттік жер пайдаланушыларға; бақша өсіру үшін; қызметтік жер телімі; ортақ пайдаланатын жолдарды салу, мемлекеттік меншігі және әлеуметтік мәдени мақсаттағы обьектілер құрылысы кезеңіне; тозған және бүлінген жерлерді қалпына келтіру кезінде; ҚР заңдарында белгіленген тәртіппен үйлерді және ғимараттарды уақытша өтеусіз пайдалануға берілген кезде, Ғибадат обьектілері үшін діни обьектілер.

Қызметтiк жер телiмi ұзақ мерзiмдi уақытша өтеусiз жер пайдаланудың ерекше бiр түрi болып табылады. Қызметтiк жер телiмi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген тізімге сәйкес, осы телiмге құқығы бар адамдар жұмыс iстейтiн мемлекеттiк заңды тұлғалардың жер пайдалануындағы жерден бөлiнедi. Ол қызметтiк тұрғын үйдi күтiп-ұстау, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру, шөп шабу және мал жаю үшiн берiледi.

Иеліктен шығарылатын жер пайдалану құқығы дегеніміз оның иесі өзіне тиесілі жер учаскесін заңды тағдырын шешуге құқығы бар жағдайдағы пайдалану. Яғни, иеліктен шығарылатын жер пайдалану құқығы деп оның иесі өзіне тиесілі жер пайдалану құқығын заңда көрсетілген жағдайлар мен тәртіптер арқылы оқшаулауға құқылы екендерін білдіреді. Оқшаулау деп - азаматтық заңдармен реттелетін азаматтың жер учаскесімен құқықтық мәмілелерді жасауға мүмкіндігі болып табылады. Бұл құқық барлық жер пайдаланушыларға тиесілі емес.

Иеліктен шығарылмайтын жер пайдалану құқығы дегеніміз оның иесі өзіне тиесілі жер учаскесін заңды тағдырын шешуге құқығы болмайтын жағдайдағы пайдалану құқығы.

Жер пайдалану құқығының субъектілері бірнеше топқа бөлінеді: жеке және заңды тұлғалар. ұлттық және шетелдік тұлғалар. Ұлттық жер пайдаланушыларға мыналар жатады: ҚР азаматтары, ҚР заңды тұлғалары, шетелдік қатысуы бар ҚР заңды тұлғалары; ал енді шетелдік жер пайдаланушыларға келесі тұлғалар жатады: Шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар, шетел мемлекеттері, халықаралық ұйымдар мен бірлестіктер. мемлекеттік және мемлекеттік емес тұлғалар. Мемлекеттік жер пайдаланушыларға: Мемлекеттік заңды тұлғалар жатады. тұрақты және уақытша жер пайдаланушылар бастапқы және кейінгі жер пайдаланушылар. Бастапқы жер пайдаланушыларға: Жерді тікелей мемлекеттен немесе басқа бастапқы жер пайдаланушыдан тәртібі арқылы алған тұлғалар болып табылады. Кейінгі жер пайдалануда бастапқы жер пайдаланушы өзінің биліктік мәртебесін сақтап отырады.

Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерiн пайдалануға құқықтары: 1) жер учаскесiн оның нысанасынан туындайтын мақсатта пайдалана отырып, жерде дербес шаруашылық жүргiзу; 2) ауыл шаруашылығы және өзге де дақылдар мен екпелер себу мен отырғызуға, өндiрiлген ауыл шаруашылығы өнiмi мен жер учаскесiн пайдалану нәтижесiнде алынған өзге де өнiмге және оны өткiзуден түскен табысқа меншiк, шаруашылық жүргiзу, оралымды басқару; 3) өз шаруашылығының қажеттерi үшiн жер учаскесiнде бар құмды, сазды, қиыршық тасты және басқа да кең таралған пайдалы қазбаларды, шымтезектi, екпелердi, жер үстi және жер асты суларын, кейiннен мәмiлелер жасасу ниетiн көздемей, белгiленген тәртiппен пайдалану, сондай-ақ жердiң өзге де пайдалы қасиеттерiн пайдалану; 4) жер учаскесi мемлекеттiк қажеттiктер үшiн алып қойылған (сатып алынған) жағдайда келтiрiлген шығынды толық көлемiнде өтетiп алу; 5) жердi аймақтарға бөлудi ескере отырып, меншiк, шаруашылық жүргiзу, оралымды басқару құқығымен жер учаскесiнiң нысаналы мақсатына сәйкестiкте тұрғын үйлер, өндiрiстiк, тұрмыстық және өзге де үйлер (құрылыстар, ғимараттар) салу; 6) белгiленген құрылыс, экологиялық, санитарлық-гигиеналық және өзге де арнаулы талаптарға сәйкес суландыру, құрғату және өзге де мелиорациялық жұмыстар жүргiзу, тоғандар мен өзге де су айдындарын жасау құқығы бар.

Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерiн пайдалану жөнiндегi мiндеттерi: 1) жердi оның нысаналы мақсатына сәйкес, ал уақытша жер пайдалану кезiнде - жер учаскесiн беру актiсiне немесе жалдау шартына (өтеусiз уақытша жер пайдалану шартына) сәйкес пайдалануға; 2) санитарлық және экологиялық талаптарға сәйкес өндiрiс технологияларын қолдануға, өздерi жүзеге асыратын шаруашылық және өзге де қызмет нәтижесiнде халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтiруге, санитарлық-эпидемиологиялық, радиациялық және экологиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеуге; 3) жердi қорғау жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруға; 4) жер салығын, жер учаскелерiн пайдалану төлемақысын және Қазақстан Республикасының заңдары мен шартта көзделген басқа да төлемдердi уақтылы төлеуге; 5) жануарлар дүниесiн, орман, су және басқа да табиғи ресурстарды пайдалану тәртiбiн сақтауға, жер учаскесiнде орналасқан, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекет қорғауындағы тарих, сәулет ескерткiштерiн, археологиялық мұра мен басқа да объектiлердi қорғауды қамтамасыз етуге; 6) жер учаскесiнде шаруашылық және өзге де қызметтi жүзеге асыру кезiнде құрылыс, экологиялық, санитарлық-гигиеналық және өзге де арнаулы талаптарды (нормаларды, ережелердi, нормативтердi) сақтауға; 7) мемлекеттiк органдарға Қазақстан Республикасының жер заңдарында белгiленген жердiң жай-күйi мен пайдаланылуы туралы мәлiметтердi уақтылы табыс етiп отыруға; 8) басқа меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтарын бұзбауға; 9) топырақтың ластануына, қоқыстануына, тозуына және оның құнарлылығының нашарлауына, сондай-ақ топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алу құнарлы қабаттың бiржола жоғалуын болғызбау үшiн қажет болған жағдайларды қоспағанда, басқа тұлғаларға сату немесе беру мақсатымен оны сыдырып алуға жол бермеуге; 10) сервитуттар берудi қамтамасыз етуге мiндеттi.

Сервитут бөтен жер учаскелерiн шектеулi мақсатты пайдалану, оның iшiнде жаяу өту, көлiкпен өту, қажеттi коммуникацияларды тарту мен пайдалану, аң аулау шаруашылығы және өзге де қажеттер үшiн пайдалану құқығы

Сервитут белгілері: Сервитут дегеніміз бөтеннің иелігіндегі жер учаскесін шектеулі пайдалану құқығы; Сервитут құқық емес, міндет болып табылады; Сервитуттың объектісі кез келген мүлік емес жер учаскесі; Сервитут мәмiленiң, оның iшiнде сатып алу-сатудың және кепiлге салудың дербес нысанасы бола алмайды. Сервитут басқа тұлғаларға қамтамасыз етiлуi үшiн сервитут белгiленген құқықпен бiрге ғана ауыса алады Сервитут әрқашан да уақытша сипатта болады; Сервитуттың пайда болуы шарты ретінде бөтеннің иелігіндегі жер учаскесінің болуы; Нормативтік құқықтық актілерден туындаған сервитуттар тіркелуге жатпайды; Жер учаскесiн шектеулi құқықпен пайдаланушы құқық субъектiсi жеке меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға сервитутпен байланысты келтiрiлген барлық шығынды өтеуге тиiс; Жер учаскесiне меншiк құқығы немесе сервитутпен ауыртпалық салынған жер учаскесiне жер пайдалану құқығы басқа тұлғаға ауысқан жағдайда сервитут сақталады.

Сервитуттың пайда болу негіздері: Тікелей нормативтік құқықтық актілері негізінде; Мүделлі тұлғамен жер меншік иесі немесе жер пайдаланушы арасында жасалған шарт негізінде; Тікелей сот шешімі негізінде; Жергілікті атқарушы орган актісі негізінде. Өзге де заңдар негізінде туындауы мүмкін.

Жер кодексіне сәйкес, сервитуттың екі түрі бар: жекеше сервитут қауымдық сервитут

Жекеше сервитут Жеке меншiк иесi немесе жер пайдаланушы – көршi жер учаскесiне жеке меншiк немесе жер пайдалану құқығының субъектiсiнен, ал қажет болған жағдайда өзге учаскеге де жеке меншiк немесе жер пайдалану құқығының субъектiлерiнен осы учаскелердi шектеулi пайдалану құқығын (жекеше сервитут) табыстауды талап етуге құқылы.

Қауымдық сервитут дегеніміз – мемлекеттiң және жергiлiктi халықтың мүдделерiн қамтамасыз ету үшiн қажет болған жағдайларда жергiлiктi атқарушы органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнiң негiзiнде туындайтын жер учаскелерiн меншік иесінен немесе жер пайдаланушыдан алып қоймай белгіленетін сервитут түрі.

Сервитуттың тоқтатылуы: Құқық иесiнiң бас тартуы; Ұзақ уақыт пайдаланылмауы, бұл мерзім 3 жылдан артық уақытқа белгілеген; Оның белгiленген мерзiмiнiң өтуi нәтижесiнде; Тараптар арасындағы келiсiм негiзiнде; Сот шешiмi негiзiнде; Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де негiздер бойынша тоқтатылады.

6 ТАҚЫРЫП. ЖЕРГЕ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ҚҰҚЫҚТАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУ, ӨЗГЕРУ, ТОҚТАТЫЛУ НЕГІЗДЕРІ. ЖЕРМЕН МӘМІЛЕ ЖАСАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Сұрақтары: Жерге меншік құқығының және өзге құқықтардың пайда болу негіздері. Жерге меншік құқығының және пайдалану құқығының тоқтатылуы. Жер учаскесін алып (сатып алу) қою, түрлері және тәртібі. Жер мәмілелері. Жерге ақы төлеудi құқықтық реттеу.

Жерге пайдалану құқығының туындауы: 1)меншік немесе жер пайдалану құқығын табыстау; 2)меншік немесе жер пайдалану құқығын беру; 3)меншік немесе жер пайдалану құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртiбiмен ауысуы (мұраға қалдыру, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы) арқылы туындайды.

Жер пайдалану құқығы: 1) мемлекеттiк органдар актiлерiнiң 2) азаматтық-құқықтық мәмiлелердiң негiзiнде; 3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негiздерде туындайды.

Жер пайдалану құқығын табыстау Табыстау дегеніміз – жерді тұлғаға тікелей мемлекет арқылы беруін білдіреді. Азаматтарға және заңды тұлғаларға жер пайдалану құқығын табыстау атқарушы органның жер учаскесiне құқық табыстау жөнiндегi құзыретiне сәйкес оның шешiмi негiзiнде жүргiзiледi.

Жер пайдалану құқығын беру Беру дегеніміз - тұлғаға жерге құқықтың басқа бір тұлғамен азаматтық құқықтық мәміле арқылы беруін білдіреді.

Әмбебап, мирасқорлық тәртібі арқылы ауысуы Әмбебап, мирасқорлық дегеніміз - жерге құқықтың мұрагерлік арқылы пайда болуын білдіреді. Мысалы: мұраға қалдыру, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы, т.б.

