ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ - ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ HOCA AHMET YESEVI ULUSLARARASI TURK - KAZAK UNIVERSITESI
Кіріспе Бейімделу(адаптация)-сыртқы ортаның құбылмалы жағдайларына организмнің икемделуі.Ол жасушалық, ағзалық,жүйелік және организмдік деңгейлерде өтеді,сөйтіп туа болған немесе жүре болатын икемделу әрекетінің барлық түрін көрсетеді.Ортаның көптеген жағдайлары организмнің мұндай қасиеттеріне барабар немесе бейбарабар келеді.Организмнің барабар тітіркендіргішке бейімделу қабілеті ұзақ мерзімді эволюциялық даму сатысында қалыптасты.Ал барабар емес тітіркендіргіштер көбінесе организм мен ортаның теңестірілу қасиетін жояды.Сыртқы ортаның құбылмалы өзгерістеріне дені сау адамның бейімделісі арнайы физиологиялық әсерленістер арқылы жүзеге асады.
Бейімделу түрлері- жеке организм деңгейінде бейімделістің көптеген түрлерін ажыратамыз: туа біткен және жүре пайда болған жеке және қауымды жалпы және маманданған ішкі және сыртқы шартты және шартсыз морфологиялық және физиологиялық соматикалық және психикалық ұзақ және қысқа мерзімді
Физиологиялық бейімделіс - әрекеттік жүйе,ағза,тіндер белсенділігі мен өзара байланысын реттеуші тетіктердің орнықты деңгейін айтады.Бұның мәні ортаның жаңаша жағдайларына организмнің сақталуына,дамуына,қалыпты тіршілігін қамтамасыз әрекеттердің қайта құруына келіп тіреледі.Сонымен бірге ортаның өзгерген жағдайларына адамның ұзақ өмір сүруі,жұмысқа қабілетінің сақталуы,ұрпақ жаңғыртуы бейімделстің көрнекті белгілері болып саналады. Жасушалық бейімделіс- қоршаған орта жағдайларына,аман қалу және қайта жақсару үшін олардың икемделуін айтады.
Бейімделу әсерленістері- біріншісінде әсер етуші түрткілерді түйсіну үшін физиологиялық әсерленіс белсендіріледі,ал екінші түрінде оның әсерімен кездесуден организм қашқақтайды. Адамдарға төтенше түрткілер әсер еткенде 2 түрлі әсерленіс байқалады. организмнің арнайы жауаптары арқылы төтенше түрткілердің әсерін әлсіретіп немесе жойып,оның қажетті іс әрекетін сақтауға бағытталады.Мұрдай жағдайда адам байымды,мақсатты мінез көрсетеді.Адамда қырағылық,қосымша сақтық пайда болады. 1.Барабар әсерленіс талдағышттардың түйсіну табалдырығы көтеріледі,зейін шашырайды,зерденің көлемі азайып,адамның еңбектену қабілеті төмендейді.Абыржудың белсенді түрінде үрей билеген адамның мінезін байқауға болады.Ол пайда болған жағдайдан қашу әрекетінен басталады,мінездік көрніс кисынсыз,орашолақ түсініксіз жағдайға байланысы жоқ қимылдардан тұрады.Ал селқос түрінде,керісінше қимыл тыйылады.Адам дағдырып,еркінен айырылып,есінен танады. 2.Абыржу әсерленісі
Бейімделу кезеңдері- бейімделіс әсерленісі нақтылы физиологиялық тетіктермен байланысты бірнеше кезеңдерден тұрады. 1.Бейімделудің бастапқы кезеңі 2.Бейімделістің өтпелі кезеңі 3.Дизадаптация кезі 4.Реадаптация кезеңі
1.Бейімделудің бастапқы кезеңі -тітіркендіргіштер әсер еткен алғашқы сәттен басталады. 2.Бейімделістің өтпелі кезеңі- мұнда орталық жүйке жүйесінің қозғыштығы төмендейді,гормондардың белсенділігі азаяды,алғашқы әсерленіске қатысқан жүйелердің ықпалы тыйылады. 3.Дизадаптация кезі- организмнің әрекеттік қоры сарқылуы нәтижесінен немесе нейрогормондық жүйенің және зат алмасуының өзара байланысы бұзылғандықтан пайда болады. 4.Реадаптация кезеңі- организм бейімделіс тудырған әсерлерден құтылған жағдайда,соның салдарынан пайда болған әртүрлі құрлымдық және әрекеттік ерекшеліктерден біртіндеп арылады,яғни түрткілер тағыда әсер етсе,қайтадан қалыптасуы мүмкін.
Бейімделіс белгілері- әрбір организмнің бейімделісі өзіндік мөлшерлік және сапалық айырмашылықты иемденеді.Бұлардың ара салмағы бейімделістің өлшемі болып саналады.Организмнің бейімделіс ырғағы оның ішкі күйіне,белсенділік дәрежесіне және тіршілік қарқынына,сыртқы түрткілердің сипатына байланысты өзгеріп отырады.
В.П.Казначеев бейімділіктің 4 белгісін ажыратады Термодинамикалық белгілер Кибернетикалық белгілер Биологиялық белгілер Физиологиялық белгілер
В.П.Казначеев бейімділіктің 4 белгісін ажыратады. 1.Термодинамикалық белгілер- барабар және бейбарабар жағдайларда биологиялық жүйелердің қолайлы деңгейін тұрақты ұстауға бағытталған. 2.Кибернетикалық белгілер- әртүрлі жағдайларда өздігінен реттеуші жүйелердің әрекеттік деңгейде өзін сақтау үрдісі. 3.Биологиялық белгілер- бейімделіс кезінде биологиялық жүйелердің түрлік қауымдастық,биоценоздық қасиеттерді сақтап және дамытып үдемелі эволюцияны қамтамасыз ету. 4.Физиологиялық белгілер- ортаның құбылмалы жағдайларында біртұтас организмді,оның гомеостаздық жүйелерінің әрекеттік жағдайын қолдап,денсаулығын,жұмыскерлігін,ұзақ өмірін қамтамасыз ету үрдісі.
Әртүрлі жағдайларға бейімделіс- организмнің күнделікті тіршілік жағдайында,еңбек жүктемелерінде,ағзалары мен тіндерінде үнемі қоректік заттар мен су тапшылығы,оттегі жетіспеуі,температуралық ауытқулары,газдарың үлестік қысымының өзгерістері байқалады.Осы өзгерістер және оларды реттеуші жүйелер қалыпты физиологиялық тетіктер арқылы организмнің бейімделіс негізін жасайды. Температура әсеріне бейімделіс- организм қоршаған ортаның суық және ыстық температура өзгерістеріне әртүрлі ерекшеліктерімен бейімделеді
Суықтыққа бейімделу- суық аймақтың организмге жағымсыз әсерлері:суықтық температура,ғарыш сәулелерінің қарқындылығы, геомагнит және электр өрісінің толқуы, атмосфералық қысым,гипоксия. Суыққа бейімделудің алғашқы кезеңінде жарты жылға дейін физиологиялық көрсеткіштердің тұрақсыздығы байқалады. Екінші кезеңде(2-3 жыл) тұлғалық және тірліктік әдеттегі психоэмоциялық жүктемелерде қалыртастығы және лайықтығы орын алады. Үшінші кезеңде(10-15 жыл) организмнің күйі тұрақталады. Жалпы энергия шығынын азайтып,жылу гомеостазын тұрақты сақтау үшін ОЖЖ-нің нәрлендіру әрекеті төмендейді. Температуралық талдағыштың суыққа сезімталдығы әлсірейді,өкпе желдетілісі азаяды,оттегін пайдалану жеңілдейді, анемия, лейкопения байқалады,қан қысымы көтеріледі,алғашқы тыныстық алколоз кейінен зат алмасу ацидозына ауысады. Кейде бейімделіс кезінде адам тез шаршайды,жиі ентігеді, психикалық әсерленісі өзгереді.Кейбір адамдардың нашар даярлықтан және үйренбеген психофизиологиялық жүтемелерге төзе алмағандықтан бейімделісі бұзылады.Мұны «үйектік ауру»деп атайды.
Ыстыққа бейімделу- жер шарындағы халықтың тең жартысы табиғи ыстық жағдайларда өмір жүреді.Ыстық және шөлейт аймақтарда организмге жоғары температура,ультракүлгін және жылу сәуленісі,құрғақ ауа,шаң араласқан жел әсер етеді.Сондықтан бұл жерлердің тұрғындары радиациялық және конвекциялық қыздырылудан сақтану үшін тығыз матадан тігілген киім киеді. Бұл ретте бейімделістің бастапқы кезі тыныстың,жүрек соғуының жиіленуінен басталады.Организмде қан мөлшері бөлініп,ішкі ағзаларда ол азаяды да,сыртқы дене бетінің тамырларында қан ағымы жеделдейді.Жылудың әсерінен жуан жасушаларда,лейкоциттерде гепарин,гистамин көп бөлініп,вазодилятация күшейеді.
Гипоксияға бейімделу- организмде оттегінің тапшылығы бірнеше жағдайларда кездеседі.Кейбір дерттерде тіндердің оттегіні пайдалану қабілеті нашарлайды. Гипоксия қанның тіндерге оттегіні жеткізу қабілеті әлсірегенде,эритроцит,гемоглобин азайғанда, қанайналым бұзылғанда байқалады. Бұл желдетілмеген бөлмелерде ұзақ уақыыт отырғанда,биіктікке,тауға көтерілгенде оттегінің үлестік қысымы төмендегенде кездеседі.Мұндай жағдайларда организм оттегінің аз мөлшеріне бейімделуге мәжбүр болады. Гипоксия өткір және созылмалы болып бөлінеді: Өткір гипоксия- өте биіктерге жедел көтерілгенде, ұшақтардың,ғарыш кемелердің саңылаусыздығы бұзылғанда, ал созылмалы гипоксия адам өте биік тау жолдарында ұзақ болған жағдайда дамиды.
1. Адам физиологиясы, Сатпаев