Оралмандарға жер учаскелерiн беру Оралмандарға өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу, бағбандық және саяжай құрылысы үшiн жер учаскелерiн беру ауылдық елдi мекендердiң жерiнен, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден, иммиграциялық жер қорының, арнайы жер қорының жерiнен және босалқы жерден уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен жүзеге асырылады. Оралмандарға тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн жер учаскелерiн беру ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден, арнайы жер қорының, иммиграциялық жер қорының жерiнен және босалқы жерден уақытша жер пайдалану құқығымен жүзеге асырылады. Берiлген жер учаскелерi Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейiн олардың жеке меншiгiне өтедi. Сонымен қатар, оралмандар мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерiне құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) алуға қатыса алмайды.

Мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерiне құқықтар алу Жер учаскелерiн алуға құқығы бар азаматтардың және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың меншiгiне мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерiн жеке меншiкке беру өтеулi негiзде жүзеге асырылады

Жер учаскелерi Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншiкке мынадай мөлшерде тегiн берiледi: 1) ауылдық жерлерде өзiндiк қосалқы шаруашылық (үй маңындағы және егiстiк телiмдердi қоса алғанда) жүргiзу үшiн - суарылмайтын жерде 0,25 гектар және суармалы жерде 0,15 гектар; 2) жеке тұрғын үй құрылысы үшiн - 0,10 гектар; 3) бағбандық, сондай-ақ саяжай құрылысы үшiн - 0,12 гектар. Жер учаскелерінiң аталған мақсаттар үшiн қайталап тегiн беруге жол берiлмейдi.

Жер учаскесiн жеке меншiкке сатып алуға ниет бiлдiрген жағдайда, осы тұлға облыстың, ауданның жергілікті атқарушы органына өтiнiш бередi. Өтiнiшке: жер учаскесiне құқықты куәландыратын құжат немесе құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесi; салық төлеушi куәлiгiнiң көшiрмесi; бюджеттiң алдында берешегi бар немесе жоқ екендiгi (жер салығы және (немесе) жер учаскелерiн пайдалану төлемақысы) туралы салық органының анықтамасы; жер учаскесiмен мәмiле жасасуға кедергi келтiретiн ауыртпалықтардың жоқ екендiгi туралы жылжымайтын мүлiк орталығынан анықтама; заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi қоса берiледi.

Мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерiне құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) алу Мемлекеттiк меншiктегi және жер пайдалануға берiлмеген жер учаскелерi немесе жер учаскесiн жалдау құқығы сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сату объектiсi болуы мүмкiн. Сауда-саттық дегеніміз – жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау құқығын сатудың аукциондық, конкурстық нысаны.

Сауда-саттықтың екі әдісі: сауда-саттықтың ағылшындық әдiсi – бастапқы баға алдын ала хабарланған қадаммен неғұрлым жоғары баға ұсынған бiр қатысушы қалған сәтке дейiн көтерiлетiн сауда-саттық әдiсi сауда-саттықтың голландтық әдiсi – бастапқы баға хабарланған қадаммен қатысушылардың бiрi хабарланған баға бойынша объектiнi сатып алуға келiскен сәтке дейiн төмендейтiн сауда- саттық әдiсi.

Сауда-саттықтың екі нысаны: Конкурс. Конкурс дегеніміз – сатып алынатын жер учаскесiн пайдаланудың неғұрлым қолайлы жағдайларын ұсынған жеке және заңды тұлғаларға жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау құқығын бес жылға дейiн бөлiп төлеп сатуға бағытталған сауда- саттықты өткiзу тәсiлi. Аукцион. А укцион дегеніміз – сауда-саттыққа қатысушылардың арасындағы ашық бәсекелестiктi қамтамасыз ететiн жеке және заңды тұлғаларға жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау құқығын сатуға бағытталған сауда-саттықты өткiзу тәсiлi.

Мыналар: 1) мемлекеттiк заңды тұлғалар; 2) сауда-саттықты ұйымдастырушы; 3) аукционшы; 4) алдыңғы сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) жеңiп шыққан, бiрақ жасалған шарттың ережелерiне сәйкес сатып алынған жер учаскесi (жер учаскесiн жалдау құқығы) үшiн есеп айырыспаған тұлғалар конкурсқа, аукционға қатысушылар бола алмайды.

Жерге меншік құқығын және басқа да құқықтарды тоқтату негіздері Жерге меншік құқығын және басқа да құқықтарды тоқтату негіздері ерікті немесе мәжбүрлі түрде болуы мүмкін. Бұл негіздер Жер кодексінің 81-бабында көрсетілген.

Жер учаскесiне жеке меншiк құқығы немесе жер пайдалану құқығы келесі ерікті негіздер бойынша тоқтатылады: 1) меншiк иесi - жер учаскесiн немесе жер пайдаланушы жер пайдалану құқығын иелiктен шығарып басқа тұлғаларға берген жағдайда. Меншік иесі немесе жер пайдаланушы азаматтық құқықтық мәмілелер негізінде өз жер учаскесіне құқығын оқшаулауына болады. 2) меншiк иесi меншiк құқығынан немесе жер пайдаланушы жер пайдалану құқығынан бас тартқан жағдайда. Меншiк иесi немесе жер пайдаланушы бұл туралы жария етiп, не жер учаскесiне қатысты өзiне тиесiлi құқықтарын сақтау ниетiнсiз олардан бас тартатынын айқын бiлдiретiн басқа да iс-әрекет жасап, өзiне тиесiлi жер учаскесiне меншiк құқығынан немесе жер пайдалану құқығынан бас тарта алады.

Аталған негіздерден басқа жер пайдалану құқығы келесі негіздерде бойынша тоқтатылады 1. учаске берiлген мерзiмнiң өтуi; 2. жер учаскесi кепiлде тұрған жағдайларды қоспағанда, жер учаскесiн жалға беру шартының немесе өтеусiз уақытша жер пайдалану шартының мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы; 3. жер пайдаланушыға қызметтiк жер телiмiн берумен байланысты туындаған еңбек қатынастарының тоқтатылуы. (Жер кодексінің 41-бабы).

Жер учаскесін алып (сатып алу) қою Жер учаскесін алып қою мәжбүрлі түрде жүзеге асырылады. Оның келесі түрлері бар : 1. Жеке меншiк иесiнен немесе жер пайдаланушыдан жер учаскесi мемлекеттiк қажеттiктер үшiн сатып алуды қоса алғанда, алып қойылған болса; 2. Меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының мiндеттемелерi бойынша жер учаскесiнен немесе жер пайдалану құқығынан өндiрiп алу жүргiзiлген болса; 3. Мақсатына сай пайдаланылмай отырған немесе Қазақстан Республикасының заңдарын бұза отырып пайдаланылып жүрген жер учаскесi меншiк иесiнен немесе жер пайдаланушыдан мәжбүрлеп алып қойылған болса; 4. Радиоактивтi ластануға ұшыраған жер учаскесiн, құны тең жер учаскесi берiле отырып, меншiк иесiнен немесе жер пайдаланушыдан алып қойған болса; 5. Тәркіленген жағдайда.

Жер учаскесін алып қоюды жүзеге асыратын субъектілерді былайша ажыратуға болады: - әкімшілік тәртіп арқылы жер учаскесін алып қою – ол атқарушы биліктің әртүрлі деңгейіндегі мемлекеттік органдармен, яғни солардың шешімімен және қатысуымен жүзеге асырылатын алып қою. Мұнда меншік иесі мен жер пайдаланушыдан жер учаскесін мемлекет қажеттіктері үшін алып қою және радиоактивті ластануға үшыраған жерлерді алып қою жатады; - жер учаскесін сот тәртібімен алып қою – жер учаскесін алып қою тек сот тәртібімен ғана жүзеге асырылатындығын білдіреді. Жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы өзіне тиесілі жер учаскесін мақсатына сәйкес пайдаланбаса немесе заңдарды бұза отырып пайдаланса, сонымен қатар, жер учаскесі тәрікеленген жағдайда жер сот тәртібімен алынады. Жер учаскесін мемлекеттік қажеттіктер үшін алып қою кезінде меншік иесі ұсынылған шарттармен келіспесе, алып қою процесі сот тәртібімен жүзеге асырылады.

Жерді мемлекеттік мұқтаждары үшін келесі жағдайларда қайтарып алуға болады: 1) халықаралық мiндеттемелер; 2) қорғаныс қажетiне, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға, сауықтыру, рекреациялық және тарихи- мәдени мақсатқа арнап жер беру; 3) учаскенiң астынан пайдалы қазбалардың кен орнының (кең таралғандарынан басқасы) табылуы; 4) жол салу, электр тарату, байланыс желiлерi мен магистральды құбырларды тарту, сондай-ақ осы объектiлердi орналастырудың басқа мүмкiн нұсқалары болмаған кезде мемлекеттiк маңызы бар басқа да объектiлер салу; 5) құлау (қирау) қаупi бар апатты және ескiрген тұрғын үйлердi бұзу; 6) қалалар мен өзге де елдi мекендердiң бас жоспарлары, аумақты аймақтарға бөлу схемалары және белгiленген тәртiппен бекiтiлген өзге де қала құрылысы немесе жерге орналастыру құжаттамасы негiз болып табылады.

Егер меншік иесі немесе жер пайдаланушы өз міндеттемелерін орындамай отырса оның жер учаскесі оның қарыздары бойынша өндіріліп алынады Меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының мiндеттемелерi бойынша жер учаскесiнен немесе жер пайдалану құқығынан өндiрiп алу кезiнде меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының жер учаскесiне меншiк құқығы немесе жер пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен меншiк құқығы немесе жер пайдалану құқығы ауысатын тұлғаның алып қойылған жер учаскесiне меншiк құқығы немесе жер пайдалану құқығы туындаған кезден бастап тоқтатылады.

Жерді нысаналы мақсатына сай емес пайдаланған жерді қайтарып алуы Ауыл шаруашылығы өндiрiсiне не тұрғын үй құрылысы мен өзге де құрылысқа арналған учаске, егер Қазақстан Республикасының заңдарында неғұрлым ұзақ мерзiм көзделмесе, бiр жыл iшiнде тиiстi мақсатында пайдаланылмаған жағдайларда жер учаскесi меншiк иесiнен және жер пайдаланушыдан алып қойылуы мүмкiн. Бұл кезеңге учаскенi игеруге қажеттi уақыт, сондай-ақ дүлей апаттар салдарынан немесе осылайша пайдалануға мүмкiндiк бермеген өзге де мән-жайларға байланысты учаскенi мақсаты бойынша пайдалану мүмкiн болмаған уақыт кiрмейдi. Жер учаскесiн алып қою туралы талап-арыз меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға талап-арыз қойылғанға дейiн кемiнде бiр жыл бұрын учаскенi мақсаты бойынша пайдалану қажеттiгi туралы жазбаша ескерту жасалғаннан кейiн және осы уақыт iшiнде жер учаскесiнiң меншiк иесi не жер пайдаланушы учаскенi мақсаты бойынша пайдалану жөнiнде қажеттi шаралар қолданбаған жағдайда ғана берiлуi мүмкiн.

Қазақстан Республикасының заңдарын бұза отырып пайдаланылған жер учаскесiн меншiк иесi мен жер пайдаланушыдан алып қою Егер учаскенi пайдалану Жер кодексінде немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген жердi ұтымды пайдалану ережелерiн өрескел бұза отырып жүзеге асырылса, атап айтқанда, егер учаске нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылмаса немесе оны пайдалану ауыл шаруашылығы жерi құнарлылығының едәуiр төмендеуiне не экологиялық жағдайдың едәуiр нашарлауына әкеп соғатын болса, Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделген жазалау шаралары қолданылғаннан кейiн жер учаскесi меншiк иесiнен және жер пайдаланушыдан алып қойылуы мүмкiн. Жер учаскесiн алып қою туралы талап-арыз Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделген жазалау шаралары қолданылғаннан, талап-арыз беруден кемiнде үш ай бұрын меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуын жою қажеттiгi туралы жазбаша ескерту жасалғаннан кейiн ғана және осы мерзiм iшiнде меншiк иесi немесе жер пайдаланушы учаскенi пайдалану кезiнде Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуын жоймаған жағдайда берiлуi мүмкiн.құқық бұзушылық туралы заңдарындаәкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарында

Жер учаскелері радиоактивтік ластануға ұшыраған жерді меншік иелерінен қайтарып алу Жер кодексіне сәйкес, радиоактивті ластануға ұшыраған және соның салдарынынан заңдарда белгіленген санитарлық талаптар мен нормативтерге сәйкес келетін өнім өндіруді қамтамасыз етпейтін жерлер ауыл шаруашылығы айналымынан алынып тасталады. Мұндай жерлерде ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге және оны ұқсатуға тиым салынады.

Радиоактивті ластану дегеніміз – бұл жерлердің радионуклидтермен, оның ішінде пайдалы қазбаларды өндіру және ұқсатулардың, ядролық жарылыстардың, ядролық қондырғыларды орнатудың, ионизациялық сәуле шығару көздерін пайдаланудің, радиоактивті заттарды сақтау мен көму орындарының, ядролық радиациялық авариялардың, сонымен қатар, радиоактивті заттармен байланысты өзге де қызметтердің нәтижесінде ластануы.Ондай жерде ауыл шаруашылық қызметіне жүзеге асыруға, адамдардың тұруына тыйым салынады. Мұндай жерлер консервациялауға жатады.

Консервациялау дегеніміз – жерді шаруашылық айналымнан алу болып танылады. Мұндай жерлердің иегелеріне басқа жер учаскесі берілуі тиіс. Радиоактивті ластануға ұшыраған жер учаскелерін алып қою мынадай сатылардан тұрады: Радиоактивті ластануға ұшыраған жерлерді анықтау және зерттеу; Жер учаскесін алып қою туралы шешім қабылдау; Алып қою туралы талапты сотта қарау (факультативті саты); Радиоактивті ластануға ұшыраған жер учаскесін алып қою рәсімін қозғау негіздері болып: жер учаскесі меншік иесінің немесе жер пайдаланушының мәлімдемесі негіз болады; жергілікті атқарушы немесе өзге де құзіретті органдардың бастамасы; қоғам талабы танылады.

Жерді тәркілеу Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 254-бабына сәйкес, тәркілеу дегеніміз – меншік иесінің жасаған қылмысы немесе өзге де құқық бұзушылық жасағаны үшін мүлкінің санкция түрінде тегін, әрі ықтиярсыз алынуы. Тәркілеу кезінде мүлік мемлекет меншігіне ақысыз түрде алынады және алудың негізі болып келесі жағдайлар танылады: 1. Жер иесі қылмыс жасаған жағдайда. 2. Жер иесі басқа бір құқық бұзушылық жасаған жағдайда. Сотталған адам мен оның асырауындағы адамдар үшiн қажеттi, сотталған адамға жеке меншiк құқығымен тиесiлi немесе оның ортақ меншiктегi үлесi болып табылатын, онда үйi мен шаруашылық қора- жайлары орналасқан жер учаскелерi, сондай-ақ өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу үшiн қажеттi жер учаскелерi Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңдарында көзделген тiзбеге сәйкес тәркiленбеуге тиiс. Тәркiленген жер учаскелерi мемлекеттiк меншiкке қайтарылады. Тәркiлеу объектiсi болып табылатын мұндай жер учаскелерi не жер пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сатылуы мүмкiн.

Жер мәмілелері жер құқық қатынастарын туындатуға, өзгертуге және тоқтатуға бағытталған жеке және заңды тұлғалардың заңды және ерікті әрекеті. Жермен жасалатын мәмілелерге жер учаскесін сату- сатып алу, жерді жалдау, жерді сыйға тарту, жерді кепілге беру т.б. мәмілелер жатады.

Жер учаскесінің нарықтық құны дегеніміз – қалыпты бәсекелестік жағдайында, сұраныс пен ұсынысты ескере отырып, нақты жер учаскесінің азаматтық құқықтық мәмілелер негізінде оқшаулауға болатын неғұрлым мүмкін құны, бұл жағдайда мәміле тараптары бағаланатын жер учаскесі туралы барлық мәліметпен хабардар болып өз мүдделері үшін әрекет етуі тиіс. Жер учаскесін жалдау құқығының нарықтық құны дегеніміз – жер учаскесінің белгілі бір сапаларын ескере отырып, сатып алушының сатушыға нақты жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлеуге дайын құны.

7 ТАҚЫРЫП. ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ Сұрақтары: Жер қатынастарын мемлекеттік реттеу құқықтық механизмінің түсінігі. Жер қатынастарын мемлекеттік реттеу органдарының жүйесі. Жер қатынастарын реттеу саласында арнайы орталық құзіретті органның құзіреті (Жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттілік)

Жер қатынастарын мемлекеттік реттеу ҚР аумағының жер тұтастығын және қол сұғылмаушылығын жерді табиғат байлығы ретінде сақтау, оны нысаналы пайдаланудың жер меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін жер қатынастары саласындағы заңдылықты қамтамасыз етуге бағытталған биліктік-атқарушылық қызмет түрі болып табылады.

Жер қатынастарын мемлекттік реттеудің ерекшеліктері Бұл қызмет мемлекет тарапынан жүзеге асырылады. Мемлекет атынан құзіретті мемлекеттік органдар қызмет жасауға құқылы; Бұл қызмет әрқашанда билікті, себебі жер ерекше объект, ол жердің аумағы табиғат байлығы, меншік объектісі және кез-келген қызметтің аумақтық негізі; Мемлекет билігін тек заң ғана шектей алады; Нарықтық жағдайда мемлекет экономикалық ынталандыру әдістерін көбірек қолданады.

Жер қатынастарын мемлекеттік реттеудің түрлері: заң шығарушылық; жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыратын заңдарды қабылдау қызметі; заң орындаушылық; заң орындалуын қамтамасыз ету қызметі; құқық қорғау қызметі; яғни кінәлі тұлғаны жауапкершілікке тарту.

Жер қатынастарын мемлекеттік реттеудің әдістері жер қатынастарын мемлекеттік реттеуде қолданылатын амал- тәсілдердің жиынтығы. Олар екі топқа бөліненді: әкімшілік және экономикалық.

Жерді ластағаны және пайдаланғаны үшін ақы төлеу Жерді қорғау үшін ақы төлеу жер төлемдерінің экологиялық құқықтық көрінісі болып танылады. Жердің қоршаған ортаның ажырамас бөлігі болып табылатын табиғи объект екендігін нақты анықтайды. Себебі, жоғарыда қарастырылған жер төлемдерінің түрлері экономикалық сипаттағы, жердің кез-келген еңбек процессінің аумақтық негізі, өндіріс құралы және азаматық айналымның объектісі екендігін айқындайды. Жерді қорғау үшін төленетін төлемдердің өзі бірнеше түрлерге бөлінеді. Олар: Жерді ластағаны үшін ақы төлеу, яғни жерге эмиссияға ақы төлеу; жерді табиғи ресурс ретінде молықтырғаны үшін ақы төлеу; жерге келтірілген зиянның орнын толтыру т.б.

Жер қатынастарын мемлекеттік реттеу органдарының жүйесі Жалпы құзіреті бар органдар. Олардың қатарына: Парламент, Президент, Үкімет, жергілікті өкілді және атқарушы органдар жатады. Арнайы құзіреті бар органдар. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі. Бұл агенттіктің құқықтық мәртебесі Жер Кодексінің 14- бабымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 15 қаңтарда 2005 жылғы қабылданған қаулысымен бекітілген ережемен реттеледі. Функционалды құзіреті бар органдар. Бұларға келесі органдар жатады: Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Су ресурстарын басқару жөніндегі комитет, құқық қорғау органдары, прокуратура органдары, сот органдары, салық органдары.

8 ТAҚЫPЫП. ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ Сұрақтары: Жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік органдардың функцияларының жүйесі. Жер кадастрының түсінігі, жер-кадастрлік құжаттар, кадастр жүргізу тәртібі. Жерге құқықтарды мемлекеттік реттеу. Жер мониторингінің түсінігі, құрылысы, мазмұны. Жерге орналастырудың түсінігі, оның функциясы, міндеттері, жерге орналастыру процессінің кезеңдері және оның мазмұны. Жерлердi қopғay және ұтымды пайдалануға мемлекеттiк бақылау жасаудың мiндеттерi мен мақсаттары. Жерге ақы төлеу. Жер салығы бойынша жеңілдіктер. Жер дауларын шешу.

Жер қатынастарын мемлекеттік реттеудің функциялары жерді қорғауға ұтымды және нысаналы пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын негізгі қызметтер болып танылады, яғни мемлекет тарапынан жер саясатын жүзеге асыруға бағытталған негізгі бағыттардың жиынтығы

Жер қатынастарын мемлекеттік реттеудің қызметтернің түрлері: жер учаскелерін есепке алу және мемлекеттік жер кадастрын жүргізу; жерді жеке меншікке немесе жер пайдалануға беру немесе алып қою; жердің санатын анықтау және жерді бір санаттан екінші санатқа ауыстыру; жерді аймақтарға бөлу және жерге орналастыруды жүзеге асыру; жер мониторингісін жүргізіу; жер төлемдерін алу; жерді қорғау шараларын жүргізу; жерді пайдалану мен қорғау шараларына мемлекеттік бақылау жүргізу; жер дауларын шешу; жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауапкершілікке тарту;

Жер кадастры Жер кодексіне сәйкес, Қазақстан Республикасы жерінің табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерінің орналасқан жері, нысаналы пайдалануы, мөлшері мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерінің кадастрлық құны туралы мәліметтердің жүйесі болып табылады

Мемлекеттік жер кадастрының белгілері: кадастрда жер учаскесі, жерге меншік құқығының субъектілері, жер пайдалану, жерді жалдау, жер учаскесінің нысаналы мақсаты, оларды қолдану сипаттамасы туралы мәліметтер болуы керек; жерді сандық жағынан есепке алу мәліметтері, яғни, жер алаңдарын жер құқық қатынастары субъектілеріне бөліп беру туралы мәліметтер; жердің сапалық жағдайы туралы, яғни, жерді пайдалануға әсер ететін табиғи сипаты мен белгілеріне /топырақтың механикалық құрамы, жер бедері, жағымсыз процесстер – эрозия, тұздану, тапталу белгілері мен экологиялық технологиялық, қала құрылысы сипаттары/ байланысты жүзеге асырылатын жер-кадастрлық аудандарға бөлу, топырақты топтастыру, жерді санаттарға бөлу т.с.с шаралар нәтижесінде алынатын мәліметтер; кадастрда жерді бағалау беріледі, яғни, жер ауыл шаруашылығының өндіріс құралы және кеңістіктік базис ретінде салыстырмалы бағасын, сонымен бірге, пайдаланудың тиімділік деңгейін анықтайды.

Мемлекеттік жер кадастры Қазақстан Республикасы жерінің табиғи шаруашылық жай-күйі, жер учаскесінің орналасқан жері, нысаналы пайдалануы, мөлшері мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланушыларды есепке алу мен жер учаскесінің кадастрлық құны туралы мәліметтердің, өзге де қажеті мәліметтердің жиынтығы

Жер туралы мәліметтер арнайы базалық құжаттармен реттеледі Базалық құжаттарға келесілер жатады: жер учаскесінің жер кадастрлық ісі; мемлекеттік жер кадастрының кітабы; жер кадастрының картасы.

Кадастрлық мәлімет шынайы объективті болуы үшін келесі қағидалар сақталуы тиіс: Мемлекеттің жер қорын түгелдей қамту; Жер кадастрын жүргізудің үздіксіздігі; Жер кадастрының әдістемелік негіз бірлігі; Жер кадастрын жүргізу органдарының бірыңғай жүйесінің болуы.

Жер кадастрының мәліметтері келесі жағдайларда қолданылады: мақсатты тағайындауын ескерiп, жер учаскесiн пайдалану тиiмділiгiн анықтау; жер учаскесiн жеке меншiкке сатқан кезде оның бағасын (жер учаскесiн жалдау құқығын сату төлемiн) анықтау; салық салу; жер учаскесiн мемлекеттiк қажеттiктер үшiн ерiксiз алу кезiнде және иелiктен айыру жағдайында сатып алу бағасы мен төлем мөлшерiн сотпен анықтау мақсатында жүргiзiледi. жер учаскесімен мәміле жасау; жерге төлем мөлшерін анықтау; құқықтық басқа кадастрды жүргізу үшін.

Құқықтық кадастр жерге меншік пайдалану және басқа да құқықтары және олардың иелері сонымен қатар, жер учаскесінде жасалатын мәмлелер, оларға берілген ауыртпалықтар туралы мәліметтердің жиынтығы. Құқықтық кадастрды тіркеуші органдар жүргізеді және онда жылжымайтын мүлікке қолданылатын және тоқтатылған құқықтар және тіркеудің өзге де объектілері туралы ақпарат, жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамалары, құқық иелері туралы мәліметтер, құқықтық кадастрдың мәліметтеріне бар сұрау салулар туралы ақпарат қамтылады.

Құқықтық кадастр: тіркеуге келіп түсетін құжаттарды есепке алу кітабынан; тіркеу кітабынан; құқықтық кадастрдан мәліметтер беруге сұрау салуларды есепке алу кітабынан; тіркеу істерінен; ақпараттық жүйеден тұрады.

Жылжымайтын мүлікке мынадай құқықтар құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеуге жатады: меншік құқығы; шаруашылық жүргізу құқығы; оралымды басқару құқығы; кемінде бір жыл мерзімге жер пайдалану құқығы; үстемдікке ие жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүлік объектісінің пайдасына кемінде бір жыл мерзімге сервитуттар.

Жер мониторингі: жер қорын мемлекеттік басқарудың негізгі бастаушы элементі. Жер мониторигісі болып жатқан өзгерістерді уақытылы анықтау оларды бағалау одан әрі дамуын болжау және кері әсері бар процесстерді болдырмау мен оның зардаптарын жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында жүргізілетін жер қорының сапалық және мөлшерлік жай- күйін базалық жедел мерзімді байқау жүйесін білдіреді.

Жер мониторингінің міндеттері: жер жай-күйінің өзгерістерін уақытылы анықтау, оларды бағалау, болжам жасау және кері әсері бар процесстерді болдырмаумен зардаптарын жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу; мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді, жерге орналастыруды, жерді пайдалану мен қорғауды бақылауды және жер ресурстарын мемлекеттік басқарудың өзге де функцияларын ақпаратпен қамтамасыз ету.

Жер мониторингісін жүргізу барысында жердің сапалық жағдайына әсер ететін келесідей процесстер анықталады: Эволюциялық (дамудың табиғи тарихи процестерімен байланысты); Кезеңдік (күндік, мезгілдік және басқа да сипаттағы өзгерістер); Антропогендік (адам қызметімен); Төтенше жағдайлар (экологиялық апаттар); Жер мониторингісі ақпараттық қайнар көзіне бақылаудың, зерттеудің, инвентаризациялаудың нәтижелері, архивтік мәліметтер және жер сапалық жай-күйі туралы басқа да мәліметтер жатады.

Жер мониторингінің объектісі меншік нысанына, ведомстволық бағыныштылығына қарамастан барлық ҚР жері танылады

Мониторинг жердiң нысаналы мақсатының ерекшелiгi ескерiле отырып жүргiзiледi және жердiң санаттарына сәйкес келетін мынадай қосымша жүйелерге бөлiнедi: –ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердiң мониторингi; –елдi мекендер (қалалар, кенттер мен ауылдық елдi мекендер) жерiнiң мониторингi; –өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жердiң мониторингi; –ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы жердiң, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлердiң мониторингi; –орман қоры жерiнiң мониторингi; –су қоры жерiнiң мониторингi; –босалқы жердiң мониторингi.

Аумақтық ауқымына қарай жердiң республикалық, өңiрлiк және жергілiктi мониторингi жүзеге асырылады: республикалық - Қазақстан Республикасының бүкiл аумағын қамтиды; өңiрлiк - физикалық-географиялық, әкiмшілiк, экономикалық және өзге де шекаралармен шектелген аумақтарды қамтиды; жергiлiктi - жекелеген жер учаскелерi мен ландшафтық-экологиялық кешендердiң қарапайым құрылымдарына дейiнгi өңiрлiк деңгейден төмен аумақтық объектiлерде жүргiзiледi.

Жер мониторингiн жүргiзудiң мерзiмдерi мен кезеңділiгiне қарай жердiң жай-күйiн бақылаудың мынадай: базалық (бастапқы жер мониторингiн жүргiзудi бастау сәтiндегi бақылау объектiлерiнiң жай-күйiн тiркейтiн); жедел (ағымдағы өзгерiстердi тiркейтiн); кезеңдiк (бiр және одан көп жылдан кейiн) түрлерi жүзеге асырылады.

Жерге орналастыру жер қатынастарын реттеуге, жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған Республика заңдарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жүйесі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 149-бабына сәйкес, жерге орналастырудың мақсаттары мен мазмұны: жерге орналастыру жер қатынастарын реттеуге, жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған, ҚР жер заңдарын сақталуаны қамтамасыз ету жөніндегі шаралар жүйесі болып табылады. Жерге орналастыру меншік нысанына қарамастан және оларда шаруашылық жүргізу нысанына қарамастан барлық санаттағы жерлерде жүргізіледі.

Жерге орналастыру қызметінің белгілері: Жерге орналастыру – жер аумағын, жерді пайдалануды және экологиялық жағдайды ұтымды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін шаралар жүйесі; Жерге орналастыру - бұл жерді өндіріс құралы ретінде ұйымдастыру шараларының жүйесі; Жерге орналастыру – жерді толық, тиімді және ұтымды пайдалануды ұйымдастыру, жерді пайдалану мәдениетін арттыру және қорғау саласындағы мемлекеттік органдардың шешімдерін жүзеге асыруға бағытталған шаралар; Жерге орналастыру – жер пайдалану саласында, мемлекеттің органдарының шешімдерін жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік шаралардың жүйесі; Жерге орналастыру – барлық жер аумағын және оның жеке бөліктерін дұрыс ұйымдастыруды қамтамасыз ететін белгілі шаруашылық құқықтық және жер техникалық, мемлекеттік шаралар (әрекеттер) жүйесі.

Жерге орналастыру қызметінің мазмұнындағы бұл шаралар үш топқа бөлінеді: 1. Әлеуметтік экономикалық. Әлеуметтік экономикалық шаралар жерді қандай салада пайдалануын анықтайды ол жерді ауыл, орман, шаруашылық қызметтерін жүргізу мүмкіндігін анықтайды. Жерге орналастыру экономикалық аспект ретінде жер өндіріс құралы және халық шаруашылығының салаларының объектілер орналастыратын аумақтық базисі ретінде жерді ұйымдастыру. 2. Техникалық. Техникалық шаралар іздестіру, суретке түсіру, карта жасау, зерттеу жұмыстарын әртүрлі жобалады жасауға жұмыстар жүргізеді. Жерге орналастырудың техникалық аспектісін жобалау, іздестіру, зерттеу және түсіру жұмыстары қамтиды. 3. Құқықтық. Жерге орналастыру жер қорын басқаруға байланысты мемлекеттік қызметтің бағыттарының бірі. Жерге орналастыру құқықтық аспект ретінде – жер меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтарын жүзеге асырудың шарттарын анықтайды. Жерге орналастыру жерді ұтымды пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған шаралардың жүйесін құрайды.

Жерді аймақтарға бөлу жер аумағын оның нысаналы мақсатын және пайдалануы режимін белгілей отырып анықтау болып танылады. Жерді аймақтарға бөлу екі деңгейде жүзеге асырылады: 1. Республикалық 2. Облыстық

Жерді қорғау қоршаған ортаның бір бөлігі ретінде жерді қорғауға жерді ұтымды пайдалануға жерді орман және ауылшаруашылығы айналымынан негізсіз алып қоюды болдырмауға, сондай-ақ топырақтың құнарлығын қалпына келтіруге бағытталған құқықтық, ұйымдық, экономикалық, техникалық және басқа да іс-шаралар жүйесін қамтиды.

Жердi қорғау мақсаттары: 1) өндiрiстiң экологиялық қауiпсiз технологияларын ынталандыру және орман мелиорациялық, мелиорациялық және басқа да iс-шараларды жүргiзу арқылы жердiң тозуы мен бүлiнуiн, шаруашылық қызметтiң басқа да қолайсыз зардаптарын болдырмау; 2) тозған немесе бүлiнген жердi жақсарту мен қалпына келтiрудi қамтамасыз ету; 3) жердi оңтайлы пайдаланудың экологиялық нормативтерiн тәжiрибеге енгiзу табылады.

Жер кодексіне сәйкес, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар: 1) жердi құнарсызданудан және шөлейттенуден, су және жел эрозиясынан, селден, су басудан, батпақтанудан, қайталап сортаңданудан, құрғап кетуден, тапталудан, өндiрiс пен тұтыну қалдықтарымен, химиялық, биологиялық, радиоактивтi және басқа да зиянды заттармен ластанудан, басқа да бүлiну процестерiнен қорғауға; 2) ауыл шаруашылығы жерiн карантиндiк зиянкестер мен өсiмдiк ауруларын жұқтырудан, арамшөп, бұта мен шiлiк басып кетуден, жердiң жай-күйi нашарлауының өзге де түрлерiнен қорғауға; 3) бүлiнген жердi жаңғыртуға, оның құнарлылығын және жердiң басқа да пайдалы қасиеттерiн қалпына келтiру мен оны шаруашылық айналымына уақтылы тартуға; 4) жердiң бүлiнуiмен байланысты жұмыстар жүргiзiлген кезде топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алуға, сақтауға және пайдалануға бағытталған iс-шаралар жүргiзуге мiндеттi.

Жердi сақтап қою шаруашылық қызметтiң нәтижесiнде өсiмдiктерi жойылған, топырақ қабаты бұзылған, жердiң гидрологиялық режимi мен бедерi өзгерген жердi шаруашылық айналымнан уақытша шығару болып табылады.

Жердiң ластануы антропогендiк қызметтiң нәтижесiнде жерде шектi рұқсат етiлетiн зиянды заттар нормативтерiнен асып түсетiн, жердiң құндылығын төмендететiн, ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң сапасын, қоршаған ортаның басқа да объектiлерiн, халықтың тұру жағдайын нашарлататын мөлшерде әртүрлi заттар мен организмдердiң жинақталуы болып табылады.

Жердің ластануы бірнеше түрге бөлінеді: радиоактивті ластану; химиялық ластану; биологиялық ластану; шаруашылық тұрмыстық ластану.

Радиоактивтi ластану жердiң радионуклидтермен, оның iшiнде ядролық қаруды сынаудың, радиациялық авариялардың, ядролық қондырғылардың жұмыс iстеуiнiң, иондаушы сәулелену көздерiн, радиоактивтi заттар мен қалдықтарды сақтау және көму пункттерiн пайдаланудың, сондай-ақ атом энергиясын пайдалануға байланысты өзге де қызметтiң нәтижесiнде ластануы.

Химиялық ластану топырақтың химиялық құрамының адамдардың өндiрiстiк, ауыл шаруашылық, тұрмыстық немесе өзге де қызметiнiң салдарынан оның құнарлылығы мен сапасының төмендеуiн тудыратын өзгеруi.

Биологиялық ластану жердiң бактериологиялық, гельминтологиялық, энтомологиялық және карантиндiк ластануы.

Шаруашылық-тұрмыстық ластану жердiң, топырақтың физикалық және химиялық қасиеттерiнiң жағымсыз өзгеруiн тудыратын өндiрiстiк қалдықтармен және сарқынды сулармен ластануы.

Жерге ақы төлеу жер учаскесін пайдаланудың экономикалық нәтижесіне байланысты болмайтын, белгілі бір аймақта орналасқан, белгілі бір сападағы және шаруашылық құндылығы бар жер учаскесінің бірлік алаңы үшін белгіленген сома. Жерге ақы төлеу жер меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жерді пайдаланғаны үшін, жер учаскесін мемлекеттік меншіктен жеке меншікке сатып алғаны үшін немесе жер пайдалану құқығын алғаны үшін жер заңдарымен, салық заңдарымен немесе өзге де заңдармен белгіленген бекітілген мөлшердегі соманы төлеу жөніндегі әрекеті болса, жер төлемдері жерді ұтымды пайдалану мен қорғауға бағытталған нақты жер учаскесі үшін белгіленген сома болып табылады.

Жерге ақы төлеудің түрлерін келесідей нысанда көрсетуге болады: а) Жер салығы; Меншіктегі, тұрақты жер пайдаланудағы немесе бастапқы уақытша өтеулі жер пайдаланудағы жер учаскелеріне Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес, жер салығы салынады. б) Жалдау ақысы; Мемлекет уақытша өтеулі пайдалануға (жалға) берген кезде жер учаскелері үшін жер учаскелерін пайдалану төлемақысы алынады. Жер учаскелерін пайдалану төлемақысын есептеу және жергілікті бюджеттің кірісіне төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес анықталады. Егер жалға алушы тұлға шетел мемлекеттері болған жағдайда, жер учаскелерін пайдалану төлемақысының мөлшері Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда айқындалады. в) Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны немесе жердің нормативтік құны; Бұл жағдайда жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық орган мемлекеттің жеке меншікке өтеулі негізде беретін жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына сәйкес, оған түзету коэффициенттерін қолдана отырып белгілейді. г) Жер учаскесінің нарықтық құны; Яғни меншік иесі жер учаскесін сатқан немесе жалға берген кезде, мемлекеттік емес жер пайдаланушы өзіне тиесілі жер пайдалану құқығын басқа тұлғаларға оқшаулаған кезде, сондай-ақ ол жер учаскесін кейінгі жер пайдаланушыларға жалға берген кезде жер учаскелері үшін төлемақының мөлшері Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес сату-сатып алу немесе мүлік жалдау шарттарымен айқындалады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 385, 438, 546-баптарына сәйкес, шарттың орындалуы тараптардың келісімімен белгіленген баға бойынша төленеді деген.

Жер салығының мөлшері келесі көрсеткіштерге байланысты: Жер учаскесінің орналасқан жері; Жердің құнарлығы – бонитет жер құнарлығының көрсеткіші; Жер учаскесінің сумен қамтамасыз етілу деңгейі; Жер салығының мөлшері жер учаскесінде жүзеге асырылатын шаруашылық қызметке байланысты емес.

Салық кодексінің 324-бабына сәйкес келесі тұлғалар салық төлеуден босатылады: Бірыңғай жер салығын төлейтін тұлғалар. Бұл салықты ауылшаруашылығы тауар өндірушілері төлейді. Мемлекеттік мекемелер. Мектептер, ауруханалар, яғни толық мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын тұлғалар; Жер қойнауын пайдаланушылар; Қылмыстық жазаны жүзеге асыратын мекемелер, колонналар, түрмелер, СИЗО т.б.; Ұлы Отан соғысына қатысқан тұлғалар және оларға теңестірілген азаматтар; Барлық топтағы мүгедектер немесе осы топқа жатқызылған тұлғалар; Көп балалы аналар, алтын алқа иелері; Үй іргесіндегі қосалқы өзіндік шаруашылықты жүзеге асыратын тұлғалар, бағбандық және саяжай құрылысына байланысты т.б. Діни ұйымдар. Мысалы: мешіт.

Түзету коэффициенттері егістік құрамында пайдаланатын жер учаскесінің құнын белгілеу үшін оның мелиорациялық жай-күйі мен жер бетінің еңістігіне қарай келесідей жағдайларда қолданылады: - егер жердің мелиорациялық жай күйі жақсы болса, яғни, топырағы тұзды емес және сортаң емес, тассыз, эрозияға ұшырамаған; жер асты суларының тереңдігі: тұщы су – 3 метрден астам, минералды су – 6 метрден астам болса – 1,2 коэффициенті қолданылады; - егер қанағаттанарлық болса, яғни, топырағы аздап тұзды, сортаңдау, тасы аз, аздап эрозияға ұшыраған; минералдануы төмен жер асты суларының тереңдігі 3-6 метр болса – 0,9 коэффициенті қолданылады; - егер топырақтың жай-күйi қанағаттанарлықсыз – топырағы орташа және аса тұзды, орта және аса сортаң, тастақ, орта және күштi эррозияға ұшыраған болса, онда 0,6 түзету коэффициентi қолданылады. Сонымен қатар, жер бетінің еңістігі 1 градусқа дейін – 1; 1-ден 3 градусқа дейін – 0,93; 7 градустан астам - 0,86 коэффициенттері қолданылады.

Табиғи жем-шөп алқаптары құрамында пайдаланылатын жер учаскелерінің, жақсартылған шабындықтар мен жайылымдардың құнын айқындау үшін келесідей түзету коэффициенттері қолданылады: - көп жылдық шөп егіліп, түбегейлі жақсартылған болса – 1,2; - өсімдік жамылғысының түр-құрамын өзгерпей, беткі қабаты жақсартылған болса – 1,1; - шабындықтың жай-күйі жақсы, яғни, ластанбаған, бұта-шілік баспаған, ағаш өспеген, тассыз, аймақтық өсімдіктердің белгілері жақсы байқалатын жер учаскесі болса – 1,2 коэффициенті; - шабындық ластанған, бұта-шілік басып кеткен, ағаш өскен, тастақ, өсімдік жамылғысының аймақтық құрылымы бұзылған жер учаскесі болып, нәтижесінде сапалық жай-күйі қанағаттанарлық болса – 0,9; Сонымен қатар, жер бетінің еңістігі 3 градусқа дейін – 1; 3,1-ден 6 градусқа дейін – 0,9; 6,1- ден 10 градусқа дейін – 0,9; 10,1-ден 20 радусқа дейін – 0,85; 20 градустан астам болса – 0,5 коэффициенті қолданылады.

Жер учаскесін жылжымайтын мүлік ретінде және негізгі өндіріс құралы ретінде жалдау нысанына келесідей негізгі қағидалар тән: - Жер учаскесінде шаруашылық етуші субъектінің алмасуы, яғни, жер учаскесін жалға алушының иелігіне беруі. Бұл жағдайда жер учаскесінде еңбек етушіге жер учаскесін иелену, пайдалану және еңбек нәтижесіне билік ету құқығы беріледі; - Жалға алынған жер учаскесін меншік иесіне заттай түрде қайтаруы; Осыған сәйкес, жалға беруші мен жалға алушы тұлғаның арасында жер айналымы туындайды; - Жер учаскесін жалға алудың ақылығы. Бұл жағдайда салық салудың жүйесін белгілеу үшін объективтік негіз пайда болады; - Жер учаскесін жалға беруші мен жалға алушының жер учаскесін ұтымды және нысаналы пайдалануға байланысты өзара заңды жауапкершілігі; - Жер учаскесін жалға беруші мен жалға алушының арасындағы шарттық қатынастардың қалыптасуы және тараптардың теңдігі. Сонымен бірге, жалға алушының жер учаскесін ұтымды пайдалануымен қатар, толық шаруашылық дербестік беріледі.

Жер даулары жер қатынастары екі немесе бірнеше субъектілер белгілі бір жер құқықтары мен заңды мүдделерін иеленуге қамтамасыз етуге және жүзеге асыруға байланысты келіспеушілік жер дауларын меншік құқығының және жер пайдалану құқығының, жерге өзге де құқықтардың өзгеруі тоқтатылуы және жүзеге асыру бойынша туындайды. Жер дауының субъектілері жер учаскесінің меншік иелері, жер пайдаланушылар, жерге басқа да құқықтардың (сервитут, кепіл) иеленушілері сонымен қатар жеке тұлғалар мен жеке жер қатынастарын мемлекеттік басқару органдары және басқа да мемлекеттік органдар болады.

Жер дауларының жіктелуі: Қарастыру тәртібі бойынша; Сипаты бойынша; Даудың субъектісі бойынша; Пәні бойынша.

Қарастыру тәртібі мен сипаты бойынша: - сот тәртібімен қарастырылатын жер даулары; - сотқа дейін қаралуды талап ететін жер даулары; - сотта қаралуды талап етпейтін жер даулары.

Субъектісі бойынша: - азаматтар арасындағы жер даулары; - азаматтар мен заңды тұлғалардың арасындағы жер даулары; - азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекеттік өкілетті органдар арасындағы жер даулары.

Объектісі бойынша: - жер учаскелерімен байланысты жер даулары; - жер учаскесіне құқықпен байланысты жер учаскелері; - жерге басқа да құқықтармен байланысты жер даулары.

Жер дауының сипатына байланысты: - жер учаскелерін берумен байланысты жер даулары; - жер учаскесін беру процесінде пайда болатын жер даулары.

9 ТAҚЫPЫП. ЖЕР ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ҮШIН ЗАҢДЫ ЖАУАПКЕРШIЛIК Сұрақтары: Жер құқық бұзушылықтарының түciнiгi, түрлерi және құрамы. Жер құқық бұзушылықтар үшiн жауапкершiлiктiң түciнiгi. Жер заңдарын бұзғаны үшiн заңды жауапкершiлiктiң түрлері. Жер заңдарын бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік. Жер заңдарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік. Жер заңдарын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілік. Жер заңдарын бұзғаны үшін азаматтық құқықтық жауапкершілік. Жерге келтірілген залады өтеу. Жер заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік көздейтін заңдарды жетілдіру мәселелері.

Жер құқық бұзушылық дегеніміз - жер құқықтық тәртіпті жер меншік иелерінің жер пайдаланушылардың құқығымен заңды мүдделерін заңсыз кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік арқылы бұзу.

Жер құқық бұзушылық ретінде тану үшін ол келесідей құрамға ие болуы керек: 1. Объектісі, жер меншік иелері мен жер пайдаланушылардың заңды мүдделері және құқықтық тәртібі. 2. Объективтік жағы, жер құқық бұзушылық негізі болған әрекет немесе әрекетсіздік. 3. Субъектісі, жеке және заңды тұлғалар. 4. Субъективтік жағы, кінәнің көрініс табуы. Кінәнің өзі екі нысанда жасалуы мүмкін: Қасақана және абайсыздық нысанда.

Жер заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік келесі түрлері көзделген: әкімшілік; тәртіптік; қылмыстық; азаматтық.

Жер заңдарын бұзушылықты мынадай түрге бөледі: 1) жерге меншік иесінің құқығын бұзу саласындағы құқық бұзушылықтар; 2) жер пайдаланушының жер жер пайдалану құқығын бұзу саласындағы құқық бұзушылықтар; 3) жердің экологиялық жағдайын бұзу саласындағы құқық бұзушылықтар; 4) жер учаскесі меншік иесінің және жер пайдаланушының жер заңдарында белгіленген міндеттемелерді орындамау саласындағы құқық бұзушылықтар; 5) жерді басқару саласындағы жер заңдарын бұзу саласындағы құқық бұзушылықтар.

Жердің экологиялық жағдайын бұзудың түрлеріне: 1) жердің (топырақтың) құнарлы қабатын бұзу жоғалту: 2) жердің құнарлы қабатын сыдырап алу: 3) жердің құнарлығына теріс әсер ететін мелиоративтік жұмыстар жүргізу: 4) жерде арамшөптер мен зиянды карантинді өсімдіктердің, бұталардың қаптап кетуіне жол беру: 5) су және жел эрозиясына қарсы агротехникалық шаралар қолданбау: 6) жердің құнарлығын арттыру агротехникалық шараларын қолданбау нәтижесінде жердің құнарлығының елеулі түрде төмендету: 7) топырақты (жерде) зиянды заттардың, зиянды микро-организмдердің және топырақты ластайтын басқа да биологиялық заттардың қолдануына нормативтік шегінен тыс жол берілуі: 8) жаңа және қайта жаңартылған үйлерді, құрылыстарды,ғимараттар мен басқа да объектілерді орналастыру,жобалау мен пайдалануға беру кезінде, жердің жай-күйіне қолайсыз ықпал ететін жаңа техника мен технологияларды енгізу кезінде жерді қорғау жөніндегі шаралар көзделуге және жүзеге асыруға, экологиялық, санитарлық-гигиеналық және өзге де арнайы талаптардың (нормативтерді, нормалардың, ережелердің) орындалмауы. 9) нормативтен тыс радиациялық ластануға ұшырған немесе халықтың өмірі мен денсаулығына қандай да бір қатер төндіретін жер учаскелерін жеке меншікке тұрақты немесе уақытша беру: 10) заңдармен белгіленген санитарлық талаптарға және нормативтерге сәйкес өнім алу қамтамасыз етілмейтін радиоактивтік ластануға ұшырған жер учаскелерін ауыл шаруашылық айналымынан уағында шығармау: 11) жерді селден, көшкіннен, су астында қалудан, батпақтаудан, қайталап сортанданудан, құрғап кетуден, тығыздалудан қорғау шараларын қолданбау.т.б.

Жер заңдарын бұзғаны үшін әкімшілік құқықтық жауакершілік 1. Қолдану процедурасының салыстырмалы түрде оңай болуы. 2. Әкімшілік теріс қылыққа жедел әсер етуі. 3. Қажетті деңгейдегі шығын орнын толтыру функциясының көрініс табуы. 4. Құқыққа қарсы әрекет зардаптардың туындауын күтпей-ақ құқық бұзушылықты алдын алу мүмкіндігі. 5. Теріс қылықпен нақты жаза арасындағы уақыттың салыстымалы қысқа болуы.

Қылмыстық құқықтық жауапкершілік Жер құқық бұзушылықты қылмыстық құқықтық жауапкершілік қоғамға қауіпті қылмыс белгілерін қамтитын іс-әрекет орын алғанда көрініс табады. Жер қатынастарын реттеу саласында бекітілген құқықтық тәртіпке жер қатынастарының субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне қылмыс арқылы бір мөлшерде зиян келтіріледі немесе зиян келтірілуі мүмкін. Қылмыстық жауаптылыққа тартылатын әрекет жер қатынастар аясына бір мезгілде жер немесе қылмыстық заң нормаларын бұзады. Қылмыстық жауапкершілікке тартылу үшін қылмыстық құрал болу керек.

Тәртіптік жауапкершілік. Аталған жауапкершілікке тек қана жеке тұлғалар тартылады. Оның қолдануы негізі болып тәртіптік теріс қылық болып табылады. Басқа жауапкершіліктерден ерекшелігі: 1. Тәртіптік жауапкершілік тек жеке тұлғаларға қатысты қолданылады; 2. Тәртіптік жауапкершілік өзге заңды жауапкершілік түрлерімен қатар қолданылады; 3. Тәртіптік жауапкершілік жұмыскердің жұмыс уақыты кезінде жасалған теріс қылық үшін қолданылады. Яғни, жұмыскердің жұмыстын тыс уақытта немесе демалыс уақытында жасалған теріс қылықтары үшін өзге жауапкершілік түрлері қолданылады; 4. Субъектісі тек қана жұмыс істеп жүрген жұмысшы немесе көмеккер. 5. Тәртіптік жауапкершілік жер заңдарының нормаларына байланысты тәртіптерді орындауға міндетті жұмысшылар мен қызметкерлерге қолданылады. 6. Тәртіптік жауапкершілікте жұмыс істеп жүрген уақтысында жауапкершілк заңдарын бұзғаны үшін қолданылады. 7. Тек қана ұйым әкімшілігін басқару органы қолданылады. 8. Тәртіптік жауапкершілік мүліктік жауапкершілікпен қатар қолданылуы мүмкін. 9. Тәртіптік жауапкершілік ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс және жұмыстан шығару сияқты жазалау шараларын қолданумен ерекшеленеді; 10. Тәртіптік жауапкершілікке тарту Қазақстан Республикасының қолданыстағы Еңбек кодексімен және белгілі бір ұйымның жарғысына сәйкес жасалған ішкі тәртіп ережелерімен реттеледі.

Азаматтық жауапкершілік Азаматтық жауапкершілік Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамалары нормаларымен реттеледі. Бұл жауапкершілік жер заңдарын бұза отырып мемлекеттің мүддесіне, қоршаған ортаға, жердің меншік иесіне, басқа да жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян (шығындар) келтірілген кезде қолданылады.

Жер заңдарын бұза отырып жасалған зиянның түрлері: Экологиялық зиян. Экономикалық зиян.

Экологиялық зиян дегеніміз - жер заңдарын бұзу арқылы қошаған ортаға жерге табиғат объектісі ретінде зардап келтірілгенін білдіреді. Бұл зиян Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес өтеледі. Бұл зиянды толық түрде өтеуге мүмкіндік жоқ, себебі келтірілген зиянды нақты бағалау мүмкін емес.

Экономикалық зиян дегеніміз - жер меншік иелерінің жер пайдаланушылардың мемлекет өзіне материялдық жағынан келтірілген шығындар болып табылады. Бұл шығындарды өтеу толық мөлшерде жүзеге асырылады және басшылыққа Азаматтық кодексінің нормалары алынады.

10 ТAҚЫPЫП. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАҚСАТЫНДАҒЫ ЖЕРЛЕРДIҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ Сұрақтары: Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердiң құқықтық жағдайының түciнiгi және құрамы. Ауылшаруашылық мақсатына арналған жерлерге меншік құқығы және өзге құқықтар, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді пайдалану субъектілері. Арнайы жер қорының түсінігі және құрамы. Ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін бір санаттан келесі түріне ауыстыру тәртібі Шартты жер үлесі. Жалпы сипаттамасы Ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді ауыл шаруашылық емес мақсаттарға пайдаланумен және оларды алып қоюмен келтірген шығынды өтеу тәртібі.

Қазақстан Республикасының жер аумағы ,2 мың гектарды құрайды. Осылардың ішінде ауыл шаруашылық жерлері – ,6 мың гектарды құрайды. Соңғысының ішіне сәйкесінше ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер де кіреді, оның жалпы көлемі 90910,35 мың гектар. Ал жер аумағының қалған бөлігін ауыл шаруашылық өндірісінің мақсатында пайдаланылатын жердің басқа да санаттары құрайды.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер дегеніміз – ауыл шаруашылығының қажеттері үшін берілген немесе осы мақсаттарға арналған жерлер болып табылады.

Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер өз кезегінде 3 топқа бөлінеді: ауылшаруашылық алқаптары; ауылшаруашылық мұқтаждарын қамтамасыз етуге арналған құрылыстар, өзге объектілер су айдындары орналасқан жерлер; өзге алқаптар құмдар, тақырлар т.б.

Ауыл шаруашылық алқаптары бірнеше түрге бөлінеді: Егістік; Жайылым; Шабындықтар; Көп жылдық екпелер, т.б.

Егістік – жүйелі түрде өңделетін және көп жылдық шөптердің егістігін қоса алғанда, ауыл шаруашылығы дақылдарының егістігіне пайдаланылатын жер учаскелері, сондай-ақ сүрі жер. Алдын ала егілетін дақылдардың егістігі орналасқан (үш жылдан аспайтын уақыт аралығында), түбегейлі жақсарту мақсатында жыртылған шабындықтар мен жайылымдардың жер учаскелері, сондай-ақ басқа бақтардың егіске пайдаланылатын қатар аралығы егістікке жатпайды.

Тыңайған жер бұрын егістік құрамында болған және күзден бастап бір жылдан аса ауыл шаруашылығы дақылдарын егуге пайдаланылмайтын және пар айдауға әзірленбеген жер учаскесі.

Көп жылдық екпелер жеміс-жидек, техникалық және дәрі-дәрмек өнімдерінің түсімін алуға, сондай-ақ аумақты сәндеп безендіруге арналып қолдан отырғызылған көп жылдық ағаш, бұта екпелеріне пайдаланылатын жер учаскелері.

Табиғи шабындықтар мен жайылымдар – шөп егу арқылы жаңадан отайған шабындық және жайылым учаскелері.

Суландырылған жайылымдар – тиісті мал басын сапасы ойдағыдай сумен қамтамасыз ете алатын су көздері (көлдер, өзендер, тоғандар, апандар, суару және суландыру каналдары, құбырлы немесе шегінді құдықтар) бар жайылымдар.

Ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер келесі жағдайларда ғана жеке меншікке беріледі: 1. Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке меншiгiнде шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін; 2. Өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу үшін; 3. Орман өсiру үшін; 4. Бағбандық және саяжай құрылысы үшін; 5. Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн; 6. Тауарлы ауылшаруашылық өндірісін жүргізу үшін; 7. Үйлердi (құрылыстарды, ғимapaттарды) oлардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жердi қоса алғанда, өндiрiстiк және өндiрiстiк емес, оның iшiнде тұрғын үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) мен олардың кешендерiн салуға берiлген (берiлетiн) немесе олар салынған жер учаскелерi.

Арнайы жер қоры: Жерді ауылшаруашылық өнімін өндірушілердің арасында жер учаскелерін қайта бөлу мақсатында ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер және босалқы жерлерден құрылады. Арнайы жер қоры: жер учаскесінен өз еркімен бас тартқан жағдайда; Жер кодексінің 92,93,95-баптарына сәйкес, жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қойған жағдайда; егер заң бойынша, өсиет бойынша мұрагерлері жоқ, немесе бірде-бір мұрагері мұраны қабылдамаған жағдайда немесе өсиет бойынша мұрагерлерді мұрадан айырған жағдайда, не мұрагерлер мемлекет пайдасына мұрадан бас тартқан жағдайдағы жер учаскелерінен құралады.

Шартты жер үлесі дегеніміз – колхоз бен совхоздарға және қайта ұйымдастырылған ауылшаруашылық ұйымдарында жұмыс істеген немесе сол мекемелерде тұратын зейнеткерлер, әлеуметтік салада жұмыс істейтін мұғалімдер, дәрігерлер басқа да адамдардың сол ұйымдар жерінен бөлініп берілген үлесі болып табылады.

11 ТАҚЫРЫП. ЕЛДІ МЕКЕНДЕР ЖЕРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ Сұрақтары: Елді мекендер жерінің түсінігі және құрамы. Қала және басқа да елді мекеннің шекарасын белгілеу және өзгерту тәртібі. Қала маңындағы аймақтардың түсінігі.

Елдi мекен дегеніміз - республика аумағының халық жинақы орналасқан, кемiнде 50 адамы бар, азаматтардың шаруашылық және басқа қоғамдық қызметi нәтижесiнде қалыптасқан, заңда белгiленген тәртiпте есепке алынған және тiркелген, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар басқаратын бiр бөлiгi.

Елді-мекен белгілері: Міндетті түрде ресми тіркелуі тиіс; Тұрақты түрде тұратын адамдардың саны 50-ден кем болмауы тиіс.

Қазақстан Республикасы аумағындағы елдi мекендер қалалық елдi мекендерге - республикалық, облыстық және аудандық маңыздағы қалалар, сондай-ақ олардың әкімшілік бағыныстылығының аумағындағы поселкелер; селолық елдi мекендерге - олардың әкiмшiлiк бағыныстылығына қарамастан қалған барлық елдi мекендер жатады.

Жер кодексіне сәйкес, елді-мекендер жеріне келесі жерлер жатады: 1) құрылыстар алып жатқан әрi көп пәтерлi және көп қабатты тұрғын үйлер, үй iргесiндегi жер учаскелерi бар жеке тұрғын үйлер салуға арналған тұрғын жай салатын жер; 2) денсаулық сақтау, мәдениет, сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету, коммерциялық қызмет объектiлерi, сондай-ақ жалпы бiлiм беру, арнаулы орта және жоғары бiлiм беру мекемелерi, әкiмшiлiк, ғылыми-зерттеу мекемелерi, ғибадат үйлерi мен өзге де iскерлiк үйлерi, құрылыстар мен ғимараттар салынған және соларды орналастыруға арналған қоғамдық iскерлiк құрылыс салатын жер; 3) өнеркәсiп, коммуналдық және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн қойма объектiлерi, инженерлiк және көлiк инфрақұрылымы объектiлерi салынған және соларды орналастыруға арналған, сондай-ақ осы объектiлердiң санитарлық-қорғау аймақтарын белгiлеуге арналған өндiрiстiк құрылыс салатын жер; 4) темiр жол, автомобиль, өзен, теңiз, әуе және құбыр тасымалы жолдары, инженерлiк инфрақұрылым мен байланыс магистральдары өтетiн және соларды салуға арналған көлiк, байланыс, инженерлiк коммуникациялар жерi; 5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер; 6) өзендер, табиғи және жасанды су айдындары мен акваториялар, су қорғау аймақтары, гидротехникалық және басқа да су шаруашылығы құрылыстары орналасқан су айдындары мен акваториялар жерi; 7) ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жер; 8) алаңдар, көшелер, тротуарлар, өтпе жолдар, жолдар, жағалаулар, парктер, гүлзарлар, қаладағы ормандар, бульварлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың қажеттерiн қанағаттандыруға арналған өзге де объектiлер (су құбырлары, жылыту құбырлары, тазарту құрылыстары және жалпы жұрт пайдаланатын басқа да инженерлiк жүйелер) орналасқан және соларды орналастыруға арналған ортақ пайдаланудағы жер; 9) қала құрылысы қызметiне тартылмаған, елдi мекендi аумақтық тұрғыдан дамытуға және өзiндiк үй (қосалқы) шаруашылығын дамытуға арналған резервтегi және өзге де жер; 10) крематорийлердi, мал қорымы, тұрмыстық қалдықтар тастау орындарын және арнаулы нормативтер мен ережелер белгiленбейiнше пайдалануға болмайтын өзге де объектiлердi орналастыру үшiн бөлiнетiн арнайы мақсаттағы жер; 11) қорғаныс қажеттерi үшiн берiлген және өзге де пайдалану режимiндегi жер кiруi мүмкiн.

Қала маңындағы аймақтар дегеніміз - жерiнiң құрамына қаламен бiртұтас әлеуметтiк, табиғи және шаруашылық аумақ құрайтын қала шегiнен тыс жерлер. Қала маңындағы аймақтарда қала маңындағы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн қарқынды дамыту, қала құрылысын ерекше реттеу аймақтарын (қаланы дамытуға, инженерлiк және көлiк инфрақұрылымының қалыпты жұмыс iстеуi үшiн қажеттi ғимараттарды орналастыру мен салуға арналған резервтегi аумақтарды), қорғау әрi санитарлық-гигиеналық қызмет атқаратын және халықтың демалыс орны болып табылатын ормандар, opмaн парктерi және басқа да жасыл екпелер алып жатқан жасыл аймақтарды белгiлей отырып, аумақты аймақтарға бөлу жүзеге асырылады. Қалалардың қала маңы аймақтарының мөлшерi мен шекарасын жерге орналастыру, сәулет және қала құрылысы жөнiндегi мемлекеттiк органдардың бiрлесiп жасаған ұсынысы бойынша осы қалалардың бас жоспарларын бекiтетiн мемлекеттiк органдар белгiлейдi және өзгертедi. Жердi қала маңы аймағына қосу бұл жерге меншiк құқығы мен оны пайдалану құқығының тоқтатылуына әкеп соқпайды.

12 ТAҚЫPЫП. ӨНЕРКӘСIП, КӨЛIК, БАЙЛАНЫС, ҚОРҒАНЫС ЖӘНЕ БАСҚА ДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛМАҒАН ЖЕРЛЕРДIҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ Сұрақтары: Өндіріс жерлерінің түсінігі, құрамы. Өндіріс жерлерін пайдалану ерекшеліктері. Көлік жерлерінің түсінігі, құрамы. Қорғаныс жерлерінің түсінігі, құрамы. Пайдалану ерекшеліктері. Байланыс және энергетика жерлерінің түсінігі, құрамы. Пайдалану ерекшеліктері. Жерді ерекше шарттармен пайдалану аймақтары және ол жерлердің құқықтық жағдайы.

Өнеркәсiп жерi дегеніміз - өнеркәсiп объектiлерiн орналастыру мен пайдалану үшiн берiлген жерлер. Өнеркәсіп объектілерін орналастыру үшін ең алдымен, ауылшаруашылық мақсатына арналмаған жерлерден, егер ондай жерлер болмаса, сапасы нашар ауылшаруашылық алқаптары берілуі мүмкін. Өнеркәсіп объектілері орналасқан жерлерді тұрғылықты халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бұл аймақтарда, қорғаныш, санитарлық-қорғау және өзге де аймақтар белгіленеді.

Көлік жері дегеніміз - автомобиль, теңiз, iшкi су, темiр жол, әуе және өзге де көлiк түрі объектiлерiнiң қызметiн қамтамасыз ету және (немесе) оларды пайдалану үшiн берiлген жерлер. Қазақстан Республикасының Көлік туралы заңына сәйкес, көлік түрлері келесдей болып бөлінеді: Автомобиль, теңiз, iшкi су, темiр жол, әуе, құбыр магистралі және метрополитен.

Темiр жол көлігі қажеттерiне арналған жерге: 1) магистраль жолдарына және солармен технологиялық байланыстағы құрылыстар мен ғимараттарға (темiр жол белдеуi, көпiрлер, тоннельдер, виадуктер, сигналдық жабдықтар, қызметтiк-техникалық үйлер); 2) кiрме жолдарға; 3) энергетика, локомотив, вагон, жол және жүк шаруашылықтары, сумен жабдықтау және канализация құрылыстары, қорғау және бекiту екпелерi, қызметтiк және темiр жол көлiгiне қызмет көрсететiн арнаулы мақсаттағы өзге де объектiлерi бар темiр жол станцияларына (вокзалдарға); 4) темiр жолдарға берiлген белдеулер мен күзет аймақтарына бөлiп берiлген жер жатады.

Автомобиль көлiгi қажеттерiне арналған жерге: 1) автомобиль жолдарына, олардың конструкциялық элементтерi мен жол ғимараттарына және олармен технологиялық байланысқан құрылыстар және ғимараттарға; 2) автовокзалдар мен автостанцияларды, автомобиль көлiгiнiң басқа объектiлерiн және жер бетi мен жер асты үйлерiн, құрылыстарын, ғимараттарын, құрылғыларын пайдалану, күтiп-ұстау, салу, қайта жаңғырту, жөндеу, дамыту үшiн қажетті жол шаруашылығы объектiлерiн орналастыру үшін; 3) автомобиль жолдарына бөлiнетiн белдеулердi белгiлеу үшiн бөлiнiп берiлген жер жатады.

Қорғаныс жерлері дегеніміз - Қазақстан Республикасы Үкіметі қорғаныс пен қауіпсіздік саласында міндеттер атқаратын Қарулы күштер ұйымының әскери бөлімдерін, әскери полигондарын, әскери-оқу орындары мен басқа да ұйымдарын және басқа әскерлерді, олардың объектілері мен құрылыстарын орналастырып, тұрақты жұмыс істеуі үшін берілген жерлер. Қорғаныс мақсатындағы жерлер жеке меншікке берілмейді, тек мемлекеттің меншігінде болады.

Байланыс, радио хабарларын тарату, теледидар, ақпарат қажеттерiне арналған жерлер дегеніміз – тиiстi инфрақұрылымдардың объектiлерiн орналастыру, байланыстың кабель, радиореле және әуе желiлерi, соның iшiнде жер астындағы желiлер үшiн бөлiнiп берiлген жерлер. Аталған жерлерде күзет аймақтары белгіленеді. Телекоммуникация желiлерiнiң күзетiлетiн аймағы - байланыс жолының бойында және байланыс объектiлерiнiң айналасына орналасқан, ондағы өсiмдiктерiмен және құрылыстарымен қоса жер учаскесi.

Жердi ерекше шарттармен пайдалану аймақтарына: 1) өнеркәсiп орындарының санитарлық-қорғау аймақтары; 2) темiр жол мен автомобиль жолдарына бөлiнiп берiлген белдеуге iргелес жатқан, сел-көшкiн қаупi бар және орманды қорғау аймақтары; 3) бас саға құрылыстарын қорғау аймақтары; 4) әуе айлақ маңындағы белдеулер; 5) магистральды құбыр жолдарының, байланыс, радио және электр желiлерiнiң күзет аймақтары; 6) су күзету аймақтары мен белдеулерi; 7) әскери полигондардың аумағы жатады.

13 ТАҚЫРЫП. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ AУМАҚ ЖЕРЛЕРIНIҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ Сұрақтары: Ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерiнiң түciнiгi. Пайдалану ерекшелiктерi. Қорық жерлерiнiң құқықтық жағдайының ерекшелiктерi, ұлттық дендрологиялық және зоологиялық парктердiң құқықтық жағдайының ерекшелiктерi. Ботаникалық бақтарға және табиғи ескерткiштерге берiлген жерлердiң құқықтық жағдайы. Сауықтыру және рекреациялық мақсаттағы жерлердiң түciнiгi. Осы жерлердi пайдаланудың тәртiбi және жағдайы Тарихи-мәдени мақсаттағы жерлердiң түciнiгi, құрамы, олардың құқықтық жағдайы.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi биосфералық, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттiк табиғи резерваттардың, мемлекеттiк табиғи парктердiң, мемлекеттiк табиғат ескерткiштерiнiң, мемлекеттiк қорық аймақтарының, мемлекеттiк табиғи қорықшалардың, мемлекеттiк зоологиялық парктердiң, мемлекеттiк ботаникалық бақтардың, мемлекеттiк дендрологиялық парктердiң, мемлекеттiк табиғи қорық- сепортерлердiң жерiн қосқанда, мемлекеттiк табиғи қорықтардың жерi жатады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерінің өзіне тән бірнеше белгілері бар: Бұл жерлер ерекше қорғалатын табиғи, ғылыми, тарихи-мәдени, рекреациялық, сауықтыру немесе өзге құндылығы болуы қажет; Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi, сондай-ақ мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерi орналасқан өзге де санаттардағы жерлердiң жер учаскелерi мемлекет меншiгiнде болады және жекешелендiруге жатпайды; Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерiн алып қоюға, сондай-ақ оларды басқа санаттардағы жерлерге ауыстыруға жол берiлмейдi. Яғни шаруашылық айналымнан толығымен немесе ішінара алынып тасталған; Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерiнде олардың нысаналы мақсатына сәйкес келмейтiн кез келген қызметке тыйым салынады. Бұл жерлерде қорғаудың ерекше режимі белгіленген; Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың табиғи кешендерi толық немесе iшiнара, мерзiмсiз немесе белгiлi бiр мерзiмге шаруашылық пайдаланудан алып қойылады және олардың ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық маңызы ескерiле отырып, төлем шартымен пайдаланылады.

Жер учаскелерiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерiнiң санатына жатқызу туралы шешiмдердi: 1) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ үшiн - уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi; 2) жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ үшiн - уәкiлеттi органмен келiсе отырып, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдары қабылдайды.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар дегеніміз - ерекше құқық қорғау режимі бар мемлекеттік табиғи қорын сақтау және және қалпына келтіруді қамтамасыз ететін шаруашылық қызметі режиміміен жер, су, орман және жер қойнау учаскелері.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың маңыздылығына байланысты 2 түрге бөлінеді: 1. Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар Үкіметтің шешімімен ғана құруға рұқсат етілген. 2. Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жергілікті атқарушы органның шешімімен құрылады.

Құру мақсаты мен қорғау режимінің түріне байланысты келесідей республикалық маңызы бар аумақтарды бөліп көрсетеді: 1) мемлекеттік табиғи қорықтар; 2) мемлекеттік ұлттық табиғи парктер; 3) мемлекеттік табиғи резерваттар; 4) мемлекеттік зоологиялық парктер; 5) мемлекеттік ботаникалық бақтар; 6) мемлекеттік дендрологиялық парктер; 7) мемлекеттік табиғат ескерткіштері; 8) мемлекеттік табиғи заказниктер; 9) мемлекеттік қорық белдеулері.

Құру мақсаты мен қорғау режимінің түріне байланысты келесідей жергілікті маңызы бар аумақтарды бөліп көрсетеді: 1) мемлекеттік аумақтық табиғи парктер; 2) мемлекеттік зоологиялық парктер; 3) мемлекеттік ботаникалық бақтар; 4) мемлекеттік дендрологиялық парктер; 5) мемлекеттік табиғат ескерткіштері; 6) мемлекеттік табиғи заказниктер.

Мемлекеттік табиғи қорық қорының объектілері Ол қоршаған ортаның табиғи эталондары. Бұл объектілер бірнеше топқа бөлінеді: 1. Зоологиялық, жануарлардың сирек кездесу түрлері. 2. Ботаникалық, өсімдіктердің сирек кездесетін түрлері. 3. Орман, ерекше қорғалатын ормандар. 4. Дендрологиялық сирек кездесетін ғылыми, таихи мәдени маңызы бар жекелеген ағаштар. 5. Гидрогеологиялық, ерекше құнды су қоймалары.

Мемлекеттiк табиғи қорық табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ, оның қызметiнiң мақсаты өзiнiң аумағындағы табиғи процестер мен құбылыстардың табиғи барысын, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi объектiлерiн, өсiмдiктер мен жануарлардың жекелеген түрлерi мен қауымдастықтарын, әдеттегi және бiрегей экологиялық жүйелердi сақтау мен зерделеу және оларды қалпына келтiру болып табылады.

Мемлекеттiк ұлттық табиғи парк ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бiрегей табиғи кешендерi мен объектiлерiнiң биологиялық және ландшафтық саналуандығын сақтауға, оларды табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристiк және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

Мемлекеттік дендрологиялық парк ағаш және бұтақ тектес өсімдіктерді қорғау, пайдалану және өсімін молайту үшін арналған, қорғаудың ерекше режиміне ие болатын табиғат қорғау және ғылыми ұйым мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аймақ болып табылады. Мемлекеттiк дендрологиялық парктердiң негiзгi қызметiне Қазақстанның ағаш өсiмдiктерiн сақтаудың, молықтырудың және пайдаланудың ғылыми негiзiн әзiрлеу, Қазақстанның дүниежүзiлiк маңызы бар флорасының ресурстарын игеру жатады.

Мемлекеттік зоологиялық парк сирек кездесетін немесе құрып кету қаупіндегі жануарларды жасанды ортада сақтап тұрумен айналысатын мәдени-ағарту, ғылыми, оқу және табиғат қорғау қызметі үшін арналған табиғат қорғау және ғылыми ұйым мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аймақ болып табылады. Мемлекеттiк зоологиялық парктердiң негiзгi қызметiне Қазақстанның жануарлар дүниесiн сақтаудың, молықтыру мен пайдаланудың, дүниежүзiлiк маңызы бар Қазақстан фаунасының ресурстарын игерудiң ғылыми негiздерiн әзiрлеу жатады.

Мемлекеттік ботаникалық бақ сирек кездесетін немесе құрып кету қаупіндегі өсімдіктерді сақтаудың, қорғаудың және өсімін молайтудың ғылыми негіздерін дайындау мен зерттеулерді жүргізуге арналған, табиғат қорғау және ғылыми ұйым мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аймақ болып табылады.

Мемлекеттік табиғи ескерткіш дегеніміз экологиялық, ғылыми, мәдени және эстетикалық тұрғыдан алғанда жекелеген бiрегей, орны толмайтын, құнды табиғи кешендердi, сондай-ақ мемлекеттiк табиғи- қорық қорының объектiлерiне жатқызылған шығу тегi табиғи және жасанды объектiлердi қамтитын ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Маңыздылығына байланысты мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң жекелеген түрлерi және табиғи кешендер республикалық немесе жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi болып жарияланады.

Сауықтыру мақсатындағы жерлер дегеніміз табиғи шипалы факторлары бар курорттар, сондай-ақ аурудың алдын алу мен емдеудi ұйымдастыру үшiн қолайлы жер учаскелерiнің жүйесі.

Рекреациялық мақсаттағы жер дегеніміз халықтың ұйымдасқан түрдегi жаппай демалысы мен туризмiне арналған және сол үшiн пайдаланылатын жер. Рекреациялық мақсаттағы жер құрамына демалыс үйлерi, пансионаттар, кемпингтер, дене шынықтыру және спорт объектiлерi, туристiк базалар, стационарлық және шатырлы туристiк-сауықтыру лагерьлерi, балықшы және аңшы үйлерi, орман парктерi, туристiк соқпақтар, трассалар, балалар және спорт лагерьлерi, осы сияқты басқа да объектiлер орналасқан жер учаскелерi кiруi мүмкiн. Рекреациялық мақсаттағы жерге қала маңындағы жасыл аймақ жерлерi де жатады.

Тарихи-мәдени мақсаттағы жер дегеніміз тарихи-мәдени қорықтар, мемориалдық парктер, қорымдар, археологиялық парктер (қорғандар, қала орындары, тұрақтар), сәулет-ландшафт кешендерi, жартастағы бейнелер, ғибадат құрылыстары, шайқас және ұрыс алаңдары болған жер учаскелерi.

14 ТАҚЫРЫП. ОРМАН ЖӘНЕ СУ ҚОРЫ ЖЕРЛЕРIНIҢ, МЕМЛЕКЕТТІК БОСАЛҚЫ ЖЕРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ Сұрақтары: Орман қоры жерлерiнiң түciнiгi, құрамы. Су қоры жерлерiнiң түciнiгi, түрлерi, олардың құқықтық жағдайы. Жағалаудағы жерлердiңқұқықтықжағдайы. Босалқы жерлердің түсінігі, жалпы сипаттамасы. Босалқы жерлерді беру және пайдалану тәртібі.

Орман Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 24-бабында орман – экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мәні бар, қоршаған ортамен ықпалдасатын, бұтақтық және теректік өсімдіктердің, басқа да тірі табиғаттардың құрамдастары негізінде белгілі бір аумақта қалыптасатын табиғи кешен деп көрсетілген.

Орманның келесідей белгілері бар: Биологиялық белгі – бұтақтық, теректік және шөптік өсімдіктердің жиынтығы; Құқықтық белгісі – заңда белгіленген тәртіппен бөлінген, орман қорының жерлеріндегі өсінділер; Экологиялық белгісі – қоршаған ортаның жағдайына әсер етеді.

Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 8-бабына сәйкес, орман қорының жерлері - мемелекеттік - жекеше орман қоры жерлеріне бөлінеді.

Мемлекеттiк орман қорының учаскелерi орман иелену құқығымен: 1) мемлекеттiк орман қорын күзету, қорғау, ормандарды молықтыру мен орман өсiру, мемлекеттiк орман қорының кешендi пайдаланылуын ұйымдастыру үшiн орман мекемелерiне және уәкiлеттi органның өзге де мемлекеттiк ұйымдарына; 2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызметiне байланысты мақсаттар үшiн мемлекеттiк ұлттық табиғи саябақтарға, мемлекеттiк табиғи резерваттарға, мемлекеттiк өңiрлiк табиғи саябақтарға, мемлекеттiк ботаникалық бақтарға, мемлекеттiк дендрологиялық саябақтарға берiледi.

Қазақстан Республикасының су қоры Қазақстан Республикасының аумағы шегiндегi мемлекеттiк су кадастрына енгiзiлген немесе енгiзiлуге тиiс барлық су объектiлерiнiң жиынтығын қамтиды.

Қазақстан Республикасының су объектiлерiне: Шекарасы, көлемi мен су режимi бар құрлық бетi бедерлерiндегi және жер қойнауындағы су шоғырланымдары жатады. Олар: теңiздер, өзендер, соларға теңестiрiлген каналдар, көлдер, мұздықтар және басқа да жер үстi су объектiлерi, жер асты сулары бар жер қойнауының бөлiктерi.

Су объектiлерi келесі түрлерге бөлінеді: жер үстi су объектiлерi; жер асты су объектiлерi; Қазақстан Республикасының теңiз сулары; трансшекаралық сулар.

Пайдалану түрлерiне қарай су объектiлерi: 1) ортақ пайдаланудағы су объектiлерi. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, барлық су объектiлерi ортақ пайдаланудағы объектiлер болып табылады. 2) бiрлесiп пайдаланудағы су объектiлерi. Жеке немесе заңды тұлғаларға толық немесе iшiнара бiрлесiп пайдалануға берiлген су объектiлерi бiрлесiп пайдаланудағы су объектiлерi болып табылады. Бiрлесiп пайдаланудағы су объектiлерiн пайдаланған кезде ағын судың төменгi жағында орналасқан су пайдаланушылардың мүдделерi бiрiншi кезекте қанағаттандырылады. Бiрлесiп пайдаланудағы су объектiлерiн пайдаланатын су пайдаланушылар өзара мүдделерді ескеруге, су пайдалану құқығын жүзеге асыруды қиындатпауға және бiр-бiрiне зиян келтiрмеуге мiндеттi 3) оқшау пайдаланудағы су объектiлерi. Жеке немесе заңды тұлғаларға толық немесе iшiнара оқшау пайдалануға берiлген су объектiлерi оқшау пайдаланудағы су объектiлерi болып табылады. 4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектiлерi. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінде орналасқан су объектiлерiн құру тәртiбi, қорғау және пайдалану режимi, сондай-ақ оларда қызмет ету жағдайлары Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарымен белгiленедi. 5) ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерi болып бөлiнедi. Қоршаған орта мен аймақ экономикасына басым ықпал ететiн және шаруашылық қызметтi реттеудiң ерекше құқықтық режимiн талап ететiн жаратылысы табиғи су объектiлерi ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерi деп танылады.

Босалқы жер Меншiкке немесе жер пайдалануға берiлмеген, аудандық атқарушы органдардың қарамағындағы барлық жер болып табылады. Ядролық қару сынақтары жүргiзiлген жер учаскелерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен босалқы жер құрамына ауыстырылады. Аталған жердiң құқықтық режимi Жер Кодексінiң 143-бабына сәйкес айқындалады.

15 ТАҚЫРЫП. ЖЕРДІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУ Сұрақтары: Шетелдік субъектілермен жер қатынастарын құқықтық реттеу ерекшеліктер. Жер құқық қатынастарының шетелдік субъектілерінің құқықтық жағдайы. Қазақстан әскери полигондар жерін Ресей Федерациясының жалға алу мәселелері Жер қатынастарын жекелеген мемлекеттерде құқықтық реттеу ерекшеліктері.

Шетелдік субьектілермен Қазақстан Республикасының жер қатынастарының обьектілерін екі түрге жіктеуге болады: Шетел азаматтарының жеке меншік құқығы обьектілері Шетелдік субьектілердің жер пайдалану құқығы обьектілері

Шетелдік тұлғалар барлық жер учаскелеріне емес, тек қана құрылыстар мен ғимараттар салынған немесе салынуға арналған жерлерде ғана меншік құқығын жүзеге асыра алады. Қазақстан Республикасы Жер кодексіне сәйкес, үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жерді қоса алғанда, өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде тұрғын үйлер (құрылыстар, ғимараттар) мен олардың кешендерін салу үшін берілген (берілетін) немесе олар салынған жер учаскелері шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдік (мемлекеттік емес) заңды тұлғалардың жеке меншігінде болуы мүмкін. Сонымен қатар, олар тұрақты жер пайдалану құқығына ие бола алмайды. Жер учаскелерін пайдалану құқығы шетелдік тұлғаларға тек қана уақытша өтеулі негізде беріледі.